Пәтуәлар

Әл-Ағраф сүресінің 7/54 аят тәпсірі

Алла Тағала Құранда айтады: «ثُمَّ اسْتَوَى عَلَى الْعَرْشِ»
«…СОНАН КЕЙІН ‘АРШЫНЫ ИСТӘУӘ ЕТТІ…»


Хафиз Ибн Касир (701-774 һ.ж./1301-1373 м.ж.), оған Алланың рақымы болсын, «Әл-Ағраф» сүресінің 54-аятының тәпсірінде былай деп айтқан:


فَلِلنَّاسِ فِي هَذَا الْمَقَام مَقَالَات كَثِيرَة جِدًّا لَيْسَ هَذَا مَوْضِع بَسْطهَا وَإِنَّمَا نَسْلك فِي هَذَا الْمَقَام مَذْهَب السَّلَف الصَّالِح مَالِك وَالْأَوْزَاعِيّ وَالثَّوْرِيّ وَاللَّيْث بْن سَعْد وَالشَّافِعِيّ وَأَحْمَد وَإِسْحَاق بْن رَاهْوَيْهِ وَغَيْرهمْ مِنْ أَئِمَّة الْمُسْلِمِينَ قَدِيمًا وَحَدِيثًا وَهُوَ إِمْرَارهَا كَمَا جَاءَتْ مِنْ غَيْر تَكْيِيف وَلَا تَشْبِيه وَلَا تَعْطِيل وَالظَّاهِر الْمُتَبَادِر إِلَى أَذْهَان الْمُشَبِّهِينَ مَنْفِيّ عَنْ اللَّه فَإِنَّ اللَّه لَا يُشْبِههُ شَيْء مِنْ خَلْقه

«Адамдар арасында бұл жайында көптеген пікірлер бар және мен бұл жерде олардың барлығын келтіруді қажетсіз деп есептеймін. Біз болсақ, бұл жайындағы сұрақтарда әуелгі ізгілердің (сәләф-салихтердің), яғни Мәлік, әл-Әузаи, әс-Сәури, Лейса, әш-Шафиғи, Ахмад, Исхақ ибн Рахауейх және өткеннің және қазіргінің басқа да имамдардың жолын ұстанамыз. Бұл аяттар қандай күйде келсе, солай оқып, кейіп берусіз, ұқсатусыз (ташбихсыз) және мағынасын жоққа шығармай, ақылға салмай қабылдаймыз. Ұқсатушылардың (мушаббиһ) ойына келетін сыртқы мағына Аллаға қатысты теріске шығарылады. Ақиқатында, Алла Тағала Өзінің жаратылыс мақлұқтарының ешқайсына да ұқсас емес».
[Дерекнама: Ибн Касир «Тафсир әл- Қуранул Азим», 3-426-427. 7/54-аят.]

Имам Әбу Мұхаммед әл-Бағауи (оған Алланың рақымы болсын) 436-510 һ.ж. / 1044-1117 м.ж., әл-Ағраф сүресінің 7/54 аят тәпсіріне, былай деп айтқан:

ثُمَّ اسْتَوَى عَلَى الْعَرْشِ، قال الكلبي ومقاتل: استقرّ. وقال أبو عبيدة: صعد. وأوّلت المعتزلة الاستواء بالاستيلاء. فأمّا أهل السنة يقولون: الاستواء على العرش صفة لله تعالى بلا كيف يجب على الرجل الإيمان به ويكل العلم فيه إلى الله عزّ وجلّ. وسأل رجل مالك بن أنس عن قوله: الرَّحْمَـنُ عَلَى الْعَرْشِ اسْتَوَى، كيف استوى؟ فأطرق رأسه ملياً وعلاه الرحضاء ثم قال: الاستواء غير مجهول، والكيف غير معقول، والإيمان به واجب، والسؤال عنه بدعة، وما أظنك إلا ضالاًّ، ثم أمر به فأخرج. وروي عن سفيان الثوري والأوزاعي والليث بن سعد وسفيان بن عيينة وعبد الله بن المبارك وغيرهم من علماء السنّة في هذه الآيات التي جاءت في الصفات المتشابهات: أمرُّوها كما جاءت بلا كيف

««… Содан кейін ‘Аршыны истәуә етті …». Әл-Қальби мен Муқатиль айтты: “истәуә” бекітті “истақарра”. Әбу Убайда айтты: жоғарылады “са’ада”. Муғтазалиттер “истәуә” сөзін игерді “истилә” деп түсіндірді. Ал Әһлу Сунна былай деп айтады: “’Аршыны истәуә етті” – бұл Алла Тағаланың сипаты, әрі кейіпсіз “билә кәйфа”.
Адам баласына оған иман келтіру уәжіп, ал оның білімін Алла Тағалаға тапсыру керек. Бір адам имам Мәлік ибн Анасқа (оған Алланың рақымы болсын) келіп Алла Тағаланың мына сөзін сұрайды: «… Содан кейін ‘Аршыны истәуә етті …» [Әл-Ағраф сүресінің 7/54 аят]. Қалай “истәуә”? Имам Мәлік басы жерге салбырап тұрып қара терге төгілді. Кейін басын көтеріп былай деп айтты: «“Истәуә” – бар екендігі мәлім, қалай екендігі – беймәлім, оған иман келтіру – уәжіп, ал ол жайында сұрау – бидғат, және менің ойымша сен адасқандардансың. Кейін оны шығарып жіберуге бұйрық берді».
Бұл аятқа қатысты Суфьян әс-Саури, әл-Ауза’й, Лейса ибн Са’ад, Суфьян ибн ’Уяйна, Абдулла ибн әл-Мүбәрак және тағы басқалары Әһлу Сүннадан болғандары аяттың мағынасы түсініксіз сипатта жеткендігі жайында риуаят етті, яғни : «Олар қалай келген болса, кейіпсіз солай қабылдаңдар» деген.
[Дерекнама: Әл-Бағауи, «Ма’алиму Танзиль», 1/235.]

Имам Джалалуддин әс-Суюти (оған Алланың рақымы болсын) 849-911 һ.ж. / 1445-1505 м.ж., аятқа қатысты былай деп пікір айтады:

ثُمَّ ٱسْتَوَىٰ عَلَى ٱلْعَرْش) هو في اللغة: سرير المَلِك، استواء يليق به)

««… Содан кейін ‘Аршыны истәуә етті …»“’Арш” — сөзінің тілдік мағынасы “әмір жүргізушінің тағы”, ал “истәуә” сөзі Өзіне (жараса) лайықты болғандай».
[Дерекнама: Джалалуддин әс-Суюти, «Тафсир әл-Джалалайн».]

Имам Хафизуддин ән-Насафи әл-Ханафи (оған Алланың рақымы болсын) д.ө.ж. 710 һ.ж. / 1310 м.ж., аятқа қатысты пікірі:
              
{ ثمّ استوىٰ } استولى { على العرش } أضاف الاستيلاء إلى العرش وإن كان سبحانه وتعالى مستولياً على جميع المخلوقات، لأن العرش أعظمها وأعلاها. وتفسير العرش بالسرير والاستواء بالاستقرار كما تقوله المشبهة باطل، لأنه تعالى كان قبل العرش ولا مكان وهو الآن كما كان، لأن التغير من صفات الأكوان.

««… Содан кейін ‘Аршыны истәуә етті …» яғни үстем етті “истаулә”. Үстемдік етуді Аършыға жатқызды, алайда Алла Тағала барлық жаратылыстарға үстемдік етеді, өйткені ‘Арш – бұл ең биік және Алла Тағаланың ұлық жаратылыстарының бірі. ‘Аршының мағынасы орын деп, ал “истәуә” орнықты (истақарра) деп кейбір мушабиххалар (ұқсатушылар) қате түсінді, өйткені Алла Тағала ‘Аршыны жаратқанға дейін болды, және Оның (Алланың) орны болған емес, және Ол (Алла) қазір қалай бар болса, дәл соған дейін де солай бар болды, өйткені өзгеру бұл жаратылыстардың сипаты».
[Дерекнама: Хафизуддин ән-Насафи әл-Ханафи, «Мадарик әт-Танзиль уә хақайқу-т-Таъуиль».]

Имам әл-Байдәуи әш-Шафиғи (оған Алланың рақымы болсын) д.ө.ж. 685 һ.ж. / 1286 м.ж., Әл-Ағраф сүресінің 7/54 аят тәпсіріне, былай деп айтқан:

ثُمَّ ٱسْتَوَىٰ عَلَى ٱلْعَرْشِ استوى أمره أو استولى، وعن أصحابنا أن الاستواء على العرش صفة لله بلا كيف، والمعنى: أن له تعالى استواء على العرش على الوجه الذي عناه منزهاً عن الاستقرار والتمكن والعرش الجسم المحيط بسائر الأجسام سمي به لارتفاعه، أو للتشبيه بسرير الملك فإن الأمور والتدابير تنزل منه وقيل الملك.

««… Сонан кейін ‘Аршыны истәуә етті …»», яғни Оның әмірі орнықты, немесе оны меңгерді. Біздің Әшғари  ғұламалар былай деп жеткізді, “Аършыны истәуә етті” – бұл Аллаға деген кеиіпсіз сипат, және оның мағынасы былай болады: «Алла Тағала ‘Аршыны истәуә етті, яғни Ол (Алла) Өзін қалай сипаттаған болса, сол мағынада, алайда бір жерге бола тұра бекітілуі (истиқарра) мен орнығудан  аса пәк». ‘Арш – бұл (белгілі бір) дене әрі айналасында басқа да денелермен қоршалған, және ол көтеріңкілік болғандықтан солай атайды, немесе патшалардың тағына ұқсас болғандықтан. Расында да, әмір ету және меңгеру сол жақтан келеді. Сондай-ақ тағы былай деп айтылды, ‘Арш – бұл патшалық».
[Дерекнама: Әл-Байдәуи әш-Шафиғи, «Анвар әт-Танзил уә әт-Таъуиль», 3/15.]

Көрнекі мухаддис ғұлама және шафиғилік фақиһ, имам Ахмад ибн Хусейн әл-Байхақи (оған Алланың рақымы болсын), 384-458 һ.ж., былай деп айтты:

فأما الاستواء فالمتقدمون من أصحابنا رضي الله عنهم كانوا لا يفسرونه ولا يتكلمون فيه كنحو مذهبهم في أمثال ذلك

«“Истәуә” сөзіне келетін болсақ, алдыңғы болған ғұламалардан, Алла олардың баршасын рақым етсін, оны талқылап түсіндірмеді және ол жайында сөз қозғамады, және басқа да бұған ұқсас сөздерге тәпсірлері сондай». 
[Қр. Имам Әл-Байхақи, «әл-Асмау уә әс-Сифат», 407 б.]

Тағы былай деді Имам әл-Байхақи (оған Алланың рақымы болсын) 384-458 һ.ж., «Әл-Асмау уә Сифат» атты еңбегінде имам әш-Шафиғидің (оған Алланың рақымы болсын) ұстазынан, көрнекті имам Суфиән ибн Уъәйна (оған Алланың рақымы болсын) 198 һ.ж., былай деп айтқан:

قال سفيان بن عيينة : «كل ما وصف الله به نفسه في كتابه فتفسيره تلاوته والسكوت عنه
الأسماء والصفات للبيهقي

«Алла Тағала Құранда барлық жерінде Өзін қалай сипаттаса, бұның тәпсірі оны оқу және сол жайында үндемеуде жатыр».
[Дерекнама: Имам әл-Байхақи, «Әл-Асмау уә Сифат», 330-бет.]

Имам Шамсуддин әз-Захаби (оған Алланың рақымы болсын) 673-748һ.ж., Алла Тағаланың «Әр-Рахман Ъаләл ‘Арш Истәуә» деген аят жайында, былай дейді:

,وقد علّق الذهبي رحمه الله على قول الله تعالى : » الرحمنُ على العرشِ استوى » قائلاً : من أقرّ بذلك تصديقاً لكتاب الله ولأحاديث رسوله صلى الله عليه وسلّم وآمن به مفوّضاً معناه الى الله ولم يخض في التأويل ولا عمق فهو المسلم المتبع ( السير 14 / 373

«Кімде-кім Құранда және хадисте келген Пайғамбардың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) сөзін растап, оған иман келтірсе және тереңдеп оның мағынасына кірмей Аллаға тапсырып «Тәуил» жасамаса, онда ол ақиқатқа ерген мұсылман болып табылады».

Тағы әз-Захаби (оған Алланың рақымы болсын) былай дейді:

قال الإمام «الذهبي» :
«فقولنا في ذلك وبابه : الإقرار ، والإمرار ، وتفويض معناه إلى قائله الصادق المعصوم » اهـ السير 8/105 

«Бұл келген риуаяттар жайында [Алланың сипаттарына қатысты хадистер], растау, [оқыған кезде] өткізіп жіберу, және оның мағынасын Айтқанға қалдыру – шыншыл әрі күнәдан пәк болғанның амалы».

Имам әз-Захаби (оған Алланың рақымы болсын) Алланың сипаттарына қатысты сәләфтардың жолы жайында былай деп айтқан:

الذي يقول في سيرإعلام النبلاء ج14ص386 «وأما السلف فما خاضوا في التأويل بل امنوا وكفوا وفوضواعلم ذلك إلى الله ورسوله» .

«Сәләф- салихтарға келетін болсақ, олар «Тәуилге» өтпеді, керсінше оған иман келтірді және оның мағынасын Алла және Оның елшісіне тапсырды».
[Дерекнама: Имам әз-Захаби «Сияр әъләм ән-нубалә», 14/386]

Хафиз, Имам, Шейхуль Ислям Ибн Хаджар әл-Асқалани (оған Алланың рақымы болсын), 777-852 һ.ж. / 1372-1449 м.ж., өзінің жазған «Фатхул Бәри» еңбегінде, былай деп айтқан:

ولا يلزم من كون جهتي العلو والسفل محال على الله أن لا يوصف بالعلو لأن وصفه بالعلو من جهة المعنى والمستحيل كون ذلك من جهة الحس

«Көтерілуді Алланың орны бар деп түсіну ойға сыймайды, бұл жерде заттық емес мағыналық көтерілу деп ескертіледі».
[Қр. Ибн Хаджар әл-Асқалани, «Фатхуль Бәри», хадис №2833.]

Дерекнама: Al-fatava.com