Пәтуәлар

Қабірді айналып жүруге қатысты Шариғат шешімі


Әлемдердің Раббысы Алла Тағалаға сансыз мадақтар, Оның елшісіне, сахабаларына, отбасына және де Қияметке дейін оған ергендерге сансыз сәлемдер болсын! Қабірді айналу (тәуәп) – мұсылмандар арасында кең таралған адасушылықтың бірі. Бір шеті, қабірді тәуәп етушілерді кәпір деп артықшылыққа салынатын адамдар да бар.


Егер адам жаратылысты тәуәп ететін болса, ол көпқұдайшылыққа ұрынбайды, егер оның осы амалында Алладан басқа біреуге табыну және де өзге біреуден жәрдем сұрау ниеті жатқан болса, басқаша. Пайғамбардың немесе әулиенің қабірін құлшылық ету ниетімен тәуап еткен адам Аллаға серік қосушы және де адасқан адам болып саналады. Ал егер кімде кім пайғамбардың не әулиенің қабірін Аллаға құлшылық ету мақсатында тәуап етер болса және де оларға Құдайылық қасиет бермейтін болса, ол адам дінге жаңалық енгізуші болып табылады, яғни бидғатшы, және де күнә жасаған болады, себебі, тәуап тек Қағбаға жасалады. Кімде кім Қағбаға тәуап еткендей тәуап жасар болса, әрі оған дәлелі болмаса, ол дінге жаңалық енгізген болады, себебі шариғатта бұған дәлел жоқ. Одан әрі қарай біз төрт мәзхабтың ғалымдарының осы мәселедегі көзқарастарын келтіреміз. 

Ханафилік ғалымдардың көзқарастары

Имам Абдулазиз әд-Дахләуий әл-Ханафий өзінің «әл-Фатауал Әзизийә» еңбегінде былай депжазады:

جاء في «الفتاوى العزيزية» للإمام عبد العزيز الدهلوي الحنفي ما نصه
السؤال : هل يُكفر من يطوف بالقبور أم لا ؟
الجواب
 : إن الطواف بقبور الصلحاء والأولياء بدعة بلا شبهة , لأنه لم يكن في الزمان السابق , إلا أنه اختلف فيه هل هو حرام أم مباح؟ فذكر البعض في كتب الفقه أنه مباح , والحق أنه لا يباح ؛ لأنه يلزم فيه مشابهة الكفّار فإنهم يطوفون بالأصنام , وأيضاً إن الطواف لم يعهد في الشرع إلا للكعبة , فتشبيه قبر صالح بها غير مستحسن , لكن القول بكفر من يعمله وإخراجه من دائرة الإسلام شنيع وقبيح جداً , وكذلك التكفير في حق المكفر قبيح جداً , فقط).

Сұрақ: Қабірді айналып жүру күпірлікке апарады ма, жоқ па?

Жауап: Ізгілердің және Аллаға жақын әулелердің қабірлерін айналып жүру сөзсіз дінге енген жаңалық болады (яғни бидғат), себебі бұрынғы кезде ондай ешнәрсе болмаған. Көзқарас бұл амалдың рұқсат етілген, етілмегендігінде жатыр. Кейбіреулер фиқһ кітаптарында бұл амалдың рұқсаттығын айтады, алайда, негізінде, олай емес, себебі, бұл амал кәпірлердің амалына ұқсайды, өйткені олар өздерінің пұттарын айналып жүреді. Және де тәуап ету тек Қағбаға рұқсат етіледі, ал әулиенің қабіріне тәуап ету дұрыс емес. Күпірлік сөзіне келер болсақ, осы амалды жасаушы адам және оны Ислам аясынан шықты деуі барып тұрған надандық, ал өзге біреуді күпірлікке түсті деп шешім шығару одан да жаман.

Мәликилердің көзқарасы

Ибн Хаж өзінің «Әл-Мадхал» еңбегінде былай деген:

قال ابن الحاج المدخل
فترى من لا علم عنده يطوف بالقبر الشريف كما يطوف بالكعبة, ويتمسح به ويقبله, ويلقون عليه مناديلهم وثيابهم يقصدون به التبرك ، وذلك كله من البدع.

Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) қабірін Қағбаны тәуап етіп жүргендей тәуап етіп жүрген білімсіз адамды көрдің. Ол оны сипап, сүйіп, орамалын және киімін байлап, осы амалымен берекет тапқысы келуде. Мұның барлығы дінге енген жаңалық (бидғат).
[Дерекнама: Ибн Әл Хадж «Әл Мадхаль» 1/263. Дарут Турас.]

Шафиғилердің көзқарасы

Шейхул Ислам имам ән-Нәуәуи өзінің әйгілі еңбегі «Әл Мажмуде» былай деген:

ولا يجوز أن يطاف بقبره صلى الله عليه وسلم، ويكره إلصاق الظهر والبطن بجدار القبر. قاله أبو عبد الله الحليمي وغيره، قالوا: ويكره مسحه باليد وتقبيله، بل الأدب أن يبعد منه كما كان يبعد منه لو حضره في حياته، هذاهو الصواب الذي قاله العلماء وأطبقوا عليه، ولا يغتر بكثرة مخالفة كثيرين من العوام وفعلهم ذلك، فإن الاقتداء والعمل إنما يكون بالأحاديث الصحيحة وأقوال العلماء، ولا يلتفت إلى محدثات العوام وغيرهم وجهالاتهم

Әбу Абдулла әл-Хулейми және өзгелер айтқандай, Пайғамбардың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) қабірінің айналасында тәуап етуге болмайды және де қабірге ішпен, арқамен сүйенуге де болмайды. Және де олар қабірді қолымен сипап, сүюге болмайды, керісінше Пайғабарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) көзі тірісінде олай етуден сақтанғандай, сақтануы тиіс деген. Ғалымдардың бұл шешімі дұрыс. Қарапайым адамдар пайғамбардың амалына қайшы келетін әрекетке алданып қалудан сақ болуы керек. Шындығында, соңына ілесу мен амал ету сенімді хадистер мен ғалымдардың көзқарасына негізделеді. Дінге қарапайым адамдар енгізген жаңалықтарға және олардың надандықтарына мойын бұрудың қажеті жоқ.

Ибн Жамаа «әл-Масаикте» былай деген:

وليحذر مما يفعله جهلة العوام من الطواف بقبره صلى الله عليه و سلم فإن ذلك من المنكرات

«Пайғамбардың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) қабірін тәуап етіп жүрген надан адамдардың амалдарынан аулақ бол. Бұл тиым салынған амал.

Имам Әбу Шама Әл Мақдиси «Әл Баис Ъалә Инкари әл Бидаи уәл Хауадис» атты еңбегіндебылай деген:

 : وقال الإمام أبو شامة المقدسي في الباعث في إنكار البدع والحوادث
قال ابن الصلاح: (( ولا يجوز أن يطاف بالقبر، وحكى الإمام الحليمي عن بعض أهل العلم: أنه نهى عن إلصاق البطن والظهر بجدار القبر ومسحه باليد، وذكر أن ذلك من البدع , قال: وما قاله شبيه بالحق ))

Ибн Саләх былай деді: «Қабірге тәуап жасалмайды, және де имам әл-Хуләйми бірнеше білім иелерінен былай деп жеткізеді, сол ғалымдардың бірі ішпен, арқамен қабірді сүртуден тыйған және де ол амалдың дінге енген жаңалық (бидғат) екенін айтқанын айтып, былай деген: «Оның айтқандары ақиқат».

Ханбалилердің көзқарасы

Әл-Бухути «Кәшф әл- Къинада» былай деген:

قال البهوتي في كشاف القناع
(وَيُكْرَهُ الْمَبِيتُ عِنْدَهُ) أَيْ الْقَبْرِ (وَتَجْصِيصُهُ وَتَزْوِيقُهُ، وَتَخْلِيقُهُ وَتَقْبِيلُهُ وَالطَّوَافُ بِهِ وَتَبْخِيرُهُ وَكِتَابَةُ الرِّقَاعِ إلَيْهِ،). (وَدَسِّهَا فِي الْأَنْقَابِ وَالِاسْتِشْفَاءُ بِالتُّرْبَةِ مِنْ الْأَسْقَامِ) لِأَنَّ ذَلِكَ كُلَّهُ مِنْ الْبِدَعِ

Қабірге түнеуге тиым салынған, оны әсемдеуге, иіс су себуге, сүюге, оған жазу жазуға, айналып жүруге, тесігіне бір нәрсе салуға, сол жердің топырағынан шипа іздеуге тиым салынады, себебі бұл амалдың барлығы дінде жоқ.

Жаратушы Алладан біздің амалымызды қабыл етуін, амал дәптерімізге сауаптан жазуын және де пайғамбарлар мен тақуалар мырзасы әрі имамы болған Мұхаммедтің (оған Аланың игілігі мен сәлемі болсын) жолымен жүруді нәсіп етуін сұраймыз. Сөз соңында, Аллаға тағыда сансыз мадақ айтқымыз келеді.

Дерекнама: Darulfikr.ru