Пәтуәлар

Тафуидуль Ма`ани Сипат (Бірінші бөлім)


Аса мейірімді, ерекше рақымды Алланың атымен бастаймын. 
Барша мадақ әлемдердің Раббысы Аллаға тән. Адамзаттың ардақтысы Мұхаммедке, оның отбасы мен сахабаларына салауат пен сәлем болғай! 

Бірінші бөлім 

Тафуид әл-Ма`ани – бұл Алланың сипатын түсіну жолдарының бірі болып табылады, яғни адам баласы белгілі бір аяттардың түсінігін білмей – оған мән-мағына бермейді. Және бұл қарапайым әрі қауіпсіз шешім, өйткені Ислам білімсіз сөйлегендерді жазғырады, әсіресе Алланың сипаты жайында сөйлегендерді. Демек, Алла Тағаланың сипаттарына қатысты аяттар оқылған кезде, ол аяттарға иман келтіреміз, мақұлдаймыз және «бұл қалай» деп сұрамаймыз, мағынасын Аллаға тапсырамыз да, оны талқыламаймыз.

 Біз аяттарды оқыған кезде үндемейміз, оны талқыламаймыз (яғни муташабих аяттарды), оның мағынасына кірмейміз және Алла Субхана уә Тағала жаратылыс сипаттардан аса пәк деген сенімдеміз, өйткені «Еш нәрсе Оған ұқсас емес…» әш-Шура сүресі, 11-аят және «Оған еш нәрсе тең емес» Ықылас сүресі, 4-аят.

 Ақиқатында Тафуид әл-Ма`ани бұл – тақуалық, яғни Құран Кәрім жайлы білімсіз сөйлемеу.

 Бұл мақаламызда, Алла қаласа, ғұламаларымыздың сөздерін келтіреміз, яғни Тафуид әл-Ма`ани бұл сәләфтардан болған Әһлу Сүнна уәл Жамағаның, Әһл’әл-Хадистің және олардың соңынан ерген ғұламалардың жолы.

 Үлкен мухаддис, фақиһ және тәпсірші ғалым, имам Джалалуддин әс-Суюти (849-911 һ.ж.), оған Алланың рақымы болсын, өзінің «Әл-Итқан фи Улумул Қуран» атты еңбегінде Әһлу Сүнна және Әһлу Хадистен болған сәләфтардың Алланың сипатын түсінулері жайында былай деп жазады:

 قال الإمام السيوطي رحمه الله في (الإتقان في علوم القرآن)2/10:ومن المتشابه آيات الصفات… وجمهور أهل السنة منهم السلف وأهل الحديث على الإيمان بها وتفويض معناها المراد منها إلى الله تعالى ، ولا نُفسِّرها مع تنزيهنا له عن حقيقت 

 «Муташабиһ аяттарда келген сипаттар… Көпшілік Әһлу Сүнна және Әһлу Хадистен болған сәләфтар сипаттарға иман келтірді, оның мағынасын Алла Тағалаға тапсырды (Тафуд әл-Ма`ани). Және біздер оны талқыламаймыз, әрі тура мағынасында келген аяттарда айтылғандардан Алла Тағала аса Пәк деп есептейміз».
 [Дерекнама: Джалалуддин әс-Суюти «Әл-Итқан фи Улумул Қуран» 2/10.] 

 Атақты Мухаддис ғұлама, Ибн Хиббан (274-354 һ.ж.), оған Алланың рақымы болсын, өзінің сахихында:

 بن حبان في صحيحه (15/46):إن المصطفى صلى الله عليه وسلم ما خاطب أمته قط بشيء لم يعقل عنه ولا في سننه شيء لا يعلم معناه ومن زعم أن السنن إذا صحت يجب أن تروى ويؤمن بها من غير أن تفسر ويعقل معناها فقد قدح في الرسالة اللهم إلا أن تكون السنن من الأخبار التي فيها صفات الله جل وعلا التي لا يقع فيها التكييف بل على الناس الأيمان بها 

 «Ақиқатында, Мұстафа (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) өзінің үмметіне түсініксіз болған нәрсемен сөйлемеген және өзінің Сүннетінде мағынасы белгісіз болғанмен де. Және кімде-кім егерде Сүннет (сахих) болса, онда оны міндетті түрде жеткізіп, оның мағынасын түсіндірусіз және ұғынусыз оған сену керек деп бекітсе, ол расымен де Пайғамбардың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) тапсырмасын кемітіп, төмендеткен болады. Мына жағдайдан басқа: егер ол Сүннет кемшіліктерден аса Пәк және Ұлық Алланың ешқандай да кейіп бермеуге негізделген сипаттарына қатысты болса, онда адамдарға бұған тек иман келтіру міндеті жатады».
 [Дерекнама: «Сахих» Ибн Хиббан, 15/46.] 

 Имам әл-Бағауи (436-510 һ.ж.), оған Алланың рақымы болсын, Бақара сүресінің 210-аятына қатысты былай деп пікір айтқан:

 قال الإمام البغوي رحمه الله تعالى في : «التفسير» (1/241) عند قوله : «إلا أن يأتيهم الله في ظلل من الغمام» : «والأولى في هذه الآية وما شاكلها : أن يؤمن الإنسان بظاهرها، ويَكلِ علمها إلى الله تعالى ويعتقد أن الله عز اسمه مُنَزَّه عن سمات الحدث، على ذلك مضت أئمة السلف وعلماء السنة . ثم قال : «قال سفيان بن عيينة : (كل ما وصف الله به نفسه في كتابه فتفسيره قراءته والسكوت عنه ، ليس لأحد أن يُفَسِّره إلا الله سبحانه ورسوله» أ.هـ 

 «…бұлттың көлеңкесінде Алла келіп (түсіп)…» «Бұл аятқа және осыған ұқсастарға қатысты ең дұрысы: адам баласы бұның сыртқы мәтініне сеніп (иман келтіріп), ал оның білімін Аллаға тапсырады және ол адам есімі бәрінен де Үстем әрі Жоғары болған Алла Тағала жаратылыс сипатынан аса Пәк деген сенімде болуы керек. Сәләфтардан болған имамдар және Сүннет ғұламалары осы сенімде өткен. Содан соң: «Суфьян бин Уяйна: «Құранда Алла Тағала Өзін сиппатағанның барлығын оқып және үндемеу – түсіндірме берудің негізі болып табылады және оларды (сипаттарға қатысты аяттарды) Алла және Оның елшісінен басқа ешкімнің түсіндіруге, тәпсірлеуге құқығы жоқ».
 [Дерекнама: «Тафсир әл-Бағауи», 1/241.] 

 Имам Әбу Омар Ибн Әбдил-Барр әл-Мәлики (368-463 һ.ж.), оған Алланың рақымы болсын, өзінің «Жәми баян әл-илм уә фадлих» атты еңбегінде:

 وقال الإمام ابن عبد البر رحمه الله تعالى في : «جامع بيان العلم وفضله» (2/97) : «رواها ـ أي : أخبار الصفات ـ السلف وسكتوا عنها، وهم كانوا أعمق الناس علماً ، وأوسعهم فهماً، وأقلهم تكلفاً، ولم يكن سكوتهم عن عِيّ، فمن لم يَسَعَه ما وَسِعَهم فقد خاب وخسر» أ.هـ. 

 Сипаттар жайында хадистерді сәләфтар жеткізді және олар жайында үндемеді, ал олар ең терең ілімге ие еді және ең кең түсінікте болды, әрі адамдар арасында екіұшты болмаған. Және олардың үндемеуі (сипатқа қатысты) әлсіздік болып табылмайды. Ал кімге оларға (сәләфтарға) жеткілікті болған нәрсе жеткіліксіз болса, ақиқатында ол алданды және зиянға ұшырады (яғни сипаттардың мағынасына кіріп, оларды жаратылыс сипатына ұқсатып талқылағандар жайында меңзеп тұр)».
 [Дерекнама: Ибн Әбдиль-Барр «Жәми баян әл-илм уә фадлих», 2/97.] 

 Ибн Қуддама әл-Мақдиси (541-620 һ.ж.), оған Алланың рақымы болсын, өзінің «Луум`аткул и`тиқад» атты еңбегінде имам Ахмад ибн Ханбалдың, оған Алланың рақымы болсын, мына сөздерін жеткізеді:

 قال الإمام أبو عبد الله أحمد بن محمد بن حنبل رضي الله عنه في قول النبي صلى الله عليه و سلم : [ إن الله ينزل إلى سماء الدنيا ] و : [ وإن الله يرى في القيامة ] وما أشبه هذه الأحاديث : نؤمن بها ونصدق بها لا كيف ولا معنى ولا نرد شيئا منها ونعلم أن ما جاء به الرسول حق ولا نرد على رسول الله صلى الله عليه و سلم ولا نصف الله بأكثر مما وصف به نفسه بلا حد ولا غاية : { ليس كمثله شيء وهو السميع البصير } ونقول كما قال ونصفه بما وصف به نفسه لا نتعدى ذلك ولا يبلغه وصف الواصفين نؤمن بالقرآن كله محكمه ومتشابهه ولا نزيل عنه صفة من صفاته لشناعة شنعت ولا نتعدى القرآن والحديث ولا نعلم كيف كنه ذلك إلا بتصديق الرسول صلى الله عليه و سلم وتثبيت القرآن كتاب الاعتقاد، الجزء 1، صفحة 9. 

 «Имам Әбу Әбдилләх Ахмад бин Мұхаммед ибн Ханбал (оған Алланың рақымы болсын) Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) «Алланың түсуі», «Алланы көру» сөздері жайында және соған ұқсас хадистер туралы былай деп айтқан: «Біз «қалай» деп сұрамай, мағынасына (терең) кірмей (лә кәйфа уә лә маъ’на) оларға сенеміз және оларды сенімді (сахих) деп санаймыз. Және бұдан ештеңені жоққа шығармаймыз, әрі Пайғамбардың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) сөзін терістемейміз және Алла Тағалаға шектеулер бермей, Ол Өзін сипаттағаннан артық сипаттамаймыз, «Еш нәрсе Оған ұқсас емес. Ол Алла – әр нәрсені Естуші, һәм Көруші». Біз Ол (Алла Тағала) айтқандай айтамыз және Өзін қалай сипаттаса, солай сипаттаймыз. Біздер осыдан аттап өтпейміз (яғни Өзін сипаттағаннан) және сипаттаушы бұл сипаттамаға жете алмас. Біз Құранға толығымен, оның ашық және жасырын мағыналы аяттарына иман келтірдік. Және Оның бірде-бір сипаттын жоққа шығармаймыз, Құран мен хадистің шеңберінен шықпаймыз және біз олардың (сипаттардың) шынайы болмысын білмейміз, алайда тек қана Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) мақұладағаны мен Құранда бекітілген мәтіндерден басқасынан».
 [Дерекнама: Ибн Қуддама «Луум`аткул и`тиқад», 1/9.] 

 Имам Әбу Абдуллах Мухаммад ибн Идрис әш-Шафиғи (150-204һ.ж.), оған Алланың рақымы болсын, былай деп айтқан:

 قَالَ الإِمامُ أَبُو عَبْدِ اللهِ مُحمَّدُ بْنُ إِدْريسَ الشَّافِعيُّ ِرَضِيَ اللهُ عَنْهُ: (آمَنْتُ بِاللهِ وَبِمَا جَاءَ عَنِ اللهِ، عَلَى مُرَادِ اللهِ، وَآمَنْتُ بِرَسُولِ اللهِ وبِما جَاءَ عَنْ رَسُولِ اللهِ عَلَى مُرَادِ رَسُول اللهِ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ). مقدمة لمعة الاعتقاد الهادي إلى سبيل الرشاد، لابن قدامة المقدس، ص:5-8 

 «Мен Аллаға, одан келгенге және оны Өзі қандай мағынада меңзесе, соған иман келтірдім. Мен Пайғамбарға (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) және одан келгенге, оны қандай мағынада меңзесе, соған иман келтірдім». 
[Дерекнама: Ибн Қуддама әл-Мақдиси, «Лумъатул-иътиқъад әл-хади илә сабили-ррашад» кітабының кіріспесінде, 5-8 б.] 

 Имам әл-Байхақи (384-458 һ.ж.), оған Алланың рақымы болсын, «Әл-Асмау уә Сифат» атты еңбегінде имам әш-Шафиғидің (оған Алланың рақымы болсын) ұстазынан, көрнекті Имам Суфиән ибн Уъәйна (198 һ.ж. қайтыс болды), оған Алланың рақымы болсын, былай деп айтқан:

 قال سفيان بن عيينة : «كل ما وصف الله به نفسه في كتابه فتفسيره تلاوته والسكوت عنه.»الأسماء والصفات للبيهقي 

 «Алла Тағала Өзін Құранда сипаттағанының бәрінің тәпсірі – оны оқу және сол жайында үндемеуде жатыр».
 [Дерекнама: Имам әл-Байхақи, «Әл-Асмау уә Сифат», 330-б] 

 Ұлы Мухаддис, Имам Әбу Иса әт-Тирмизи (209-279 һ.ж.), оған Алланың рақымы болсын, өзінің «Сунанында» былай деп келтіреді:

 وقال الامام الترمذي رحمه الله تعالى في سننه ( 4 / 692 ) : والمذهب في هذا عند أهل العلم من الائمة مثل سفيان الثوري ومالك بن أنس وابن المبارك وابن عيينة ووكيع وغيرهم أنهم رووا هذه الاشياء ثم قالوا :تروى هذه الاحاديث ونؤمن بها ، ولا يقال كيف ، وهذا الذي اختاره أهل الحديث أن تروى هذه الاشياء كما جاءت ويؤمن بها ولا تفسر ولا تتوهم ولا يقال كيف وهذا أمر أهل العلم الذي اختاروه وذهبوا إلي 

 «Ілім иелерінен болған Суфьян әс-Саури, Мәлік ибн Анас, Ибн әл-Мүбәрак, Ибн У’ъйена, Уақи’ сияқты және басқалардың бұл мәселеге қатысты имамдардың мәзхабы – олар бұның барлығын келтіреді және кейін былай деді: «Бұл хадистер риуаят етіледі, және біз бұларға сенеміз, және «қалай» деп айтпаймыз». Осы міне, Әһли-Хадис таңдаған тәсіл (әдіс) болып табылады, яғни бұл сөздер қалай жетсе, солай келтіру, оларға сену және мағынасына терең кірмеу (туффасир), оны елестетпеу және бұл «қалай?» деп айтпау. Осы міне, ілім иелері ұстанатын әдіс».
 [Дерекнама: Имам әт-Тирмизи, «Сунан», 4/692] 

 Имам Шамсуддин әз-Захаби (оған Алланың рақымы болсын) 673-748һ.ж., Алла Тағаланың «Әр-Рахман Ъаләл Арш Истауә» деген аят жайында былай дейді:

 ,وقد علّق الذهبي رحمه الله على قول الله تعالى : » الرحمنُ على العرشِ استوى » قائلاً : من أقرّ بذلك تصديقاً لكتاب الله ولأحاديث رسوله صلى الله عليه وسلّم وآمن به مفوّضاً معناه الى الله ولم يخض في التأويل ولا عمق فهو المسلم المتبع ( السير 14 / 373 ) 

«Кімде-кім Құран мен Пайғамбардың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) хадисін растай отырып, оған иман келтірсе және оның мағынасын Аллаға тапсырып, «Тәуил» жасамай, оған тереңдеп кірмесе, онда ол ақиқатқа ерген мұсылман болып табылады». Тағы әз-Захаби (оған Алланың рақымы болсын) былай дейді:

 قال الإمام «الذهبي» : «فقولنا في ذلك وبابه : الإقرار ، والإمرار ، وتفويض معناه إلى قائله الصادق المعصوم » اهـ السير 8/105 

«Бұл келген риуаяттар (Алланың сипаттарына қатысты хадистер) жайында біздің сөзіміз – растау, (оқыған кезде) өткізіп жіберу және оның мағынасын осыларды айтқан шыншыл әрі күнәдан пәк болған адамға қалдыру». Имам әз-Захаби (оған Алланың рақымы болсын) Алланың сипаттарын түсінудегі сәләфтардың жолы жайында былай деп айтқан:

 الذي يقول في سيرإعلام النبلاء ج14ص386 «وأما السلف فما خاضوا في التأويل بل امنوا وكفوا وفوضواعلم ذلك إلى الله ورسوله» . 

 «Сәләфтарға келетін болсақ, олар «Тәуилге» өтпеді, керсінше оған иман келтірді және оның мағынасын Алла және Оның елшісіне тапсырды».
 [Дерекнама: Имам әз-Захаби «Сияр әъләм ән-нубалә», 14/386] 

 Сондай-ақ, Имам әз-Зәхаби (оған Алланың рақымы болсын) «Сиәр әълям ән-нубалә» атты кітабында тағы былай деп жазады:

 نقال الحافظ الذهبي في سير أعلام النبلاء (8/105) عن الإمام مالك أنه قال في أحاديث الصفات :» أمرها كما جاءت بلا تفسير » . ا هـ. 

 «Имам Мәлік (оған Алланың рақымы болсын) сипаттарға қатысты хадистер жайында былай дейді: «Олардың жағдайлары – тәпсірсіз (яғни мағынасына кірмей)». 
[Дерекнама: Имам әз-Захаби «Сиәр әъләм ән-нубалә», 8/105.] 

 Шейхул Исләм Мухиддин ән-Нәуәуи (631-676 һ.ж.), оған Алланың рақымы болсын, сахих Муслимге жазған өзінің шархында былай деп айтқан:

 هَذَا الْحَدِيث مِنْ أَحَادِيث الصِّفَات، وَفِيهِ مَذْهَبَانِ مَشْهُورَانِ لِلْعُلَمَاءِ سَبَقَ إِيضَاحهمَا فِي كِتَاب الْإِيمَان وَمُخْتَصَرهمَا أَنَّ أَحَدهمَا وَهُوَ مَذْهَب جُمْهُور السَّلَف وَبَعْض الْمُتَكَلِّمِينَ : أَنَّهُ يُؤْمِن بِأَنَّهَا حَقّ عَلَى مَا يَلِيق بِاَللَّهِ تَعَالَى، وَأَنَّ ظَاهِرهَا الْمُتَعَارَف فِي حَقّنَا غَيْر مُرَاد، وَلَا يَتَكَلَّم فِي تَأْوِيلهَا مَعَ اِعْتِقَاد تَنْزِيه اللَّه تَعَالَى عَنْ صِفَات الْمَخْلُوق، وَعَنْ الِانْتِقَال وَالْحَرَكَات وَسَائِر سِمَات الْخَلْق. 

 «Бұл хадис сипаттарға қатысты хадистерден, мұның ішінде «Сенім Кітабында» баяндалған ғұламалардың екі танымал мәзхабы бар. Қысқаша айтқанда: Бұлардың біріншісі – көпшілік сәләфтардың және кейбір мутакаллимдердің мәзхабы, ақиқатында оған (яғни, сипатқа) Алла Тағалаға тән болғандай иман келтірдік және бізге белгілі болған оның тікелей мағынасы Оған қатысты емес, және Алла Тағаланы пәктеу мақсатында жаратылыс сипатымен, бір жерден ауысумен, қимыл-қозғалыспен және басқа да әр-түрлі жаратылыстардың сипаттамаларымен түсіндірме берілмейді».
[Дерекнама: Имам ән-Нәуәуи, «Сахиху Муслим би Шархин Нәуәуи», хадис №1697] 

 Имам әл-Харамейн (Мекке мен Мәдина қаласының имамы), Әбу Маали әл-Жуәйни әш-Шафиғи (419-478 һ.ж.), оған Алланың рақымы болсын, өзінің «әл-Ақидату ән-Низамийә» атты кітабында:

 يقول إمام الحرمين أبو المعالي الجويني رحمه الله تعالى في : «العقيدة النظامية» (ص/32) : «اختلفت مسالك العلماء في هذه الظواهر، فرأى بعضهم تأويلها، والتزم ذلك في آي الكتاب ، وما يصح من السنن ، وذهب أئمة السلف إلى الانكفاف عن التأويل وإجراء الظواهر على مواردها، وتفويض معانيها إلى الله تعالى. والذي نرتضيه رأياً، وندين الله به عقيدة: اتباع سلف الأمة للدليل القاطع على أن إجماع الأمة حجة، فلو كان تأويل هذه الظواهر حتماً لأوشك أن يكون اهتمامهم به فوق اهتمامهم بفروع الشريعة، وإذا انصرم عصر الصحابة والتابعين على الإضراب عن التأويل كان ذلك هو الوجه المُتَّبع» أ.هـ. 

 «Ғұламалар сипаттарға қатысты аят пен хадистің сыртқы түсінігі жайында екіге бөлінді. Олардың бір бөлігі мынадай пікірге келді: тәуил (талқылау) жасау керек деді және олар Құран аяттары мен сахих хадистерді талқылауда осыны ұстанатын болды. Ал сәләфтардың жолы мұндай сипаттарға қатысты мәтіндерді түсіндіруден бас тартқан болатын және оның сыртқы түсінігін сол қалпында (сол сөзімен) қалдырып, ал мағынасын Алла Тағалаға тапсыратын.Ал біздің дұрыс пікір ретінде разы болып ұстанатын жолымыз әрі оны дініміздің ақидасы (сенімі) ретінде ұстануымызға болады – бұл сәләфтардан болған имамдарымыздың жолы, өйткені үмметің ижмасы дәлел екенінде біржақты айғақ бар. Егер де (сипаттардың) тікелей мағынасын түсіндіру міндетті болғанда, онда олар (сәләфтар) бұған шариғаттың тармақтарына бөлген назардан аз көңіл бөлмес еді. Және де сахабалар мен табиғиндердің заманында тәуилді (талқылауды) жайына қалдырған болса, онда бұл біздерге еруге тұрарлықтай жол болып табылады».
[Дерекнама: Имам әл- Жуәйни «әл- Ақидату ән- Низамийә», 32-бет.] 

 Ибн Қуддама әл-Мақдиси (541-620 һ.ж.), оған Алланың рақымы болсын, өзінің «Луум`атул- и`тиқад» атты кітабында былай деп айтқан:

 قال ابن قدامة المقدسي في لمعة الاعتقاد : « وكل ما جاء في القرآن أو صح عن المصطفى عليه السلام من صفات الرحمن وجب الإيمان به، وتلقيه بالتسليم والقبول، وترك التعرض له بالرد والتأويل، والتشبيه، والتمثيل وما أشكل من ذلك وجب إثباته لفظًا، وترك التعرض لمعناه، ونرد علمه إلى قائله 

 «Құран мен Сүннетте келген Алла Тағаланың сипаттарына қатыстының барлығана міндеті түрде иман келтіру керек, қабылдап және олар жайында ой жүгіртпеу керек. Ол тәуил, тәшбих немесе тәмсил болса да. Сөздің өзін (лафз) бекіту керек, бірақ оның мағынасын Алла және Оның елшісіне (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) қалдыру керек».
 [Дерекнама: Ибн Қуддама «Луум`атул- и`тиқад».] 

 Имам Ибн Хаджар әл-Хайтами (909-974 һ.ж.), оған Алланың рақымы болсын, өзінің «әл-Минахул Маккийә» атты еңбегінде былай деп жазады:

 قال الإمام إبن حجر الهيتمي: ومن المتشابه ذكر آيات الصفات التي فيها ذكر نحو الاستواء واليد والعين ، وجمهور أهل السنة منهم أكثر السلف وأهل الحديث علي تفويض معناها المراد منها إلي الله تعالى ، مع تنزيهه عن ظواهرها 

 «Ішінде «истәуә, йәд, ъайн» сипаттары секілді кездесетін муташабиһ аяттарды көпшілік сәләф-салихтардан болған Әһлу Сүнна ғұламалары және Әһлул хадис сыртқы мағынасын пәктеумен қатар мағынасын Аллаға тапсырды».
 [Дерекнама: Ибн Хаджар «әл- Минахул Маккийә фи шархи Хамзийә» 404-бет.] 

 Ибн Әбдуссәләмның шәкірті Имам Мужтахид Ибн Дақиқ әл- Ид (625-702 һ.ж.), оған Алланың рақымы болсын, былай деп айтқан:

 قال ابن دقيق العيد في العقيدة : نقول في الصفات المشكلة إنها حق وصدق على المعنى الذي اراده الله ، ومن تأولها نظرنا ، فإن كان تأويله قريبا على مقتضى لسان العرب لم ننكر عليه ، وإن كان بعيدا توقفنا عنه ورجعنا الى التصديق مع التنزيه . 

 «Мағынасы «қиын түсіндірмелі» сипаттарға келетін болсақ, олар ақиқат болып табылады және олар Алла Тағала салған мағынасында ақиқат болып табылады. Егер біреу бұларды талқылайтын болса (тәуил) және ол араб тіліне жақын болса, біздер оның талқылауын қабылдаудан бас тартпаймыз. Ал егер ол (араб тілінен) алыс болса, онда оны қабыл етпейміз және бекітілген түрдегі мәтіндерге абсалюттік пәктеумен (яғни ұқсатусыз) қайтамыз». 
[Дерекнама: Ибн Хажар әл-Асқаләни «Фатхул Бәри», «Китаб Таухид» тарауы, 13/383.] 

 Имам әз-Захаби (673-748 һ.ж.), оған Алланың рақымы болсын, өзінің «Сиар `аләм ән-нубала, 8/163» атты кітабында былай деп айтқан:

 يقول الإمام الذهبي في السير(8/163): (قَدْ صَنَّفَ أَبُو عُبَيْدٍ-يقصد القاسم بن سلام-كِتَابَ (غَرِيْبِ الحَدِيْثِ)، وَمَا تَعرَّضَ لأَخْبَارِ الصِّفَاتِ الإِلَهِيَّةِ بِتَأْوِيلٍ أَبَداً، وَلاَ فَسَّرَ مِنْهَا شَيْئاً.وَقَدْ أَخَبَرَ بِأَنَّهُ مَا لَحِقَ أَحَداً يُفَسِّرُهَا، فَلَو كَانَ -وَاللهِ- تَفْسِيْرُهَا سَائِغاً، أَوْ حَتماً، لأَوْشَكَ أَنْ يَكُوْنَ اهْتِمَامُهُم بِذَلِكَ فَوْقَ اهْتِمَامِهِم بِأَحَادِيْثِ الفُرُوْعِ وَالآدَابِ، فَلَمَّا لَمْ يَتعَرَّضُوا لَهَا بِتَأْوِيلٍ، وَأَقَرُّوهَا عَلَى مَا وَرَدَتْ عَلَيْهِ، عُلِمَ أَنَّ ذَلِكَ هُوَ الحَقُّ الَّذِي لاَ حَيْدَةَ عَنْهُ). 

 «Әбу Убайд (Қасим ибн Сәләм 157-224һ.ж.) өзінің «Ғариб әл-хадис» атты еңбегін жазды: «Ол (Қасим ибн Сәләм) ешқашан Тәңірлік сипаттардың (сифатул иләһийә) мағынасына кірген емес. Және ол (өзінің өмірінде) осыны істеген (сипаттарды талқылаған) адамды кездестірмегенін айтады. Егер (сипаттарды) талқылауға рұқсат етілген болса, онда олардың бұл мәселедегі алаңдаушылықтары шариғи құқық пен әдептілікке қатысты хадистерді (ахадис әл-фуруъ уә адаб) талқылаудан да жоғары болар еді. Демек, олар оны талқыламай, келген күйде қабылдаған болса, онда осы ақиқат екені түсінікті болады».

 Әл-Ләләкаи иснадпен Әбу Убайда Қасим бин Салимнен былай деп келтіреді:

 ما رواه اللالكائي بسنده عن أبي عبيد ، القاسم بن سلام - رحمه الله - وقد سأل عن أحاديث الصفات قال : ( ما أدركنا أحداً يفسر منها شيئاً ، ونحن لا نفسر منها شيئاً ، نصدق بها ونسكت) شرح أصول أهل السنة للالكائي (3/526) 

 «Одан сипаттар жайындағы хадистер туралы сұраған кезде, Әбу Убайд былай деп айтты: «Біз осының (сипаттардың) мағыналарына тереңдеп кіргендердің (йюфассиру) бірде-бірін білмейміз және біз олардың (сипаттардың) мағынасына тереңдеп кірмейміз(лә нуфассиру), оларға (сипаттарға) иман келтірдік және үндемейміз».
 [Дерекнама: «Шарх Усул Әһлу Сүнна» 3/526.] 

 Имам Әбу Убайда тағы былай деп айтқан:

 ‎وقال الإمام أبو عبيد : نحن نروي هذه الأحاديث ولا نريغ لها المعاني (أي لا نطلب لها المعاني). انظر الأسماء والصفات للبيهقي 

 «Біздер бұл (яғни сипаттарға қатысты) хадистерді риуаят етеміз және оған мағынасын (талап етіп) іздемейміз».
 [Дерекнама: Әл-Байхақи, «Әл-Асмау уә Сифат», 2/192.] 

 Имам Әбу Шейх әл-Исфахани (274-369 һ.ж.), оған Алланың рақымы болсын, өзінің «Сүнна» атты кітабында сенімді риуаятпен Исхақ ибн Рахауайхтан (164-238 һ.ж.), оған Алланың рақымы болсын, былай деп жеткізеді:

 روى الحافظ الأصفهاني في كتابه السنة بسند صحيح عن الإمام إسحاق بن راهويه:و لا يعقل نبي مرسل و لا ملك مقرب تلك الصفات إلا بالأسماء التي عرفهم الرب تبارك و تعالى ، فأما أن يدرك أحد من بني آدم معنى تلك الصفات فلا يدركه أحد 

«Алланың жіберген Елшісі де, Оған жақын болған періштелер де аса Пәк және Ұлы Алла Тағаланың сипаттарын ешкім де түсінбейді, тек Өзі үйреткен Есімдері арқылы ғана. Ал Адамның ұрпақтарынан болған басқалар сол сипаттардың мағынасын түсінулеріне келсек (яғни Құранда келген йәд, уажһ, ъайн сипаттарды), оларды ешкім біле алмайды».

 Шейхул Исләм имам ән-Нәуәуи (оған Алланың рақымы болсын) 631-676 һ.ж., «Сахих Муслимге» жазған өзінің шархында былай деп айтқан:

 قال الإمام النووي رحمه الله تعالى في : «شرح مسلم» (3/19): «اعلم أن لأهل العلم في أحاديث الصفات وآيات الصفات قولين : أحدهما: وهو مذهب معظم السلف أو كلهم : أنه لا يُتَكَلَّم في معناها، بل يقولون : يجب علينا أن نؤمن بها ونعتقد لها معنى يليق بجلال الله وعظمته ، مع اعتقادنا الجازم بأن الله تعالى ليس كمثله شيء، وأنه مُنـزَّه عن التجسيم والانتقال والتَّحيُّر في جهة وعن سائر صفات المخلوق» أ.هـ. 

 «Білім иелері сипаттар жайындағы хадистер мен аяттар түсіну турасында екі түрлі көзқарасқа бөлінді: Бірінші пікір көпшілік сәләфтардың, тіпті барлық сәләфтардың пікірі мынада: сипаттар жайында сөйлесуге болмайды (яғни олардың мағынасына кіріп). Олар тіпті былай деп айтады: Оларға (сипаттарға) иман келтіріп, олардың Алла Тағаланың Ұлылығына сай мағынасының бар болуына сену және абсолютті түрде еш нәрсе Оған ұқсас емес екендігіне және Ол (Алла) жаратылыс денелердің сипаттарынан Пәк екеніне, бір жерден екінші жерге ауысудан, қандай да бір бағытта болудан, сондай-ақ, басқа да жаратылыс сипаттардың барлығынан аса Пәк екеніне толық сенімде болу».
 [Дерекнама: Имам ән-Нәуәуи «Сахиху Муслим би Шархин Нәуәуи», 3/19.] 

 жалғасы бар инша Аллах … 

Дерекнама: Al-fatava.com
Аударған: Darulahnaf.com