Пәтуәлар

Пайғамбар, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, арқылы өмірден өткеннен кейін Тауассул жасау жайында.


Тауассул жайындағы мақаламызды сайтқа шығарумызды жөн көрдік, өйткені қазіргі таңда көптеген мұсылмандар арасында мақаланың атауына қатысты өте көп сөз таластырауда. Алайда біз Тауассул жайында өз ойымыздан және түсінгенімізден қосып айтқан қате болып табылады, сондықтан мақаланы оқушылардың назарына Әһлу Сунна ғалымдарының сөздерін келтіреміз. Сондай-ақ, біз ешкіммен сөз таластырғымыз келмейді, өйткені кейбір ақымақ надандар, Тауассулды дұрыс түсінбеудің кесірінен, мұсылмандарға такфир шығаруда! Мақаланы сайттың Ақида бабына шығардық, алайда Тауассул негізінде Фиқһ мәселелеріне жатады жәнеде бұған тағы қосымша шапағат жайындағы мақаланы оқып шығуға кеңес береміз: 

Тауфиқ тек қана Алладан. 

«Әл-Кувейтийя» энциклопедиясында ғалымдардың пікірі келтірлген, яғни Пайғамбар, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, арқылы, өмірден өткеннен кейін Тауассул жасау жайында.

التوسل بالنبي بعد وفاته

اختلف العلماء في مشروعية التوسل بالنبي صلى الله عليه وسلم بعد وفاته كقول القائل : اللهم إني أسألك بنبيك أو بجاه نبيك أو بحق نبيك ، على أقوال
القول الأول
ذهب جمهور الفقهاء — المالكية والشافعية ومتأخرو الحنفية وهو المذهب عند الحنابلة — إلى جواز هذا النوع من التوسل سواء في حياة النبي صلى الله عليه وسلم أو بعد وفاته
القول الثاني
جاء في التتارخانية معزيا للمنتقى : روى أبو يوسف عن أبي حنيفة : لا ينبغي لأحد أن يدعو الله إلا به — أي بأسمائه وصفاته — والدعاء المأذون فيه المأمور به ما استفيد من قوله تعالى : { ولله الأسماء الحسنى فادعوه بها } . وعن أبي يوسف أنه لا بأس به ، وبه أخذ أبو الليث للأثر
القول الثالث
ذهب تقي الدين بن تيمية وبعض الحنابلة من المتأخرين إلى أن التوسل بذات النبي صلى الله عليه وسلم لا يجوز


«Тауассул Пайғамбар арқылы өмірден өткеннен кейін.
Ғалымдар бір ауызды келсімге келе алмады, яғни Пайғамбар, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, арқылы, өмірден өткеннен кейін Тауассул ету мәселесінде. Мысалыға мынадай сөздер арқылы: “Уа, Аллахым, мен, Өзіңнің пайғамбарың арқылы сұраймын”, немесе “құрметі (джаха) үшін”, немесе “Пайғамбардың хақы арқлы”.
1) Бірінші пікір: «Көпшілік фақиһтер – Мәликилер, Шафи`ғилер, және соңғы болған буыннан Ханафилер мен Ханбалилер  сол пікірде, яғни бұл – Тауассул түрі және рұқсат етілген (джәйз)» (яғни, жоғарыда келтірілген мысалды айтып тұр!).
2) Екінші пікір: (Ханафи мәзхабының фиқһы) «Әт-Татархания» атты кітапта, мына кітапқа сілтеме көрсеткен «Әл-Мунтақа», онда былай деп жеткен: «Әбу Юсуф (Әбу Ханифаның шәкірті), имам Әбу Ханифадан былай деп жеткізді: «Ешкімнен сұрауға болмайды (яғни дұға қылып), тек қана Алладан және Оның (Алланың) Есім сипаттары арқылы. Рұқсат етілген және бұйрылған дұғалар, бұл жайында Алланың сөзінен түсініледі: «Ең жақсы атаулар Аллаға тән. Оған сол аттармен жалбарыныңдар. …» (А`раф 7/180 аят). (Әбу Ханифа бұны мәкүрух (ұнамсыз) деп есептеді. Ал Әбу Юсуфтің өзінен бұндай Тауассул түрінен ешқандай мәселе (проблема) жоқ деп жетті (яғни Пайғамбар, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, арқылы Тауассул етуде). Және жеткен хабарда (асарда), бұл пікірді Әбу Лейс әс-Самарқанди әл-Ханафи де ұстанды».
3) Үшінші пікір: «Бұл Тақиюддин Ибн Таймияның  және кейбір соңғы болған ханбалилердің пікірі (яғни Сауд Арабиясындағы Нәдждік ханбалилер), Пайғамбар, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, арқылы Тауассул – рұқсат етілмейді».
[Дереккөз: «Әл-Мәусу`атул Фиқһийа әл-Кувейтийя», 14/156. Кувейт баспасы: 1408/1988.]

Әбу Абдуллах әл-Қуртуби (600-671 һ.ж./1204-1274 м.ж.), оған Алланың рақымы болсын, Құранда Тәубә сүресі 9/100 аят тәпсірінде, Пайғамбар, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, арқылы Тауассул жасайды:

ولا حاد بنا عن طريقته وملته بحق محمد وآله

«Мұхаммедтің хақы және оның от басының жәрдемі арқылы, бізді  Өзінің (Алла Тағала) тура жолынан және дінінен адастырмасын».
[Дереккөз: Әбу Абдуллах әл-Қуртуби, «Әл-Джамул ли Ахкәмил Қуран».]

Ибн Таймияның шәкірті Шамсуддин Ибн Муфлих (708-763 һ.ж./1308-1362 м.ж.), оған Алланың рақымы болсын, Тауассул жайында өзінің және имам Ахмад ибн Ханбалдың, оған Алланың рақымы болсын, пікірін былай деп жеткізеді:

وَيَجُوزُ التَّوَسُّلُ بِصَالِحٍ ، وَقِيلَ : يُسْتَحَبُّ ، قَالَ أَحْمَدُ فِي مَنْسَكِهِ الَّذِي كَتَبَهُ لِلْمَرُّوذِيِّ : إنَّهُ يَتَوَسَّلُ بِالنَّبِيِّ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ فِي دُعَائِهِ ، وَجَزَمَ بِهِ فِي الْمُسْتَوْعِبِ وَغَيْرِهِ ، وَجَعَلَهَا شَيْخُنَا كَمَسْأَلَةِ الْيَمِينِ بِهِ

«Ізгі, тақуа (әулиелер) арқылы Тауассул рұқсат етіледі. Және былай деп айтылды: «бұлай жасау жақсырақ», – деп. Имам Ахмад өзінің «Әл-Мансақ» кітабында, Маррузиге: «Ол (имам Ахмад) өзінің дұғаларында, Пайғамбар, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, арқылы Тауассул жасайды». Және ол өзінің «Әл-Мустау’иб» кітабы және басқаларында анық көрсетті.
Ал біздің шейх (Ибн Таймия) сол мәселені, оны (Пайғамбарды) ант ретінде қарастырды».
[Дереккөз: Ибн Муфлих, «Әл-Фуру», 2/127.]

Ханафи мәзхабының беделді ғалымдарының бірі, Камалюддин ибн Хумам әс-Сиуәси (790-861 һ.ж./1388-1457 м.ж.), оған Алланың рақымы болсын, Пайғамбардың, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, қабірін зиярат еткенге, не істеу керектігі жайында, былай деп жазады:

وَيَسْأَلُ اللَّهَ تَعَالَى حَاجَتَهُ مُتَوَسِّلًا إلَى اللَّهِ بِحَضْرَةِ نَبِيِّهِ عَلَيْهِ الصَّلَاةُ وَالسَّلَامُ . وَأَعْظَمُ الْمَسَائِلِ وَأَهَمُّهَا سُؤَالُ حُسْنِ الْخَاتِمَةِ وَالرِّضْوَانِ وَالْمَغْفِرَةِ

«Ол өзінің қажеттілігін Пайғамбар, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, қабірінің қасында Тауассул жасайды және өзіне қажеттілігін Алла Тағаладан сұрайды.
Ең зор және маңызды сұрақтардың бірі, бұл – өз өмірінің хайырлы аяқталуы, (Алланың) разылығы мен рақымшылығын сұрау».
[Дереккөз: Камалюддин ибн Хумам әс-Сиуәси, «Фатхул Қадир лил Әджизил Фақир», 3/169. Бейрут: Дарул Қутубил Илмия баспасы, 1424/2003.]

Мұхаммед бин `Әли бин Мұхаммед әш-Шаукани әл-Ямани (1173-1250 һ.ж./1750-1834 м.ж.), оған Алланың рақымы болсын, Пайғамбар, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, арқылы Тауассул жасау жайында, былай деп айтады:

وَفِي الْحَدِيثِ دَلِيلٌ عَلَى جَوَازِ التَّوَسُّل بِرَسُول اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ إِلَى اللَّهِ عَزَّ وَجَل مَعَ اعْتِقَادِ أَنَّ الْفَاعِل هُوَ اللَّهُ سُبْحَانَهُ وَتَعَالَى وَأَنَّهُ الْمُعْطِي الْمَانِعُ مَا شَاءَ كَانَ وَمَا لَمْ يَشَأْ لَمْ يَكُنْ

«… Бұл хадис (яғни белгілі болған хадис, көзі көрмейтін сахаба Осман бин Хунайфа жайында) Пайғамбар, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, арқылы Алла Субхана уә Тағалаға — Тауассул жасауға дәлел болып табылады. Сонымен қатар оны (Тауассулды) жасаушы, мына сенімде болу керек: яғни іс-амалдардың барлығын Алла Субхана уә Тағала жасаушы, сондай-ақ Алла беруші және Өзінің қалаған нәрсесін рұқсат етпеуші, және Ол  қаламайынша еш нәрсе болмайды».
[Дереккөз: Мұхаммед әш-Шаукани, «Тухфатуз Закирин», 180. Бейрут баспасы 1408/1988.]

Дерекнама: Al-fatava.com