Пәтуәлар

Егер мұсылман болсаң, Алладан қорық: «Жаңа жылды» тойлау – күнә әрі харам!

Имам Ибн Хаджар әл-Хайтами – әйгілі ғалым, мухаққық және шафии мазхабының муфтиі – Шейху-ль-Ислям, Шихабу-д-Дин Ахмад бну Мұхаммед әл-Макки әл-Ансари [һ.б. 909-974 / м.б. 1504-1567],  мерекелер жайлы, оларды тойлау және тойлаушылардың ұрандары жайлы былай деп айтады:

«... Сонымен жалпы, егер ол бұны оларға – кәпірлерге – күпірлік ұрандарында ұқсамақ мақсатта жасаған болса, онда еш күмәнсіз ол күпірлікке түсті.

Егер ол бұны олардың күпірлік ұрандарына мән бермей, тойлау ұрандарында ұқсамақ ниетте жасаса, ол күпірлікке түспейді. Алайда ол күнәға батады.


Ал егер де оларға ұқсауды мүлдем мақсат тұтпаған болса, онда оған ештеңе жазылмайды [яғни, не күпірліктің, не күнәнің ауыр жүгі де, – ауд.еск.]!»,  – мәтіннің аяғы.

Және біздің кейінгі ғалымдарымыздың бірі жоғарыда айтылғандарды атап өткенін көрдім. Ол былай деді:

«Ең жиіркенішті бидғаттардың бірі – мұсылмандардың христиандармен олардың мерекелерінде бірігуі, оларға ұқсап, осы мерекелерде оларды тамақтандырулары, оларға сыйлық берулері және олардан сыйлық қабыл алулары!».

Адамдардың арасында осыларға көп берілгендер – мысырлықтар... Ал Пайғамбарымыз, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтты:

«Кім бір қауымға еліктеген болса, онда ол солардан!».

[
Дереккөз: «Әл-Фатауа-ль-Фиқһийя әл-Кубра», 239-240.]

Сонымен,

1)    «Егер ол бұны оларға – кәпірлерге – күпірлік ұрандарында ұқсамақ мақсатта жасаған болса, онда еш күмәнсіз ол күпірлікке түсті»;
Мысалы: «Құдай тірілді, пасха құтты болсын!».

2)    «Егер ол бұны олардың күпірлік ұрандарына мән бермей, тойлау ұрандарында ұқсамақ ниетте жасаса, ол күпірлікке түспейді. Алайда ол күнәға батады»;
Мысалы: «Жаңа жыл құтты болсын! Жаңа бақыт әкелсін!» / «Ғашықтар күнімен!».

3)    «Егер де оларға ұқсауды мүлдем мақсат тұтпаған болса, онда оған ештеңе жазылмайды;
Мысалы: «Жаңасымақ жыл» түнінде бір келі мандарин сатып алып, оларды пайдалы уағыз көру барысында жеу.

Алла жақсырақ білуші және Одан ғана көмек пен жәрдем сұрайды.

© «Daru al-Ittisoliyyah» каналы | telegram.me/ittisoliyyah