Пәтуәлар

«Зандақа» және «Зындық» түсініктері жайында

ИншаАлла «Зындық» түсінігіне толығырақ тоқтала кетейік. Алдында айтқанымыздай мұнафиқ пен зындық терминдерінің айырмашылықтары бар. Мұнафиқ дегеніміз өзін сырт көзге мұсылман етіп көрсетіп, Шариғаттың белгілеген барлық талаптарын, яғни: намаз оқу, рамазан айында ораза ұстау, қажылыққа бару тәрізді міндеттерін орындайтын адам секілді көрінеді. Бірақ сонымен бірге жүрегінде күпірлігін жасырады. Және мұнафиқ бұл жайлы мұсылмандарға айтпайды. Бұл мұнафиқтарға қатысты нәрсе. Ал Зындыққа келетін болсақ, зындық ол да сырттай өзін мұсылман сияқты ұстайтын адам, Құранға, Алланың Елшісіне, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, Исламның бес парызына және иманның алты шартына сенетіндігі жайлы айтады, алайда ол Ислам дінімен үйлеспейтін ақиданы ұстанады. Сонымен қатар, Зындықтар өз күпірлігін жасырмайды, бірақ оны шындыққа балап, күпірлікті ақиқат ретінде көрсетіп, оны боямалайды, және оны Ислам деп көрсетеді. Бұның үстіне олар адасушылықтарын, өздерінің күпірлігін растау мақсатында Шариғаттан дәлелдер келтіруге тырысады.
Бүгінгі күні көптеген адамдар қазіргі Христиандар мен Яһудилерді иман келтірген және олар келесі өмірде құтқарылады деп санайды. Бұл Зандақа. Бұл адамдар Зындықтар. Олар ижмағ бойынша күпір болған нәрсеге сенеді, бірақ онысын көркемдеп ақиқатқа шығарады. Сонымен бірге олар Құран Кәрімге сүйенеді және соның ішінде Бақара сүресінің 2/62 алпыс екінші аятын келтіреді.

Аяттың жалпы мағынасы былай: «Расында сондай иман келтіргендер, Яһудилер, Христиандар және Сабилар болып, кім Аллаға, ақырет күніне сенсе, Раббыларының қасында сыйлық бар. Оларға қорқыныш жоқ. Әрі олар қайғырмайды». Бұл аяттың жалпы мағынасы.
Алайда Зындықтар осы аятта айтылған Христиандар мен Яһудилерді — қазіргі замандағы Христиандар мен Яһудилерге жатқызады, ал бұл өз алдына (Құран) тәпсірлеріне қайшы келеді.Тәпсірлер бұл Құран аятында аталған Яһудилер мен Яристиандар — Алла Елшісінің, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, пайғамбарлығы кезіндегі және пайғамбарлығынан кейін өмір сүрген Яһудилер мен Христиандар деп түсінбеу керек дейді, алайда аяттағы Яһудилерді — Мұса пайғамбар, оған Алланың сәлемі болсын, заманында және Тауратқа иман келтіргендер деп түсіну керек. Ал Христиандар деп — Иса пайғамбар, оған Алланың сәлемі болсын, заманында өмір сүріп, Інжілге иман келтірген Христиандар деп түсіну керек және бұл аятта аталғандар, қазіргі ижмағ бойынша кәпір болған Яһудилер мен Христиандар деп еш уақытта түсінуге болмайды. Алайда қазір бұндайлар көп, Зындық бола тұра өздерінің күпірлігін боямалап, Шариғаттан дәлелдерді келтіріп, растағылары келеді, яғни боямалау, әрлеудің өзі болып тұр. Шариғат дәделдеріне жүгініп, осылайша мұсылмандарды алдап, өздерінің адасушылығы мен күпірлігін ақиқат ретінде, Ислам атынан шығарып көрсету үшін жүр.
Авторы: Махди Шамсуддин әл-Ханафи
Дерекнама: Darulfikr.ru