Пәтуәлар

Бидғатты ұстанатындармен дос болудың, араласудың және олармен дауласудың қауіптілігі жайында

Бидғатты ұстанатындармен дос болудың, араласудың және олармен дауласудың қауіптілігі сонымен қатар олардың еңбектерін оқу, олардың дискілерін тыңдау және олардың сайттарын қарап отыру қауіптілігі жайында

Кім бидғатты ұстанушыларға жатады? 

Шейхул Ислам, имам Ахмад ибн Хаджар әл-Хайтами әл-Макки (909-974 һ.ж.), оған Алла рақым етсін, өзінің «әл-Фатауа әл-Хадисйя» кітабында былай деді:
«Жаман бидғатты жақтаушылар (асхаб әл-бид`а) деп Әхлу-Сунна уәл Джама`а ақидасына (сеніміне) қарсы келетіндерді айтамыз. Ал Әхлу-Сунна деп шейх Абул-Хасан әл-Әш`ари және Әбу Мансұр әл-Матуридидің –  Әхлу-Сунна ақидасының екі имаммының соңынан ергендерді айтамыз».
[Дереккөз: Ибн Хаджар әл-Хайтами, «әл-Фатауа әл-Хадисия», 516-бет. Дару әт-Тақуә баспасы.]

Онда кім Әхлу-Сунна уәл Джама`а ақидасына қарсы келеді? Кім Әш`ариттер ақидасына қарсы келеді? Ал бұл “Шиттер” және сахабаларды сөгетін олардың тармақтары, тағдырды жоққа шығаратын және адам өз амалдарын өздері жасайды деп айтқан “Қадариттер”, адамның таңдауы мүлдем жоқ деп, оны жапырақтардың желмен сыбдырымен ұшуын салыстырған “Жәбрилер”. Бұл Алланы жаратылысқа ұқсатқан, Алланың сипаттарын жаратылыстың сипаттарымен салыстырып, сөйтіп Аллаға дене-мүшелерін беретін “Муджассима” мен “Мушәббихтер”, сонымен қатар олар Алла `Арштың үстінде және кеңістіктегі бір жерде орналасқан, және әрбір түні өзінің затымен төменгі аспанға түседі деп ойлайды. Бұл үлкен күнәларды жасаған мұсылманды кәпір дейтін, олармен келіспейтіндерді және олардың мүліктерін және өмірлерін халал деп өздері үшін санайтын, заңды басшыға қарсы шығуды рұқсат беретін, адамдардың жүрегіндегі жасырын нәрсені және олардың ниеттерін білеміз дейтін, ғалымдарға сөз тигізіп, оларды күпірлікте айыптайтын, сонымен қатар өздерінің сенімдерін бірнеше мағынаға ие және күмәнді дәлелдерді қолданып, олардың тура мағынасын түсінетін “Хауариждер”. Бұл Құранды жаратылған дейтін, Алланы Жәннатта көруді жоққа шығаратын, адам өз амалдарын өзі жасайтын дейтін “Мұғтазалиттер”. Бұл Алланың сипаттарын жоққа шығаратын, сонымен қатар Алла затымен барлық жерде орналасқан дейтін “Джәһмия”. Бұл сонымен қатар “Мушәббиха” мен “Хауариждердің” сенімін жалғастырған “Уахаби” – жалған “Салафилер”.
Имам Әбу Джағфар әт-Тахауи (229-321 һ.ж.), оған Алла рақым етсін, былай деп айтты: 
Міне, осы – біздің дініміз әрі сыртқы және ішкі танымымыз. Біз осы айтып өткен, баяндаған нәрселерге қарсы келетін адамдарға мүлде қатысымыз жоқ екендігімізді білдіріп, Аллаға қайырыламыз. Алла Тағаладан иманымызды берік қылып, сан алуан әуейі қиялдан, түрлі пікірлерден, «мушәббиһа», «муғтазилә», «жәһмия», «жәбрия», «қадария» және Сүннет пен жамағат жұртына қарсы келіп, адасуға бейім жүретін басқа да теріс ағымдардан аулақ қылуын сұраймыз. Біздің оларға еш қатысымыз жоқ. Біздің пікірімізде олар адасқандар, кері кеткендер. Алладан саулық пен сәттілік тілейміз!
[Дереккөз: Имам әт-Тахауи «Ақида Тахауия».]
Имам Ахмад әс-Сауи әл-Мәлики (д.ж. 1241 һ.ж.), оған Алла рақым етсін, «Тафсир әл-Джалалайнге» жазған ескертпелерінде мына аятқа қатысты былай деген: «Шын мәнінде ібіліс сендердің жауларың, оны жауымыз деп есептеңдер! Ол өзінің жауынгерлерін тозақ отынан болулары үшін шақырады» [Фатыр 35/6]: 
«Бұл аят хауариждер жайында түскен болатын (олардың пайда болуы жайындағы хабар ретінде), олар Құран мен Сүннеттің мағынасын өзгертіп, содан кейін адам өлтіруді халал етіп және мұсылмандар мүлкін тартып алуды рұқсат етті, тура соны біз заманауи олардың ұқсастарын байқай аламыз; нақтылай айтатын болсақ, өздерін тура жолдамыз деп есептейтін, шын мәнінде олар – өтірікшілер, хиджаздан шыққан «уахабилер». «Оларды Ібіліс жаулап алды және оларды Алланы еске алуды ұмыттырды. Олар – ібілістің тобынан. Иа, шынымен де, ібілім партиясы, олар – құрдымға ұшырағандар!» [Мужәдәлә 58/18-19]. Біз Алланы, ең Жомарт болғанды оларды толығымен түбімен жойып жіберуді сұраймыз.
[Дереккөз:
Ахмад әс-Сауи, «Хашия әл-Сауи `аля әл-Джалалайн», 3/255.]

Бидғатты ұстанатындармен дос болудың қауіптілігі
Әбу Хурайрадан, Алла оған разы болсын, Пайғамбарымыз, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқаны жеткізіледі: «Адам досы қандай дінде болса, соны ұстанады. Әрбіреуің жақын досыңның кім екендігіне қарасын!».
[Қр. Әбу Дауд №4833, 2т-Тирмизи №2378. Имам ан-Нәуәуи, хафиз Ибн Хаджар, имам Ибн Муфлих, хафиз 2с-Суюти хадистің сенімді екендігін растады.].
Хафиз Ибн `Абдул-Барр былай деп жазады: «Бұл хадистің мағынасы, Алла оны жақсырақ білуші, адам досынан не көрсе соған тез үйреніп кетеді. Дінге үйреніп кетуге болады, және сол себепті мұсылманға тек жақсылықты жасайтын адаммен дос болуға рұқсат етілген, себебі жақсы нәрсеге де үйреніп кетуге болады».
[Дереккөз:
Ибн `Абдул-Барр, «Бахджатул-Джалисин», 2/751.]
Имам әл-Хаттаби былай деп айтты: ««Адам досы қандай дінде болса, соны ұстанады» деген сөздің мағынасы кімнің сен дінімен және тақуалығымен разы болсаң, сонымен дос болу керек. Сенің досың міндетті түрде сені өзінің дініне және өзінің жолына шақыратын болады, сол себепті өзіңнің тақуалығыңмен машақаттанба, өзіңді қауіп-қатерге тікпей, досыңның дінімен және оның жолымен разы болатындай адамды таңда. Суфян ибн `Уяйнадан жетеді осы хадиске қатысты былай деп айтылған: «Перғауын мен қасында болған Хаманға қараңдар! Әл-Хаджадж және одан да жаман болған Язид ибн Әбу Муслимге қараңдар! Сүлеймен ибн `Абдул-Мәликке және оның жақтасы болған және оны үнемі түзетіп отырған Радж ибн Хайуға қараңдар». Махаббат сөзі «хилләт»деп аталады, махаббат пен ұнау сезімі жүрекке еніп, сонда тамырына дейін берік болмайынша, және бұл – бауырлық сезімнің жоғарғы формасы болып табылады. Адамдар, негізінен, бір-біріне бөтен болып келеді, және егер олар танысатын және достасатын болса, онда бір-біріне жақын болады. Егер олардың арасында ұқсастық байқалатын болса, онда олар бір-бірін жақсы көретін достар болады. Егер олардың махаббаттары күшейетін болса, онда олардың арасында «хилләт» деген нәрсе пайда болады».
[Дереккөз:
Имам
 әл-Хаттаби «әл-`Узля», №56.]
Алла елшісі, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқан: «Сенімен бірге иман келтіргеннен басқа ешкім жүрмесін, және сенің тамағыңнан тақуадан басқа ешкім жемесін!».
[Қр.
Әбу Дауд №4832, әт-Тирмизи №2395. Хадистің сенімділігін Ибн Хиббан, әл-Хаким, әз-Захаби, Ибн Муфлих растаған.]
Ибн Масғ’уд, оған Алла разы болсын, былай деген: «Адамды сынағыларың келсе, оның досын сынаңдар, себебі ол өзіне ұқсасын дос ретінде алады!».
[Дереккөз:
«Тафсир әл-Қуртуби», 4/281.]
Әл-`Амаш былай деп айтты: «Сәләфтар адам жайында тек үш сұрақ қойған: ол қайда жүр, ол кімге барып жүр және ол кімді жақсы көреді».
[
Дереккөз: Ибн Батта «әл-Ибана», 2/452.]
Суфян әс-Саури былай деп айтқан: «Адамның жаман болуына немесе тақуа болуына, досы сияқты ештеңе әсер ете алмайды!».
[Дереккөз:
«Әл-Ибана», 2/476.]
Сахабалардың соңынан ерген таныммал имам (табиғин) – С`аид ибн Джубайр былай деп айтқан: «Мен үшін менің балам күнәхар-суннитпен дос болғаны, жаңалықты енгізетін (бидғатшы) тақуа адаммен дос болғанға қарғанда хайырлырақ!»
[Дереккөз:
Ибн Батта, «Әл-Ибана» № 89.]
Имам әш-Шатыби былай деген: «Шын мәнінде, аман қалған топқа (фирқату-н-наджа) бидғат енгізетіндерге жауласып, олардан бөлектеніп және оларға ілесетіндерді жазалау керек».
[Дереккөз: «Әл-`Итисам» 1/172.]
Имам Ибн Муфлих айтады: «Күнәні ашық түрде жасайтын адамнан, ол күнәлар іс жүзінде болсын, сөз жүзінде болсын және сенімінде көрінетін адамдардан аулақ жүру сүннет болып табылады!».
[Дереккөз: «Әл-Адабу Шария», 1/229.]

Бидғат ұстанушылардың жиналысында болу және олармен араласу жайындағы қауіптілік туралы
Алла елшісі, оған Алланың игілігі мен сәлемі, былай деп айтқан: «Қадариттер бұл  үмметтің отқа табынушылары және егер олар ауырып қалса, онда оларға бармаңдар, ал егер олар қайтыс болса, онда олардың жаназаларына бармаңдар».
[Қр. Әбу Дауд №4691, әл-Хаким 1/15, Ибн Әбу `Асим №339. Имам әт-Тирмизи, хафиз Ибн Хаджар бұл хадисті жақсы (хасан) деген.]
Ибн Омарға, Алла оған разы болсын, тағдырды жоққа шығаратын топ бар деген хабар жеткенде, ол былай деді: «Ол адамдарды кездестірсеңдер, онда оларға менен мынаны жеткізіңдер, менің оларға еш қатынасым жоқ, олардың маған еш қатысы жоқ!»
[Қр. Сахих Муслим №8.]
Әл-Фудайл ибн `Ийяд былай деген: «Шын мәнінде, Алла Тағалада, Алланы еске алатын жиналыстарды іздейтін періштелер бар! Сол себепті кіммен жүретіңе қара! Бидғатты ұстанатындармен бірге болмаңдар, себебі шынымен де, Алла Тағала оларға қарамайды! Екіжүзділіктің белгісі адамның бидғат иелерімен бірге болу болып табылады. Мен ең жақсы адамдардың кезеңінде өмір сүрдім және олар Әхлу-Суннадан еді және олар бидғат иелерімен бірге болуға тыйым салған!».
[Дереккөз:
«Хилятул-Әулия», 8/104.]
Ол (Әл-Фудайл) сонымен қатар былай деген: «Сенің жүрегіңді улайтын адаммен бірге отыруға сақ бол!» [Қр. әл-Лялякаи №262.]
Суфян әс-Саури былай деген: «Кімде-кім өзінің естуін/тыңдауын бидғат иелеріне қаратса, оны біле тұра, онда ол Алланың қорғауынан шыққан болады және ол өзін өз-өзіне тапсырған!».
[Дереккөз:
әз-Захаби, «әс-Сияр», 7/261.]
Кейбір мұсылмандардың бидғат иелерінің көркем мінездеріне алданып, тура жолдан адасқандарына қаншама мысалдар бар!

Бидғат иелерімен дауласудың қауіптілігі
Бір күні Мұхаммед ибн Сиринге бидғат иелерінің біреуі оған келіп, онымен сөйлескісі келетіні жайында хабар келгенде, Ибн Сирин былай жауап берді: «Оған: «Жоқ!» деңдер. Маған келемесін деңдер! Шын мәнінде, Адамның ұрпақтарының жүректері нәзік, және мен одан бір сөзді естіп, және одан кейін менің жүрегім қайтып болған нәрсесіне оралмайды деп қорқамын!».
[Дереккөз: Ибн Уаддах №60, Ибн Батта №399.]
Сонымен қатар Мұхаммед ибн Сирин бидғат иелерінен бір сөзді естігенде, құлақтарын саусақтарымен жуаып былай айтатын: «Маған онымен сөйлесуге рұқсат жоқ!» және өзінің жиналысынан кетіп қалатын. [Дереккөз: «әл-Ибана», 2/473.]
Егер тіпті сәләфтар қатарынан болған осындай ұлық имамдар олармен дауласудан қорықса және тіпті олармен сөйлесуден қашса, онда діндегі қарапайым нәрсені білмейтіндер бидғат иелерімен дауласуға кірісетіндер туралы не айтуға болады?!

Имам Ахмад былай деген: «Сүннеттің негізі бізде: өз нәпсісіне еретіндермен отыруды тастау, сонымен қатар дауласуды және дінге қатысты санасуды тастау болып табылады». [Дереккөз: «Усулю-Ссунна», №23.]
Бір адам имам Ахмадтан бидғатты ұстанушылардан болған біреудің көзқарасын жоққа шығаруына бола ма деп сұрағанда, ол былай деді:
«Адасқан көзқарастағы адамдармен уақыт өткізуге және олармен сөйлесуді тыйым салғандығы жайында біз ғалымдарымыздан естіген және көрген болатынбыз. Адасқандармен отырып, олардың көзқарастарын талқыламай, Алланың кәләмінде және оның Елшісінің, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, сүннетінде келген нәрселерді орындаумен шектелуіміз қажет. Шын мәнінде, олар сені тығырыққа тіреулері мүмкін, бірақ олар өздерінің сенімінен бас тартпайды. Сол себепті, олар Алланың қалауымен болатын болса, онда олармен олардың сенімдері жайлы әңгіме қозғамаған жөн». [Дереккөз: «әл-Ибана әс-Суғра», 1/44.]
Сонымен қатар имам Ахмад тағы былай деп айтқан: «Сендерге бидғат иелерімен дауласу емес сүннетті, хадистерді, фиқһты, сендерге пайда алып келетін заттарды оқыған дұрысырақ болады. [Дереккөз: «әл-Ибана», 2/532.]
Шейх Юсуф ан-Набхани, уаххабилер – жалған салафилер туралы былай деген: «Олардың саны үнемі өсіп отырады, олар нағыз шайтандар секілді». Ол ары қарай жалғастырады: «Олардың бәрі лас, бірақ олардың басшылары соншалықты кір, оларды тіпті жуып тастауға мүмкін емес». Ол: «Мен тірі болғанымша олармен күресемін, ал егер осы жолда қайтыс болсам, онда өзімнен кейін екі қару қалдырамын: менің кітаптарым және шығармаларым (назм)».[Дереккөз:  «Шауәидул-Хак», 68-бет.] 
Шейх Юсуф ан-Набхани ары қарай айтады: «Білім ізденгедерге қатысты, егер олар білім ізденудің алғашқы сатысында болса, немесе білім алуларын білімінде берік болған ғалымдар дәрежесіне жетпей, тоқтатқан болса, онда оларға бидғат иелерімен байланысуға және олардың шубхаларын (күмәндарын) тыңдауға болмайды, тіпті ол олардың сенімдерін жоққа шығару мақсатында болса да. Шын мәнінде, әлсіздік пен күштері оларға келмеуінен, олардың жүректерінде бидғат иелерінің адасқан сенімдері орын тауып, кейін олардан құтылу қиынға соғады. Сөйтіп, олар өздері бидғат иелеріне айналады, біз бұны біздің уақытымыздағы ақымақтардан байқай аламыз, олар ең басында тура жолда болып, кейін адасушылармен жолығып тура жолдан тайып кетті. Сонымен қатар, олармен жиналып, олармен болған дауды тыңдау рұқсат етілмеген, тіпті ол қарапайым мұсылман болсын немесе білім жолындағы шәкірт болсын».
[Дереккөз:
Шейх Юсуф ан-Набхани, «Шауәидул-Хак», 96-бет.]
Біреу сұрауы мүмкін: «Қалайша біздің үмметтен болған имамдар олармен дауласуға тыйм салды, егер өздері жиі оларды жоққа шығарып тұрса?» бұған жауап ретінде, біздің сәләфтар және кейінгі ғалымдар негізінде адасқандардың өздерімен дауласқан емес, олар бид’ғат иелерінің сенімін жоққа шығарып, адамдарға түсіндірген, бұл ғалымдардың негізгі міндеттері болып табылады, олар адамдарға бұл адасушылықтарды түсіндіріп, оларды мәңгілік құрдымға кетуден сақтайды. Мысалы, біздің имамымыз Абул-Хасан әл-Әш`ари солай істеген.
Әбу Бәкір Ахмад ибн Әли ибн Сабит көбіне әл-Хатыб әл-Бағдади атымен танымал (392-463 һ.ж.), өзінің кітабында былай жазады: «Абул-Хасан әл-Әш`ари – мутакаллим, адасқандардың сенімдерін жоққа шығаратын, муғтазалиттердің, рафидилердің (шииттер), джәхмилердің және басқа да адасушылыққа апаратындар туралы көптеген кітаптардың авторы. Мұғтазилиттер, Алла Тағала әл-Әш`ариге оларды жеңуге көмек бермейінше бастарын жоғары көтеріп, даңдайсынып жүрді».
[Дереккөз: Әл-Хатиб әл-Бағдади, «Тарих әл-Бағдад», №346.]
Имам Әбул-Қасим әл-Қушайри, Абул-Хасан Әли бин Исмаил әл-Әш`ари жайында былай деп айтқан: «Ол Әхлу-Сунна жолындағы діннің негіздерін айтқан болатын, қарсы келген бидғатшыларды жоққа шығарған. Муғтазилиттерге, бидғатшыларға, хауарижидерге –  оларға қарсы қылыш секілді болды».
[Дереккөз:
Ибн Асакир, «Табйнул-кизб әл-муфтари», 60-бет.]
Аллаға, оның Кəлəміна жəне Пайғамбарына, Алланың оған игілігі мен сəлемі болсын, шынайы ықылас танытуға Құран мен Сүннет арқылы адасушылықты ашатын жəне түсіндіретін ғалымдардың амалы жатады. Сонымен қатар оған ғалымдардың əлсіз болған сөздері де жатады..
Хафиз Ибн Раджаб былай айтқан: «Ықыласты болуға – Алла және оның Елшісіне, оған Алланың игілігі мен сәлемі блсын, және кітабына, ғалымдардың жасайтын амалдары, және Құран мен Сүннет арқылы адасушылықты жоққа шығарып толығымен түсіндіреді. Сонымен қатар бұған әлсіз болған ғалымдардың сөздерін жатқызуға болады».
[Дереккөз: «Джамиул `Улюми уәл-Хикам»,  №96.]
Ал бидғат иелеріне және олардың нәпсілеріне келетін болсақ, олармен дауласып, сол жерде білімді төмендетіп, оларға бір нәрсені дәлелдеудің қажеті жоқ, өйткені егер Алла оны қаласа, оларды тура жолға салады. Себебі бидғат иелерімен дауласу олардың адасқан сенімдерін жаюда және орнығуына көмектеседі.
Әбу Қиләбә айтқан: «Өз нәпсілеріне еретіндерге, оларды тыңдаумен көмектеспе!». [Дереккөз: «әл-Лялякаи», №246.]
Ең жақсысы оларды жоққа шығарудың амалы – бұл оларды елемеу!

Айюб әс-Сахтияни
 айтқан: «Бидғат иелерін жоққа шығарудың амалдарынан үндемеуден артығы жоқ». [Дереккөз: «әш-Шари`а», №56.]
Бірақ егер бидғат иелерінің біреуі шынымен де ақиқатты білгісі келсе, жай дауласпай, онда онымен пікірталасқа түсудің ешқандай әбестігі жоқ, егер дауласуға кірісетін адам жеткілікті деңгейде білімі бар болса және дауласу үстінде даналық танытса, Алла Тағала Құранда айтқандай: «Раббыңның жолына даналықпен және жақсы хабармен шақыр және дауды ең көркем түрде жүргіз» [Нахл 16/125].
Имам әл-Хатыб әл-Бағдади айтқан: «Ибн `Аббас `Әли ибн Әбу Талибтің нұсқауымен хариджиттермен пікірталасқан болатын. Және ешбір сахаба пікірталастың мақсаты ақиқатқа жету болса, оны тыйым салмаған!». [Дереккөз: «Әл-Фақиһ уәл-Мутафақих», 1/234.]

Бидғат иелерінің кітаптарын оқудың, дискілерін тыңдаудың және сайттарын қараудың қауіптілігі жайында
Джабирдің, оған Алла разы болсын, сөздерінен Пайғамбарымыз, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, Омар ибн әл-Хаттабты кітап иелерінің парақтарымен көргенде ашуланып оған былай дегені жетеді: «Сен, әл-Хаттабтың ұлы, Мен жеткізген нәрсеге күмәнің бар ма?! Олардан (Кітап иелерінен) еш нәрсе сұрамаңдар, себебі олар хақ болған нәрсені сендерге жеткізіп, сендер оны жалған деп ойлап қаласыңдар, немесе жалған сөзді айтып, сендер соны шындық деп ойлап қаласыңдар. Және Алланың атымен ант етемін, егер Мұса пайғамбар арамызда болса, ол мен болған нәрсенің соңынан еруге міндетті болар еді!».
[Қр. «Имам Ахмад», 3/378, №471, «әд-Дарими», 2/371.]
 
Имам Мәлик айтқан: «Нәпсілеріне, жаңалықтарға және жұлдыздармен жорушылардың ерушілерінің  кітаптарын қолдану тыйым салынған!». [Дереккөз: «Джам`й әл-Баян әл-`Ильм», №416.]
Имам әл-Маруази айтқан: «Бір күні мен Әбу Абдуллаһқа (имам Ахмадқа) айтқан болатынмын: «Мен құпталмаған іс-әрекеттер жайындағы кітапты кездестірдім. Сенің ойыңша, мен оны өртеп жібергенім дұрыс бола ма?» Ол оған: «Иа!» деп жауап берді». [Дереккөз: «әл-`Адаб әш-Шария», 1/229.]
Суфян әс-Саури айтқан: «Әсемділік түрде бейнеленбеген адасушылықтың түрі жоқ!» [Дереккөз: «әл-Худжда фи Баян әл-Махаджа», 2/484.]
Имам әл-Ауза`и айтқан: «Мұсылмандар, Алладан қорқыңдар, және сендерге насихатты айтқан насихатшылардан және ақыл-кеңесті кеңесшіден қабыл алыңдар! Және біліңдер бұл білімдер – дін, сол себепті оны кімнен алып не істеп жүргендеріңе қараңдар, кімнің соңына еріп және кімге сеніп артып жатсыңдар! Шын мәнінде, барлық бидғат иелері – өтірікші және күнәхарлар, және олар Алладан қорықпайды! Сол себепті олардан аулақ болып, оларды өздеріңе жақындатпаңдар, себебі шын мәнінде, сендерден болған алғашқы және соңғы ғалымдар солай істеген болатын және сендерге соны бұйырған!».
[Дереккөз: «
Тарих әд-Димашқ», 6/362.]

Автор: Әбу Абдуллах
Дереккөз: Darulfikr.ru