Пәтуәлар

Салауатты толық айту және жазу жайында.


 Аса Қамқор, ерекше Мейірімді Алланың атымен.

بسم الله الرحمن الرحيم





Дінімізде көптеген әдептер бар, баршамызда сол әдептерді ұстануымыз керек, яғни Сәләф-солихтерден болған ізгілеріміздің аттарын жазған кезде, толықтай жазуымыз керек! Олар дініміздің ұлы данышпандары, және олар үлкен құрметке лайықты.

Көптеген мұсылмандарда мынадай әдеттер бар, олар үшін дұғаны қысқартатын аббревиатуралар қолданады «р.а.» және «а.с.».


Әлдеқайда оданда жаманырағы мынадай акронимді пайдаланып жазулары «с.ғ.с.», Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) аты аталған кезде. Жер бетіндегі ең зор адам, өте үлкен құрметке лайықты, жоғарыда қысқартылып жазылған аббревиатурға «с.ғ.с.» қарағанда.
« « солляллаху ‘алейхи уа салям» — оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, деген сөздің орнына, аббревиатурамен [яғни «с.а.с.», «р.а.», «а.с.»] жазу, ұнамсыз немесе жағымсыз болып табылады [мәкрух]».
[Ибн Салах, 189-б. «Тадрибу Рауи» 2/22 қараңыз.]

«Қаламының сиясын үнемдегісі келгендер, аббревиатураны қолданып, Пайғамбарымызға (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) салауатты қысқартып жазғандардың соңы, ауыртпалықты зардаптар болды».
[«Әл-Қаулюль Бадиъ», 494-б.]

Имам әс-Суюти (оған Алланың рақымы болсын) өз сөзінде: 

«Игілік пен салауат сөздерін бір әріп немесе екі әріп ретінде қысқартып, мысалыға: «с.ғ.с.» сияқты белгілеу ұятты әрі айыпты жағдай. Керсінше, оны толығымен жазу қажет! Сонымен қатар, алғаш салауатты «с.ғ.с.» – деп, қысқартқан адамның қолы шабылғандығы жайында айтылған.

[«Тадриб ар – рауи», 2/77 қараңыз.]

Біздің заманымызда былай «солляллаху ‘алейхи уа салям», «радыйяллаху-анху», «рахимахуллаһ» немесе «әлейһи салаям» – деп жазу, көп уақытыңызбен және күш қуатыңызды алмайды. Болмаса пернетақтадан [клавиштер жүйесінен], дайын атқарымын қолдануға болады, ең бастысы дұрыс қалпында толық жазу.
«Хадис ғалымдары, кітап жазушыларын «солляллаху ‘алейхи уа салям» — сөзін, толықтай жазуға үндеу білдірді, әрі ауызша айтып тұру қажет, жазып тұрғандарын».
[«Тадрибу Рауи», 2/20, «Әл-Қаулюль Бадиъ», 495-б.]

Авторлар бұл акронимдерді қысқартып немесе толықтай жазса егер, онда оқушы адамда сол жазылған акронимді, толықтай болмаса қысқартып оқйды, жазушының жазғанына ілесе отырып.

Үлкен сауап.

Әйгілі Табиғин (сахабаларды көрген мұсылман!), Жағфар әс-Садиқ (оған Алланың рақымы болсын) айтады:

«Қағаздың сиясы кепкенше «Алла оны рақым етсін», немесе «оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын» деп жазғандарға періштелер салауат айтып тұрады».
[Ибн Қайим «Джиляуль Афхам», 56-б. «Әл-Қаулюль Бадиъ», 484-б. «Тадрибу Рауи», 2/19.]

Көрнекті муджахид Суфьян әс-Саури (оған Алланың рақымы болсын), былай деп айтады:

«Айтарлықтай хадис жеткізушілер, олар өздеріне береке мен марқабатқа бөленіп тұрады, «оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын» – деген сөйлем, қағазда жазылып қалғана дейін».
[«Әл-Қаулюль Бадиъ», 485-б.]

Олардың арасында мынадай жағдай болды:

Алляма Мунзираның ұлы шейх Мухаммад ибн Мунзир (оларға Алланың рақымы болсын), әкесі қаза болып бұл дүниеден өтіп кеткеннен кейін, ол әкесін түсінде көріп, былай деп айтады:
«Мен жәннатқа кірдім және Пайғамбарымыздың (оған Алланың рақымы болсын) қолын алып, оны сүйдім (құрмет белгісі үшін!). Ол маған айтты: «Кімде-кім өзінің қолымен «Алла елшісі, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын» – деп жазса, онда ол менімен жәннатта бірге болады»».
Алляма имам әс-Сахауи (оған Алланың рақымы болсын) айтады: «Бұл хабар бізге сенімді тізбекпен жетті. Біздер Алла Тағаланың Мейрімділігіне үміт етеміз, бұның себебімен Ол (Алла), біздерді сыйяпат ететініне».
[«Әл-Қаулюль Бадиъ», 487-б.]
Әмин.

Әл-Хаттиб әл-Бағдади (оған Алланың рақымы болсын), сондай ұқсас хабар жеткізді, осы түске қатысты.
[«Әл-Джмаиу ли Ахляки Рауи», 1/420-423.]

Тағыда бір ескерту.

Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) аты аталған кезде, біздердің кейбіреулерімізде кейде мынадай әдеттер болады жазатын «әлейхи салям/сәлем болсын оған» деген.
Ғалымдарымыз айтады, бұндай әдет болу жақсы нәрсе емес!
[«Фатхуль Муғис»; сілтеме «Әл-Қаулюль Бадиъ», 158-б.]

Шынында негізі Ибн Салах және имам ән-Нәуәуи (оларға Алланың рақымы болсын), бұлай жазу ұнамсыз немесе жағымсыз/мәкрух болып табылатындығы жайында хабар жеткізді.
[«Муқаддима ибн Салах», 189-190 б. «Шарх сахих Муслим», 2-б. және «Тадриб уа Такриб», 2/22.]

Және бұған тағы мына сөзде қатысты болып табылады: «әлейхи салят/салауат болсын». Бұның себебі, біздерге Құранда екеуін бірге сұрап жазу керек:

«Расында Аллаһ және Оның періштелері оған салауат айтады. Әй Мүміндер! Оған салауат және ықыласпен сәлем келтіріңдер».
[Құран 33-сүре, 56-аят.]

Салауатты толық айтып және жазуды әдетке айналдырайық бауырлар, еш қысқартусыз, біз өзіміздің сүйікті де ардақты пайғамбарымызды (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын), еске алып отырамыз.

Белгілер:
Солляллаху ‘алейхи уа салям — оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын – Пайғамбарымыздың аты жазылғанда, солай жазылып айтылуы керек.
Радыйяллаху анху — оған Алла разы болсын – Пайғамбармыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) сахабаларының аты жазылған кезде.
Рахимахуллаһ — оған Алланың рақымы болсын – Ислам ғалымдарының, ізгі тақулардың Алланы таныған адамдарға айтылады.
Әлейхим сәләм — Алланың сәлемі болсын оған – басқа Пайғамбарлардың (Алланың сәлемі болсын оларға) аты аталған кезде.

Дерекнама: Taalib.ru