Пәтуәлар

Бақара сүресінің 2/255-аят тәпсірі


Аса Қамқор, ерекше Мейірімді Алланың атымен.
بسم الله الرحمن الرحيم 


Бақара сүресінің 2/255-аят тәпсірі
 وَهُوَ ٱلْعَلِىُّ
          «Әрі Ол – аса Жоғары “әл-`Алий”, өте Ұлы “әл-`Азийм”».      
Имам Әбу Джағфар әт-Табари (224–310 һ.ж./839–923 м.ж.), оған Алланың рақымы болсын, Алла Тағаланың «Әрі Ол – аса Жоғары “әл-`Алий”, өте Ұлы “әл-`Азийм”» сөзіне былай деп пікір айтады:
 
وأما تأويـل قوله: { وَهُوَ ٱلْعَلِىُّ فإنه يعنـيوالله العلـيّوالعلِـيّالفعيـل من قولك علا يعلو علوًّاإذا ارتفع، فهو عالٍ وعلـيّ، والعلـيّذو العلوّ والارتفـاع علـى خـلقه بقدرته.
واختلف أهل البحث فـي معنى قوله: { وَهُوَ ٱلْعَلِىُّ فقال بعضهميعنـي بذلك؛ وهو العلـيّ عن النظير والأشبـاه.
وأنكروا أن يكون معنى ذلكوهو العلـيّ الـمكان، وقالواغير جائز أن يخـلو منه مكان، ولا معنى لوصفه بعلوّ الـمكان؛ لأن ذلك وصفه بأنه فـي مكان دون مكان.
وقال آخرونمعنى ذلكوهو العلـيّ علـى خـلقه بـارتفـاع مكانه عن أماكن خـلقه، لأنه تعالـى ذكره فوق جميع خـلقه وخـلقه دونه، كما وصف به نفسه أنه علـى العرش، فهو عالٍ بذلك علـيهم


«Алла Тағаланың мына сөзін түсіндіретін болсақ: «Әрі Ол – аса Жоғары “әл-`Алий”». “Әл-`Алий” сөзі – “әл-Фа`иль” үлгісінен құралып, “`Алә” сөзі - «жоғары», “Я`лю” - «жоғарылау», “ `Улюууан” - «жоғары дәрежеге жету» - деген, мағынаны білдіреді және мұны жоғарылаған кезде қолданады. Аса Жоғары “әл-`Алий” - бұл жаратылыс атауларынан Өзінің күш-құдіретімен Жоғары болып иемденуін білдіреді.

Алла Тағаланың бұл сөзіне («Әрі Ол – аса Жоғары “әл-`Алий”») Ислам зерттеушілері әр-түрлі пікірде болған. Кейбіреулері: «Алланың мұндағы ескеруі, Ол өзіне (бір дәрежеде) теңі және ұқсастығы болуынан аса Жоғары» деп ой білдірген. Және ғалымдар бұны: «Ол өзінің орнымен жоғары», деген мағынада алудан қайтарып былай деген: «Қандай орын болса да, Одан (Алладан) бос қалуы мүмкін емес және Оны (Алланы) орнымен жоғары деп сипаттау қисынсыз болып табылады, ал олай деу, Алланы барлық жерде емес, тек бір жерде деп шектеу».
Ал басқалары: «Бұл аяттың мағынасы, ол өзінің аса Жоғарылығымен- бүкіл жаратылыс атаулыдан жоғары, ал орны - жарталылғандардың орнынан жоғары. Ол (Алла) Өзін `Аршта деп сипаттағандай. Және Ол (Алла) олардан сонысымен аса Жоғары».
[Дереккөз: Ибн Джарир әт-Табари, «Джами` әл-байан фи та`уил әл-Қур`ан», 5/405-406 бет.] 

Имам Әбу Абдиллях әл-Қуртуби әл-Мәлики (600-671 һ.ж./1204-1274 м.ж.), оған Алланың рақымы болсын, аятқа қатысты былай деп пікір айтқан: 

و الْعَلِيّ يُرَاد بِهِ عُلُوّ الْقَدْر وَالْمَنْزِلَة لَا عُلُوّ الْمَكَان لِأَنَّ اللَّه مُنَزَّه عَنْ التَّحَيُّز وَحَكَى الطَّبَرِيّ عَنْ قَوْم أَنَّهُمْ قَالُوا هُوَ الْعَلِيّ عَنْ خَلْقه بِارْتِفَاعِ مَكَانه عَنْ أَمَاكِن خَلْقه قَالَ اِبْن عَطِيَّة وَهَذَا قَوْل جَهَلَةٍ مُجَسِّمِينَ وَكَانَ الْوَجْه أَلَّا يُحْكَى... وَالْعَلِيّ وَالْعَالِي الْقَاهِر الْغَالِب لِلْأَشْيَاءِ تَقُول الْعَرَب عَلَا فُلَان فُلَانًا أَيْ غَلَبَهُ وَقَهَرَهُ قَالَ الشَّاعِر فَلَمَّا عَلَوْنَا وَاسْتَوَيْنَا عَلَيْهِمْ تَرَكْنَاهُمْ صَرْعَى لِنَسْرٍ وَكَاسِر وَمِنْهُ قَوْله تَعَالَى : " إِنَّ فِرْعَوْن عَلَا فِي الْأَرْض الْقَصَص : 4 


««Әрі Ол – аса Жоғары “әл-`Алий”» – бұл жердегі негізгі мағына, тікелей аудармадағы “ең жоғарғы нүктеде” болуы емес, керсінше Алланың – дәрежесімен және деңгейімен жоғары болуы! Өйткені Алла Тағала кеңістікте қандай да бір орын алудан аса Пәк. Имам әт-Табари, оған Алланың рақымы болсын, бір топ адамдардың былай деп айтқанын риуаят етеді: “Ол өзінің қандай да бір жаратылыстарынан жоғары, Оның орны олардың (жаратылыстың) орнынан жоғары”. Бұл сөздерге қатысты Ибн `Атийя,оған Алланың рақымы болсын, былай деп айтады: «Бұлай тек надан муджассималар (яғни, Құдайға адам кейпін беретіндер) айтады және бұл сөздерді (осыған ұқсас сөздерді) риуаят етпеуге және айтпауға (нақты) негіз бар». Ол Алла аса Жоғары – бағындырушы, барлығын жеңуші. Арабтарда мындай сөз бар: “Пәленше біреуден жоғарылады”, яғни, оны жеңді және бағындырды. Бір ақын: “Және біз олардан жоғарылаған кезде, оларды тау қыраны мен жыртқыштарға душар болуға қалдырдық ”. Сондай-ақ, Алла Тағаланың: «Расында Перғауын жерде “`Алә” жоғарылады», [Қасас 28/4 аят]».
[Дереккөз: Имам әл-Қуртуби, «Әл-Джамили Ахкам әл-Қур`ан», 2/255.] 

Имам Абул-Қасим әт-Табарани (260-360 һ.ж./873-971 м.ж.), оған Алланың рақымы болсын, өзінің тәпсір жазбасында, Алла Тағаланың: «Әрі Ол – аса Жоғары “әл-`Алий”» сөзіне, былай деп пікір жазады: 

أيِ الْعَلِيُّ عن الأشباهِ والأمثالِ وصفات الْمُحْدَثِيْنَ 


«Яғни, аз ғана болсын, толықтай болсын (жаратылыстарға тән) ұқсастықтары және жаратылыс сипаттары болудан аса Жоғары».
[Дереккөз: Имам әт-Табарани, «Тафсир әл-Кәбир».] 

Имам Әбу Исхақ әс-Сә`ляби (д.ө.ж. 427 һ.ж./1035 м.ж.), оған Алланың рақымы болсын, төмендегі аятқа қатысты былай деп пікір айтқан:

وَهُوَ ٱلْعَلِيُّ الرفيع فوق خلقه في التدبير والقوّة والقدرة لا بالمسافة والمكان والجهة 


««Әрі Ол – аса Жоғары “әл-`Алий”» – Өзінің жаратылыстарынан кеңістіктегі орынмен және бағытымен емес, керісінше – күшімен, құдіреттілігімен және басқаруымен аса Жоғары!».
[Дереккөз: Әбу Исхақ әс-Сә`ляби, «Әл-Кашфу уәл Баян фи Тафсирил Қур`ан», 2/234.] 

Ханафи мәзхабының көрнекті имамы Әбу Мансұр әл-Матуриди (д.ө.ж. 333 һ.ж./944 м.ж.), оған Алланың рақымы болсын, былай деп айтады: 

ٱلْعَلِيُّ عن كل موهوم يحتاج إلى عرش أو كرسي 


««Әрі Ол – аса Жоғары “әл-`Алий”» – `Аршпен және Күрсиге зәру болған нәрсенің барлығынан (Жоғары)».
[Дереккөз: Әбу Мансұр әл-Матуриди, «Та`уилят Әһли Сунна», 2/238.] 

Имам Абуль-Хасан әл-Уәхиди әш-Шаф`иғи (д.ө.ж. 468 һ.ж./1076 м.ж.), оған Алланың рақымы болсын, былай деп айтады: 

وهو العليُّ بالقدرة ونفوذ السُّلطان عن الأشباه والأمثال 


««Әрі Ол – аса Жоғары “әл-`Алий”» – Өзінің құдіреттілігімен және билігімен ұқсастығы не теңі болудан (аса Жоғары)».
[Дереккөз: Имам Абуль-Хасан әл-Уәхиди, «Тафсир әл-Уәджиз», 1/182.] 

Ханбали мәзхабының муфассирі (тәпсіршісі), имам Муджйруддин әл-Уляйми әл-Мақдиси (860-928 һ.ж./1456-1522 м.ж.), оған Алланың рақымы болсын, мына аятқа қатысты былай деп айтады: 

وَهُوَ الْعلي المتعالي عن الأشباه والأنداد 


««Әрі Ол – аса Жоғары “әл-`Алий”» – ұқсастықтан және әлдебіреумен тең (дәрежеде) болудан аса Жоғары».
[Дереккөз: имам Муджйруддин әл-Уляйми әл-Мақдиси «Фатху р-Рахман фи тафсир әл-Қур`ан», 1/365.] 

Имам Әбу Музаффар әс-Сам`ани әш-Шафи`ғи (426-489 һ.ж./1035-1096 м.ж.), оған Алланың рақымы болсын, аятқа қатысты былай деп пікір айтады:

يَعْنِي بالعلىالمتعالي عَن الْأَشْيَاء والأندادوَقيلالعلى بِالْملكِ والسلطنة 


«Яғни: Өзіне әлдебіреудің тең (дәрежеде) болуынан және (әр-түрлі құбылыс) денелерден аса Жоғары. Және: билігімен, басқаруымен аса Жоғары».
[Дереккөз: әс-Сам`ани әш-Шафи`ғи «Тафсир әс-Сам`ани», 1/259.] 

Имам Изуддин ибн Абдуссалям әш-Шафи`ғи (577-660 һ.ж./1181-1262 м.ж.), оған Алланың рақымы болсын, аятқа қатысты былай деп пікір айтады: 

الْعَلِىُّ بالاقتدار، ونفوذ السلطان، أو العليعن الأشباه والأمثال 


««Әрі Ол – аса Жоғары “әл-`Алий”» – құдіреттілігімен және билігімен- ұқсастықтығы және бір нәрсемен іспеттес болуынан аса Жоғары».
[Дереккөз: Имам Изуддин ибн Абдуссалям әш-Шафи`ғи, «Тафсир әл-Қур`ан», 1/237.] 

Имам Шихабуддин Махмуд әл-Алюси әл-Ханафи (1217-1270 һ.ж./1802-1854 м.ж.), , оған Алланың рақымы болсын, былай деп айтқан: 

وَهُوَ ٱلْعَلِىُّ أي المتعالي عن الأشباه والأنداد والأمثالوالأضداد وعن أمارات النقص ودلالات الحدوث، وقيلهو من العلو الذي هو بمعنى القدرة والسلطان والملك وعلو الشأن والقهر والاعتلاء والجلال والكبرياء 


««Әрі Ол – аса Жоғары “әл-`Алий”» – яғни, ұқсастығынан, біреумен тең болудан, қарсыластарынан және (бір нәрсені) жаратуда кемшілік белгілерінен Пәк және аса Жоғары. Сондай-ақ, бұл жердегі аса Жоғарылықтың мағынасы – құдіреттілік, билік және ұлықтығы мен мақтанышы».
[Дереккөз: Имам Шихабуддин Махмуд әл-Алюси әл-Ханафи, «Рухул-Ма`ани», 2/12.] 

Имам Ахмад ибн `Аджибат әл-Хасани әл-Фаси (1160-1224 һ.ж./1747-1809 м.ж.), оған Алланың рақымы болсын, былай деп айтады:

وهو العلي أيالمتعالي عن الأشباه والأنداد


««Әрі Ол – аса Жоғары “әл-`Алий”» – яғни, ұқсасы болудан және біреумен тең болудан аса Жоғары».
[Дереккөз: Имам Ахмад ибн `Аджибат әл-Хасани әл-Фаси, «Әл-Бахрул мадид фи тафсир әл-Қур`ан әл-мәджид», 1/287.] 

Имам әл-Махалли және әс-Суютидің, оларға Алланың рақымы болсын, «Әл-Джалаләйн» тәпсір кітабында, былай деп айтады: 

وَهُوَ ٱلْعَلِىُّ فوق خلقه بالقهر


««Әрі Ол – аса Жоғары “әл-`Алий”» – Ол Өзінің жаратылыстарынан басқаруымен аса Жоғары».
[Дереккөз: имам әс-Суюти, «Әл-Джалаләйн», 56.] 

Имам Әбу Мұхаммед әл-Бағ`ауи әш-Шафи`ғи (436–510 һ.ж./1044–1117 м.ж.), оған Алланың рақымы болсын, былай деп айтады: 

وَهُوَ الْعَلِيُّ الرَّفِيعُ فَوْقَ خَلْقِهِ وَالْمُتَعَالِي عَنِ الْأَشْيَاءِ وَالْأَنْدَادِ، وَقِيلَ الْعَلِيُّ بِالْمُلْكِ وَالسَّلْطَن 


««Әрі Ол – аса Жоғары “әл-`Алий”» – Өзінің жаратылыстарынан және біреумен тең болудан аса Жоғары. Тағы былай деп те айтылады: «билігімен және басқарумен аса Жоғары».
[Дереккөз: имам әл-Бағ`ауи әш-Шафи`ғи, «Тафсир әл-Бағ`ауи», 1/313.] 

Имам әл-Хатыб әш-Ширбини әш-Шаф`иғи (д.ө.ж. 977 һ.ж./1570 м.ж.), оған Алланың рақымы болсын, өзінің тәпсір кітабында былай деп айтқан: 

وهو العليّ أيالرفيع فوق خلقه المتعالي عن الأشباه والأنداد 


««Әрі Ол – аса Жоғары “әл-`Алий”» – Өзінің жаратылыстарына ұқсас болудан және тең (дәрежеде) болудан аса Жоғары».
[Дереккөз: Имам әл-Хатыб әш-Ширбини әш-Шаф`иғи, «әс-Сирадж әл-Мунир», 1/169.] 

Имам Макки ибн Әби Талиб әл-Қайрауани әл-Мәлики (355-437 һ.ж./966-1045 м.ж.), оған Алланың рақымы болсын, өзінің тәпсір кітабында былай деп айтқан: 

وَهُوَ العلي أي ذو الارتفاع عن شبه خلقه بقدرته 



««Әрі Ол – аса Жоғары “әл-`Алий”» – яғни, Өзінің күш-құдіреті арқылы жаратылыстарына ұқасаудан аса Жоғары».
[Дерекнама: Имам әл-Қайрауани әл-Мәлики, «Әл-Хидая илә Булюғи Нихаят», 1/850.] 

Имам Ибн Ат`ийя әл-Андалуси әл-Мәлики (481-542 һ.ж./1088-1148 м.ж.), оған Алланың рақымы болсын, тәпсір кітабында былай деп айтқан: 

العلييراد به علو القدر والمنزلة لا علو المكان، لأن الله منزه عن التحيز، وحكى الطبري عن قوم أنهم قالواهو العلي عن خلقه بارتفاع مكانه عن أماكن خلقهوهذا قول جهلة مجسمين، وكان الوجه أن لا يحكى وكذا 

««Әрі Ол – аса Жоғары “әл-`Алий”» – яғни, Алла Тағала орнымен жоғары емес керсінше, құдіреттілігімен және дәрежесімен жоғары, өйткені Ол (қандай да бір) кеңістікте болудан аса Пәк. Имам әт-Табариден , оған Алланың рақымы болсын, бір топ адамның: «Ол жаратылыстардан Өзінің орнымен жоғары» дегенін жеткізеді. Бұлай тек қана надан муджассималар (яғни, Құдайға адам кейпін беретіндер) айтады, және бұл сөздерді риуаят етпеуге және айтпауға (анық) негіз бар».
[Дереккөз: Имам Ибн Ат`ийя әл-Андалуси әл-Мәлики, «Әл-Мухарра әл-Уәджиз уи Тәфсир әл-Китәб әл-Әзиз», 1/342.] 

Имам Хафизуддин ән-Насафи (д.ө.ж. 710 һ.ж./1310 м.ж.), оған Алланың рақымы болсын, тәпсір кітабында былай деп айтқан:

وَهُوَ ٱلْعَلِىُّ في ملكه وسلطانه 


««Әрі Ол – аса Жоғары “әл-`Алий”» – яғни, билігімен және басқаруымен аса Жоғары».
[Дереккөз: Имам ән-Насафи, «Мадарик әт-Танзил уә хақаику-т-Та`уил», 1/210.] 

Имам Әбу Зейд әс-Са`ляби (786-876 һ.ж./1384-1471 м.ж.), оған Алланың рақымы болсын, тәпсір кітабында былай деп айтқан:

و ٱلْعَلِىُّ }: يراد به عُلُوُّ القَدْر، والمنزلةِ، لا عُلُوُّ المكانِ؛ لأن اللَّه سبحانه منزَّه عن التَّحَيُّز 


««Әрі Ол – аса Жоғары “әл-`Алий”» – бұл жердегі меңзеп тұрған мағынасы, орын жоғарылығымен емес, керсінше, құдіреттілігімен және дәрежесімен аса Жоғары! Өйткені Алла Тағала – (қандай да бір) кеңістікте болудан аса Пәк».
[Дереккөз: Имам Имам Әбу Зейд әс-Са`ляби, «Тәфсир әл-джауахири хассан фи тәфсирил Қур`ан», 1/502.] 

Имам Ахмад әс-Сауи әл-Мәлики (1175-1241 һ.ж./1761-1825 м.ж.), оған Алланың рақымы болсын, былай деп айтады:
 
وَهُوَ ٱلْعَلِيُّ أي المنزه عن صفات الحوادث 

««Әрі Ол – аса Жоғары “әл-`Алий”» – яғни, жаратылыс сипаттарынан аса Пәк».
[Дереккөз: Имам Ахмад әс-Сауи әл-Мәлики, «Хашият әля тәфсир әл-Джалалайн».] 

Муфассир Исмаил Хакки әл-Истанбули әл-Ханафи (1127 һ.ж./1715 м.ж.), оған Алланың рақымы болсын, тәпсір кітабында былай деп айтқан

وهو العلى اى المتعالى بذاته عن الاشباه والانداد 


««Әрі Ол – аса Жоғары “әл-`Алий”» – яғни, Ол Өзінің Болмысыменен ұқсас болудан және біреумен тең (дәрежеде) болудан аса Жоғары».
[Дереккөз: Муфассир Исмаил Хакки әл-Ханафи, «Рухул-Баян», 1/405.] 

Муфассир әл-Хазин (678-741 һ.ж./1280-1341 м.ж.), оған Алланың рақымы болсын, өзінің тәпсір кітабында былай деп айтқан: 
وهو العلي أي الرفيع فوق خلقه الذي ليس فوقه شيء فيما يجب له أن يوصف به من معاني الجلال والكمال فهو العلي بالإطلاق المتعالي عن الأشباه والأنداد والأضداد وقيل العلي بالملك والسلطنة والقهر فلا أعلى منه أحد وقيل معنى العلو في صفة الله تعالى منقول إلى اقتداره وقهره واستحقاق صفات المدح جميعها على كل وجه وقيل معناه أنه يعلو أن يحيط به وصف الواصفين 

««Әрі Ол – аса Жоғары “әл-`Алий”» – яғни, Ол (Алла) Өзінің жаратылыстарынан аса Жоғары, Одан жоғары еш нәрсе жоқ (яғни, сипаттық жағынан). Оған (Аллаға) қатысты міндеттер, қадір қасиеттілігімен және кемелдікпен сипаттау, Ол жалпы аса Жоғары және аса Жоғары ұқсастықтан, тең болудан, қарама-қайшылықтан. Сондай-ақ: Алла Тағаланың сипаттарындағы Жоғарылық мағынасы Оның күші мен бағындыруына қатысты жəне барлық сипаттарын кез-келген жағынан мадақтауға лайықты. Жəне былай айтылды: оның мағынасы – Ол (Алла) сипаттаушылардың сипаттаулары Оған (Аллаға) тиесілі болудан аса Жоғары.
[Дереккөз: Әл-Хазин, «Тәфсир әл-Любаб әт-Та`уил фи Ма`ани әт-Танзил», 1/188.] 

Ханбали мәзхабының муфассиры, имам Әбу Хафс Ибн Адил әд-Димашки әл-Ханбали (д.ө.ж. 880 һ.ж./1475 м.ж.), оған Алланың рақымы болсын, өзінің тәпсір кітабында былай деп айтқан: 

والمراد بالعلو علو القدر والمنزلة لا علو المكان لأن الله سبحانه وتعالى منزه عن التحيز والعلي والعالي القاهر الغالب للأشياء تقول العربعلا فلان فلاناً أي غلبه وقهره؛
وقال تعالىإِنَّ فِرْعَوْنَ عَلاَ فِي ٱلأَرْضِ 


«Жоғарылық (сөзінің) мағынасы орнымен жоғары болуы емес, керсінше құдіреттілігімен және дәрежесімен жоғарылығы, өйткені Алла Субхана уә Тағала орын алудан аса Пәк. Жоғарылық – бұл мәжбүрлеуші және игеруші нәрсе. Арабтар айтады: «әлдекім пәленшені меңгерді, яғни оны жеңді». Алла Тағала айтады: «Расында, Перғауын жерде (عَلَا) зорекер/тәкаппар болды ... [Әл-Қасас 28/4 аят]».
[Дереккөз: Ибн Адил әд-Димашки әл-Ханбали, «Тафсир әл-Любаб», 3/249.] 

Қазіргі кездің Шафи`ғи мәзхабының ғалымы, шейх Уахба әз-Зухайли, өзінің тәпсір кітабында: 
وَهُوَ الْعَلِيُّ الْعَظِيمُ العليالمتعالي عن الأشباه والأنداد وهو فوق خلقه بالقهر 

««Әрі Ол – аса Жоғары “әл-`Алий”», ұқсастықтан және біреумен тең дәрежеде болудан аса Жоғары. Және Ол Өзінің жаратылыстарынан бағындыруымен аса Жоғары».

Тағы ол былай деп те айтқан: 

علو القدر والمنزلة، لا علو المكان لأن الله منزّه عن التحيّز في المكانوفسر بعضهم العليبأنه القاهر الغالب للأشياء 


«Алла Тағала орнымен емес керсінше, құдіреттілігімен және дәрежесімен аса Жоғары, өйткені Ол (бір) кеңістікте, орында болудан аса Пәк. Ал Кейбіреулер оны былай деп түсіндірді: «Әрі Ол (Алла) барлық нәрсені игеруші, жеңуші аса Жоғары».
[Дереккөз: Уахба әз-Зухайли, «Тәфсир әл-Мунир», 3/14-18.]

Дереккөз ittisoliyyah.livejournal.com