Пәтуәлар

Жалтақтаудың зияндығы жайында



Мұхаммед Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтады: 
«Кімде-кім, сахарада өмір сүрген болса — қатыгез болады, ал кімде-кім жабайы құсты аңдыған болса — бейқамдық білдірген болады. Ал басшы есігінің алдына келгені, арбауға ұшырағаны. Әлдебіреу басшыға қаншалықты жақындаған сайын — Алладан соншалық алыстайды». 
[Ахмад Ибн Ханбал жеткізді 2/371, 440; Ибн ‘Әди 1/318.] 

Ибрахим ибн Адхам (оған Алланың рақымы болсын) айтқан: 
«Қай басшы әділ болып табылмаса, ол және ұры — бірдей. Қай ғұлама тақуалы болмаса, ол және қасқыр — бірдей. Және кімде-кім Алладан басқа өзгеге бас ұрса, ол және ит — бірдей». 
[Қараңыз: «әс-Сияр» 7/394, «әл-Бидая уә-н-нихая» 10/142.] 

Имам Ибн Қъудама (оған Алланың рақымы болсын): 
«Мәңгі өмірге ұмтылған ғұламалар сипаттарының бірі — басшыларға жоламау және олармен қарым-қатынас құрудан қашу. Хузейфа оған Алла разы болсын, айтқан: “Арбауға ұшырайтын жерлерден сақтаныңдар”. Одан: “Ол қандай жерлер?”- деп сұрады. Оның жауабы: “Басшылардың есік алды. Сендердің біреулерің басшыға келіп, оны жалғанға куәләндіріп, болмағанды айтуларың мүмкін”. 
[Қараңыз: «Мухтасар Минхадж әл-қасидин» 25.] 

Әл-Мәррузи (оған Алланың рақымы болсын) жеткізді, бірде Исхақ ибн Ханбал былай деп айтады, Әхмәдтан басшыларға кіру жайында, оның рұқсат етілгеніне Исхақ ибн Рахауәйханың әрекетіне сүйене отырып сұрады. Имам Ахмад бұған былай деп жауап қайтарған: «Мен оның әрекетіне разы болмай тұрғанда, сен маған Исхақтың әрекетін келтірмекшісің бе?!» 
[Қараңыз: «Табақат әл-Ханабил» 1/299.] 

Имам Ибн Муфлиқ (оған Алланың рақымы болсын) былай деп айтқан: 
«Имам Ахмад ешқашан халифалардың, басшылар және әмірлердің алдына барып көрген емес. Ол тіпті оларға жазуға да рұқсат етпеді, әсіресе өзінің жақтастарына қатаң түрде тыйым салатын, бұл жайында одан бір топ адам жеткізді. Және оның бұл туралы сөздері белгілі. Муханнә айтқан: “Мен Ахмәдтан, Ибрахим ибн әл-Харауи туралы сұрадым”, және ол: “Лас адам”- деп, жауап берді. Мен: “Сөздеріңіздің себебі не?!”- деп, сұрадым. Ол айтты: “Кім басшылармен және қазылармен араласса, онда ол лас адам болып табылады”. Және бұл пікір, сәләф-солих жамағаттарының арасында болатын. Олардың осы жайындағы сөздері белгілі болып табылады, және олардың арасында Сувейд ибн Ғъафаля, Тавус, ән-Наха’и, Әбу Хазим әл-Арадж, әс-Саури, әл-Фудайль ибн ‘Ийяд, Ибн әл-Мүбәрак, Дауд әт-Таи, Абдуллах ибн Идрис, Бишр ибн әл-Харис әл-Хафи және т.б.». 
[Қараңыз: «әл-Адаб әш-Шар’ия» 3/458.] 

Хафиз Ибн Әбдул Барр (оған Алланың рақымы болсын) мұсылман басшыларына кіруге рұқсат ететін және тыйым салған хадистерді жинақтай отырып, былай деп айтқан:«Басшыларға кіруге тыйым салатын хадистерде — әділетсіз және бұзық басшылар жайында айтылып тұр. Ал әділ басшыларға келетін болсақ, онда оларға игі істерде және оларға игі істерде көмек беру, бұл амалдардың жақсысы болып табылады. Сен білмеп пе едің, Омар ибн Әбдул-Әзизді, ең жақсы ғұламалар қоршап жүретінін!» 
[Қараңыз: «Жәмиул-баянул Ильм» 1/227] 

Ибн әл-Жәузи (оған Алланың рақымы болсын) айтады: 
«Ібліс фақиһтерді арбап, оларды адастыру себебінің бірі болып табылатыны: басшылардың айналасынан шықпай, жалпақтап, олардың теріс істерін жазғырмауы. Және былай да болуы мүмкін, фақиһтер — осы пендешілік өмірде, өздеріне пайдалы дүние алып қалулары үшін, басшыға тыйым салынған нәрсеге рұқсат беруі. 

Осы себепке қатысты, үш түрлі қасірет бар: 
•Біріншісі, басшы былай деп айтады: “Егерде мен бір нәрсе дұрыс емес жасасам, онда фақиһ маған қатемді айтар еді. Және қалайша менікі қате болады, егер ол менен ризығы мен дүние-мүлкін алып отырса?” 
• Екіншісі, қарапайым халық айтуы мүмкін: “Бұл басшыда, билігінде және істерінде ешқандай қателік жоқ, өйткені пәленше деген фақиһ оның қасынан шықпайды.” 
• Үшіншісі, фақиһтің өзі, өзінің дінін жарамсыздыққа алып келеді. 

Осылайша басшыларға кіру, өзімен бірге үлкен жамандық алып келеді, сондай-ақ, бастапқыда оның ниеті дұрыс болса да, алайда кейін, олардың құрметтеуі мен олардың мейірбандық көрсетуінен және оларға сыпайлық танытудың себебінен, оның ниеті өзгереді. Содан соң, оларға жасаған жағымпаздығынан кейін, ол өзін ұстай алмай, оларға қатысты жазғыруды қалдырады. 

Суфьян әс-Саури былай деп айтқан: “Басшылар мені кемістеді деп қауіптенбеймін, керсінше олардың маған деген жасаған құрметінен қауіптенемін”.

Дереккөз: al-fatava.com
Аударған: darulahnaf.com