Пәтуәлар

Әли-Имран сүресі 3/7 аят тәпсірі


 بسم الله الرحمن الرحيم 

Әли-Имран сүресі 3/7 аят тәпсірі 
Ол Алла, саған Құран түсірді. Оның ашық мағыналы аяттары бар. Солар Кітаптың негізгі ірге тасы. Екінші ұқсас ұғымда аяттар бар. Ал жүректерінде қыңырлық болғандар, бұзақылық іздеп, ұқсас мағыналы аяттардың ұғымын іздестіріп соңына түседі. Оның ұғымын Алладан басқа ешкім білмейді. Сондай-ақ ғылымында озат болғандар: «Бұған сендік. Барлығы Раббымыздың қасынан» дейді. Бұны ақыл иелері ғана түсінеді.


Атақты муфассир ғұлама, имам Әбу Әбдуллах әл-Қуртуби (оған Алланың рақымы болсын) 600-671 һ.ж., Әли-Имран сүресі 3/7 аятының тәпсірінде:
«Ал жүректерінде қыңырлық болғандар, бұзақылық іздеп, ұқсас мағыналы аяттардың ұғымын іздестіріп соңына түседі».

 قَالَ شَيْخنَا أَبُو الْعَبَّاس رَحْمَة اللَّه عَلَيْهِ : مُتَّبِعُو الْمُتَشَابِه لَا يَخْلُو أَنْ يَتَّبِعُوهُ وَيَجْمَعُوهُ طَلَبًا لِلتَّشْكِيكِ فِي الْقُرْآن وَإِضْلَال الْعَوَامّ , كَمَا فَعَلَتْهُ الزَّنَادِقَة وَالْقَرَامِطَة الطَّاعِنُونَ فِي الْقُرْآن ; أَوْ طَلَبًا لِاعْتِقَادِ ظَوَاهِر الْمُتَشَابِه , كَمَا فَعَلَتْهُ الْمُجَسِّمَة الَّذِينَ جَمَعُوا مَا فِي الْكِتَاب وَالسُّنَّة مِمَّا ظَاهِره الْجِسْمِيَّة حَتَّى اِعْتَقَدُوا أَنَّ الْبَارِئ تَعَالَى جِسْم مُجَسَّم وَصُورَة مُصَوَّرَة ذَات وَجْه وَعَيْن وَيَد وَجَنْب وَرِجْل وَأُصْبُع , تَعَالَى اللَّه عَنْ ذَلِكَ ; أَوْ يَتَّبِعُوهُ عَلَى جِهَة إِبْدَاء تَأْوِيلَاتهَا وَإِيضَاح مَعَانِيهَا , أَوْ كَمَا فَعَلَ صَبِيغ حِينَ أَكْثَر عَلَى عُمَر فِيهِ السُّؤَال . فَهَذِهِ أَرْبَعَة أَقْسَام : [ الْأَوَّل ] لَا شَكَّ فِي كُفْرهمْ , وَإِنَّ حُكْم اللَّه فِيهِمْ الْقَتْل مِنْ غَيْر اِسْتِتَابَة . [ الثَّانِي ] الصَّحِيح الْقَوْل بِتَكْفِيرِهِمْ , إِذْ لَا فَرْق بَيْنهمْ وَبَيْنَ عُبَّاد الْأَصْنَام وَالصُّوَر , وَيُسْتَتَابُونَ فَإِنْ تَابُوا وَإِلَّا قُتِلُوا كَمَا يُفْعَل بِمَنْ اِرْتَدَّ . [ الثَّالِث ] اِخْتَلَفُوا فِي جَوَاز ذَلِكَ بِنَاء عَلَى الْخِلَاف فِي جَوَاز تَأْوِيلهَا . وَقَدْ عُرِفَ أَنَّ مَذْهَب السَّلَف تَرْك التَّعَرُّض لِتَأْوِيلِهَا مَعَ قَطْعهمْ بِاسْتِحَالَةِ ظَوَاهِرهَا , فَيَقُولُونَ أَمِّرُوهَا كَمَا جَاءَتْ . وَذَهَبَ بَعْضهمْ إِلَى إِبْدَاء تَأْوِيلَاتهَا وَحَمْلهَا عَلَى مَا يَصِحّ حَمْله فِي اللِّسَان عَلَيْهَا مِنْ غَيْر قَطْع بِتَعْيِينِ مُجْمَل مِنْهَا . [ الرَّابِع ] الْحُكْم فِيهِ الْأَدَب الْبَلِيغ , كَمَا فَعَلَهُ عُمَر بِصَبِيغٍ . وَقَالَ أَبُو بَكْر الْأَنْبَارِيّ : وَقَدْ كَانَ الْأَئِمَّة مِنْ السَّلَف يُعَاقِبُونَ مَنْ يَسْأَل عَنْ تَفْسِير الْحُرُوف الْمُشْكِلَات فِي الْقُرْآن , لِأَنَّ السَّائِل إِنْ كَانَ يَبْغِي بِسُؤَالِهِ تَخْلِيد الْبِدْعَة وَإِثَارَة الْفِتْنَة فَهُوَ حَقِيق بِالنَّكِيرِ وَأَعْظَم التَّعْزِير , وَإِنْ لَمْ يَكُنْ ذَلِكَ مَقْصِده فَقَدْ اِسْتَحَقَّ الْعَتْب بِمَا اِجْتَرَمَ مِنْ الذَّنْب , إِذْ أَوْجَدَ لِلْمُنَافِقِينَ الْمُلْحِدِينَ فِي ذَلِكَ الْوَقْت سَبِيلًا إِلَى أَنْ يَقْصِدُوا ضَعَفَة الْمُسْلِمِينَ بِالتَّشْكِيكِ وَالتَّضْلِيل فِي تَحْرِيف الْقُرْآن عَنْ مَنَاهِج التَّنْزِيل وَحَقَائِق التَّأْوِيل . فَمِنْ ذَلِكَ مَا حَدَّثَنَا إِسْمَاعِيل بْن إِسْحَاق الْقَاضِي أَنْبَأَنَا سُلَيْمَان بْن حَرْب عَنْ حَمَّاد بْن زَيْد عَنْ يَزِيد بْن حَازِم عَنْ سُلَيْمَان بْن يَسَار أَنَّ صَبِيغ بْن عِسْل قَدِمَ الْمَدِينَة فَجَعَلَ يَسْأَل عَنْ مُتَشَابِه الْقُرْآن وَعَنْ أَشْيَاء ; فَبَلَغَ ذَلِكَ عُمَر رَضِيَ اللَّه عَنْهُ فَبَعَثَ إِلَيْهِ عُمَر فَأَحْضَرَهُ وَقَدْ أَعَدَّ لَهُ عَرَاجِين مِنْ عَرَاجِين النَّخْل . فَلَمَّا حَضَرَ قَالَ لَهُ عُمَر : مَنْ أَنْتَ ؟ قَالَ : أَنَا عَبْد اللَّه صَبِيغ . فَقَالَ عُمَر رَضِيَ اللَّه عَنْهُ : وَأَنَا عَبْد اللَّه عُمَر ; ثُمَّ قَامَ إِلَيْهِ فَضَرَبَ رَأْسه بِعُرْجُونٍ فَشَجَّهُ , ثُمَّ تَابَعَ ضَرْبه حَتَّى سَالَ دَمه عَلَى وَجْهه , فَقَالَ : حَسْبك يَا أَمِير الْمُؤْمِنِينَ فَقَدْ وَاَللَّه ذَهَبَ مَا كُنْت أَجِد فِي رَأْسِي . وَقَدْ اِخْتَلَفَتْ الرِّوَايَات فِي أَدَبه , وَسَيَأْتِي ذِكْرهَا فِي » الذَّارِيَات » . ثُمَّ إِنَّ اللَّه تَعَالَى أَلْهَمَهُ التَّوْبَة وَقَذَفَهَا فِي قَلْبه فَتَابَ وَحَسُنَتْ تَوْبَته . 

Имам әл-Қуртуби былай деп жеткізеді: «Менің ұстазым Әбуль Аббас 7-аят жайында «Ал жүректерінде қыңырлық болғандар, бұзақылық іздеп, ұқсас мағыналы аяттардың ұғымын іздестіріп соңына түседі» дегенді:
«Сол адамдардың көздегені, яғни муташаббиһат аятқа ергендер және оны тәпсірлегісі келгендердің мақсаты: адамдардың жүрегіне күмән салу және оларды тура жолдан адастыру. Себебі, дәл сол зындық-карамиттер де Құранға жала жабуға тырысты. Тағы бір көздеген мақсаты олар, адамдарды муташаббиһ аяттардың [захири] тікелей мағынасына сендіруге тырысып бағуда. Өйткені Муджассималар (антропроморфистер – Құдайды адам бейнесінде деп түсінетіндер) Құран және Сүннете келген барлық жаратылысқа (джисм) ұқсас хабарларды жинап, Алла Тағаланы жаратылс сипатына ұқсас деп, дәлел ретінде келтірді. Нәтижесінде олар Алланы «дене/джисм» деп біліп және Өзіне тән «дене» деп иман келтірді. Және олардың пікірі бойынша, бұл «денеде/джисм» – көздері, жүзі, қолдары, аяқтары, қыры, саусақтары бар деп білді. Бұл атаулардан Алла Тағала аса пәк. Немесе олар муташабиһат аяттарға түсіндірме беруге тырысты. Немесе олар халифа Омарға (оған Алла разы болсын) муташаббиһтер жайында көп сұрақ қойған Сабиғ секілді.

Сол себептен муташабиһтерге еретін 4 топ бар:
1. «Сөзсіз кәпірлер, олар Алланың алдында тәубе етпейді және олардың үкімі — өлім жазасы».
2. «Сөзсіз, анық пікір бойынша болған кәпірлер. Себебі олардың пұттарға, бейнелерге табынғандармен арасында айырмашылық жоқ. Олардан тәубеге келуге талап етіледі, егер тәубе қылса, оларға сұрақтар жоқ. Ал егер тәубе қылмаса, олардың үкімі — дінінен шыққан муртадтың үкімі секілді (яғни өлім жазасы)».
3. «Муташаббиһтарға таъуиль (астарлы мағынада түсіндірме беру) жасауда ихтиляф бар. Өйткені, сәләф-салихтер муташаббиһтердің (мағынасы жасырын аяттар) тікелей мағынасымен түсінуге болмайтынын бекіткен болса, дәл сол сияқты оған әр-түрлі таъуил жасау әрекетіне де тыйым салған. Бұл жайында олар айтқан: «Сендерге қалай келген болса, дәл солай оқып, одан өтіп кетіңдер. Алайда, кейбіреулері оған муташаббиһқа жалпылама ұғым берді, белгілі бір мағына бекітпей, нақтыламай, мүмкіндігінше қарапайым тілдік әдіс бойнша таъуиль жасады». 
4.«Сөзсіз олар Сабиғ секілділер, оны халифа Омар (оған Алла разы болсын) жазаға тартып, таяқтың сабымен жазасын берді (та‘диб – яғни оны бұл әдепке үйретті). Әбу Бәкір әл-Әнбари айтты, сәләф-салихтер — мағынасы түсініксіз (мушкиль) аяттар жайында көп сұрақ қойған адамдарды жазаға тартты. Өйткені, ол жайында сұраушы бидғат және фитна енгізіп, таратқысы келеді, сондықтан ол сол жазаға (тазир) лайық. Сол заманда бұндай әдіспен (яғни, таъуилді рұқсат етпейтін әдіс), бұл адамдар, ақиқатты жоққа шығарушы мұнафықтарға мұсылмандардың иманын әлсірету үшін жол ашты». Сабиғ жайында оқиғаны Исмаил бин Исхақ → Сүлеймен бин Харб → Хаммад бин Зейд-Йязид бин Хазим → Сүлеймен бин Ясир былай деп жеткізеді: «Сабиғ бин Иси, Мәдина қаласына қоныс аударып, муташаббиһтер жайында сұрай бастады. Бұл хабар халифа Омарға (оған Алла разы болсын) жетеді, кейін оған адамдар жіберіп, өзіне шақыртып алып, ол келгенге дейін оның сазайын беруге бір ағаш сабын дайындап қояды. (Келгеннен кейін) Омар одан: «Сен кімсің?» — деп, сұрады. Ол: «Мен Алланың құлы — Сабиғпін» — деп, жауап берді. Омардың оған жауабы: «Ал, мен Алланың құлы — Омармын» — деп, оны басы қанағанша ұра бастайды. Сабиғ жалынып: «Болды! Жетер енді! Әй, мүминдердің әміршісі! Менің жүрегімде болған күмәндар өтіп кетті». Осылайша, Алла Тағала Сабиғтің жүрегіне өкініш пен тәубе салып қояды, және ол соны өмірінің соңына дейін ұстанды».
[Дерекнама: Имам әл-Қуртуби «әл-Джами ли ахкам әл-Қуран», Әли-Имран сүресі 3/7 аят тәпсірі.] 

Имам Әбу Мухаммад әл-Бағауи (оған Алланың рақымы болсын) 436-510 һ.ж./1044-1117 м.ж., Әли-Имран сүресі 3/7 аятының тәпсірінде:

 وهو قول أبي بن كعب وعائشة وعروة بن الزبير رضي الله عنهم ورواية طاووس عن ابن عباس رضي الله عنهما ، وبه قال الحسن وأكثر التابعين واختاره الكسائي والفراء والأخفش ، وقالوا : لا يعلم تأويل المتشابه إلا الله ويجوز أن يكون للقرآن تأويل استأثر الله بعلمه لم يطلع عليه أحدا من خلقه كما استأثر بعلم الساعة ، ووقت طلوع الشمس من مغربها ، وخروج الدجال ، ونزول عيسى عليه الصلاة والسلام ونحوها 

«Бұл сөздер Әби ибн Ка‘аб, Айша, Урват ибн Зубейр (оларға Алла разы болсын), және олардан Тавуса, ол Ибн Аббастан жетті, сондай-ақ соған ұқсас әл-Хасан (әл-Бәсри) және көпшілік табиғиндер айтты. Тағы сондай пікірді әл-Кәсаи, әл-Фәрра, әл-Ахфәш таңдады, және олар айтқан: «Муташаббиһат аяттардың түсіндірмесін Алла Тағаладан басқа ешкім білмейді және Құранда Өзінің жаратылыстарына білгізбейтін (оның білімін бермейтін), Алла Тағала ғана иеленетін білімдердің түсіндірмесіне рұқсат болуы етіледі, сол сияқты, Қияметтің болуын, күннің батыстан шығуын, Дәжжалдің келуін, Иса пайғамбардың көктен түсуін және осыған ұқсас білімдерді Алла Тағала ғана біледі».
[Қараңыз: Әл-Бағауи, «Ма‘алим әт-Танзиль»] 

«Мадарик әт-Танзиль уә Хақаиқ әт-Таъуиль» тәпсір кітабында, имам ән-Насафи әл-Ханафи (оған Алланың рақымы болсын) 710 һ.ж., былай деп жазған:

 { هُنَّ أُمُّ ٱلْكِتَـٰبِ } أصل الكتاب تحمل المتشابهات عليها وترد إليها { وَأُخَّرُ } وآيات أخر { مُتَشَـٰبِهَـٰتٌ } مشتبهات محتملات. مثال ذلك { ٱلرَّحْمَـٰنُ عَلَى ٱلْعَرْشِ ٱسْتَوَىٰ } [طه: 5] فالاستواء يكون بمعنى الجلوس وبمعنى القدرة والاستيلاء، ولا يجوز الأول على الله تعالى بدليل المحكم وهو قوله { لَيْسَ كَمِثْلِهِ شَيْء } 

«Мадарик әт-Танзиль уә Хақаиқ әт-Таъуиль» тәпсір кітабында, имам ән-Насафи әл-Ханафи (оған Алланың рақымы болсын) т.ж. — 710 һ.ж., былай деп жазған: (Оның анық мағыналы аяттары бар. Солар Кітаптың негізгі ірге тасы) – Кітаптың негізгі ірге тасы, оған қайта оралады және анық емес аяттарға/муташаббиһтерді түсіндіргенде соларға лайықты түрде түсіндіреді. (Екінші ұқсас ұғымда аяттар бар) – анық емес және көп мағыналы аяттар бар. Түсініксіз ұғымға мысал ретінде, мына аятты келтіуге болады, Та-ха сүресі 5-аят: «әррахману ‘аләл ‘арши истәуә», “истәуә” – мынадай мағаныларда болады “отыру”, “құдірет” және “меңгеру”. Бірінші мағынасы [отыру] Алла Тағалаға қатысты лайықты емес, өйткені оған қарама-қарсы анық ұғымындағы/мухкам аят бар, Аш-Шура сүресінің 11-аяты: «Еш нәрсе Оған ұқсас емес. Ол Алла, әр нәрсені естуші, толық білуші».

Имам Ибн Касир әд-Димашки (оған Алланың рақымы болсын) аятқа қатысты былай деп айтқан: 
«Алла Тағала біздерге хабар жеткізді, яғни Құранда мухкамат/ұғымы түсінікті аяттың бар екендігі, және ол Құранның ірге тасы болып табылады (яғни негізі), және де ол ашық/баййанат, анық/уәдихат мағынасында, бұның түсінігінде еш-бір адам шатаспайды. Алайда олардың арасында астарлы мағынадағы аяттар бар, бірден бірнеше түсіндірмелерімен, және олардың сенімділігін тек қана мағынасы анық аяттармен анықтауға болады. Кімде-кім муташаббиһ аяттарды түсіну үшін, мухкам аяттарды негізге алса, онда ол – тура жолда. Ал кімде-кім керсінше жасаса, онда ол қарама-қайшылық жасаған болады (яғни тура жолдан адасқан болып табылады). Сондықтан Алла Тағала айтты: «Оның ашық мағыналы аяттары бар. Солар Кітаптың негізгі ірге тасы» – яғни Құранда түсініксіз жағдайда, мағынасы анық аяттарға қайту керек. «Екінші ұқсас ұғымда аяттар бар» – яғни ұқсас келетін рұқсат етілген мағынадағы анық/мухкамат аяттар, және тағы кейбір рұқсат етілген мағынадағы сөздер мен олардың құрылуы, алайда басқа жақтан ойда тұту мағынасында емес. Ғұламалар анық/мухкам және жасырын/муташаббиһ аяттар жайында түрлі көзқараста болды. Сәләф-салихтерден бұларға қатысты көптеген пікір айтқандығы жайында жетті. Әли ибн Әби Талха, Ибн Аббастың былай деп айтқанын жеткізеді: «Анық/мухкаммат аяттар – бұлар алдыңғының үкімін жою, немесе рұқсат еткен және рұқсат етпеген, жазаны орнату/худуд және міндеттеме, әмірлерді өзімен бірге алып жүру және орындауды талап ету». Мухаммад ибн Исхақ ибн Ясир былай деп пікір айтты: «Оның ашық мағыналы аяттары бар …» – бұл Алладан келген дәлелдер, құлдарын күнә жасаудан сақтау, сондай-ақ таластарды шешу және жалғанды теріске шығару. Бұларды өзгертуге болмайды, немесе орындарын ауыстыруға болмайды. Сондай-ақ астарлы мағынадағы аяттарды да өзгертуге, немесе орындарын ауыстыруға болмайды, және оларды талқылауға да болмайды. Алла Тағала солар (муташаббиһ аяттар) арқылы Өзінің құлдарын сынады, дәл сондай харам мен халал арқылы сынағанындай. Сынаудың мақсаты, жалғандықпен немесе ақиқатты өзгертіп, пайдалану арқылы қолданбау. Сондықтан Алла Тағала айтты: «Ал жүректерінде қыңырлық болғандар» – яғни, адасушылық пен ақиқаттан бір жақ бетке жалғандыққа тайғандар. «Ұқсас мағыналы аяттардың ұғымын іздестіріп соңына түседі» – яғни, одан мағынасы ұқсасын алады, өйткені өздерінің жалған сенімдері үшін оның мағынасын өзгертпекші, олар солай жасайды ұқсас ұғымын немесе мәтінін алып. Алайда олар мағынасы ашық аяттарды (мухкам) ұғындыра алмайды, өйткені ол аяттар қорғалған олардан және шын мәнінде бұлар (мухкам аяттар) оларға қарсы дәлел болып табылады.

Сол себептен Алла Тағала айтқан: «бұзақылық іздеп» – яғни, адасушылық және адамдарды өздерінің жалған сенімдеріне сенгізу. Олар Құраннан бұл аяттарды дәлел ретінде келтіреді өздерінің таным-түсінігіне қарай, алайды бұл дәлел олардың пайдасына емес, керсінше оларға қарсы. Мысалыға, егер христиан дініндегі адам Құраннан дәлел ретінде Мәриямның ұлы Иса (оларға Алланың сәлемі болсын), Алланың рухы және Оның сөзі оған берілді, деген аятты келтірсе, онда оған мына аят жайында үндемеуге тура келеді: «Ол Иса. Біз өзіне игілік берген сондай-ақ Израил ұрпақтарына бір мысал қылған құл ғана». (Зухруф сүресі 49/59-аят) Және тағы мына аят: «Шын мәнінде Алла қасында Исаның жағдайы: Өзін топырақтан жаратып, сонсоң «бол» дегенде бола қалған Адам [атаның] жағдайы сияқты». (Әли Имран сүресі 3/59-аят) Сондай-ақ, басқада көптеген аяттар бар, Иса (оған Алланың сәлемі болсын) Алланың жаратылысы екенінен және Оның құлы әрі пайғамбарларының бірі екендігіне. Алланың сөзі: «ұқсас мағыналы аяттардың ұғымын іздестіріп» – яғни, өздерінің мақсаттарына қарай ұғымын өзгертпекші.

Имам Ахмад (оған Алланың рақымы болсын), Айша анамыздан (оған Алла разы болсын) риуаят етті, Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп оқыған болатын: «Ол Алла, саған Құран түсірді. Оның ашық мағыналы аяттары бар. Солар Кітаптың негізгі ірге тасы; Екінші ұқсас ұғымда аяттар бар. – Алланың мына сөзіне дейін: Бұны ақыл иелері ғана түсінеді!»

Кейін ол, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқан: «Егер сендер мағынасы жасырын, яғни астарлы мағынадағы аяттар жайында сөз таластырғандарды көретін болсаңыздар, міне солар жайында Алла Тағала ескертті және олардан сақтаныңыздар». (Муснад имам Ахмад №24256) 

Әл-Бұхари (оған Алланың рақымы болсын) дәл осы хадисті Айша анамыздан (оған Алла разы болсын) риуаят етіп, былай деп айтқан: «Бір күні Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) мына аятты оқыды: «Ол Алла, саған Құран түсірді. Оның ашық мағыналы аяттары бар. Солар Кітаптың негізгі ірге тасы; Екінші ұқсас ұғымда аяттар бар. – Алланың мына сөзіне дейін: Бұны ақыл иелері ғана түсінеді!», кейін Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқан: «Егер сендер мағынасы жасырын (ташаббаһаминғъу, яғни муташаббиһ) аяттарға ергендерді көрсеңдер, міне солар жайында Алла Тағала ескертті, олай болса олардан алыс жүріңдер». Алланың сөзі: «Оның ұғымын Алла ғана біледі».

Ибн Аббас (оған Алла разы болсын) былай деп айтқан: 
«Төрт түрлі тәпсір бар:
Тәпсір, мағынасы барлығына түсінуге оңай.
Тәпсір, арабтарға өз тілдерінде түсінікті мағына.
Тәпсір, тек білім иелері ғана білетін мағына.
Тәпсір, мағынасы Алладан басқа ешкім білмейді».

Құран тәпсіршілері әр-түрлі ой-пікірде болды, яғни міндетті түрде үтір қою керек пе және «Алладан басқа | Ил Аллах» деген сөзде тоқтау керек пе. Бұл туралы міндетті түрде тоқтау керектігін Айша анамыз хабар жеткізді, сондай-ақ Урва, Әбу әш-Ша’са және Әбу Нахик (оларға Алла разы болсын). Кейбір Қарилер (Құранды ережесіне сай оқушылар) үтір жасап және мына сөзге келгенде тоқтайды: «Бұны ақыл иелері ғана түсінеді». Осылайша аяттың мағынасы: Сондай-ақ ғылымында озат болғандар: «Бұған сендік. Барлығы Раббымыздың қасынан» дейді. Бұны ақыл иелері ғана түсінеді.

Тәпсір ғұламалары айтады, Құран адамдарды түсінігі ұқпайтын нәрсесіне қарай жүктемейді. Ибн Әбу Наджих, Муджахидтен былай деп жеткізеді, ол айтқан: «Білім иелері оның мағынасын біледі және сонымен бірге олар былай деп айтады: «Бұған сендік. Барлығы Раббымыздың қасынан» — дейді». Ибн Әби Наджих, Муджахидтен былай деп жеткізеді, ибн Аббас (оған Алла разы болсын):«Мен білім иелерінің (тәпсіршілердің) бірімін, оның түсіндірмесін білетін». Бұның пайдасына мына хадис дәлел, Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) ибн Аббасқа (оған Алла разы болсын) дұға қылып және былай деп айтқаны: «Уа Раббым, оған діннен түсінік бере гөр және оны талқылауға үйрете гөр».
[Әл-Бұхари 4183, Муслим 2665, Ахмад 124, 48 – 6, әт-Тирмизи 2994, Әбу Дауд 4598] 

Ғұламалар Құранда келген «Тәуиль» түсіндірме, екі түрі болады деп түсіндіреді: Бірінші түрі «Тауильдің» бұл әлденеден бір нәрсені іске асырып талқылау. Мысалыға, бұл жайында Құранда хабар берген: «Ол айтты: Әй әкетайым! Міне бұрыңғы көрген түсімнің жоруы». [Юсуф сүресі 12/100-аят] немесе Алланың мына сөзі: «Олар оның нәтижесін (бастарына келетінін) ғана күтеді. Оның нәтижесі келген күні, оны ұмытып жүргендер: “Раббымыздың елшілері шындықты әкелген еді. Енді бізді қолдаушы бар ма? Немесе дүниеге қайтарыламыз ба? Сонда бұрыңғы істегенімізден басқаны істер едік” дейді. Расында олар өздеріне кесір істеді. … ». [Ағраф сүресі 7/53-аят] – ақиқатында, бұның қайта тіріліп Аллаға қайтарылатындығы жайында олар хабар жеткізді. Егер аяттың негізін алатын болсақ: «Оның ұғымын Алладан басқа ешкім білмейді» – яғни, Алладан басқа ешкімде аяттың тәпсірлеу оқиғасын қоя алмайды, олай болса міндетті түрде «Алладан басқа» деген сөзден кейін үтір қойып тоқтау керек. Онда Алланың мына сөздері: «Сондай-ақ ғылымында озат болғандар: «Бұған сендік» – бөлек сөйлем, ал мына сөздер: «Сондай-ақ ғылымында озат болғандар» – бастауыш сөз, ал мына сөздер: «Бұған сендік» баяндауыш болады. Екінші түрі «Тауильдің» түсіндірменің, бұл ақиқат хабар, бір нәрсенің мағынасы, бұл жайында Алла Тағала: «Бізге бұл түстердің жоруын айтып бер» (Юсуф сүресі 12/36-аят), яғни бұның мағынасын біздерге түсіндіріп бер. Егер «Тауильдің» түсіндірменің бұл түрі болса, онда мына сөзге келгенде тоқтау керек: «Сондай-ақ ғылымында озат болғандар» – олар аяттар да не айтылып тұрғанын түсінетіндер, және онда не тұспалданып тұрғанын біледі сол айтылған сөздерде. Ал егер мына жағдайға олар кездессе, яғни оның мағынасын түсіне алмаған сәтте, олар айтады: «Бұған сендік» – бұл білім иелерінің ұстанымы. Олар айтады: «Бұған сендік» – яғни, мағынасы жасырын аяттарға. «Барлығы Раббымыздың қасынан» – яғни, анық баяндалған және мағынасы жасырын аяттар, ақиқат және шынайы болып табылады. Олар бір-бірін растайды және бір-бірін айғақтайды, өйткені бұның бәрі Алладан және олар бір-біріне қайшы келмейді. Бұл жайында Алла Тағала былай деп айтады: «Сонда олар Құранды түсінбей ме? Егер Алладан басқаның қасынан болса еді, әрине онда олар көптеген қайшылықтар табар еді». [Ниса сүресі 4/84-аят] Сондықтан Алла Тағала айтқан: «Бұны ақыл иелері ғана түсінеді» – яғни, ақыл-парасатқа және түсіну қабілеттілігі, дұрыс ұғыну және оларды тәпсірлеуге ие болғандар.

Ибн Әбу Хатим, Абдулла ибн Язидтен былай жеткізеді, ол кейбір сахабаларды кездестірген болатын, солардың іштерінде Әбу Умама мен Әбу әд-Дарданы (оларға Алла разы болсын), олар Пайғамбардан (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) «Сондай-ақ ғылымында озат болғандар» жайында сұрайды, Ол (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Олар өздерінің анттарына тұратындар, тілдерімен шыншыл болғандар және жүректерімен тақуалы, асқазандары рұқсат етілмеген нәрседен таза және жыныс мүшелеріне ие болғандар – міне бұлар ғылымында озат болғандар».
[Қр. әт-Табарани риуаят етті, 152/8; Жақсы хадис. Муаммир риуаят етті әл-Джамиде 216/11; Имам Ахмад өзінің әл-Муснадында 185/2; Әл-Бұхари тақуалардың мінез-құлық тақырыбында келтірді, 23-бет] 

Ибн әл-Мунзир өзнің тәпсір кітабында риуаят етті, Нафи ибн Язид айтады: «Білімінде озат болғандар — олар Алланың алдында бой ұсынғандар, Оның разылығын іздегендер, өздерінен жоғары болғанға, олардан жоғары болуға ұмытылмайды және өздерінен төмен болға тәкаппарлық танытпайды».
[Дерекнама: Ибн Касир әд-Димашқи «Тәфсир Ибн Касир» Құран Әли-Имран сүресі 3/7 аят.] 

Дерекнама: al-fatava.com
Аударған: darulahnaf.com