Пәтуәлар

Жалған сопылар немесе Тасаууф атына кімдер кір келтірген?


«Мәселе сопылықта емес, қазіргі муташейхтерде…» 

 Атақты ғұлама, фақиһ, мухаддис, муфассир әрі сопы болған Имам Жалалуддин әс-Сүюти әш-Шафиғи (оған Алланың рақымы болсын) 849-911 һ.ж., өзінің «Тайиду әл-хақиқати әл-әлийя» кітабында былай деп айтқан:

 قال العلامة الحافظ جلال الدين السيوطي رحمه الله تعالى في كتابه ((تأييد الحقيقة العلية وتشييد الطريقة الشاذلية)): (إعلم أن علم التصوف في نفسه علم شريف، وإِن مداره على اتباع السنة وترك البدع ، والتبرِّي من النفس وعوائدها وحظوظها وأغراضها ومراداتها واختياراتها، والتسليمِ لله، والرضى به وبقضائه، وطلبِ محبته، واحتقارِ ما سواه.. وعلمتُ أيضاً أنه قد كثر فيه الدخيل من قوم تشبهوا بأهله وليسوا منهم، فأدخلوا فيه ما ليس منه، فأدى ذلك إِلى إِساءة الظن بالجميع، فوجَّه أهلُ العلم للتمييز بين الصنفين ليُعلمَ أهل الحق من أهل الباطل، وقد تأملتُ الأمور التي أنكرها أئمة الشرع على الصوفية فلم أرَ صوفياً محقِّقَاً يقول بشيء منها، وإِنما يقول بها أهل البدع والغلاةُ الذين ادَّعَوْا أنهم صوفية وليسوا منهم) تأييد الحقيقة العلية وتشييد الطريقة الشاذلية ص57. للعلامة جلال الدين السيوطي. 

 Біліп ал, расында сопылық өз жайына ол бір ғылым, оның негізі бұл Сүннетке еру және бидғаттардан бас тарту, тәнінен оның әдеттерінен, пайда күнемдіктерінен, қалауынан және тілеуінен қайту, Алла Тағалаға бойсұнып, Оның шешімдерімен разы болу, Оның махаббатын іздеп және бұдан басқасының барлығын төмен көру. Мен білемін, оның [сопылықтың] ішінде атын жамылып, өздері ондай болмай тұра, сол жолдың ұстанушылары ретінде көрсететіндер көп. Олар Әһлу-Тасаууфқа онда болмаған нәрселерді әкеліп енгізді, бұл барлық сопылар жайлы жаман ой тудырды, және біздің ғұламаларымыз осы екі категорияны ажырату үшін, ақиқат жолындағылар, жалғаншылардан белгілі болу үшін, талай күш салды. Мен сопыларға қатысты имамдарымыз айтқан барлық сөздері жайлы ойландым, бірақ қарама-қайшылықта болған ақиқи сопыны көрмедім. Бұндайды тек өздерін сопы санайтын, бірақ ондай болмаған, зындықтар және шектен шығушылар болған ғана бекітеді.

 [Дерекнама: Имам әс-Сүюти, «Тайиду әл-хақиқати әл-әлийяти уә ташйиду тариқати шазалиәти», 57-бет.] 


 Имам Раббани атымен танымал болған ұлы ғұлама, муджаддид Ахмад әл-Фаруқ Сирхинди Ханафи (куддиса сирруhу) 1034 һ.ж., былай деп айтқан:

 فالذي يجب علينا وعليكم ولابد منه هو تصحيح العقائد أولا باعتقاد عقائد أهل السنة والجماعة ثم الإتيان بالأعمال الصالحة ثانيا بموجب الأحكام الفقهية بعد العلم بتلك الأحكام من الحلال والحرام والفرائض والسنن والواجبات والمستحبات والمكروه والمشتبهات فإذا تيسر هذان الجناحان الإعتقادي والعلمي وساعد التوفيق الرباني أمكن الطيران الى عالم الحقيقة وبدون هذين الجناحين فالطيران والوصول الى عالم الحقيقة محال 

 «Ең алдымен, біздерге және сендерге парыз болған, бұл — өзіңнің сеніміңді Әһлу Сүнна ақидасымен салыстыру, ал одан кейін халал мен харамды, парыз бен сүннеті, уәжіп пен мустахаббты, мәкруһ пен барлық күмәнді нәрселерді біліп, шариғат талаптарына сай ізгі амалдар жасау. Тек осы сенім және амал қанаттарына ие болғаннан кейін, адамға ақиқат «рухани әлемге» ұшу үшін «тауфиқ» беріледі, ал осы екі қанатсыз рухани әлемге жету мүмік емес».

 [Дерекнама: Мактубат Имам әр-Раббани.] 

 Сонымен сопылықты екіге бөлуге болады:
1. Сүнни Тасаууф. 
2. Фәлсәфә Тасаууф. 

 Сүнни тасаууфті уаххабилерден басқасынан, барша Әһлу Сүнна ғұламалары құптайды. Ал Фәлсәфи Тасаууфті өзгелер былай тұрсын, Тасаууф шейхтарының өздері де күпірге санайды. Мұндай Тасаууф өкілдеріне мысал ретінде Мухиддин ибн Араби және Мансур Халлажды келтіруге болады, бірақ Әһли Сүнна ғұламаларында оларға қатысты әртүрлі пікірлер бар (мысалы шейх Рамазан әл-Бути, сопы ибн Араби «ужуд» емес «шухуд» ақидасында болған деп ибн Араби жайлы жақсы ойда болуды айтып өткен). Кезінде мұндай сопылардың кейбірі дарға тартылып, тариқаттарына қатаң тиым салынған. Өйткені, олар «Уахдатул `ужуд, Һулул уәл ит`тихад» сияқты философиялық көзқарастарды Тасаууфқа тықпалап, мұсылмандар арасында үлкен қайшылықтар туындауына себеп болған. Олардың алға тартқан идеяларын кейбір тариқат шейхтары ішінара мақұлдағанымен, басым көпшілігі сынға алған.

«Уахдатул `ужуд» бұл жалған сопылардың ең арам адасушылықтарының бірі. «Уахдатул ужуд» — бұл Исламға қоспақшы болған күпірлік. Бұл сенімнің жақтаушылары, ақиқатында тек қана Алла Тағала бар деп тұрып, жаратылыс дүниенің объективті болмысын жоққа шығарады. Ужудилер жаратылған дүниенің көпшілік болмысын жоққа шығарып, оны иллюзия деп атайды. Егер адам объективті дүниенің бар екеніне сенсе, (олардың пікірінше) онда ол адам мүшірік болады. (Олардың пікірінше) адам Таухидтің ең жоғарғы сатысына, объективті әлемді жоққа шығарып және дүниенің болмысы бұл Алла Тағаланың болмысы деп сенгенде ғана жетеді деп біледі. 

 Әһли Сүннаның ақида негіздері бар, соның бірі бұл — «Алла Тағала уақыт пен кеңістіктен тыс, мекен алмайды және мекен емес, ешқандай да бір шектеулермен немесе бағыттармен шектеулі емес». 

 Бұл негіз Мушаббиха мен Муджассиманың барлық түрлерін жоққа шығарады. Және олар жаратылысқа ұқсаған немесе жаратылыстарға белгісіз бағытты айтып отыр ма, немесе «Оның ұлылығына жараса» мекен және шектеулі ме, ешбір айырмашылығы жоқ. Және де бұл негіз «уахдатул `ужуд» мәзһабын жоққа шығарады, өйткені олар Алла Тағаланың зати сипатын, барлық жерде деген сенімде, бұл «Алла болмысымен барлық жерде» деген тұжырымында көрсетілген. Егер біз «Алла барлық жерде» деген пікірді «затымен, болмысымен» деген сөзді қоспай кездестірсек, бұны «ілімімен барлық жерде» немесе «барлық жерде басқаруымен» деп түсінуге болады. Сонда да бұндай сөздерден алыс болған абзал, өйткені Әһли Сүнна: «Алла Тағала мекен мен бағыттан пәк» дейді, ал «барлық жерде» деген сөз, мекен мен бағытты меңзейді. Сондай-ақ,«уахдатул `ужуд» және «һулул уәл ит`тихад» ақидаларын айырып алуымыз керек.

 «Уахдат» ақидасы бұл шын мәнінде тек қана Алла бар, ал қалған болмыстардың объективті табиғаты жоқ және бұл көлеңке мен кескін, сурет тәріздес дейді, ал «һулул» ақидасы бұл — «Иляхи затымен жаратылыстың арасындағы қосылуы». Осы екі ауытқулардың негізінде күпірлік жатыр.

 Муташейхтер (жалған сопылар) бұл ислам әлеміндегі ұлы алаяқтық және бұған өте көп мұсылмандар алдануда, және шынай сопылыққа кір келтіруде. Сондықтан әрбір ілім иесі, оларды терістеу керек, өйткені олардың фитналары, Дәжжалдың фитнасы сияқты. Олардың барлық жалған силсиләлары, соған Дәжжалға алып келетіні анық. Имам Махди соңғы тура жолдағылардың шейхы болғандай, ол (Дәжжал) солардың «соңғы шейхтары».

Муташейхтар жайлы үндемеу, бұл жағымпаздық «әл-Мудааханат» болып табылады. Және бұндай жағымпаздық, қарапайым халық арасында емес, ғалымдардың арасында кең таралған. Ал жағымпаздар қиямет күні әр түрлі риуаяттарда жеткендей, шошқа мен маймыл түрінде тіріледі. Және оларды терістеп жоққа шығару, бұл ұлы Әулиелерге көмек, өйткені олар (муташейхтар) Аллаға жақындау жолына, жоқ нәрселерді енгізді.

Олардың тірліктері тариқатқа және оның негіздеріне ешбір қатысы жоқ, Нақшыбанди, Шәзәли, Қадария, Рифаия тариқаттары болсын. Әрбір тариқатта өзінің негіздері бар, және ешбір ұстаз бен шейх, сол негіздерді өзгертіп, бұзуға құқығы жоқ.

 Халид Шах әл-Бағдади (қуддиса сирруху) былай айтқан:
«Біздің негіздерімізді өзгерткен адам бізден емес».

 Имам Раббани (куддиса сирруху) былай айтқан:
«Тариқатқа жаңалық енгізу (бидғат), мен үшін, шариғатқа жаңалық енгізуден кем емес». 

Сүлеймен әз-Зухди муташейхтар жайлы былай деп айтқан еді:
«Олар Аллаға жақындау жолындағы қарақшылар. Олар мұсылман бауырларға, ғайбат айтушыдан да қауіпті».

 [Дереккөз“Мәджу әр-Расаил”] 

 Шейх Әл-Хани «әл-Бахджа» кітабында имам әр-Разиден былай деп келтіреді:
«Тәлімгерлікті рұқсатсыз бастаған адам, пайдадан гөрі, зиянды көбірек тигізетіні құпия емес». Муташейхтар жайлы: «Ол зікірді үйретіп тұрған жоқ па? Ол салауатты үйреткеннен зиян бар ма?» — деп еш уаққытта айтуға болмайды. Ол жалғаншы және үйретіп жатқанынан сәйкесінше нәтиже болады. Ол Аллаға жақындау жолынан тайдыру күнәсін арқалайды».
«Әл-Бахджа» иесі оларға лағнет айтқан еді:
«Олардың барлығына Алланың лағынеті болсын, олардың біреуі болсын тұратын жерге қоныстанудан сақтан». Бұл жерде нақты бір муташейхқа лағынет айтуға болады деп тұрған жоқ, бәлкім жалпы олардың барлығына лағынет айтуға болады.
Және бұл туралы Имам Ғазали «Ихъя» атты кітабының үшінші томында «Тілді сақтау» бөлімінде жақсылап түсіндірілген.

«Рух әл-Баян» кітабында:
«Ақиқатында, кімнің рухани шежіресі, рухани тәрбие иелерімен байланысы жоқ болса, кім кәмілдікке және кәмілдендіруге дәмеленіп бастаса, расында ол рухани зина жасады, ал оның рухани тәрбиесінде жүрген адам ол зинадан туған баладай» және осы кітапта «әл-Фурқан» сүресінің тәпсірінде «Бұл аятта рухани пұттарға ишара бар, ал олар муташейхтар, дажжалдар, өздерін бола алмаған түрде көрсетеді. Олар жүректі тірілте алмайды, нәпсіні тәрбиелей алмайды. Ал олардың артынан еретіндер пұттарға табынатындар тәріздес. Ей ақыл иесі сен соларды үлгі ретінде алушы болма».

 Жәнеде «Рух әл-Баян» кітабында «Әли Имран» сүресінің тәпсірінде былай деп айтылған: «Шейх ас-Сафи (қуддиса сирруху), айтқан: «Ақиқатында, кім Алла Тағаланы тануға және адамдарды тура жолға салуға дәмеленсе, сонымен бірге дүниеге қол жеткізу үшін амалдарын риямен жасаса, ондай адамның жазасы, күйеуі және балашағасы бар зинадан бала тапқан зиноқордың жазасынан ауыр болады, әрі жазасы 70 есе күшті болады».

 «Хидая әл-Бидая» кітабында былай деп айтылған: «Расында, бидғат жақтаушылары адамдарды бидғаттарына шақырады және бұны ақиқат деп жариялайды. Бұндай адам халықтың алдануына себепкер. Оның зұлымдығы адамдар арасында жұғып тарайтын (ауыру) жындану сияқты. Және ол адамға ашулану, онымен жауласу, қарым-қатынасты үзу, оның бидғатына көрсету және адамдарды бұдан сақтандыру Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) Сүннеті болып табылады».

 Қосымша жалған сопылар жайлы Әһли Сүнна ғұламаларының сөздерінің біразын келтірейік.

 Имам әш-Шафиғи, оған Алланың рақымы болсын, жалған сопылар жайлы. Имам Әбу Бакр әл-Байхақи өзінің «Манакиб әш-Шафиғи» кітабында айтады:
Біз Әбу Абдуллах әл-Хафиздің, мына сөздерін естідік: Мен Әбу Мұхаммад Джағ’фар ибн Мұхаммад ибн әл-Харистан, ал ол: Мен, Әбу Абдулла әл-Хусайн ибн Мұхаммад ибн әл-Бахртан, ал ол: Мен, Юнус ибн Абдул-Ә’ля былай деп айтқанын естідім:

 أخبرنا أبو عبد الله الحافظ قال: سمعت أبا محمد جعفر بن محمد بن الحارث يقول: سمعت أبا عبد الله: الحسين بن محمد بن بحر يقول: سمعت يونس بن عبد الله الأعلى يقول: سمعت الشافعي يقول: لو أن رجلاً تصوَّف من أول النهار لم يأت عليه الظهر إلا وجدته أحم 

 Мен [Юнус ибн Абдул-Ә’ля], әш-Шафиғидің мына сөздерін естігем: «Егер адам таңертең сопы болса, бесінге жақын, сен оны жынды болған күйде табасың». Және бұның жалғасында әл-Байхақи (384-458һ.ж./994-1066м.ж.), оған Алланың рақымы болсын, , имам әш-Шафиғидің сөздерін былай түсіндіреді:

 قلت: وإنما أراد به من دخل في الصوفية واكتفى بالاسم عن المعنى , وبالرسم عن الحقيقة , وقعد عن الكسب , وألقى مؤنته على المسلمين , ولم يبال بهم , ولم يرع حقوقهم ولم يشتغل بعلم ولا عبادة , كما وصفهم في موضع آخر . . . لا يكون الصوفي صوفيا حتى يكون فيه أربع خصال : كسول أكول نؤوم كثير الفضول . وإنما أراد به ذم من يكون منهم بهذه الصفة , فأما من صفا منهم في الصوفية بصدق التوكل على الله عز وجل واستعمال آداب الشريعة في معاملته مع الله عز وجل في العبادة , ومعاملته مع الناس في العشرة , فقد حكي عنه أنه عاشرهم وأخذ عنهم 

 «Мен [әл-Байхақи] айтамын: Расында ол (әш-Шафиғи) сопылыққа кіріп, ақиқи мәнін түсінбестен, тек оның атымен және сыртқы пішінімен ғана қанағаттанып жүргендер жайлы айтқысы келген. Өздері еңбек етуден бет бұрып және тап болған қиындықтарын мұсылмандарға арқалатып, мұсылмандар жайлы ойламай және олардың алдындағы міндеттерін орындамай, ілім талап етпей, лайықты түрде ғибадат етпейтіндер. Тағы ол (әш-Шафиғи) басқа бір сөзінде сондай сопыларды былай деп сипаттаған еді: «Төрт сипатқа ие болмайынша сопы-сопы болмайды: жалқаулық, жалмауыздық, ұйқышылдық, нысапсыздық». Бұл жерде имам осындай сипаттар барларды меңзеп айтып тұр. Ал енді тура жолдағы сопыларға келетін болсақ, Алла Тағалаға тәуекел етуінде, шариғаттың әдебін сақтауда ықыласты, ғибадатта болсын, не адамдармен қарым-қатынаста болсын, имамның (әш-Шафиғи) өзі айтуынша, ол сондай сопылармен достық қарым-қатынаста болып, олардан ілім алған екен». 

[Дерекнама: әл-Байхақи, «Манакиб әш-Шафиғи», 2/207, 208. Дар ат-Тарас баспасы.] 


 Имам Ибн әл-Хадж әл-Абдари әл-Мәлики (д.ө.ж. 737-ж.), оған Алланың рақымы болсын, «Әл-Мадхәл» кітабында былай деп айтқан:

 وَهَذَاأَمْرٌقَدْعَمَّتْبِهِالْبَلْوَىفِيهَذَاالزَّمَانِ،وَكَثُرَتْالطُّرُقُ،وَاخْتَلَفَتْالْأَحْوَالُ،وَتَشَعَّبَتْالسُّبُلُ . وَلَوْقُلْتلِأَحَدِهِمْمَثَلًا : السُّنَّةُكَذَا،وَكَذَاقَابَلَكبِمَالَايَلِيقُفَيَقُولُ : كَانَشَيْخِييَفْعَلُكَذَاوَكَذَا،وَمَاهَذَاطَرِيقُشَيْخِي،وَكَانَشَيْخِييَقُولُ : كَذَا،وَكَذَا،وَيُصَادِمُبِذَلِكَكُلِّهِالسُّنَّةَالْوَاضِحَةَ،وَالطَّرِيقَةَالنَّاجِحَةَ 

 «Осы уақытта бұл жағдай жаппай бәлеге айналды. Тариқаттар көбейіп, жаңа күй- ахуалдар пайда болды, жолдар шиеленісті. Егерде сен біреуге Сүннет бойынша былай ғой деп айтсаң, саған әдепсіз түрде олар былай деп айтады: “Менің шейхым осылай істейді, ал бұл менің шейхымның жолы емес”. “Менің пірім былай да, былай деп айтқан”. Осымен ол анық Сүннетке және табысты тариқатқа қарсы шығады». Осы кітаптыың басқа жерінде шейх Ибн әл-Хадж тағы былай дейді:

 واحتجوا على استحباب هذه الاصطلاحات واستحسانها وأمر الفقراء بها بأن مشايخهمقد قرروا لهم ذلك ليكون تحفظهم عليها علامة ودلالة على تحفظهم على بواطنهممما يقع فيها فتكون آداب الظاهر دلالة على حصول آداب الباطن وهذه الطائفةيحسنون الظن بمشايخهم ، وقد أمروهم بذلك فلا عتب عليهم في فعله ، بل همفي عباءة وخير وهذا الذي قالوه ليس بالبين ؛ لأنه لو أجاز العلماء مثل هذا لكانذلك كله ذريعة إلى نسخ الشريعة بالآراء وغيرها فكل من ظهر له شيء ، أواستحسن شيئا جعله أصلا معمولا به ويرجع إليه ولا قائل به من المسلمين ، وهذاالدين والحمد لله قد حفظه الله — تعالى — من الزيادة فيه والنقص منه . ولا حاجة في كون الفقراء يحسنون ظنهم بمشايخهم ؛ لأن تحسين الظن بهم لهمجال متسع ما داموا على الاتباع للسنة والسلف الماضين رضي الله عنهم أجمعينفحينئذ يرجع إليهم ويسكن إلى قولهم ، وأما غير ذلك فاتباع السنة أولى وأرجى وأنجحبل أوجب مع سلامة الصدر لمن قال ما قال إذ إنه لم يقصد إلا خيرا ، ولكن المريديتعين عليه أن يكون ميزان الشرع في يده فإن من وفى واعتدل فهو غنيمة ، ومن نقص فلا ضرورة تدعو إلى الاقتداء به فيماخالف فيه السنة ؛ إذ إنه لا يتبع أحدا في الغلط . 

 «Олар сол шарттарын (өздерінің әдеп-дәстүрлерін) мақұлдап, оның әдемілігін, пақыр -бейшараларға оны орындауға бұйыруын, өздерінің шейхтыры оларға осыны орнатқанымен, дәлелдеп түсіндіреді. Бұл жамағат, өздерінің шейхтары жайлы өте жоғары ой-пікірде. Олардың түсініксіз сөйлеуі, өйткені егер ғұламалар мұндайға рұқсат бергенде, бұл сондай әртүрлі пікірлермен шариғатты жеңілдетіп, жоюға себеп болар еді. Егер әрбіреу, өз ойында пайда болған немесе өзіне ұнап қалған, бұдан әрекетке негіз, адамдарға пана жасаса, онда расында мұндайды рұқсат деп айтқан мұсылмандар арасында адам болмаған. Бүкіл мақтаулар Әлемдердің Раббысы Аллаға ғана! Алла Тағала осы дінді қысқарту мен оған қосудан сақтауда. Фақирлер өз шейхтары туралы жақсы ойда екенінде, тек олар Сүннетке және ізгі сәләфтардың (оларға Алланың разылығы болсын) жолымен жүргенше дәлел жоқ, өйткені жақсы ойда болудың мәні кең. Сол жағдайда ғана оларға ереді және сөздеріне жүгінеді. Болмаған жағдайда Сүннетке еру жағымдырақ, сенімдірек, табыстырақ және сондай сөздерді айтқанға, өзін сақтандырғанға міндеттірек болып табылады. Өйткені ол тек жақсылықты қалаған еді. Ал мюридте шариғат таразысы міндетті түрде болуы керек. Шариғатты орындап, турашыл болған адам жемісін көреді. Ал өзі қысқартып, Сүннетпен айырылысып кеткенге еру қажет емес, өйткені қателікте кімге де болсын еруге болмайды». Жәнеде тағы бір жерінде былай деп айтылған:

 فَكَانَ سَيِّدِي أَبُو مُحَمَّدٍ الْمَرْجَانِيِّ رَحِمَهُ اللَّهُ يَتَحَفَّظُ مِنْ هَذَا الْأَصْلِ بِذِكْرِهِ لِذَلِكَ وَتَعْلِيلِهِ؛ لِئَلَّا يَعْتَقِدَ مَنْ يَعْتَقِدُهُ أَنَّهُ سُنَّةٌ مَأْمُورٌ بِهَا . وَقَدْ حَكَى عَنْ شَيْخِهِ الْقُدْوَةِ الْإِمَامِ الْعَالِمِ الْعَامِلِ الْمُحَقِّقِ أَبِي عَلِيِّ بْنِ السَّمَّاطِ رَحِمَهُاللَّهُ حَكَى لِي ذَلِكَ عَنْهُ سَيِّدِي أَبُو مُحَمَّدِ بْنِ أَبِي جَمْرَةَ رَحِمَهُ اللَّهُ قَالَ كَانَ عَارِفًا بِالْفِقْهِمَعْرِفَةً جَيِّدَةً وَكَانَ الْفُقَرَاءُ عِنْدَهُ فِي مَجَالِسِهِ بَعْضُهُمْ مَعَ بَعْضٍ لَيْسَ لَهُمْ شُغْلٌفِي الْغَالِبِ إلَّا الْبَحْثَ فِي الْأَمْرِ وَالنَّهْيِ وَهَلْ يَجُوزُ أَوْ لَا يَجُوزُ ؟ فَإِذَا أَشْكَلَ عَلَيْهِمْشَيْءٌ وَلَمْ يَرْجِعْ بَعْضُهُمْ إلَى بَعْضٍ فِيهِ يَأْتُونَ إلَيْهِ فَيَسْأَلُونَهُ عَنْ الْمَسَائِلِ الَّتِييُرِيدُونَهَا فَيَأْمُرُهُمْ بِالْخُرُوجِ إلَى الْفُقَهَاءِ يَسْأَلُونَهُمْ عَنْهَا فَسُئِلَ عَنْ ذَلِكَ وَلَمْ يُحِلْهُمْعَلَى غَيْرِهِ ، وَهُوَ أَعْرَفُ النَّاسِ بِالنَّوَازِلِ الَّتِي كَانَتْ تَنْزِلُ بِهِمْ فَقَالَ : رَحِمَهُ اللَّهُ أَخَافُأَنْ أُفْتِيَهُمْ فَيَقَعَ لَهُمْ الْخَلَلُ بِسَبَبِ أَنِّي إنْ مِتُّ بَقِيَ الْأَمْرُ بَيْنَهُمْ مَوْقُوفًا عَلَيَّ لَايَعْرِفُونَ أَمْرَ دِينِهِمْ إلَّا مِنْ جِهَتِي فَيَقُولُونَ : قَالَ الشَّيْخُ كَذَا وَذَهَبَ الشَّيْخُ إلَى كَذَا ،وَكَانَ طَرِيقُ الشَّيْخِ كَذَا . فَيَظُنُّونَ أَنَّ الشَّرِيعَةَ خُرُوجُهَا مِنْ قِبَلِ الْمَشَايِخِ فَيُرْسِلُهُمْ إلَى الْفُقَهَاءِ لِسَدِّ هَذِهِ الثُّلْمَةِوَلِكَيْ يَعْلَمُوا أَنَّ مَا نَحْنُ فِيهِ إنَّمَا أَصْلُهُ وَعِمَادُهُ وَاَلَّذِي يَقَعُ بِهِ الْحَلُّ وَالرَّبْطُ عِنْدَنَا هُوَمِنْ الْفُقَهَاءِ وَمَا نَحْنُ فِيهِ فَرْعٌ عَنْ ذَلِكَ فَيَنْتَظِمُ الْحَالُ أَوْ كَلَامًا هَذَا مَعْنَاهُ . فَانْظُرْ رَحِمَك اللَّهُ إلَى مُحَافَظَةِ هَذَا السَّيِّدِ رَحِمَهُ اللَّهُ عَلَيْهِ عَلَى مَنْصِبِ الشَّرِيعَةِ كَيْفَ تَرَكَ أَنْ يُجِيبَالْفُقَرَاءَ فِي مَسَائِلِ الْفِقْهِ مَعَ أَنَّ ذَلِكَ مَنْدُوبٌ إلَيْهِ ؟ لَكِنْ لَمَّا أَنْ كَانَ مَعْرُوفًا وَمَنْسُوبًاإلَى تَرْبِيَةِ الْمُرِيدِينَ وَتَسْلِيكِهِمْ وَتَرَقِّيهمْ فِي الْمَقَامَاتِ وَالْأَحْوَالِ وَالْمُنَازَلَاتِ خَافَ أَنْيُنْسَبَ مَا يُفْتِي بِهِ مِنْ الْفِقْهِ إلَى مَا كَانَ بِصَدَدِهِ مِنْ التَّرْبِيَةِ فَتَرَكَ الْمَنْدُوبَ ، وَهُوَالْفَتْوَى فِيمَا تَقَدَّمَ ذِكْرُهُ تَحَفُّظًا مِنْهُ رَحِمَهُ اللَّهُ أَنْ يُنْسَبَ شَيْءٌ مِنْ الشَّرِيعَةِ إلَى غَيْرِأَهْلِهِ الَّذِي عَنْهُ يُؤْخَذُ وَإِلَيْهِ يُرْجَعُ ، وَهَذَا الْمَعْنَى الَّذِي تَحَفَّظَ مِنْهُ هَذَا السَّيِّدُ رَحِمَهُ اللَّهُ هُوَالَّذِي أَفْسَدَ الْيَوْمَ كَثِيرًا مِنْ أَحْوَالِ بَعْضِ أَهْلِ الْوَقْتِ تَجِدُ أَحَدَهُمْ يَعْمَلُ الْبِدْعَةَ وَيَتَهَاوَنُبِهَا فَتَنْهَاهُ عَنْ ذَلِكَ أَوْ تُرْشِدُهُ إلَى التَّرْكِ فَيَسْتَدِلُّ عَلَى أَنَّ ذَلِكَ هُوَ السُّنَّةُ ، وَأَنَّ ذَلِكَلَيْسَ بِمَكْرُوهٍ لِكَوْنِهِ رَأَى شَيْخَهُ وَمَنْ يَعْتَقِدُهُ يَفْعَلُ ذَلِكَ فَيَقُولُ : كَيْفَ يَكُونُمَكْرُوهًا أَوْ بِدْعَةً . وَقَدْ كَانَ سَيِّدِي فُلَانٌ يَعْمَلُهَا ؟ فَيَسْتَدِلُّ بِفِعْلِ سَلَفِهِ وَخَلْفِهِ وَشُيُوخِهِ عَلَى جَوَازِ تِلْكَالْبِدْعَةِ ، وَأَنَّهَا مَشْرُوعَةٌ فَصَارَ فِعْلُ الْمَشَايِخِ حُجَّةً عَلَى مَا تَقَرَّرَ بِأَيْدِينَا مِنْ أَمْرِ الشَّرِيعَةِوَلَيْسُوا بِمَعْصُومِينَ وَلَا مِمَّنْ شَهِدَ لَهُمْ صَاحِبُ الْعِصْمَةِ صَلَوَاتُ اللَّهِ عَلَيْهِ وَسَلَامُهُ . وَهَذَا أَمْرٌ قَدْ اتَّفَقَتْ الْأُمَّةُ عَلَى أَنَّهُ مَرْدُودٌ إذْ أَنَّ ذَلِكَ لَوْ جَازَ لَوَقَعَ الْخَلَلُ فِي الشَّرِيعَةِبِسَبَبِهِ فَأَيٌّ مَنْ اسْتَحْسَنَ شَيْئًا وَفَعَلَهُ وَأَيٌّ مَنْ كَرِهَ شَيْئًا وَتَرَكَهُ يَقَعُ الِاقْتِدَاءُ بِهِ ؟فَيَكُونُ ذَلِكَ نَقْصًا مَعَاذَ اللَّهِ وَلَوْ كَانَ ذَلِكَ كَذَلِكَ لَمْ يَبْقَ بِأَيْدِينَا الْيَوْمَ شَيْءٌ مِنْ أَمْرِهَذِهِ الشَّرِيعَةِ الْمُحَمَّدِيَّةِ ، وَقَدْ عَصَمَ اللَّهُ هَذِهِ الْمِلَّةَ ، وَالْحَمْدُ لِلَّهِ مِنْ التَّبْدِيلِ فَكُلُّ مَنْ أَتَى بِشَيْءٍ مُخَالِفٍ لِمَا كَانَ عَلَيْهِ مُتَقَدِّمُو هَذِهِ الْأُمَّةِ وَسَلَفُهَا فَهُوَ مَرْدُودٌ عَلَيْهِمَحْجُوجٌ بِفِعْلِهِمْ وَبِمَا نُقِلَ عَنْهُمْ . وَهَذَا هُوَ الَّذِي أَذْهَبَ شَرِيعَةَ عِيسَى عَلَيْهِ السَّلَامُ أَعْنِي التَّقْلِيدَ لِأَحْبَارِهِمْ وَرُهْبَانِهِمْ دُونَدَلِيلٍ يَدُلُّهُمْ عَلَى ذَلِكَ حَتَّى صَارَ أَمْرُهُمْ أَنَّهُ فِي كُلِّ جُمُعَةٍ مِنْ الْأَحَدِ إلَى الْأَحَدِ يُجَدِّدُلَهُمْ الْقِسِّيسُ شَرِيعَةً جَدِيدَةً بِحَسَبِ مَا يَرَاهُ لَهُمْ مِنْ الْمَصْلَحَةِ فِي وَقْتِهِ عَلَى مَايَقْتَضِيه نَظَرُهُ وَتَسْدِيدُهُ عَلَى زَعْمِهِ فَتَجِدُهُمْ يَخْرُجُونَ مِنْ كَنَائِسِهِمْ وَهُمْ يَقُولُونَلَقَدْ جَدَّدَ الْيَوْمَ شَرِيعَةً مَلِيحَةً ، وَقَدْ عَصَمَ اللَّهُ وَالْحَمْدُ لِلَّهِ هَذِهِ الشَّرِيعَةَ فَالْحَذَرَ الْحَذَرَمِنْ هَذَا الدَّاءِ الْعُضَالِ فَإِنَّهُ سُمٌّ قَاتِلٌ مَغْفُولٌ عَنْهُ وَقَلَّ مَنْ يَسْلَمُ مِنْهُ إلَّا مَنْ كَانَمُرَاقِبًا لَهُمْ فِي أَفْعَالِهِمْ وَأَقْوَالِهِمْ يَزِنُهَا عَلَى أَفْعَالِ السَّلَفِ عَلَى مَا تَقَدَّمَ أَعْنِي أَنَّهُ لَايَفْعَلُ ذَلِكَ حَتَّى لَا يَقْتَدِيَ مِنْ أَفْعَالِهِمْ إلَّا بِمَا كَانَ مِنْهَا عَلَى سَبِيلِ الِاقْتِدَاءِبِالْمُتَقَدِّمِينَ إنْ كَانَ مِنْ أَهْلِ الْعِلْمِ ، وَإِلَّا فَبِالسُّؤَالِ مِنْ الْعُلَمَاءِ الْمُتَّبِعِينَ مِنْهُمْ فِيأَفْعَالِهِمْ يَعْلَمُ ذَلِكَ وَيَتَبَيَّنُ لَهُ . أَمَّا إنْ نَظَرَ إلَى أَفْعَالِهِمْ وَوَزَنَهَا بِغَرَضٍ غَيْرِ هَذَا فَلَا يَنْبَغِي ذَلِكَ ؛ لِأَنَّهُ مِنْ بَابِالتَّشَاغُلِ بِعُيُوبِ النَّاسِ وَالْبَحْثِ عَنْ مَثَالِبِهِمْ ، وَذَلِكَ مَنْهِيٌّ عَنْهُ . 

 «Әбу Мұхаммед әл-Марджани өзінің шейхы әрі муршиді, имамы, Әли ибн әс-Симат (Алла оны рақымына бөлесін) ерушісі жайлы айтқан еді. Маған бұл жайлы сейт Әбу Мұхаммед ибн Әбу Хамза айтқан. Ол айтты: «Ол фиқһты жетік білетін еді, фақирлер оның мәжілісінде жиі жиналатын еді. Негізі онда харам мен халалды талқылау жайлы басқа ілім болмады. Мынаны не ананы жасауға бола ма, не болмай ма? — деген сияқты мәселелер еді. Кез келген бір мәлесе туындаған кезде, біреулері басқа пікірді қабылдамаған кезде, олар шейхқа келіп, туындаған мәселе жайлы сұрайтын еді. Шейх оларға фақиһтарға барып, солардан сұрауды бұйыратын еді. Ол жауапты өзі жақсы біле тұра, оларды басқаларға жіберу себебі жайлы сұралған еді. Сонда ол: «Менің қорқатыным, мен оларға пәтуа беріп, ал менен кейін оларда бір мәселе туындағанда, бұл тек олардың өз араларында қалып, олар өз діндерін басқа жағынан, менің пікірімнен тыс жағынан білмеуі ықтимал. Сол кезде олар, шейх былай деп айтқан еді, піріміз осыған барған еді, піріміздің жолы осындай болған еді деп айта бастайды. Олар сонда “шариғат”, шейхтан шығады деп ойлап қалады. Сондықтан мен алдын-ала сол аралықты толықтау үшін, оларды фақиһтарға жіберемін, олар бұл біздің жұмысымыз, оның негіздері, байланыстары мен шешімдері екенін түсіну үшін, осының барлығы фақиһтардың қолында, ал біз тек оның тармақтарындамыз. Міне, осыны білген кезде олардың жағдайлары реттеледі». Міне қарашы (Алла тағала сені кешірсін), қалай бұл шейх (Алла оны рақымына бөлесін) шариғат мәртебесін қорғаған, пәтуа беруге құқығы болса да, фақирлерге өзі біле тұра, фиқһ мәселесінде жауап бермеген. Шейх өз мюридтеріне таңдалып, олардың дәрежелерде жетілдіру, ахуалдарында және тұрыстарында, тәрбиелеуге қойылғанда, ол шариғаттың маманына жүгінбеуден одан үйренбей басқаға бет бұрудан қорықты. Бұл шейхтің сақтандырған мән мағынасын алсақ, бүгінгі күнде кейбір адамдардың жағдайларының бұзылуына дәл келеді. Біреудің бидғат амалын жасап жатқанын көріп, оны бұл нәрседен тыйып, соны қалдыруға насихат жасасаң, ол саған бұл сүннет екеніне дәлел келтіреді. Ол бұл нәрсе жағымсыз, мәкруһ емес, өйткені өзінің шейхы немесе басқа өзі сенімді санайтын адамның дәл солай жасағандығын айтады. Сонымен бірге ол, бұл қалай мәкруһ немесе бидғат болады, менің пәленше деген пірім соны істейді дейді. Ол үлгі ретінде, алдында болғандарды, шейхтармен, ерушілерді келтіріп, бұл бидғат рұқсат екеніне және заңды екеніне дәлел қылып келтіреді. Сондықтан шейхтардың амалдары, біз осы шариғаттын бекіткен ережелеріне қарсы дәлел болып қалды. Шейхтар қателесуден қорғалған жоқ, және Қорғалған (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын) олар туралы куәлік берген емес. Олардың қателіктерден пәк болуы, үмметің иджмасы бойынша жоққа шығарылған. Ал егерде бұған жол беретін болсақ, бұның салдарынан шариғаттың үлкен бұзылысы болады. Бір нәрсені, біреуге ұнатып істесе, ал екіншісіне,бір нәрсені ұнатпай, оны тастаса және олардың артынан адамдар еретін болса, бұл үлкен зиянға әкеледі. Алла Тағала біздерді сақтасын! Егерде солай болғанда, бүгін бізде пайғамбарлық шариғаттан ешнәрсе қалмаған еді. Аллаға сансыз шукір, Алла дінді сақтап қалды. Кез келген адамның ісі, осы үммет сәләф-солихтардың амалдарынан ерекшеленсе- қабылданбайды, сәләфтардан жеткен хабарлармен, олардың амалдарымен, жоққа шығарылады. Дәл осындай жағдай, Исаның (оған Алланың сәлемі болсын) шариғатын жойып жіберді. Бұл олардың еписком, монахтарына еліктеуі, дәлелсіз еру мағынасында… Әлхамдулиллә! Алла біздің шариғатымызды сақтап қалды. Сақтаныңдар, бұндай қатерлі аурулардан, сақтаныңдар! Бұл- білінбейтін зиянды «у». Одан аман қалғандар аз. Тек, адамдардың істерімен сөздерін бақылап, оларды бізге жетіп көрсетілгендей, ізгі сәләфтардың амалдарымен салыстырып тұратындар ғана аман қалды…».

[Дерекнама: Ибн әл-Хадж әл-Абдари «әл-Мадхәл».] 

 Имам Әбу Әбдилля әл-Қуртуби әл-Мәлики (600-671һ.ж.), оған Алланың рақымы болсын, «Әл-Анфал» сүресінің 35 аятының тәпсірінде:

 {وَمَا كَانَ صَلاتُهُمْ عِنْدَ الْبَيْتِ إِلَّا مُكَاءً وَتَصْدِيَةً فَذُوقُوا الْعَذَابَ بِمَا كُنْتُمْ تَكْفُرُونَ} فَفِيهِ رَدّ عَلَى الْجُهَّال مِنْ الصُّوفِيَّة الَّذِينَ يَرْقُصُونَ وَيُصَفِّقُونَ وَيُصْعَقُونَ . وَذَلِكَ كُلّه مُنْكَر يَتَنَزَّه عَنْ مِثْله الْعُقَلَاء , وَيَتَشَبَّه فَاعِله بِالْمُشْرِكِينَ فِيمَا كَانُوا يَفْعَلُونَهُ عِنْدَ الْبَيْت 

 Аят: «Өйткені, олардың мешіт (қағба) жанындағы намаздары ысқыру, қол шапалақтау ғана еді. Ал енді қарсы болғандығы үшін азапты татыңдар». «…және бұл аятта билеп, қол шапалақтап, айқайлайтын надан сопыларға радд. Және мұның барлығы харам, ақыл иелері мұндайдан пәк, мұндайды жасайтындар пұтқа табынушыларға (олардың Қағба жанындағы амалдары) тәрізденіп оларға еліктеуде».

 Тағы имам әл-Қуртуби, оған Алланың рақымы болсын, «әл-Кәһф» сүресінің 14 аятының тәпсірінде:

 الثَّانِيَة : - قَالَ اِبْن عَطِيَّة : تَعَلَّقَتْ الصُّوفِيَّة فِي الْقِيَام وَالْقَوْل بِقَوْلِهِ {إِذْ قَامُوا فَقَالُوا رَبّنَا رَبّ السَّمَوَات وَالْأَرْض}. قُلْت : وَهَذَا تَعَلُّق غَيْر صَحِيح هَؤُلَاءِ قَامُوا فَذَكَرُوا اللَّه عَلَى هِدَايَته , وَشَكَرُوا لِمَا أَوْلَاهُمْ مِنْ نِعَمه وَنِعْمَته , ثُمَّ هَامُوا عَلَى وُجُوههمْ مُنْقَطِعِينَ إِلَى رَبّهمْ خَائِفِينَ مِنْ قَوْمهمْ ; وَهَذِهِ سُنَّة اللَّه فِي الرُّسُل وَالْأَنْبِيَاء وَالْفُضَلَاء الْأَوْلِيَاء . أَيْنَ هَذَا مِنْ ضَرْب الْأَرْض بِالْأَقْدَامِ وَالرَّقْص بِالْأَكْمَامِ وَخَاصَّة فِي هَذِهِ الْأَزْمَان عِنْد سَمَاع الْأَصْوَات الْحِسَان مِنْ الْمُرْد وَالنِّسْوَان ; هَيْهَاتَ بَيْنهمَا وَاَللَّه مَا بَيْن الْأَرْض وَالسَّمَاء . ثُمَّ هَذَا حَرَام عِنْد جَمَاعَة الْعُلَمَاء , عَلَى مَا يَأْتِي بَيَانه فِي سُورَة لُقْمَان إِنْ شَاءَ اللَّه تَعَالَى . وَقَدْ تَقَدَّمَ فِي » سُبْحَان » عِنْد قَوْله : {وَلَا تَمْشِ فِي الْأَرْض مَرَحًا} [ الْإِسْرَاء : 37 ] مَا فِيهِ كِفَايَة . وَقَالَ الْإِمَام أَبُو بَكْر الطَّرَسُوسِيّ وَسُئِلَ عَنْ مَذْهَب الصُّوفِيَّة فَقَالَ : وَأَمَّا الرَّقْص وَالتَّوَاجُد فَأَوَّل مَنْ أَحْدَثَهُ أَصْحَاب السَّامِرِيّ ; لَمَّا اِتَّخَذَ لَهُمْ عِجْلًا جَسَدًا لَهُ خُوَار قَامُوا يَرْقُصُونَ حَوَالَيْهِ وَيَتَوَاجَدُونَ ; فَهُوَ دِين الْكُفَّار وَعُبَّاد الْعِجْل , عَلَى مَا يَأْتِي . 

 «…екінші: Ибн `Атия айтты: [жалған] Сопылар тұру мен сөзді мына аятпен байланыстырды «…сол уақытта олар, тіке тұрып: “Раббымыз, көктермен мен жердің Раббысы…”, «әл-Кәһф» 14-аят». Менің айтатыным: бұл байланыстыру қате, әлгілер тұрып, Хақ Алланы еске алып, Ол нәсіп еткен игіліктеріне шүкір айттыда, залым халқына Раббыларына, бастары ауған жаққа кеткен еді. Бұл, Алланың,пайғамбарлар мен елшілер және ізгі тақуалардың жолы. Ал енді аяқтарын жерге ұрып билеу, әсіресе біздің уақыттағы сақалсыздармен әйелдердің әсем дауыстарын тыңдау, қайдан? Бұлардың арасында қандай үлкен айырмашылық — Алланың атымен ант етемін, жермен көктердің арасындай. Сондықтан бұл ғұламалар, жамағатының пікірі бойынша харам …» «…Және имам Әбу Бакр әт-Тәрсуси, [жалған] сопылардың мәзһабы жайлы сұралған кезде, ол: «Ал енді би билеу мен есерлену жайлы айтатын болсақ, ең алғаш бұны еңгізген Самири жақтаушылары, оларға бұзаудың мүсінін жасап берген кезде, ішінен өкіру дауысы шыққанда, олар тұра салып, бұзауды айнала билеп, есерлене кеткен еді, сондықтан бұл бұзауға табынатын кәпірлердің діні…».

 Жәнеде имам әл-Қуртуби, оған Алланың рақымы болсын, «Та-Ха» сүресінің 90-93 аяттарының тәпсірінде:

 وَإِنَّمَا كَانَ يَجْلِس النَّبِيّ صَلَّى اللَّه عَلَيْهِ وَسَلَّمَ مَعَ أَصْحَابه كَأَنَّمَا عَلَى رُءُوسهمْ الطَّيْر مِنْ الْوَقَار ; فَيَنْبَغِي لِلسُّلْطَانِ وَنُوَّابه أَنْ يَمْنَعهُمْ عَنْ الْحُضُور فِي الْمَسَاجِد وَغَيْرهَا ; وَلَا يَحِلّ لِأَحَدٍ يُؤْمِن بِاَللَّهِ وَالْيَوْم الْآخِر أَنْ يَحْضُر مَعَهُمْ , وَلَا يُعِينهُمْ عَلَى بَاطِلهمْ ; هَذَا مَذْهَب مَالِك وَأَبِي حَنِيفَة وَالشَّافِعِيّ وَأَحْمَد بْن حَنْبَل وَغَيْرهمْ مِنْ أَئِمَّة الْمُسْلِمِينَ 

 Имам Әбу Бәкір әт-Тәрсуси жауабының жалғасында: «…расында Пайғамбар, сахабаларымен бастарында құстар қонғандай, абыроймен отыратын еді, сондықтан сұлтанмен олардың орынбасарларына, оларды (яғни жалған сопыларды) мешітке және басқа жерлерге кіруге бөгет ету керек, Аллаға және Қиямет күніне сенген болса, ешкімге оларға баруға және жалған нәрседе қолдауға болмайды. Бұл имам Мәлік, Әбу Ханифа, әш-Шафиғи, Ахмад бин Ханбал және басқа да имамдардың мәзһабы…».

 [Дерекнама: Әбу Әбдилля әл-Қуртуби, «Әл-Джами`у ли Ахкамил Қур`ан».] 


 Шейхул Ислам, имам Ибн Хаджар Әл-Асқаляни (773-852 һ.ж.), оған Алланың рақымы болсын, өзінің «Фатхул Бари би Шархи Сахихил Бұхари» кітабында:

 قال وأما ما ابتدعه الصوفية في ذلك فمن قبيل ما لا يختلف في تحريمه لكن النفوس الشهوانية غلبت على كثير ممن ينسب إلى الخير حتى لقد ظهرت من كثير منهم فعلات المجانين والصبيان حتى رقصوا بحركات متطابقة وتقطيعات متلاحقة وانتهى التواقح بقوم منهم إلى أن جعلوها من باب القرب وصالح الأعمال وأن ذلك يثمر سني الأحوال وهذا على التحقيق من آثار الزندقة وقول أهل المخرقة والله المستعان أه 

 Ол (Имам әл-Қуртуби) айтты: «Сопылардың осы еңгізген жаңалығы харам екенінде күмән жоқ [яғни, жалған сопыларды айтып тұр], бірақ өздерін жақсылыққа баурай, араларында жындылар мен кішкентай балалардың әрекеттері пайда болғанша, бір-бірінің қимылын қайталап, бір-біріне еріп, синхромды түрде қимылдай бастағанша, олардың тәндік артықшылықтары, оларға үстем болды. Ал, соңында олар, бұл Аллаға жақындау және тақуалардың амалы деп айтқанда, бұл олардың бетпақтығымен аяқталған еді. Шын мәнінде бұл арсыздық тудыратын нәрсе, және біздің зерікттеумізден кейін, бұл зындықтар мен ақымақтардың сөздері болып шықты, ал біз жәрдем сұрайтын тек Алла Тағала….».

[Дерекнама: Ибн Хаджар әл-Асқаляни, «Фатхул Бәри», 907 хадистің шархы «Сахих әл-Бұхари».]  


Имам Жалалуддин әс-Сүюти, оған Алланың рақымы болсын, былай деп айтқан:

 (وأما السؤال الرابع والثلاثون): فجوابه أن أحداث الألحان في الذكر بدعة لم تكن في عهد النبي صلى الله عليه وسلم ولا أبي بكر و لا عمر ولا عثمان ولا علي ولا فعلها أحد من الصحابة ولا التابعين ولا السلف الصالحين فإن انضم إلى ذلك تمطيط الأحرف والإشباع في غير موضعه والاختلاس في غير موضعه والترقيص والتطريب وتعويج الحنك والرأس فهذا مغن لا ذاكر وأخشى عليه أن يجاب من قبل الله باللعنة فإن سر الذاكر إحضار عظمة الله وهيبته في القلب بخشوع وخضوع وإعراض عما سواه والملحن في شغل شاغل عن ذلك وليعرض الإنسان على نفسه أن لو وقف شخص تحت بيته ونادى آه يا سيدي فلان وكرر ذلك بهذا التلحين والترقيص أكان يرضيه ذلك. أو يعده قليل الأدب فالتأدب مع الله أولى وأحق. الحاوي للفتاوي العلامة جلال الدين السيوطي 

 Осы сұраққа жауап ретінде, зікірді (қате дыбысталумен) әндетіп айту бидғат, бұндайды Пағамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын), Әбу Бәкірдің, Омардың, Османның, не Әлидің (оларға Алла Тағаланың разылығы болсын) уақытында болмаған, және де сахабалар мен табиғиндерден және ізгі сәләфтардан ешкім ондайды істемеген, ал бұған әріптерді артық созу, орынсыз жерде күшейту мен шектен шығу, және билеу мен әуендету, және де аузы мен басын қисайту, ол зікір емес, бұл әншілік және оған Алла Тағаланың қарғысы тию қауіпі бар. Ақиқатында еске алушының сыры — бұл жүректі Алланың Ұлылығы жайлы ойлармен толтыру және Оның алдындағы қорқыныш, бойсұнумен, момындықпен, және Одан басқа барлық нәрседен дерексіздену. Ал әндетуші бұның барлығынан қарбалас. 

[Дерекнама: Әс-Сүюти, «әл-Хауи лил-Фатауа», 34 сұрақ.] 


 Шейх Рамазан әл-Бути, оған Алланың рақымы болсын, жалған сопылар жайында. 

 Біздің заманымыздың үлкен ғұламасы, әрі сопы болған шейх Мұхаммед Саид Рамазан әл-Бути, оған Алланың рақымы болсын, өзінің «Хаза Уәлиди» кітабының 106-бетінде:
«Ақиқи Тасаууфта, Құран мен Хадистен басқа қайнар көзі жоқ» деп айтқан. Шейх «Фиқһу-с-Сира» атты кітабында, кейбір жалған сопылар жайлы, былай деген:

 كلمة عن حديث أبى بكر وما اختلقه البعض من زيادة فيه، ليسوغوا بها بدعة من أهم البدع المحرمة: ذكرنا الحديث الذي رواه الترمذي وأبو داود، عن تقديم أبى بكر ماله كله للرسول صلى الله عليه وسلم، وأنه أجابه صلى الله عليه وسلم حينما سأله: وما أبقيت لأهلك؟: أبقيت لهم الله ورسوله . 

 Сахаба Әбу Бәкірге, Алла одан разы болсын, қатысты хадис жайлы, және соған ойдан шығарылып қосылған сөздерді қолданып, ең арам болған бидғатты ақтаушылар жайлы. Біз имам әт-Тирмизи мен Әбу Дауд, оларды Алла рақымына бөлесін, жеткізген хадисті айтып өткенбіз, бұл хадисте Әбу Бәкір, бар мал-мүлкін Алла Елшісіне, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, тапсырған кезде, ол: «Ал сен өз жанұяңа не қалдырдың?»деп сұраған еді.

 وقد اختلق بعضهم زيادة على الحديث: أن النبي صلى الله عليه وسلم قال له: يا أبا بكر إن الله راض عنك فهل أنت راض عن الله ؟ فاستفزه السرور والوجد، وقام يرقص أمام رسول الله صلى الله عليه وسلم قائلاً: كيف لا أرضى عن الله ؟! .. ثم ذهبوا يجعلون من هذه الزيادة المختلقة دليلاً على مشروعية الرقص و الدوران في حلق الذكر على نحو ما يفعل (المولوية) وطوائف أخرى من المتصوفة. 

 Кейбіреулер осы хадиске қосымша осындай сөзді қосқан, Пайғамбар, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, оған: «Әбу Бәкір, Алла Тағала саған разы, ал сен Оған ше?» Сол сәтте ол Пайғамдардың, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, алдында шексіз қуанышқа, шабытқа бөленіп, Пайғамбарға: «Қалайша мен Раббыма разы болмаймын?» деп, тіл қатып билей бастаған. Кейін олар осы қосып алғандарын, зікір етіп, билеп айлануға, кейбір сопылар сияқты (маулауилер және тағы басқалар сияқты), дәлел ретінде келтіре бастады.

 فأما الدليل الذي يستندون إليه، فهو دليل مختلق كما ذكرت. ولم يثبت في حديث صحيح ولا ضعيف أن أبا بكر قام بفعل ذلك بين يدي رسول الله صلى الله عليه وسلم. كل ما ورد في الأمر هو ما ذكرته من نص حديث الترمذي والحاكم وأبى داود، على ما فيه من احتمالات الضعف التي بينتها في تخريج الحديث. وأما المدلول فلا نقول: أنه لم يثبت دليلاً عليه، بل الحق الذي ينبغي أن يقال: إن الدليل قد ثبت على حرمته. وإليك بيان ذلك. 

 Олардың келтірген дәлеліне тоқталатын болсақ, бұл жалған, ойдан шығарылған дәлел, мен атап өткендей, ешбір сахих немесе әлсіз хадисте Әбу Бәкір, Пайғамбар, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, алдында мұндайды істеген емес. Ал енді, дәлелдеген амал жайлы, соның ішінде дәлел жоқ деп айтпаймыз. Алайда біз айтуға тиіс болған шындық, осының харам екеніне бекітілген дәлел бар. Төменде оның түсіндірмесі.

 أجمع الأئمة على أن الرقص محرم، إن كان مع التثني، واتفق الجمهور على أنه مكروه إن كان بدون ذلك، فإدخال الرقص — مهما كانت كيفيته — في ذكر الله تعالى، إقحام لما هو مكروه أو محرم في عبادة مشروعة، وتحويل له بذلك إلى عبادة يتقرب بها إلى الله تعالى دون أي دليل عليها، أو على أنها قد خرجت عن الكراهة أو التحريم. 

 Егер би, қылымсылушылықпен болса біз бірауыздан харам деп есептейміз, ал басқа жағдайларда, басым көпшілік мәкруһ болып келеді деп келіскен. Алла Тағаланы зікір етуге биді енгізу, оның қандайда бір түрі болмасын, бұл бекітілген ғибадатты, Аллаға жақындауды өзгертіп, ешбір дәлелсіз оған мәкруһ, не харам болған нәрсені енгізу болып табылады…

 أضف إلى ذلك ما يتلبس به حال هؤلاء ( الذاكرين ) من التفوه بأصوات ليس من ألفاظ الذكر في شيء، وإنما هي حمحمات وهمهمات تصّاعد من حلوقهم، ليتكون منها دويّ متناسق معين ينسجم مع تواقيع المنشدين والمطربين، فتحدث بذلك مزيداً من النشوة و الطرب في النفوس. فكيف يكون هذا ذكراً لله تعالى كالذي أمر الله به والذي كان يفعله رسول الله صلى الله عليه وسلم وأصحابه؟! .. وكيف يكون هذا العمل عبادة، والعبادة كما تعلم — هي ما شرعه الله تعالى في كتابه أو سنة رسوله — لا يزاد عليها ولا ينقص منها ؟!.. 

 Мұның үстіне, олардың «зікір етушілердің» сондай халге өткенде шығатын дыбыс, дауыстары мүлдем зікір болып табылмайды, бұл тек олардан шығып жатқан міңгірлеу, ыңырлау, әншілер мен дабыл қағатындардың үндері сияқты, ритмге сәйкес үйлесу үшін жасалатын гүрілі. Бұл өздерінің тәндік мастығымен қоздыруларын күшейтеді. Қалайша бұл Алла Тағаланың бұйырған, және Алланың елшісі және оның сахабалары жасаған зікірі болуы мүмін? Және қалайша бұл ғибадат болуы мүмкін, ал ғибадатты сен білесің, ол Алла Тағала өзінің Кітабында немесе Пайғамбардың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) Сүннетінде ешбір қосусыз және кемсітусіз бектітілген?!

 واعلم أن هذا الذي نقوله، هو ما أجمع عليه علماء الشريعة الإسلامية في مختلف العصور، لم يشذ عنها إلا قلة من مبتدعة شرعوا من الدين ما لم يأذن به الله، فكم من محرمات استحلوها ومن موبقات ارتكبوها، باسم الوجد والتواجد آناً. وباسم الإنعتاق من ربقة التكاليف آناً آخر. 

 Біліп ал, мен айтқаным, бұл әр заманда, ислам шариғатының ғұламалары келіскен мәселе, ал бұдан ауытқып кеткен, Алла Тағала харам еткенді, дінде бекіткен бидғатшылардың тек аз тобы ғана…

 وإليك ما يقوله في هذا إمام من أجل أئمة المسلمين ديناً وعلماً وورعاً وتصوفاً وهو العز ابن عبد السلام: »وأما الرقص و التصفيق فخفة ورعونة مشبهة لرعونة الإناث، لا يفعلها إلا راعن أو متصنع كذاب، كيف يتأتى الرقص المتزن بأوزان الغناء ممن طاش لبه وذهب قلبه، وقد قال صلى الله عليه وسلم: ( خير القرون قرني ثم الذين يلونهم ثم الذين يلونهم ) ولم يكن واحد من هؤلاء الذين يقتدون بهم يفعل شيئاً من ذلك» ويقول مثل هذا الكلام ابن حجر ( الهيتمي ) أيضاً في كتابه: «كف الرعاع»، وابن عابدين في حاشيته المشهورة المعتمدة عند السادة الأحناف، مفرقاً بين الوجد القاهر والتواجد المصطنع 

 Міне, осы жайлы мұсылмандардың ұлы ғұламаларының бірі, ілімде, тақуалықта, тасаууфта имам болған Әл-Иззуддин ибн Әбдуссәләм былай деген: «Ал енді, би және қол шапалақ жайлы айтатын болсақ, бұл әуейлік пен есалаңдылық, әйелдердің есалаңдығындай тәріздес. Бұны ақымақтармен жалғаншы риякерлерден басқа ешкім істемейді. Қалайша жүрегі бос болған билеп, оның үстіне әндетуді қосады, ақылы оның әуелді, алайда Ол (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) айтқан: «Ең хайырлы заман, ол менің заманым, және бұдан кейін келетіндердің, және олардан кейін келетіндердікі», және сондай амалдарды осы біз еретін сәләфтардан ешкім істемеген еді». Дәл солай имам Ибн Хаджар әл-Хайтами өзінің «Каффур Риа» кітабында және ұлы ханафилер негіз қылып қабылдаған, имам Ибн Абидин өзінің түсіндірме еңбектерінде сондай хал және әдейі соған жетуді құптамау, оған қосылмау жайлы айтқан еді.

 أما الإمام القرطبي فيتوسع في التحذير من هذه البدعة وبيان حرمتها توسعاً كبيراً. وإذا أردت أن تقف على كلامه في ذلك فارجع إلى تفسيره عند قول الله تعالى: ( الذين يذكرون الله قياماً وقعوداً وعلى جنوبهم )، وقوله تعالى: ) ولا تمش في الأرض مرحاً إنك لن تخرق الأرض ولن تبلغ الجبال طولاً ( . 

 Ал Имама әл-Қуртуби жайлы айтатын болсақ, ол бұл бидғаттын харам екендігін жан жақты түсіндіріп, сол жайлы үлкен көлемде сақтандыру сөздерін қалдырған еді. Егер оның пікірін білгің келсе, «олар тұрып та, отырып та және жатып та Алланы еске алады» және «сен жер бетінде тәкапарланып жүрме…» Алла Тағаланың аяттарына жасаған тәпсірін қарап көр.

 ولولا الإطالة فيما ينبغي الاختصار فيه لسردت لك نصوص كثير من الأئمة في هذا الشأن، لتعلم أن هذا هو الحق الذي أتفق عليه عامة الأئمة من سلف وخلف لا خلاف فيه ولا نزاعومن الواضح أنه يستثنى من عموم ما ذكرناه، ما إذا خرج الذاكر عن طوره بأن سيطرت عليه حال لم يملك معها شعوره وزمام نفسه، إذ لا يتعلق به حكم تكليفي فى ذلك الطور، وعليه يحمل ما قد قيل من أن العز ابن عبد السلام نفسه قد هاج مرة فقام يقفز، إذ كيف يفعل ذلك باختيار وقصد وهو صاحب النص الذي نقلناه عن كتابه ؟ 

 Және қысқаша жауап қажет болған жердегі ұзартуым болмағанда мен бұл мәселеге қатысты имамдардың көптеген сөздерін келтірген едім. Тек сен білу үшін ғана, бұл сәләфтар мен хәләфтардан жеткен ақиқат және оларда бұл мәселеде ихтиляф пен дау жоқ. Жоғарыда айтылған сөздерден ерекшелік ретінде, егер зікір етуші өз тәнін бақылаудан (ұстаудан) тыс шықса, ол қабілеті жоқ болып саналады, бұған қатысты имам Әл-Иззуддин ибн Әбдуссәләмнің айтқаны бар, қызу халіне түсіп секіре бастады, деген сөздерін келтіруге болады. Оның кітабынан келтірген сөздерін ескере отырып, ол бұны ниетпен, мақсат қойып істегу мүмкін емес.

[Дерекнама: Рамазан әл-Бути, «Фиқһу-с-Сира», 315-бет, «Дарул-Фикр» жетінші баспа.] 


 Шейх Саид Фудамен белгiленіп, қойылған: 

Зікірде айқайлау, алақайлау және басқа да іс-қимыл жасау жайлы. 
Шейх Әбдул-Ғ`ани ән-Наблуси (1050-1143һ.ж./1641-1730м.ж.), оған Алланың рақымы болсын, өзінің «Кашфу-н-Нур ән Асхаб-ил-Кубур» кітабында, зікірде зар етіп айқайлау, теңселу жайлы сұралғанда, ол былай деп жауап берді:

 ذكر الشيخ عبد الغني النابلسي في كتاب (كشف النور عن أصحاب القبور) مسألة الصعق والزعق والصياح والاضطراب والتواجد عند سماع الأقوال المغنين، وذلك في أثناء حلق الذكر الجهرية، فقال ما حاصله: لا نطلق القول فيه، بل نفصل: فإن كان بحقٍّ بأن كانت قومته وتواجده نتيجة لاستفزاز المعاني الإلهية الواردة على قلبه وخاطره في ذلك الوقت، فإننا لا ننكر عليه، ولكن نسلمه لفاعله. ولكن هذا الأمر ليس كمالا له، فالكمال في الكون (السكون) كما قال الشيخ رسلان في رسالته: (إذا عرفته سكنتَ، وإذا جهلته تحركتَ). وإذا كان قيامه وتواجُدُه مجردَ شهوة نفسية، فحرَّكَتْهُ عمداً، وهيَّمَتْه وأطربته وحملته على فعل ذلك الصياح والاضطراب! فهو شيطانٌ مريد، يجب طرده إخراجه من بين الجماعة؛ حتى لا يفسد بقية الذاكرين، ويشتت قلوبهم، ويزيل خشوعهم وأدبهم. 

 «Біз бұны тастап кетпейміз, керісінше түсіндіреміз: Егер бұл (айқайлау т.с.с.) ақиқат болатын болса, мысалы оның тұруы, тауаджуды [рухани рахаттанып мас болған хал] жүрегінде рухани нәр алатын болса, онда біз оны жоққа шығармаймыз, бірақ оны жасаушыға қалдырамыз. Бірақ бұл амалдар (яғни айқайлау т.с.с.) оған жақсы болмайды, жақсылықтың негізі тыныштықта, шейх Руслян өзінің хатында айтқанындай: «Сен Оны [Алланы] танығанда, тынышталасың. Ал Оны [Алланы] танымасаң, онда кимылдайсың». Ал, егер оның тұруы мен тауаджуды [рухани рахаттанып мас болған хал] таза сезімдеріне байланысты болса және оның әдейі жылжуын тудырса, есінен тандырса, толқыса, айқайлап және теңселуін тудырса, онда ол Шайтаннан, оны жамағаттан алыстатып, дұрыс жолдан тайдыру мақсатында, басқа Алланы еске алушыларды бұзып, жүректерін араластырып және олардың хушуын [кішіпейілділік] және әдебін [зікір айтқандағы] бұзу үшін». Олардың қайсысы ақиқатында, ал қайсысы жалған екенін қалай білеміз? Бұл сұрақ шейх Әбдүл Ғани ән-Нәбулусиден (оған Алланың рақымы болсын) сұрағанда, ол былай жауап берді:

 سأل الشيخ عبد الغني النابلسي هذا السؤال، وأجاب: «نسأل ما الذي حملك حتى صحتَ وزعقتَ واضطربتَ؟ فإن بيَّن معنى الهيام بحمل ذلك، وشرح لنا شيئا من المعاني الواردة على قلبه عند السماع بحيث نستدل بالثمرة على الأغصان، وبالزهرة على البستان، سلمنا له ذلك، واعتقدنا فيه الصلاح. وأما إذا سألناه فوجدناه من جملة الثيران، لا يزيد على قوله همتُ في محبة ربي، وأهاجني ذكري هو حقائق الوجوده، وهو معترٍ من كل فضيلة، فهو شيطان عنيد يجب طرده وإخراجه وتأديبه». 

 Бұл сұрақ шейх Әбдүл Ғани ән-Нәбулусиден сұрағанда, ол былай жауап берді: «Біз одан: «Сені айқайлап, теңселуге не итермеледі?» — деп сұрадық. Егер ол соған себеп болған күшті шөлдеудің мағынасын түсіндіріп берсе және бізге оны естіген кезде, жүрегіне не келгенін, содан бірдеңе ашып берсе, онда жемістері дәніне, гүлдері бақшасына, онда оның ақиқат, шынайы екеніне сенімді боламыз. Егер бұл сұрақтан кейін, оның ашуланған халінде тапсақ, оның мына сөздеріне қарамай: «Мен Раббыма деген махаббатымнан есімнен айырылдым, мені Алланы еске алу еліктеттіреді» — десе, онда ол барлық жақсылықтан мақұрым қалған және ол қырсық шайтанды шығарып, айдап шығып, жазалау керек!»

[Дерекнама: Әбдүл Ғ`ани ән-Нәбулуси, «Кашфу-н-Нур ән Асхаб-ил-Кубур», 55-56 бет.] 


 Ұстаз Махди Шамсуддин әл-Ханафи: 

 Бұл мақаланы көптеген оқырмандар, өз көздерімен немесе теледидар арқылы көрген болар – қатты дауыспен зікір ететіндерді. Бұндай амалдарды жасайтындар, бұл Шешенстандағы Кунта-қажы бауырластық “сопылар” болып табылады, олар Қадария тариқатының бір тарауы. Кунта-қажы және оның жамағатының, Алланы еске алуда олар билеумен және бір шеңберде айнала жүгірулерімен ерекшеленеді. Және бұл істері тіпті ақылғада қонбайды, өйткені бастапқыда шейх Әбдуль-Қадыр әл-Джиләнидің (оған Алланың рақымы болсын) сопылық тариқатында бұндай істер мүлдем рұқсат етілмеген болатын, егер тек қана денеқозғалыс Алланы еске алуда, есінен айырлған болса, онда бұл мүлде басқа іс болып табылады.

Осы істерге қатысты Нақшыбандия тариқатының үлкен шейхы Шуайб әл-Багини әд-Дағыстани (оған Алланың рақымы болсын), билеумен және бір шеңберде айнала жүгіргендер (яғни Кунта-қажы соның ішінде), Шешенстан мен Дағыстанға 19-ғасыр мен 20-ғасырдың басында жалғансопылар арқылы шыға бастаған. Шейх Шуайб ибн Идрис әл-Бағини ән-Нақшыбанди (1274-1330һ.ж./1853-1909м.ж.), оған Алланың рақымы болсын, өзінің «әт-Тәбақату ән-Нақшыбанди» атты кітабында, яғни Нақшыбандия тариқатының шейхтарының өмірбаяндарын келтіре отырып, жалған сопылар (муташейх) жайында былай деп жазады:

 ورئيس هؤلاء المتشيخين الحاج عمر العندي ، ووكيله الحاج عمر الهچوي القراخيّ ، ووزرائه ابراهيم البهندي الهندي و محمدالليلي وغزيوا الخنزخيّ وأحزابهم ، والمتشيخ المستقل وأكبرهم المستقل المفسد الذي يتملك الدنيا علي الناس الحاج محمد الهچدي . وهؤلاء يدّعون أن الشيخ كنت أمرهم بالرقص والدوران ، ولم يَعلَم هؤلاء المساكين أن الرقص والدوران إنما يكون لمن غيب عليه حاله كما مر . والعجب منهم أنهم يدّعون أنهم قادريّون ، ولا يعلمون ولا يتفكرون هل نقل الغوث الأعظم عبد القادر الجيلاني وأتباعه الرقص؟ والله لم يفعل الغوث الأعظم الرقص والدوران؛ ولو مرة واحدة . وإن كانوا قادريين ، لِمَ لا يتبعونه ، وفي أفعاله وأحواله لم لا يقتدونه !؟ إنالله وإنا إليه راجعون . وإنما الرقص والدوران فيه باختيارهم لا بسطوة الحال ، ورقص ودوران الشيخ كُنت إنما كانا لا باختياره ، بل بسطوة حاله . وأقوال المشايخ إذا غلبت عليهم حالهم مسلّمة ،كما في الكتب الصوفية ، وأما بالاختيار فلا ؛ لأنه يشبه رقص أهل اللعب والمزمار ، واللعب عندالله تعالى ممنوعة ، فالرقص والدوران عند المشايخ مذمومة . وأما ما يقولونه إن الملائكة يرقصون حول العرش ، ويوردون له حديثاً!! فحديثه غير ثابت ، ولو كان ضعيفاً ، وإن سلّمنا ضعفه ، لا يمكن لنا العمل به لأن أحوالنا وأفعالنا لا يقاس بأحوال وأفعال الملائكة الكرام لأنهم معصومون ، ومن كل الذنوب محفوظون ، وليس عليهم تكليف في أفعالهم إلا في اعتقادهم . 

 «Бұлардың муташейхтары – Қажы Омар әл-Инди, ал оның орынбасыры Қажы Омар әл-Кархи, ал вазирлар – Ибрахим әл-Баганди әл-Гинди, Мухаммад әл-Лейли, Газуи әл-Ханзахи. Алайда олардың ең үлкен муташейхтері бұл – Хаджж Мухаммад әл-Гадчи, бұл адам өзіне сеніп, алданған адамдардың сенімімен өмір сүруде. Бұл адамдардың барлығы шейх Кунта біздерге бір шеңберде зікір етіп, айналып жүруді бұйырды деп мәлімдейді. Бірақ бұл байқұстар, биге ұқсас, айналу мен дене қозғалыстар адам Алланы зікір ету кезінде, өз қимылдары мен сезімдерін бақылай алмай, күшті рухани халі ақылынан басым болу себебінен ғана ақталып заңды болатынынан бейхабар.

 Ақиқатында, бұл адамдар өздерін Қадирия санап, бұл мәселе жайлы: шынымен имам Әбдул Қадирден зікірге айналу мен биді қосуды бұйырды ма? деп өз өздерінен сұрамауы таңқаларлық. Аллаға ант етемін, ұлы шейх Әбдул-Қадыр тіпті бір рет те айналып, билемеген! Және бұл адамдар өздерін Қадария тариқатындамыз деп санаса, — өздеріне үлгі ретінде оның ісі мен рухани халын алмай, тариқаның имамының бұйырғанымен неге жүрмейді? Бұл барлық айналулар (қимыл-қозғалыстар) олардың еркін таңдауының себебінен болады, рухани экстатикалық жағдайды сезіммен басқару және ойша еске алу. Ал, шейх Кунттың айналуы немесе дене қозғалысы өзінің еркін қозғалысынан емес, ол өзінің күшті рухани билігін ақылына келісе туындағанынан болды. Сол үшін шейхтардың олардың мистикалық экстазына (естерін жоғалту себебінен) қатысты сөздері қабыл алынуы және ақталуы мүмкін, сопылық кітаптарында жазылғандай. Алайда есі дұрыс кезінде жасалатын болса, онда ешқандай сылтау мен кешіру болмайды.

Сонымен, адамның өз еркімен, өз өзін ұстай алатындай жағдайда болғанда билеу немесе айналу қабыл болмайды. Бұндай жағдайда көңіл көтеру үшін, өзінің уақытын би мен ән тыңдауға жұмсаушымен айырмашылығы болмайды. Расында Алла Тағала бұндай көңіл көтеруді тыйым салды. Сондықтан да Тасаууф шейхтар кейбір сопылардың билеп және айналуын жоққа шығарады. Олардың өздерінің билерін (бұл хадистегі сөз Алланың Аршының маңайында періштелердің айналуына қатысты) ақтау үшін әкелетін дәлелдеріне келетін болсақ, онда бұл хадис бекітілмеген. Егер бұл хабар әлсіз келген жағдайдың өзінде, бұған айналуға рұқсат деп сенуге болмайды. Періштелердің рухани дәрежесі мен амалдарын адамдардың рухани дәрежесі мен амалдарымен салыстыруға болмайды, себебі біріншілердің абсолютті күнәсіз, оған таклиф (Шариғат үкімдері) тағайындалмаған, бірақ олар да ақидаға келгенде мукалляф болып табылады».

[Дерекнама: Шуайб әл-Бағини, «ат-Табақат әл-хаваджакан ән-Накшабандийя уә саадат әл-машаих әл-Халидийя әл-Мухаммадийя», 419-420 бет. Дамаск: Дарул Нуъман лил-Улюм: 1417/1996.] 


Дерекнама: darulfikr.ru/al-fatava.com
Аударған: darulahnaf.com