Пәтуәлар

Тафуидуль Ма`ани Сипат (Екінші бөлім)

بِسْمِ اللهِ الرَّحْمَنِ الرَّحِيم

الْحَمْدُ لِلَّهِ رَبِّ الْعَالَمِينَ وَالصَّلاةُ وَالسَّلامُ عَلَي أَشْرَفِ الْمُرْسَلِين وَعَلَى آلِهِ وَأَصْحَابِهِ أَجْمَعِين


Аса мейірімді, ерекше рақымды Алланың атымен бастаймын. Барша мадақ әлемдердің Раббысы Аллаға тән. Адамзаттың ардақтысы Мұхаммедке, оның отбасы мен сахабаларына салауат пен сәлем болғай!

Тафуидуль Ма`ани Сипат
Алланың сипаттарын түсінудегі Әһлу Сүнна уәл Жамаға манхаджы (әдісі)

Екінші бөлім

Хужатул- Ислам (Ислам дінінің дәлелі) имам әл-Ғазали (450-505 һ.ж.), оған Алланың рақымы болсын, мұсылман адам мағынасы белгілі болмаған (муташабиһат) аят және хадисті естіген кезде не істеу керектігін өзінің «Илжам әл-аууам ән ъилм әл-кәләм» атты кітабында өте жақсы түсіндіріп өткен:


ولقد أجمل حجة الإسلام الغزالي - رحمه الله تعالى - ما يجب على المسلم عند سماعه لهذه النصوص بقوله (إلجام العوام عن علم الكلام ص/4 من الطبعة الأزهرية للتراث سنة 1418هـ):(اعلم أن الحق الصريح الذي لا مراء فيه عند أهل البصائر هو مذهب السلف، أعني مذهب الصحابة والتابعين. وها أنا أورد بيانه وبيان برهانه، فأقول:حقيقة مذهب السلف وهو الحق عندنا أن كل من بلغه حديث من هذه الأحاديث من عوام الخلق يجب عليه فيه سبعة أمور، التقديس ثم التصديق ثم الاعتراف بالعجز ثم السكوت ثم الإمساك ثم الكف ثم التسليم لأهل المعرفة.أما التقديس: فأعني به تنزيه الرب تعالى عن الجسمية وتوابعها.وأما التصديق: فهو الإيمان بما قاله، وأن ما ذكره حق وهو فيما قاله صادق، وأنه حق على الوجه الذي قاله وأراده.وأما الاعتراف بالعجز: فهو أن يقر بأن معرفة مراده ليست على قدر طاقته، وأن ذلك ليس من شأنه وحرفته.وأما السكوت: فأن لا يسأل عن معناه ولا يخوض فيه، ويعلم أن سؤاله عنه بدعة، وأنه في خوضه فيه مخاطر بدينه، وأنه يوشك أن يكفر لو خاض فيه من حيث لا يشعر.وأما الإمساك: فأن لا يتصرف في تلك الألفاظ بالتصريف والتبديل بلغة أخرى، والزيادة فيه والنقصان منه والجمع والتفريق، بل لا ينطق إلا بذلك اللفظ وعلى ذلك الوجه من الإيراد والإعراب والتصريف والصيغة.وأما الكف: فأن يكف باطنه عن البحث عنه والتفكر فيه.وأما التسليم لأهلـه: فأن لا يعتقد أن ذلـك إن خفي عليـه لعجـزه فقد خفي على رسول الله  أو على الأنبياء أو على الصديقين والأولياء.فهذه سبع وظائف اعتقد كافة السلف وجوبها على كل العوام، لا ينبغي أن يظن بالسلف الخلاف في شي منها) اهـ.

«Біл, білімді терең меңгерген адамдар үшін белгілі әрі сөзсіз болған ақиқат – ол сәләфтардың мәзхабы болып табылады, яғни сахабалар мен табиғиндердің мазхабы. Мен бұл жерде осыған түсіндірме беріп және дәлел келтіремін. Ғалымдардан болмаған адам осындай (мағынасы астарлы болған (муташабиһат)) хадисті естіген кезде, жеті шартты сақтауы тиіс. Ол адам оған құрмет білдіру, растау, өзінің әлсіз екенін мойындау, үндемеу, (сөздерін өзгертуден) тыйылу, (зерттеуден) бас тарту және оны білім иелеріне (яғни ғалымдарға) тапсыру керек.1. Құрмет білдіру – Алла Тағаланың қандай да бір дене атаулыдан және осыдан шығатын тұжырымдардан аса Пәк екеніне сену.
2. Растау – Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) айтқан сөздерге, ол сөздердің ақиқат екеніне және ол (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) айтқандарында дұрыс пікірде болғанына иман келтіру. Ол (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) ақиқатты қандай мағынада айтқан болса, соған иман келтіру.
3. Өзінің әлсіз екенін мойындау – ол адамның мағыналарды түсіне алмайтынын және бұл істің ол айналысатын іс емес, әрі оның мамандығы емес екенін мойындау.
4. Үндемеу – яғни (муташабиһ аяттар мен хадистердің) мағынасын сұрамау және оған тереңдеп кірмеу; бұл жайында сұрау – дінге енгізілген жаңалық (бидғат), ал оған тереңдеп кіру иманға қауіпті, себебі өзі де білмей, діннен шығып кетуі мүмкін.
5. (Сөздерін өзгертуден) тыйылу – бұл сөздерді (яғни муташабиһ аяттар мен хадистердің сөздерін) жіктеу немесе оларды басқа тілдегі сөздермен ауыстыру (яғни, өзге тілге аудару), қысқарту немесе оларға басқа сөз қосу, сөдерді бөліп не біріктіріп айтудан аулақ болу. Яғни, қандай сөздермен (араб тілінде) келген болса, дәл сол күйде, тегі мен стилін, жіктелуін, септігін сақтай отырып, бізге жеткен күйінде айту керек.
6. Бас тарту – жүрегін ол мәтіндерді зерттеуден және ойлаудан аулақ ұстау.
7. Білім иелеріне тапсыру – өз әлсіздігіңнен бұлардың мағынасын білмесең, онда Пайғамбар да (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) немесе ізгі адамдар, немесе Алланың сүйікті құлдары да (әулиелер) бұны білмеген деген сенімнен аулақ болу.
Ақиқатында, барлық сәләфтардың пікірі бойынша бұл жеті шарт (діни) білімі жоқ әрбір адамға қатысты міндетті болады. Тіпті бұл мәселеде сәләф-салихтердің арасында келіспеушіліктер болды деп есептеуге де болмайды».
[Дерекнама: Имам әл-Ғазали, «Илжам әл-аууам ән илм әл-кәләм», 4-бет.]

Имам Бадруддин әз-Заркаши (745-794 һ.ж.), оған Алланың рақымы болсын, «Әл-Барахиин» кітабында былай деп айтқан:

وقال البدر الزركشي رحمه الله تعالى في : «البرهان» (1/78ـ79) : «النوع السابع والثلاثون: في حكم المتشابهات الواردة في الصفات وقد اختلف الناس في الوارد منها في الآيات والأحاديث على ثلاث فرق : أحدها؛ أنه لا مدخل للتأويل فيها، بل تُجرى على ظاهرها، ولا تُؤَوِّل شيئاً منها ، وهم المشبهة. والثاني : أن لها تأويلاً، ولكنا نمسك عنه مع تنـزيه اعتقادنا عن الشَّبه والتعطيل، ونقول : لا يعلمه إلا الله، وهو قول السلف. والثالث : بأنها مؤولة ، وأَوَّلوها على ما يليق به، والأول باطل، والأخيران منقولان عن الصحابة  قال الشيخ أبو عمر بن الصلاح : (وعلى هذه الطريقة أي: التفويض ـ مضى صدر الأمة وسادتها ،وإياها اختار أئمة الفقهاء وقادتها ، وإليها دعا أئمة الحديث وأعلامه ، ولا أحد من المتكلمين من أصحابنا يَصْدق عنها ويأباها. وأفصح الغَزَّالي عنهم في غير موضع بتهجين ما سواها حتى ألْجم آخراً في (إلجامه) كل عالم أو عامي عما عداها) . قال : وهو كتاب : «إلجام العوام عن علم الكلام» آخر تصانيف الغزالي مطلقاً، آخر تصانيفه في أصول الدين، حَثَّ فيه على مذاهب السلف وَمْن تبعهم» أ.هـ. المراد .

«Жиырма жетінші түрі: сипаттарға қатысты болған муташабиһаттар туралы. Адамдар бұл мәселеде үш топқа бөлінді:
1. Бұл жерде талқылауға жол жоқ , керісінше оларды тікелей мағынасында түсініп, олардан өзіңнің тікелей түсінігіңмен түсіну керек немесе одан ешнәрсені талқылап түсіндіруге болмайды деп айтатындар. Оларды «мушаббиха» (ұқсатушылар) деп атайды.
2. Түсіндірме бар, бірақ біз сенімімізді ұқсату мен сенбеушіліктен пәктей отырып, түсінік беруден тыйыламыз дейтіндер. Және біз олардың шынайы мағынасын Алладан басқа ешкім білмейтінін айтамыз. Бұл – сәләфтардың айтқаны.
3. Оларды талқылауға болады дейтіндер және оларға сай келетін түсінік бергендер.
Бірінші пікір жалған болып табылады, ал соңғы екеуі сахабалардан жеткен».

Шейх Әбу Әмр ибн әс-Саләх (577-643 һ.ж.), оған Алланың рақымы болсын, былай деп айтты: «Міне, бұл жолмен, яғни (сипаттарды) түсіндіріп, талқылаудан сақтанған жолмен үмметіміздің негізін қалаушылары мен мыразалары жүріп өткен. Және бұл жолды имамдар, фақиһтер және оның жетекшілері таңдады, бұған имамдар мен хадис ғалымдары шақырды. Және муттакалим ғалымдардың бірде-біреуі бұл жолдан бас тартпайды және оны жоққа шығармайды. Имам әл- Ғазали (450-505 һ.ж.), оған Алланың рақымы болсын, бұл жайында көп жерлерде жете түсіндірді және бұл жолдан басқасының бәрін жақтырмай, ақырында ол өзінің «Илжам» атты кітабында жүгеннің ауыздығын бұл жолдан ауытқып кетпесін деп әрбір ғалым мен қарапайым адамға тағады.
Бұл «Илжам әл-аууам ән илм әл-кәләм» кітабы – имам әл- Ғазалидің ең соңғы жазған кітаптарынан болып табылады және Усулуддин ғылымындағы соңғы кітабы. Бұл кітапта ол сәләф-салихтардың және олардың соңынан ерушілердің мәзхабына шақырады».
[Дерекнама: Әз-Заркаши,  «Әл-Барахиин», 1-том, 78-79 бет.]

Имам Бадруддин әл-`Айни (762-855 һ.ж.), оған Алланың рақымы болсын, сипаттардың тафуид сөзіне былай деп анықтама береді:

البدر العيني في : «عمدة القاري» (9/188) حيث عَرَّف التفويض في الصفات بقوله : «وهو الإيمان بأنها حق على ما أراد الله، ولها معنى يليق به، وظاهرها غير مراد» أ.هـ.

«Тафуид – бұл (сипаттар) Алла Тағала қалағандай ақиқат екеніне сену, және олардың Оның Ұлылығына лайықты түрде түсіндірмесі бар, және олардың тікелей мағынасы қолайсыз».
[Дерекнама: Бадруддин әл-`Айни, «Умдат әл-Қари», 9/188.]

Тағы былай деп айтқан:

قال البدر العيني رحمه الله تعالى في «عمدة القاري» : (3/62) : «لا شك أن النـزول انتقال الجسم من فوق إلى تحت، والله منـزه عن ذلك فما ورد من ذلك فهو من المتشابهات والعلماء فيه على قسمين : الأول : المفوِّضة، يؤمنون بها يُفَوِّضون تأويلها إلى الله عز وجل مع الجزم بتنـزيهه عن صفات النقصان . والثاني : المؤولة . يؤولونها على ما يليق به بحسب المواطن، فأولوا بأن معنى (ينـزل الله) : ينـزل أمره، أو ملائكته، وبأنه استعارة، ومعناه : التَّلطُّف بالداعين والإجابة لهم ونحو ذلك» أ.هـ المراد.

«Төменге түсу (нузуль)  – бұл дененің жоғарыдан төменге аусуы екендігіне ешқандай күмән жоқ, ал Алла Тағала бұдан аса Пәк. Бұл жайында жеткен (аят пен хадистер) мағынасы астарлы болғандарға жатады және ғұламалар арасында бұларға қатысты екі пікір бар:
Бірінші пікір: Алла Тағаланы бір нәрсеге ұқсаудан, бейнеден және кемшіліктерден аса Пәк деген сенімде олардың мағынасын талқылаусыз қалдыру.
Екінші пікір: «Түсу» (нузуль) сөзін түсіндіргендей, Алланың Ұлылығына сай талқылау. Мысалы оның әмірінің, періштелерінің төмен түсу немесе бұл сұраушыларға рақымы, олардың дұғаларына жауап секілді және т.б.».
[Дерекнама: Бадруддин әл-`Айни, «Умдат әл-Қари», 3/62.]

Хижра бойынша 8-ғасырдың мужаддиді (дінді жаңартушы) Хафиз әл-Ирақи (725-808 һ.ж.), оған Алланың рақымы болсын,  «уәж/жүз» сөзі жайында былай дейді:

قال الحافظ العراقي في معرض الكلام عن «الوجه» : «تكرر ذكر وجه الله تعالى في الكتاب والسنة وللناس في ذلك  كغيره من الصفات  مذهبان مشهوران : (أحدهما) : إمرارها كما جاءت من غير كيف فنؤمن بها ونكل علمها إلى عالمها مع الجزم بأن الله ليس كمثله شيء وأن صفاته لا تشبه صفات المخلوقين (وثانيهما) : تأويلها على ما يليق بذاته الكريمة فالمراد بالوجه الموجود »( طرح التثريب، للعراقي، ج3 ص). ويقصد بالناس «أهل الحق».

«Құран мен Сүннетте көп жерде Алланың «Жүзі» жайында айтылады. Және ақиқат жолында болған адамдардың (яғни Әһлу Сүнна ғалымдарының) бұл жайында және басқа да сипаттар жайында белгілі болған екі ұстанымы бар:
Біріншісі: Бұны келген күйінде қалдыру және («қалай?» деп) сұрамау. Біз бұған иман келтірдік және ол жайлы білімді Аллаға тапсырдық. Сонымен бірге Алла Тағала еш нәрсеге ұқсас емес және Оның (Алланың) сипаттары жаратылыс сипаттарына ұқсас емес деген сенімдеміз.Екіншісі: Оның Ұлық Болмысына сай сипатты талқылау, яғни «Жүзі» сөзінің астарында Оның Тірішілігінің болуы мағынасы жатыр».
[Дерекнама: Хафиз әл- Ирақи, «Тараха Тасриб лил- Ираки», 2/107.]

Мухаддис, имам Мулла Әли әл-Қари әл-Ханафи (1014 һ.ж.), оған Алланың рақымы болсын, Имам Әбу Ханифаның, оған Алланың рақымы болсын, «Фиқһ әл-Әкбар» кітабына жазған шархында былай дейді:

حاصل أن الشارح يقول بعلو المكان مع نفي التشبيه وتبع فيه طائفة من أهل البدعة ، وقد تقدم عن أبي حنيفة رحمه الله أنه يؤمن بالصفات المتشابهات ، و يعرض عن تأويلها و ينزه الله تعالى عن ظواهرها و يكل علمها إلى عالمها كما هو طريقة السلف

Қорытынды осындай: түсіндірмеші (әт-Тахауи ақидасына шарх жазған Ибн Әби әл-Изз) ұқсатуды теріске шығара отырып, орынмен болған көтерілу жайлы айтады және бұнымен ол Әһлу Бидъа тобына ереді. Шындығында Әбу Ханифадан, оған Алланың рақымы болсын, оның муташаббиһат сипаттарға («йяд» және т.б.) сенетіні, тәуилден сақтанып, Алла Тағаланы тікелей/сыртқы мағыналардан (захира) пәктеп, ол (сипаттар) туралы білімді ол жайлы білетінге (яғни Аллаға) тапсыратыны – сәләф-салихтердің жолы ретінде келеді».
[Дерекнама: Мулла Әли әл-Қари «Шарх Фиқһ әл-Әкбар», 198-бет,  «Даруль Кутуб әл-Ильмия» баспасы.]

Имам Маръи ибн Юсуф әл- Карами әл- Ханбали (1033 һ.ж.), оған Алланың рақымы болсын, Алланың сипаттарына қатысты былай дейді:

قال الامام مرعي بن يوسف الكرمي الحنبلي رحمه الله (واعلم أن هذه الاحاديث ونحوها تروى كما جاءت ويفوض معناها الى الله أو تؤول بما يليق بجلاله سبحانه….أقاويل الثقات ص117 تحقيق شعيب الارناؤوط

«Сен біле жүр, осы секілді (сипаттарға) қатысты хадистер және тағы соған ұқсастар, бізге жеткен күйінде келтіріледі және оның мағынасын Алла Тағалаға тапсырады немесе оның Ұлылығына сай талқылайды …».
[Дерекнама: Маръи ибн Юсуф әл- Карами әл- Ханбали, «Акауил әс-сиқат», 117-бет, тахқиқ Шуайб әл-Арнаут.]

Имам әл-Кирмани, (717-786 һ.ж./1317-1384 м.ж.), оған Алланың рақымы болсын, сипаттарға қатысты хадистер жайлы былай дейді:

وقال الإمام الكرماني  رحمه الله تعالى  في حديث من أحاديث الصفات (الفتح 13 / 13): (حكم هذا حكم سائر المتشابهات، إما التفويض وإما التأويل)’اهـ.

«Бұның үкімі – басқа муташабиһтерге қатысты үкім секілді:
1. Не тафуид (мағынасын Аллаға тапсырамыз)
2. Не тәуил (астарлы мағынада талқылаймыз Алланың Ұлылығына сай)».
[Дерекнама: Ибн Хажар әл-Асқалани, «Фатх әл-Бари», 13/13.]

Ол тағы басқа хадиске қатысты былай деді:

وقال أيضاً عن حديث آخر (13 / 441): (هذا الحديث من المتشابهات فإما مفوض وإما مؤول) اهـ

«Бұл хадис муташабиһтерден, (яғни, мағынасы жасырын): не тафуид (мағынасын Аллаға тапсырамыз), не астарлы мағынада талқылаймыз (тәуил жасаймыз)».
[Дерекнама: Ибн Хажар әл-Асқалани, «Фатх әл-Бари», 13/441.] 

Имам, хафиз Иззуддин Абдурразақ әр-Рас`ани әл-Ханбали (589-661 һ.ж./1193-1263 м.ж.), оған Алланың рақымы болсын, Алланың сипаттары жайындағы тарауда былай деп айтқан:

قال الإمام الحافظ عزالدين عبدالرزاق بن رزق الله الرَّسْعَني الحنبلي في كتابه ( رموز الكنوز في تفسير الكتاب العزيز ) ( 8/239 ) : وقاعدة مذهب إمامنا في هذا الباب : اتباع السلف الصالح ، فما تأولوه تأولناه ، وما سكتوا عنه سكتنا عنه ، مفوضين علمه إلى قائله ، منزهين الله عما لا يليق بجلاله .وذهب جماعة من علماء السنة إلى إلحاق هذا بنظائره من آيات الصفات وأخبار الصفات

«Осы тараудағы біздің Имамның (Ахмад ибн Ханбал) мәзхабының ережесі: сәләф-салихтардың соңынан еру және олар нені талқыласа (тәуил жасаса), біз де соны талқылаймыз, ал олар қай жерде (сипаттарға қатысты) сөз қозғамаса, біз де сөз қозғамаймыз (тафуид жасаймыз) және оның (сипат жайында) білімін Айтқанға (Аллаға) қалдырамыз, әрі Оны Ұлықғына сай келмегеннің бәрінен пәктейміз.
Бір топ ғұламалардың пікірі бойынша, бұл ереже сипаттарға қатысты болған барлық аят пен хадистерге қолданылады».
[Дерекнама: Абдурразақ әр-Рас`ани әл-Ханбали, «Рамузулкануз фи тәфсири Китабил Ахзиз», 8/239.]

Имам Ибн Батта әл-Укбари әл-Ханбали (304-387 һ.ж./917-997 м.ж.), оған Алланың рақымы болсын, сипаттар жайындағы кейбір хадистер келтіргеннен кейін былай деді:

قال ابن بطة العكبري في الشرح والإبانة على أصول السنة والديانة بعد أن سرد كثيرا من هذه النصوص: (فكل هذه الأحاديث وما شاكلها تمر كما جاءت لا تعارض ولا تضرب لها الأمثال ولا يواضع فيها القول فقد رواها العلماء وتلقاها الأكابر منهم بالقبول لها وتركوا المسألة عن تفسيرها ورأوا أن العلم بها ترك الكلام في معانيها). ص45

«Бұл хадистер және соған ұқсастардың барлығы мысал келтірілмей (яғни, еш нәрсемен салыстырмай), қалай келсе, солай оқылады. Ақиқатында ғалымдар оларды келтіретін және арасындағы ең ғұламалары олардың мағынасын сұрамай (тереңдеп кірмей) қабыл етті. Олар оның мағынасын талқылаудан тыйылудың өзі (сипаттардың мағынасы туралы) білім болып табылады».
[Дерекнама: Ибн Батта әл-Укбари әл-Ханбали, «Шархуал Ибанату ъалә усул әс-Сунна уәл-диәна», 45-бет.]

Мутауалли әш-Шафиғи есімімен танымал болған Имам Әбу Саид ән- Найсабури (478 һ.ж./1086 м.ж.), оған Алланың рақымы болсын, «истәуә», «нузуль» жайлы келген аяттар мен хадистерді атап өткеннен кейін былай деп айтқан:

قال أبي سعيد النيسابوري (مشهور بمتولي الشافعي) : فلأصحابنا في ذلك طريقان: أحدهما الإعراض عن التأويل والإيمان بها كما جاءت والإيمان بها صحيح وإن لم يعرف معناها كما أن إيماننا بجميع الأنبياء والملائكة صلوات الله عليهم والكتب المنزلة من الله تبارك وتعالى صحيح وإن لم يعرف شيئا في ذلك وإيماننا بالحروف المقطعة في أوائل السور صحيح وإن لم نعرف معناها وهذا الطريق أقرب إلى السلامة أ.هـ (كتاب «الغنية في أصول الدين (1/75) «الناشر : مؤسسة الخدمات والأبحاث الثقافية – بيروت الطبعة الأولى ، 1987 تحقيق : عماد الدين أحمد حيدر)

«Біздің асхабтарымызда (яғни, шафиғиліктерде) бұған (яғни, сипаттар жайында келген аяттар мен хадистерге) қатысты екі жол бар: біріншісі, бұл – тәуилді қойып, оларға иман келтіру. Ол адамның олардың мағынасын білмесе де иманы дұрыс, бұл барлық пайғамбарларға, періштелерге, Алла тарапынан түскен кітаптарға иман келтірген дұрыс болған тәрізді, тіпті олар жайында ештеңе білмесек те. Және Құрандағы сүрелердің басында келген бөлек әріптердің (яғни, әлиф, ләм, мим, т.б. сияқты) мағынасын білмесек те иман келтірдік, бұларға қатысты иманымыз дұрыс болып табылады және ең қауіпсіз жолы осы».[Дерекнама: Мутауаллиаш-Шафии, «Ғъунә фи усулуд дин», 1/75.]

Қади Йиәд әл-Мәлики (476-544 һ.ж./1083-1149 м.ж.), оған Алланың рақымы болсын, «истәуә» бөлімінде «Истәуә Ъаләл Арш» сөзін келтіре отырып, былай деп айтқан:

لا يعلم تأويله إلا الله وعلينا الإيمان به والتصديق والتسليم وتفويض علمه إلى الله تعالى وهو صحيح مذهب الأشعري وعامة الفقهاء والمحدثين والصواب إن شاء الله . الكتاب : مشارق الأنوار على صحاح الآثار . عدد الأجزاء / 2 دار النشر / المكتبة العتيقة ودار التراث

«Оның мағынасын Алла Тағаладан басқа ешкім білмейді және бізге жүктелген міндет – оған иман келтіру, растау, мойындау және ол (истәуә) жайлы білімін Алла Тағалаға тапсыру (тафуид). Бұл – әл-Әшғаридің сенімді мәзхабы және барлық фақиһтер мен мухаддистердің мәзхабы, әрі осы дұрыс болып табылады, иншә Алла».
[Дерекнама: «Машарик әл- Ануар ъалә сахахил асар», 2/460.]

Имам Мұхаммед Әбдуль-Азим әз-Заркани (1367-һ.ж.), оған Алланың рақымы болсын, «муташабиһтер» жайында былай дейді:

المذهب الأول مذهب السلف ويسمى مذهب المفوضة بكسر الواو وتشديدها وهو تفويض معاني هذه المتشابهات إلى الله وحده بعد تنزيهه تعالى عن ظواهرها المستحيلة ويستدلون على مذهبهم هذا بدليلين. أحدهما عقلي وهو أن تعيين المراد من هذه المتشابهات إنما يجري على قوانين اللغة واستعمالات العرب وهي لا تفيد إلا الظن مع أن صفات الله من العقائد التي لا يكفي فيها الظن بل لا بد فيها من اليقين ولا سبيل إليه فلنتوقف ولنكل التعيين إلى العليم الخبير. والدليل الثاني نقلي يعتمدون فيه على عدة أمور منها حديث عائشة السابق وفيه: فإذا رأيت الذين يتبعون ما تشابه منه فأولئك الذين سمى الله فاحذرهم ومنها ما رواه الطبراني في الكبير عن أبي مالك الأشعري أنه سمع رسول الله صلى الله عليه وسلم يقول: «لا أخاف على أمتي إلا ثلاث خلال أن يكثر لهم المال فيتحاسدوا فيقتتلوا وأن يفتح لهم الكتاب فيأخذه المؤمن يبتغي تأويله {وَمَا يَعْلَمُ تَأْوِيلَهُ إِلَّا اللَّهُ} الحديث. ومنها ما أخرجه ابن مردويه عن أبيه عن جده عن رسول الله صلى الله عليه وسلم قال: «إن القرآن لم ينزل ليكذب بعضه بعضا فما عرفتم منه فاعملوا وما تشابه فآمنوا به». ومنها ما أخرجه الدارمي عن سليمان بن يسار أن رجلا يقال له ابن صبيغ قدم المدينة فجعل يسأل عن متشابه القرآن فأرسل إليه عمر وقد أعد له عراجين النخل فقال له: من أنت فقال: أنا عبد الله بن صبيغ فأخذ عمر عرجونا فضربه حتى دمى رأسه وجاء في رواية أخرى فضربه حتى ترك ظهره دبرة ثم تركه حتى برأ ثم عاد ثم تركه حتى برأ فدعا به ليعود فقال إن كنت تريد قتلي فاقتلني قتلا جميلا فأذن له إلى أرضه وكتب إلى أبي موسى الأشعري ألا يجالسه أحد من المسلمين اهـ الكتاب : مناهل العرفان في علوم القرآن المؤلف : محمد عبد العظيم الزرقاني

«Бірінші мәзхаб – бұл сәләфтардың мәзхабы және оны муфаууидтердің мәзхабы деп атайды, Алла Тағаланы Оған қатысты мүмкін болмайтын тікелей мағынадан Пәк екенін бекіткеннен кейін, муташаббиһат аяттардың мағынасын Аллаға калдыруға негізделген. Олар (сәләф-салихтер) тафуидтің пайдасында екі дәлелге жүгінеді.

1. Ақли
 (рационалды) – муташаббиһат аяттарда жатқан шынайы мағынаны білу араб тілінің ережелеріне сәйкес және арабтардың ауызекі сөздерінің қолданылуымен іске асады, алайда бұл тек жорамалды болжам/пікір береді. Сонымен бірге, Алла Тағаланың сипаттары ақида (Исламның сенім негізі) ғылымының бөлімдеріне жатады. Ал бұл ілімде болжам жеткіліксіз, керісінше, нақты сенім/яқин болуы керек, сол себепті тоқталып, олардың нақты мағынасын Аллаға тапсыру керек.
2. Екінші дәлеліміз – бірнеше нәрсеге негізделген нақли (яғни Пайғамбардан (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) және оның сахабаларынан (оларға Алла разы болсын) жеткен риуаяттар). Солардың қатарынан Айша анамыздан (оған Алла разы болсын) жеткен мына хадис: «Егер сендер мағынасы жасырын (ташабаһа минғъу, яғни муташабиһ) аяттарға ергендерді көрсеңдер, міне солар жайында Алла Тағала ескерткен, олай болса олардан алыс жүріңдер».
Сондай-ақ, имам әт-Табарани (оған Алланың рақымы болсын) өзінің «әл-Кабир» атты кітабында  Әбу Мәлік әл-Әшғариден Пайғамбардың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқанын естігенін жеткізеді: «Мен бәрінен үмметімде мына үш кемістің пайда болуынан қорқамын – (Алла Тағала) олардың дүние-мүліктерін көбейтеді, ал олар көреалмаушылық сезіміне бой алдырады және бір-бірлерін өлітере бастайды, (Алла Тағала) оларға Құранды ашып береді және мұсылман оны талқылау мақсатында алады. Алайда оның талқылауы – тек Аллаға мәлім».
Сондай-ақ, ибн Мардауи өзінің әкесінен, атасынан Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқанын келтіреді: «Ақиқатында Құран оның бір бөлігі басқа бір бөлігін жалған ететіндей түспеді. Өздеріңе белгілі болғанға еріңдер (сәйкес амал етіңдер) және белгілі болмағанға иман келтіріңдер».
Сондай-ақ, әд-Дарими Сүлеймен бин Ясирден былай деп жеткізеді: «Ибн Сабиғ деген бір кісі Мәдина қаласына келіп, Құраннан муташабиһ аяттар жайлы сұрастыра бастайды. Сонда Омар (оған Алла разы болсын) оған адамдар жіберіп, өзіне шақыртады да, оған құрма ағашының екі бұтағын дайындап қояды. Омар ол адамға: «Сенің атың кім?», – деп сұрақ қояды. Ол: «Мен Абдуллах бин Сабиғпін», – деп жауап берді. Омар қолына құрма ағашының бұтағын алып, оны басы қанағанша ұра бастайды. Басқа риуаятта хазірет Омар оны арқасынан жолақтар (арқасында толығымен тыртық) пайда болғанша ұрды деп келеді. Арқасындағы жарасы жазылғаннан кейін, тағы да ұрады. Екінші рет ұрғаннан кейінгі жарасы жазылғаннан соң, Омар оны өзіне тағы шақыртады. Сонда Ибн Сабиғ былай деп айтады: «Егер сен мені өлтіргің келсе, онда кемел түрде, яғни қинамай өлтір», – дейді. Бұл сөздерінен кейін Омар оған өз жеріне кетуіне рұқсат береді және Әбу Мұса әл-Әшғариге: «Бұл адаммен ешкім сөйлеспесін», – деп хат жазады».
[Дерекнама: Мұхаммед Әбдул-Азим әз-Заркани, «Манахилул урфан фи улумул Қуран».]

Хафиз Әбу Зура Уәлийуддин әл-Ирақи (762-826 һ.ж./1361-1423 м.ж.), оған Алланың рақымы болсын, «сипатқа» қатысты сұраққа жауап бере отырып былай деді:

أن لأهل العلم في آيات الصفات و أحديث الصفات قولين مشهورين : (أحدهما) :وهو مذهب السلف  أنه لايتكلم في معناها, بل يجب علينا أن نؤمن بها, ونعتقد لها معنى يليق بجلال الله سبحانه وتعالى مع اعتقادنا الجازم أن الله سبحانه وتعالى ليس كمثله شيء, وأنه منزه عن الأجسام والانتقال والتحيز في جهة, وعن سائر صفات المخلوقين (ليس كمثله شيء وهو السميع البصير ) وقد ذهب إلى هذا جماعة من المتكلمين أيضاً وهو أسلم وأقل خطراً

Білім иелерінде сипат туралы аяттар мен хадистерге қатысты екі белгілі пікір бар:
1. Бұл сәләфтардың мәзһабы – олар сипаттардың мағынасы туралы айтпайды. Керісінше, біз оларға иман келтіріп, Алла Тағалаға ұқсас еш нәрсе жоқ деген нық сеніммен, олардың (сипаттардың) Алла Тағаланың Ұлықтығына сай мағынасы бар екеніне сенуіміз керек. Сондай-ақ, Алла Тағала дене-мүшелерден, қозғалудан және қандай да бір бағытта орналасудан және басқа да жаратылыс сипаттарынан Пәк екеніне иман келтіру керек. «Еш нәрсе Оған ұқсас емес. Ол Алла – әр нәрсені Естуші, һәм Көруші». Сонымен қатар, осы жолмен мутакаллимдер тобы жүріп өткен. Және бұл жол – ең қауіпсіз жол.
[Дерекнама: Уәлийуддин әл-Ирақи, «Әл-Әджуи батул Марзиә анил Асиләтил Маккиә», 17-20 б., Мактабату Тауътләтул Исләмийә.]

Имам Ибн әл-Банна әл-Ханбали (396-471 һ.ж./1005-1078 м.ж.), оған Алланың рақымы болсын, сипаттарға қатысты былай деп айтқан:

قال الإمام أبو علي الحسن بن أحمد بن عبدالله ابن البَنَّا البغدادي الحنبلي في كتابه: «الأصول المجردة على ترتيب القصيدة المجودة«: وهذه الصفة مع غيرها من الصفات الناطق بها الأخبار والآيات يجب الإيمان بها والتصديق والقبول والتحقيق؛ فإذا سألت عن تفسيرها وتاويلها فقل لا علم بذلك ولا سمعت أحدا من الأئمة فسرها بل أمرها كما سمعها

«Ал хабарлар мен аяттарда баяндалған осы сипаттарға және басқа да (соған ұқсас) сипаттарға келсек, оларға сену және растау, қабылдау, әрі оларды шын деп қабылдау – парыз. Және сенен олардың тәпсірі жайлы немесе аллегориялық талқылауы (тәуил) жайында сұрағанда былай жауап бер: «Бұл жайлы білім жоқ және мен бірде-бір имамның оларды тәпсірлегенін естімедім, керісінше олардың жағдайы біз (Құран аяттары мен хадистерден) естілген қалыпта қалады».
[Дерекнама: Ибн әл-Банна әл- Ханбали, «Усул әл-мужаррада ъалә тартиби әл- қасидати мужаууәдә», 44-бет.]

Ханбалилердің имамы Әбу Фазл Әбдул-Уахидат-Тамими (341-410 һ.ж./952-1019 м.ж.), оған Алланың рақымы болсын, «Иътиқад имам Ахмад ибн Ханбал» еңбегінде былай деп айтқан:

وسئل (أي الإمام أحمد) قبل موته بيوم عن أحاديث الصفات, فقال: تمر كما جاءت, ويؤمن بها إذا كانت بأسانيد صحاح, ولا يوصف الله بأكثر مما وصف به نفسه بلا حد ولا غاية, ليس كمثله شىء وهو السميع البصير, ومن تكلم في معناها ابتدع

«Жан тапсыруынан бір күн бұрын Имам Ахмадтан сипаттарға қатысты хадистер жайында сұрайды. Оның (Ахмадтың) жауабы: «Олар қандай күйде келген болса, солай қалдырамыз, сенімді тізбекпен келгенде иман келтіреміз және Алла Өзін қалай сипаттағаннан артық сипаттаймыз, шекарасыз және шексіз, «Еш нәрсе Оған ұқсас емес. Ол Алла – әр нәрсені Естуші, һәм Көруші». Және оның мағынасы жайында әңгіме қозғаған – дінге жаңалық енгізген болады (яғни Бидғатшы)».
[Деркнама: Әбу Фазл Әбдул-Уахидат-Тамими, «Иътиқад имам Ахмад ибн Ханбал», 87-бет. Дарул Кутубил Илмийә.] 

Хафиз әз-Захаби (673-748 һ.ж./1274-1348 м.ж.), оған Алланың рақымы болсын, имам әт-Тамими жайында былай деп айтқан:

]أبو الفضل التميمي الإمام الفقيه ، رئيس الحنابلة قال الخطيب : كان صدوقا ، دفن إلى جنب قبر الإمام أحمد قلت : كان صديقا للقاضي أبي بكر بن الباقلاني وموادا له. توفي سنة عشر وأربعمائة

«Әбу Фазлат әт-Тамими – имам, фақиһ, Ханбалилердің басшысы… Әл-Хатиб әл-Бағдади былай деп айтқан: «Ол шыншыл болды, оны имам Ахмадтың қабірінің қасына жерледі». Мен (әз-Захаби) былай деп айтамын: «Ол Қади Әбу Бәкір әл-Бақилянидің досы әрі жолдасы болды. 410-шы һиджра жыл санауы бойынша дүниеден өтті».
[Дерекнама: әз-Захаби «Сияр `алам ән-Нубула».]

Әлләма Ибн Халдун (732-808 һ.ж./1332-1406 м.ж.), оған Алланың рақымы болсын, сипаттар жайындағы тарауда былай деп айтқан:

إما أن نفوض علمها إلي الله تعالى كالسلف ومن وقف علي «وما يعلم تأويله إلا الله» أو نؤولها تفصيلا كأكثر المتكلمين

«(1) Не сәләфтар және осы аятқа тоқтағандар: «Оның білімін Алладан басқа ешкім білмейді», Оның білімін Алла Тағалаға тапсырамыз, (2) не көпшілік мутакаллимдер секілді оны толық талқылаймыз».
[Дерекнама: Ибн Халдун «Лубабул махсул фи усулуддин», 145-бет. Даруль маърифатул Жәмийә.]

Хафиз Ибн Касир (701-774 һ.ж./1301-1373 м.ж.), оған Алланың рақымы болсын, «Әл-Аъраф» сүресінің 54-аятының тәпсірінде былай деп айтқан:

فَلِلنَّاسِ فِي هَذَا الْمَقَام مَقَالَات كَثِيرَة جِدًّا لَيْسَ هَذَا مَوْضِع بَسْطهَا وَإِنَّمَا نَسْلك فِي هَذَا الْمَقَام مَذْهَب السَّلَف الصَّالِح مَالِك وَالْأَوْزَاعِيّ وَالثَّوْرِيّ وَاللَّيْث بْن سَعْد وَالشَّافِعِيّ وَأَحْمَد وَإِسْحَاق بْن رَاهْوَيْهِ وَغَيْرهمْ مِنْ أَئِمَّة الْمُسْلِمِينَ قَدِيمًا وَحَدِيثًا وَهُوَ إِمْرَارهَا كَمَا جَاءَتْ مِنْ غَيْر تَكْيِيف وَلَا تَشْبِيه وَلَا تَعْطِيل وَالظَّاهِر الْمُتَبَادِر إِلَى أَذْهَان الْمُشَبِّهِينَ مَنْفِيّ عَنْ اللَّه فَإِنَّ اللَّه لَا يُشْبِههُ شَيْء مِنْ خَلْقه

«Адамдар арасында бұл жайында көптеген пікірлер бар және мен бұл жерде олардың барлығын келтіруді қажетсіз деп есептеймін. Біз болсақ, бұл жайындағы сұрақтарда әуелгі ізгілердің (сәләф-салихтердің), яғни Мәлік, әл-Әузаи, әс-Сәури, Лейса, әш-Шафиғи, Ахмад, Исхақ ибн Рахауейх және өткеннің және қазіргінің басқа да имамдардың жолын ұстанамыз. Бұл аяттар қандай күйде келсе, солай оқып, кейіп берусіз, ұқсатусыз (ташбихсыз) және мағынасын жоққа шығармай, ақылға салмай қабылдаймыз. Ұқсатушылардың (мушаббиһ) ойына келетін сыртқы мағына Аллаға қатысты теріске шығарылады. Ақиқатында, Алла Тағала Өзінің жаратылыс мақлұқтарының ешқайсына да ұқсас емес».
[Дерекнама: Ибн Касир «Тафсир әл- Қуранул Азим» 7-сүре, 54-аят.]

Имам Ибрахим әл-Ләккани (1041 һ.ж./1632 м.ж.), оған Алланың рақымы болсын, былай деп айтқан:

وكل نصٍ أوهم التشبيها *** فأوله أو فوضه ورم تنزيها

«Ұқсатуды (ташбих) мәжбүр етіп тұрған (Құран мен Сүннеттің) әр мәтінін – талқылау жаса (тәуил), немесе мағынасын Аллаға тапсыр (тафуид), және «танзих» сенімді бол (Алла Тағаланы кемшілік атаулыдан абсолютті түрде пәктеу)».
[Дерекнама: Ибрахим әл-Ләккани, «Жаухарат әт-Таухид», 6-бет.]

Имам Әбу Абдуллах әл-Қуртуби әл-Мәлики (600-671 һ.ж./1204-1274 м.ж.),  оған Алланың рақымы болсын, Алла Тағаланың «истәуә» сөзінің (2-ші сүре, 29-аят) тәпсірінде былай деп жазады:

وهذه الآية من المشكلات، والناس فيها وفيما شاكلها على ثلاثة أوجه، قال بعضهم: نقرؤها ونؤمن بها ولا نفسرها؛ وذهب إليه كثير من الأئمة، وهذا كما روي عن مالك رحمه الله أن رجلاً سأله عن قوله تعالى: {ٱلرَّحْمَـٰنُ عَلَى ٱلْعَرْشِ ٱسْتَوَىٰ } [طه: 5] قال مالك: الاستواء غير مجهول، والكيف غير معقول، والإيمان به واجب، والسؤال عنه بدعة، وأراك رجل سَوْء! أخرجوه. وقال بعضهم: نقرؤها ونفسّرها على ما يحتمله ظاهر اللغة. وهذا قول المشبّهة. وقال بعضهم: نقرؤها ونتأوّلها ونُحيل حَمْلها على ظاهرها

«Бұл аят мағынасы анық емес аяттардан. Адамдар бұл жайында және осыған ұқсастарға қатысты үш түрлі пікірге бөлінді: 
1. Олардың кейбіреулері былай деп айтты: «Біз бұл аяттарды оқимыз, оларға иман келтіреміз және оларды талқыламаймыз. Бұл пікірді көпшілік имамдар ұстанады. Адамдардың бірі келіп Имам Мәліктен: «(Әр-Рахман ъаләл Ъарш истәуә) «Алла Аршқа истәуә етті» (Та-ха сүресі, 5-аят) аятындағы «истәуә» сөзінің мән-мағынасын түсіндіріп беруін сұрайды. Сонда Имам Мәліктің берген жауабы: «Истиуә (екендігі) – мәлім, «қалай» (екендігі) жайлы сұрау – сорақылық/ойға қонымсыз, оған иман келтіру – уәжіп, ал ол жайында сұрақ қою – бидғат! Және сен адасудасың деп ойлаймын! Шығарып жіберіңдер оны».
2. Олардан кейбіреулері: «Біз оларды оқимыз және олардың тікелей мағынасы (захир) нені меңзеп тұрған болса, дәл солай түсіндіреміз!», – дейді. Бұлай мушаббиһтер (Алланы жаратылысқа ұқсатушылар) айтады.
3. Олардан кейбіреулері былай деп айтады: «Біз оларды оқимыз, талқылаймыз және оны тікелей мағынасына (захир) апармаймыз». 
[Дерекнама: Имам әл-Қуртуби «Әл- Жәми ли Ахкамил Қуран».]

Дерекнама: Al-fatava.com