Пәтуәлар

Кәпірлердің мейрамын тойлауға тиым салынады


Имам, хафиз Жалалуддин әс-Суюти (оған Алланың рақымы болсын) 849- 911 һ.ж. / 1445-1505 м.ж., мақұлданбайтын бидғаттар жайлы жазған еңбегінде былай дейді:

ومن البدع المنكرات مشابهة الكفار في أعيادهم ومواسمهم الملعونة، كما يفعل كثير من جهلة المسلمين في مشاركة النصارى وموافقتهم فيما يفعلونه في خميس البيض الذي هو أكبر أعياد النصارى

«Құпталмайтын бидғаттарға – кәпірлердің мейрамдарында соларға ұқсау жатады. Христиандардың ортасында тұратын көптеген надан мұсылмандар «христостың туылған күнін» солармен бірге атап өтеді. Ол мереке христиандардың ең үлкен мейрамы».


Ары қарай ол былай деп жазады:

النهي عن الاحتفال بما يسمى بليلة رأس السنة الميلادية
ومما يفعله كثير من الناس في فصل الشتاء، ويزعمون أنه ميلاد عيسى عليه السلام، فجميع ما يصنع أيضاً في هذه الليالي من المنكرات، مثل: إيقاد النيران، وإحداث طعام، وشراء شمع، وغير ذلك؛ فإن اتخاذ هذه المواليد موسماً هو دين النصارى، وليس لذلك أصل في دين الإسلام. ولم يكن لهذا الميلاد ذكر في عهد السلف الماضين، بل أصله مأخوذ عن النصارى

«Кейбір мұсылмандар қыс мезгілінде Исаның (оған Алланың сәлемі болсын) туылған күнін мерекелейді және де осы түнгі жасалатын барлық дәстүрін де сақтайды. Мәселен, от жағу, тамақ даярлау, балауыз шам жағу секілді даярлық жасайды. Бұл мейрамды тойлау- христиан дінінің бір бөлшегі болып табылады, ал Ислам дінінде бұл мерекеге ешқандай негіз жоқ. Бұл мереке жайлы өткен буындағылар ешнәрсе демеген және христиандардан алынған.

النهي عن التشبه بالكافرين
ومن ذلك أعياد اليهود أو غيرهم من الكافرين أو الأعاجم والأعراب الضالين، لا ينبغي للمسلم أن يتشبه بهم في شيء من ذلك، ولا يوافقهم عليه، قال الله تعالى لنبيه محمد) : » ثم جعلناك على شريعة من الأمر فاتبعها ولا تتبع أهواء الذين لا يعلمون إنهم لن يغنوا عنك من الله شيئاً وإن الظالمين بعضهم أولياء بعض والله ولي المتقين). وأهواء الذين لا يعلمون هو ما يهوونه من الباطل، فإنه لا ينبغي للعالم أن يتبع الجاهل فيما يفعله من أهواء نفسه، قال تعالى لنبيه) : (ولئن اتبعت أهواءهم من بعد ما جاءك من العلم إنك إذا لمن الظالمين). فإذا كان هذا خطابه لنبيه (، فكيف حال غيره إذا وافق الجاهلين أو الكافرين وفعل كما يفعلون مما لم يأذن به الله ورسوله ويتابعهم فيما يختصون به من دينهم وتوابع دينهم؟ وترى كثيراً من علماء المسلمين الذين يعلمون العلم الظاهر، وهم منسلخون منه بالباطن، يصنعون ذلك مع الجاهلين في مواسم الكافرين بالتشبه بالكافرين، وقد جاء عن النبي ( أنه قال: » من أشد الناس عذاباً يوم القيامة عالم لم ينفعه الله بعلمه » . والتشبه بالكافرين حرام وإن لم يقصد ما قصده، بدليل ما روي عن ابن عمر عن رسول الله) : » من تشبه بقوم فهو منهم » . رواه أبو داود وغيره في السنن. فهذا الحديث أقر أحوالاً تقتضي تحريم التشبه بهم.
 روى عمر بن شعيب، عن أبيه، عن جده أن رسول الله ( قال: » ليس منا من تشبه بغيرنا، لا تشبهوا باليهود ولا النصارى » . وعن أبي هريرة رضي الله عنه، قال: قال رسول الله) : » خالفوا المشركين، احفوا الشوارب، وأعفوا اللحى » فأمر رسول الله ( بمخالفة المشركين مطلقاً.
 وقال عمر بن الخطاب رضي الله عنه إياكم ورطانة الأعاجم، وأن تدخلوا على المشركين في كنائسهم.
 وقال عبد الله بن عمر: من بنى بأرض المشركين وصنع نيروزهم ومهرجانهم وتشبه بهم حتى يموت حُشر معهم يوم القيامة.
 وقد شرط عليهم عمر بن الخطاب رضي الله عنه أن لا يظهروا أعيادهم في بلاد المسلمين، فإذا كانوا ممنوعين من إظهار أعيادهم في بلادنا، فكيف يسع المسلم فعلها؟ هذا مما يقوي طمعهم وقلوبهم في إظهارها، وإنما منعوا من ذلك لما فيه من الفساد، إما لأنه معصية، وإما لأنه شعار الكفر. والمسلم ممنوع من ذلك كله. وقال عمر بن الخطاب رضي الله عنه: اجتنبوا أعداء الله في دينهم، فإن السخط ينزل عليهم. فموافقتهم في أعيادهم من أسباب سخط الله تعالى لأنه إما محدث وإما منسوخ.

Өзге діннің немесе яһудилердің мерекелерінің орны Ислам келгенге дейінгі арабтардың және араб еместердің арасында да осындай болған. Мұсылман адам оларға ұқсамауы керек және де бұл амалды қолдамауы қажет. Алла тағала Өзінің пайғамбарына (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай деген: «Сосын (Мұхаммед) сені шариғат ісіне қойдық. Енді сонымен жүр. Білмегендердің ойларына ілеспе. Өйткені олар сені Алладан еш қорғай алмайды. Шынында залымдар бір-бірінің досы. Сондай-ақ, Алла тақуалардың досы». [Жәсиә сүресі 18/19 аят]
«Өзіңе мұншалық мәлімет келгеннен кейін, олардың ойларына еліктесең, әлбетте сен анық залымдардан боласың». [Бақара сүресі 2/145 аят]

Пайғамбарға (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) осылай деп жатқанда, өзге мұсылмандар жайлы не айтуға болады? Олар надандармен келісіп, кәпірлер не жасаса, соны жасап жатқанда Алла Тағала бұл амалды тіпті Пайғамбарына (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) рұқсат етпеген! Кәпірлердің дінінің жартысы болып саналатын мерекені тойлап, солардың дінінен шыққан дүниеге сеніп жүрген мұсылмандар жайында не айтуға болады?! Қазіргі таңда көптеген мұсылман ғалымдары діннің айқын қалпымен адамдарды оқытып жатқанын көреміз, ал өздері болса, оның мәнінен ажырап, кәпірлердің мейрамын тойлап жүргенін көреміз.

Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай дегені жетеді: «Қиямет күні біліміне Алла Тағала пайда бермеген ғалым көп азапқа душар болады».

Олардың көздеген мақсаттарына жетуге тырыспаса да, кәпірлердің мерекесін жай ғана атап өтуге де болмайды. Бұған Ибн Омардың (оған Алла разы болсын) мына сөзі дәлел болады: «Кімде кім бір қауымға еліктер болса, ол адам солардан». [Мұны Әбу Дәуід және басқалар жеткізген.]
Бұл хадистің меңзегені – кәпірлерге ұқсамау.

Омар ибн Шаъб өзінің әкесінен, әкесі атасынан былай деп жеткізеді:  «Расында, Алла елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай деген: «Бізге ұқсамаған, бізден емес. Яһудей мен христиандарға еліктемеңдер».

Әбу Һурайра (оған Алла разы болсын) Алла елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай дегенін жеткізеді: «Ақ шаштарыңды бояңдар және де яһудейлерге ұқсамаңдар» [Имам Тирмизи мұны сенімді деп келтірген.]

Алла елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай деген: «Көпқұдайшылардан өзгеше болыңдар – мұрттарыңды қысқартып, сақалдарыңды өсіріңдер». Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) көпқұдайшылардан толықтай ерекшеленуді бұйырды.

Омар ибн Хаттаб (оған Алла разы болсын) былай деген: «Араб еместердің аңыздарын қолданбаңдар және де көпқұдайшылардың  шіркеуіне кірмеңдер».
Абдулла ибн Омар (оған Алла разы болсын) былай деген: «Кімде кім көпқұдайшылардың жерінде тұрып, солардың Наурызын және де өзге мейрамдарын тойлар болса, өмірінің соңына дейін соларға ұқсаған болады және де Қиямет күні солармен бірге тіріледі». [Әл-Байхақи келтірген.]

Омар ибн әл-Хаттаб (оған Алла раы болсын) көпқұдайшыларға мұсылмандардың жерінде мерекелерін ашық тойлауға тиым салған. Егер оларға біздің жерімізде мерекесін ашық тойлауына тиым салынған болса, ол мерекені мұсылмандардың тойлауына бола ма? Бұл кәпірлердің өз мерекелерін ашық тойлауға құлшындырады, ал бұлай тойлауға тиым салынған, себебі бұл жағдай надандыққа әкеледі немесе ол күнә, я болмаса бұл күпірліктің белгісі. Мұсылман адамға мұның барлығына тиым салынады.

Омар ибн Хаттаб (оған Алла разы болсын) былай деген: «Алланың дұшпандарынан олардың мейрамында аулақ жүріңдер, расында, оларға Алланың қаһары түседі». [Бұхарида келген хадис]

Олардың мейрамдарына қатысу – Алланың қаһарына ұшыраудың себебі, өйткені бұл мейрамдар – дінге енген жаңалық не болмаса бұйрылмаған жағдай.

مقاطعة المتشبه بهم وعدم جواز بيع العنب لمن يصنع الخمر منهم
والمسلم لا يقر على واحد منها. وكما لا يحل التشبه بهم في أعيادهم، فلا يعان المسلم المتشبه بهم في ذلك، كما لا يحل بيع العنب لمن يعصرها خمراً. ومن صنع في أعيادهم دعوة لم يجب إليها، ومن أهدى من المسلمين هدية في هذه الأعياد مخالفة العادة، وهي مما فيه تشبه بهم، لم تقبل هديته.
 واعلم أن نفي مخالفتهم أمر مقصود للشارع؛ لأن الكفر بمنزلة مرض القلب وأشد، ومتى كان القلب مريضاً لم يصح من الأعضاء؛ وإنما الصلاح أن لا يشبه القلب في شيء من أمور الكافر أنها كلها إما فاسدة وإما ناقصة. فالحمد لله على نعمة الإسلام التي هي أعظم النعم، وأم كل خير كما يحب ربنا ويرضى. فموافقتهم فيما هو منسوخ بشريعتنا قبيح، وأقبح منه ما أحدثوه من العبادات أو العادات؛ فإنه مما أحدثه الكافرون، وموافقة المسلمين لهم فيه من أعظم المنكرات. فكل ما يتشبهون بهم من عبادة أو عادة، فهو من المحدثات والمنكرات. وقد مدح الله عز وجل من لم يشهد أعيادهم ومواسمهم ولم يشاركهم فيها بقوله: (والذين لا يشهدون الزور)، قال مجاهد والضحاك والربيع بن أنس: هو أعياد المشركين. وقال ابن سيرين: هو الشعانين. وتقدم قوله) : » خالفوا المشركين » وقال: » من تشبه بقوم فهو منهم » .
 واعلم أنه لم يكن على عهد السلف السابقين من المسلمين من يشاركهم في شيء من ذلك. فالمؤمن حقاً هو السالك طريق السلف الصالحين المقتفي لآثار نبيه سيد المرسلين (، المقتفي بمن أنعم الله عليهم من النبيين والصديقين والشهداء والصالحين. فجعلنا الله منهم بمنه وكرمه إنه جواد كريم
عدم الاغترار بكثرة الضالين واتباع أهل الحق ولو كانوا قلة
ولا ينظر الرجل إلى كثرة الجاهلين الواقعين في مشابهة الكافرين والعلماء والغافلين وموافقتهم، فقد قال السيد الجليل الفضيل بن عياض رضي الله عنه: عليك بطريق الهدى وإن قل السالكون واجتنب طريق الردّى وإن كثر الهالكون.
 اللهم اجعلنا من المهتدين المتبعين لآثار سبيل الصالحين، ولا تجعلنا من الهالكين المتبعين لآثار سبيل الكافرين والضالين بمنك وكرمك، إنك جواد كريم.

Кәпірлерге ұқсауға болмайтыны секілді, өзге мұсылманның кәпірлерге ұқсауына көмектеспеу керек. Жүзімнен шарап жасайтын адамға жүзім сатуға болмайтын секілді тиым салу керек. Егер бір адамды өзге біреу мейрамды тойлауға шақыратын болса, бармауы тиіс. Бір мұсылман осы күні өзгеге сыйлық жасайтын болса, ол адам сыйлықтан бас тартуы тиіс. Кәпірлерден оқшаулату – Заң иесінің мақсаты, себебі имансыздық жүрек ауруы секілді, тіпті одан да ауыр. Ал егер жүрек ауру болатын болса, денеге пайда бермейтінін біліңдер. Діндарлық деген – имансызға зәредей болса да ұқсамау, себебі олардың жасап жүргендері не имансыздық, я кемшілік. Бізді Исламмен зейіндеген Аллаға сансыз мадақтар болсын.
Біздің шариғатымыздан алынып тасталған нәрсені ұстану оңбағандық, ал құлшылықта және дәстүрде имансыздардың соңына ілесу одан да жаман. Егер бұл дәстүрді мұсылмандар қабылдар болса, онда солар оңбағандар болады. Олай болса, Алла мен Оның елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) орнатқан нәрсе жайлы айтудың не қажеті бар?! Мұслман адамның кәпірге ұқсауы – ең жаман күнәнің бірі. Мұсылман адам не нәрседе болмасын: құлшылықта, дәстүрде болмасын кәпірлерге ұқсар болса, мұның барлығы дінге енген жаңалық және де құпталмайды. Алла Тағала олардың мейрамына ат салыспайтындарды және олардың жиынына қатыспайтындарды былай деп мақтаған: «Олар өтірікке айғақ болмайды…» [Фурқан сүресі 25/72 аят]

Мүджәһид, әд-Даххақ, әр-Раби ибн Анас былай деген: «Бұл көпқұдайшылардың мерекесі». 
Ибн Сирин былай деген: «Бұл пасха алдындағы демалыс күні».

Жоғарыда Алла елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) сөздерін келтірдік: «Көпқұдайшыларға ұқсамаңдар…» — және де «Кімде кім әлдекімге ұқсар болса, солардан».

Алдыңғы буын адамдарының кезінде кәпірлерге ілесіп, соларға ұқсап жүрген мұсылман болған жоқ. Шынайы мұсылман адам, ізгілердің жолымен, Пайғамбарлар мырзасы болған Алла елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) жолына ере, Алла кімге игілік берген болса, соған ілесіп жүреді: пайғамбарларға, шыншылдарға, шахидтерге және ізгілерге, Алла тағала Мейірімімен бізді де солардың қатарына жазсын. Кәпірлерге ұқсататын надандықтың ластығына, Алланы ұмытқан ғалымдарға және олардың берген рұқсатына назар аударудың қажеті жоқ.

Фудайл ибн Иәд былай деген: «Ақиқат жолына ер, ол жолмен жүрушілер аз болса да және ол жолда көпшілік мерт болып жатса да, адасуға алып кетуші жолдан сақтан».

Я, Аллам, Өзіңнің Рақымыңмен, Жомарттығыңмен бізді тура жолдағылардан қыл, Пайғамбардың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) хадисіне ерушілерден ет және де бізді құрдымға кетушілерден әрі надандардың жолымен жүрушілерден қыла көрме.

[Дерекнама: әс-Суюти, “Әмру бил иттиба уә нахиу ән ибтида”, 67-69 б.]

Дерекнама: darulfikr.ru