Пәтуәлар

Яһудейлер – тәшбихтің қайнар көзі

Ибн Хазм әл-Андалуси (оған Алланың рақымы болсын) 384- 456 һ.ж. / 994- 1064 м.ж., «Әл- Фисалда» былай деп жазады:
قال أبو محمد ابن حزم في الفِصَلِ: في أول ورقة من توراة اليهود التي عند ربانيهم وعانانيهم وعيسويه حيث كانوا في مشارق الأرض ومغاربها لا يختلفون فيها على صفة واحدة، لو رام أن يزيد فيها لفظة أو ينقص أخرى لافتضح عند جميعهم مبلغة ذلك إلى أحبارهم الذين كانوا أيام ملك الهارونية لهم قبل الخراب الثاني بدهر يذكرون أنها مبلغة ذلك من أؤلئك إلى عذراء الوراق الهاروني ففي صدرها:" قال الله تعالى اصنع بناء آدم كصورتنا كشبهنا"، قال أبو محمد بن حزم: ولو لم يقل إلا كصورتنا لكان له وجه حسن ومعنى صحيح، وهو أن نضيف الصورة إلى الله تعالى إضافة الملك والخلق، كما تقول هذا عمل الله، وتقول للقرد والقبيح والحسن:هذه صورة الله، أي تصوير الله، والصفة التي انفرد بملكها وخلقها. لكن قوله كشبهنا منع التأويلات وسد المخارج وقطع السبل، وأوجب شبه آدم لله عز وجل ولا بد ضرورةً، وهذا يُعْلَمُ بطلانه ببديهة العقل إذا الشبه والمثل واحد، وحاشى لله أن يكون له مثل أو شبه
«Тәураттың алғашқы нұсқасы барлық равиндерде бірдей болған, олардың ешбір айырмашылықтары болмаған. Ол солайша екінші тұтқындыққа дейін жалғасын тапқан. Осыдан соң Тәураттың басында: «Жаратушы былай деді: «Біз адамдарды өзімізге ұқсатып жараттық» деген сөз пайда болады. Егер жай ғана: «кейіпте» деген сөз болғанда, оның еш ағаттығы болмайтын еді және де мағынасы дұрыс болатын еді. Себебі, мысалы біз: «Бұл Алланың ісі» деп айтатын секілді бұл сөз- Алла тағала кейіпті жаратқанын айтып тұр. Яғни «Алланың кейіпі» дегенде, Алла жаратқан кейіп айтылып жатыр. Бірақ «бір нәрсеге ұқсатып» деген сөз келгеннен соң, олай тәпсірлеуге болмайды, себебі ол сөздерде Адамның (оған Алланың сәлемі болсын) Аллаға ұқсайтыны анық көрсетіліп тұр. Ал бұның ақылға қонымсыздығы айқын және де Алла тағала әлдекімге ұқсаудан Пәк».
[Дерекнама: Ибн Хазм, «Әл- Фисәл фил-Миләли уәл- Ахуаи уә н-Нихал», 1/117.]

Шейх Саид Абдул- Латиф Фуда бұл сөздерге былай деп пікір жазады:
«Бұл өте маңызды сөздер. Яһудейлер былай деген: «Алла біз секілді», осылайша олар мушаббихтер деп аталды. Ибн Хазм мұның Жазбаларда да, ақыл негіздерінде де мақұлданбайтынын айтады. Мұсылман адамға олай сенуге болмайды. Фырқалардың маманы болған ғалымдар Алла ұқсату яһудейлерден келген дейді. Яһудейлер екі негізгі топқа бөлінеді: мушаббих және қадарилер».
[Дерекнама: Саид Фуда, «Әл-Фарқ әл-Азим Бәйн әт-Таухид уәт-Тәжсим».] 

Үлкен ғалым, имам Әбу Музаффар әл-Исфарайини (оған Алланың рақымы болсын)  д.ө.ж. 471 һ.ж. / 1078 м.ж., «Әт- Табсир фи ддинде» былай деп жазады:
 قال الإمام العلامة أبو المظفر الإسفراييني صاحب كتاب التبصير في الدين بخصوص المشبهة منهم: هم الأصل في التشبيه، وكل من قال قولا في دولة الإسلام بشيء من التشبيه فقد نسج على منوالهم 
Яһудейлер – тәшбихтің қайнар көзі. Ислам әлемінде кімде кім солар секілді сөйлер болса, солардың жолында».
[Дерекнама: Әбу Музаффар әл-Исфарайини «Әт-Тәбсир фи-д-дин», 90 бет.]
Шейх Саид Фуда былай дейді:
«Исламдағы тәшбихті ұстанушылар кімге еретінін біліңдер».
[Дерекнама: Саид Фуда, «Әл-Фарқ әл-Азим Бәйн әт-Таухид уәт-Тәжсим».] 

Хафиз Ибн Хаджар әл-Асқаләни (оған Алланың рақымы болсын) 773-852 һ.ж. / 1372-1449 м.ж., «Фатх әл-Бариде» былай дейді:

قال الحافظ إبن حجر العسقلاني في الفتح: قال القرطبي في المفهم قوله " إن الله يمسك " إلى آخر الحديث , هذا كله قول اليهودي وهم يعتقدون التجسيم وأن الله شخص ذو جوارح كما يعتقده غلاة المشبهة من هذه الأمة , وضحك النبي صلى الله عليه وسلم إنما هو للتعجب من جهل اليهودي
«Әл- Қуртуби (Әбул Аббас, оған Алланың рақымы болсын) 578- 656 һ.ж. / 1183- 1258 м.ж., «Әл- Муфхимда» Аллада мекен бар немесе дене-мүше бар деген көзқарастар – яһудейлерден енген. Олар осы қауымның мушәббих тобындағылар секілді Алла Тағала адамға ұқсайды, ағзалары бар деп сенеді. Және де Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) яһудейлердің бұл надандықтарына таңданып, күлген».
[Дерекнама: Ибн Хаджа «Фатх әл-Бари», 13 т. 398-б.]

Имам Тақиуддин Әбу Бәкір әл-Хисни (оған Алланың рақымы болсын) 752-829 һ.ж. / 1351-1425  м.ж., «Дафъ шубах мән шәббәх» атты еңбегінің алғы сөзінде мушәббиха жайлы былай деп жазады:  

قال العلامة التقي الحصني الشافعي في مقدمة كتابه دفع شبه من شبه ونمرد ونسب ذلك إلى السيد الخليل أحمد : ( وبعد : فإن سبب وضعي لهذه الأحرف اليسيرة ؛ ما دهمني من الحيرة من أقوام أخباث السريرة ؛ يظهرون الانتماء إلى مذهب السيد الجليل الإمام أحمد ؛ وهم على خلاف ذلك والفرد الصمد ، والعجب أنهم يعظمونه في الملأ ويتكاتمون إضلاله مع بقية الأئمة ، وهم أكفر ممن تمرد وجحد ، ويضلون عقول العوام وضعاف الطلبة بالتمويه الشيطاني وإظهار التعبد والتقشف وقراءة الأحاديث ويعتنون بالمسند ، وكل ذلك خزعبلات منهم وتمويه ... فالحاصل من كلام ابن حامد والقاضي وابن الزاغوني من التشبيه والصفات التي لا تليق بجناب الحق سبحانه وتعالى ... هي نزعة سامرية في التجسيم ، ونزعة يهودية في التشبيه ، وكذا نزعة نصرانية ... وبالغوا في الافتراء إما لجهلهم وإما لضغينة في قلوبهم لأنهم أفراخ السامرة في التشبيه ويهود في التجسيم ) . 
«Ары қарай... Бұл еңбек жасырын зұлымдық таратушы және де өздерін үлкен ғалым имам Ахмадтың мәзһабына жатқызушы топтардың пайда болуына байланысты жазылды. Олар қарапайым адамдарға өздерінің білімдерін еркін айтады да, ғалымдардың алдында сөйлеуге қорқады. Бұл адамдар діннен ашық түрде шығып кеткендерден де жаман: олар қарапайым халықты адастыруда. Ол адамдар сырт көзге тақуа болып көрінеді және де хадис жинақтарын қолдарынан тастамай жүреді. Негзінде Ибн Хамид және қади Ибн әз- Загунилер – мушәббихтер, және олар Алла тағалаға Құдайылық Құдіретіне тән болмаған кейіп береді. Ол адамдар –самирилердің ізбасарлары, олардың сенімдері яһудейлер мен христиандардыкіне ұқсайды, олар Жаратушыны жаратылысқа ұқсатып елестетеді».
[Дерекнама: Әл-Хисни, «Дафғ шубах мән шаббаха уә тамаррада уә нәсәбә зәликә илә әс-сайид әл-жәлил Ахмад». Алғысөз.]