Пәтуәлар

Діннен шығу және соған қатысты шариғат ережелері (тараудан үзінділер)



«Діннен шығу» және соған қатысты шариғат ережелері

Шейх Уахба Зухайли 
«Ислам фиқһының энциклопедиясы»

Анықтамасы

«Иртидат» сөзі (немесе “риддат”) бір жағдайдан екінші жағдайға өту дегенді білдіреді. Шариғат заңдылықтары бойынша «иртидат» (діннен шығу) күпірліктің ең ауыр түрлерінің бірі болып табылады. Шафи`и мазхабында адамның өліміне дейін жалғасқан «иртидат/діннен шығу», сол адамның барлық амалын жойып жібереді. Ал ханафи фиқһында «иртидат» сәтінен бастап адам өмірінде орын алған барлық игі амалдары бос және мән-мағынасыз болып қалады.

Алла Тағала былай дейді: «Егер олардың шамалары келсе, сендерді діндеріңнен қайтарғанға дейін өздеріңмен соғысуды үзбейді. Сендерден кім діннен қайтып, ол кәпір күйінде өлсе, олардың амалдары дүние, ақыретте де жойылып және олар тозақтық болып, олар онда мәңгі қалады». [Бақара 2/217 аят]

Шариғат тұрғысынан қарайтын болсақ, «иртидат» адамның еркімен немесе еркінен тыс іс-әрекет немесе сөз арқылы Исламнан алшақтап күпірлікке қайтуы болып есептеледі, сондай-ақ, дінсіздікке әкеліп соғады. Тіпті әзілдеп немесе қасарушылық себебінен діннен шығуы туралы айтуы немесе әрекеті «иртидат» болып саналады. Шариғатта бұндай істердің барлығы Исламды жоққа шығарып күпірлікке түсудің белгісі ретінде танылады. Сондықтан «муртад
/діннен шығушы», бұл Исламнан дінсіздікке және жоққа шығаруға бет алған адам.


«Иртидат» болып саналатын іс-әрекеттер:

1. Алла Тағаланы жоққа шығару;
2. Пайғамбарларды қабылдаудан бас тарту;
3. Пайғамбарлардың біріне жала жабу;
4. Иджм
`а тыйым салған күнәлі істерді рұқсат ету. Бұларға зина, лесбияндық, гомосексуализм, спирттік ішімдіктерді ішу және т.б жатады;
5. Иджма
` рұқсат еткен нәрселерге тыйым салу. Мысалы, сауда-саттық, неке секілді;
6. Шариғатта парыз саналатын амалдардың бір бөлігін болса да мойындамау. Мысалы, күнделікті орындалатын бес уақыт парыз намазының бірін мойындамау;
7. Иджм
`а бекітпеген нарселерді міндетті деп сену. Мысалы күнделікті намаздарға тағы бір рака`ат қосу немесе Шәууәл айындағы оразаны парыз деп санау;
8. Болашақта кәпір болуды көздеу, ниеттену немесе соған күмәндану. 

«Муртад», «Зындық», «Сиқыршы», «Балағаттаушы».

«Муртад» – діннен шыққанын мойындайды, немесе саналы түрде діннен шығаратын іс-әрекет жасайды.

«Зындық» – бұл сырт көзге мұсылман болып көрінгенімен, жан дүниесі кәпір адам (өз күпірлігін шариғи дәлелдермен әрлендіріп оны ақиқатқа шығарады). Осыған байланысты, оның күпірлігі дәлелденсе, ол өлім жазасына кесіледі. Ондай адамды тіпті тәубеге келуге де шақырмайды. Ал өзі тәубе еткісі келсе оның тәубесі қабылданбайды. Алайда ондай адам күпірлігі әшкере болғанша тәубе еткен болса (Алла алдында) оның тәубесі қабылданады. 

«Сиқыршы»кәпір секілді бұндай адам да өлім жазасына кесіледі. Оның тәубесіне қатысты әртүрлі пікірлер бар. 

«Балағаттаушы» – Егер қандай да бір адам Алланы, Оның пайғамбарларын, Оның періштелерін, даттап немесе балағаттайтын болса жалпы ережеге байланысты ол өлтірілуі тиісті. Оны тәубесіне шақыруға байланысты әртүрлі пікірлер бар (ихтиләф). Мәлики мазхабында бұндай адам тәубеге шақырылмайды.

«Иртидаттың» шарттары

Екі шартқа байланысты ғұламалар бір байламға келді:

1.
Ақыл. Яғни шектен шыққан адам толықтай ақыл-есі дұрыс болуы керек. Ақыл-есі дұрыс емес немесе есі кірмеген баланың «иртидаты» жарамсыз. Ханафи мәзхабында мас адамның «иртидаты» жарамсыз болып есептеледі. Ұйқыдағы адамның да жағдайы дәл сондай 
[Дереккөз: «Әл-Бадаи», VII 134; «Әд-Дур`рул-Мухтар», III, 147.].
Алайда шафи`и және ханбали мәзхабтарында имам Ахмадтың екі хадисіне жүгіне отырып адамның мас халінде исламға кіре алатындығы секілді иртидатты да болған, жасалған болып саналады. Алла Елшісінің, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, сахабалары мас халінде балағаттаумен айналысқан адамды жазалау керектігін дұрыс көрген 
[Дереккөз: «Муғнил-Мухтадж», IV, 137; III, 311.].
Алайда, діннен шыққан мас адамды өлтіруге болмайды. Ол сауыққанша күтіп, содан кейін тәубесіне келуге 3 күн уақыт беріледі.
Имам Әбу Ханифа, Имам Мұхаммед, сондай-ақ, мазхабтарына сай балиғат жасына толу міндетті шарт болып табылмайды. Балиғатқа толмаған бала «иртидат» жасаған болса, оның бұл іс-әрекеті жасалған болып саналады. Сонымен қатар, имам Әбу Ханифа мен Имам Мұхаммед бала өліміне және оларды соққыға жығуға жол бермеді. Олардың ижтихадына сай ондай балаларды Исламға мәжбүрлеп қайтару керек болады. [Дереккөз: «Әд-Дур`рул-Мухтар III, 335.].
Имам Әбу Юсуф пен Имам Шафи`и үшін балиғат жасқа толу міндетті шарт болды. Бала мен есінен айырылған адамның «иртидаты» саналмайды, өйткені олар өз іс-әрекетіне жауап бермейді. Дәл осы себепті осы екі имам баланың исламды қабылдауы қабылданбайды деп санады (яғни оның сахихтығы). Олар Балалар балиғат жасына толмайынша сұралмайды” – деген, хадисті басшылыққа алды. «Фатхул-Қадир» және басқа да дереккөздеріне сай имам Әбу Ханифа да осы көзқарасты құптаған.
Шафи`илерден өзгелері баланың Исламды қабылдауы сахих деп есептеледі деген пікірді ұстанып, «Әрбір бала мұсылман болып туылады...» – деген, хадиске жүгінді [Қр. Сахих Бұхари, Муслим және т.б.]
Басқа бір хадисте Пайғамбарымыз, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, былай деген: «Кімде-кім “Алладан басқа құлшылыққа лайықты ешкім жоқ”десе, жәннатқа кіреді». Осылайша, шафи`иден өзге барлық мәзхабтар балиғат жасына толмағандардың Исламды қабылдап, діннен шығуы дұрыс деп есептейді.
Қалай болғанда да балиғатқа толмаған баланың Исламды қабылдау дұрыс деген пікір абзалырақ, өйткені `Әли ибн Әбу Талиб, оған Алла разы болсын, Исламды бала кезінде қабылдаған.
«Иртидатты» жасау ер адамдарға ғана емес, әйелдерге де қатысты.
2. Діннен шығуы туралы адамның өзі, өз еркіне сүйене отырып мәлімдеуі шарт. Барлық ғұламалардың пікірлеріне сай, шын мәнінде ол мұсылман болып қалғандықтан, күштеп діннен шығарылған мұсылманның «иртидаты» қабылданбайды.
[Дереккөз: «Әл-Муғни», VIII, 145;» Ғайетул-Мунтаха», III, 353, 358.]

Діннен шыққандарға қатысты үкім

Діннен шыққандарды өлім жазасына кесу керектігі туралы барлық ғұламалар бірауызды келісімге (ижм`аға) келді. Бұл үкім Пайғамбарымыздың, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, мына бір хадисіне жүгіне отырып қабылданған: «Мұсылман адамның қаны мына үш жағдайда адал: « “ол некелі бола тұра зина жасаған болса”, “біреуді өлтірген болса және діннен шыққан болса”» – деген»
[Қр. Сахих Бұхари, Муслим.] 
Сонымен қатар барлығы да өлім жазасына ер адамдар кесіледі деген пікірде. Әйелдерге қатысты пікірлерде қайшылықтар бар. Ханафи мәзхабында діннен шыққан әйел өлім жазасына кесілмейді. Алайда басқа мәзхабтарда ол өлім жазасына кесіледі. Олар Пайғамбарымыздың, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, мына бір хадисіне сүйенеді: «Егер қайсыбір ер кісі діннен шыққан болса алдымен Исламға шақырыңдар. Дінге қайта оралса игі, ал оралмаса басын алыңдар». «Егер қайсыбір әйел діннен шыққан болса алдымен Исламға шақырыңдар. Дінге қайта оралса игі, оралмаса басын алыңдар». [Қр. Табарани келтірген, хасан хадис.]
Ханафи мәзхабында, жоғарыда келтірілгендей, әйел адам діннен шыққаны үшін өлім құшпайды. Алайда Исламға қайта оралуға тиісті. Ол үлкен қылмыс жасағандықтан, дінді қайта қабылдағанға дейін немесе ажалы келгенше қамауда болады. Үш күнде бір рет соққыға жығылады. Ондай әйелді өлтіруге болмайтынына дәлел ретінде ханафи мәзхабының ғұламалары мына сахих хадисті келтіреді: «Әйелдерді өлтірмеңдер».
Ханафи мәзхабында өлім жазасына кесудің алдын, діннен шыққын адамға дінге қайта оралуды ұсынған абзал. Ол дінге оралса, бұл қабылданады. Бірақ бас тартса, оның ісі басшылыққа тапсырылады. Олар өз кезегінде оған ойланып тәубесіне келуі үшін, үш күн мерзім береді. Алайда діннен шығушының Исламға қайта келетініне ешқандай үміт болмаса және оған берілген мерзімнің уақыты өткеннен кейін оны өлім жазасына кесуге тиісті. Ол пайғамбарымыздың, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, сахабаларының өмірінде орын алған мына бір оқиғамен бекітіледі: «Әскер қатарынан Омар халифаға бір адам келген еді. Омар одан: “Қандай хабар әкелдің?” – деп сұрады. Әлгі адам: “Бір кісі дінді қабылдағаннан кейін, діннен шықты. Сол себепті біз оны өлтірдік”деді. Бұған Омар: “Бірақ сендер оны алдымен қамауда 3 күн ұстасаңдар бәлкім тәубесіне келер ма еді?” – деді де. “Уа, Алла! Менің бұл жағдайға қатысым жоқ, мен мұндай үкім берген жоқ едім, былай жасау ойымда да болған жоқ” – деді. 
[Қр. Имам Мәлік «Муатта».] Осыған байланысты Шейх Кемалетдин ибн әл-Хатим бұл оқиғаның діннен шығушыны алдымен тәубеге шақыру керектігі туралы айтады.

Діннен шығушының тәубесі

Тәубеге келіп Исламға қайта оралуды көздеген «муртад/ діннен шығушы», Исламнан өзге ешбір дінге қатысы жоқтығы туралы мәлімдеуі тиіс. Алайда осыған дейін өткісі келген діннен бас тартса жеткілікті, өйткені мақсатқа қол жеткізілді.
Тәубеге келу «Әшһәду әл лә иләһа иллә Ллаһу уә әшһәду әннә Мухаммәдән ‘абдуһу уә расулуһ/Алладан басқа құдай жоқ, Мұхаммед оның елшісі»деген, шахаданы айтумен жүзеге асады 
[Дереккөз: «Әл-Лубаб Шархул-Китаб» IV, 149; «Гайетул-Мунтеха», III, 360.]
Басқа мәзхабтарда діннен шығушыға тәубеге келуі үшін 3 күн уақыт беріледі. Жоғарыда келтірілген Омардың сөздері бұған дәлел.
Ханафи мәзхабынан өзге мәзхабтарда діннен шығушыға тәубеге міндетті түрде шақырған жөн. Ал ханафилерден бұл мұстахаб. Егер діннен шығушының бір нәрсеге қатысты күмәндары болса, сол мәселелерді оған түсіндіру қажет. Ханафилерде «муртадты» үш күн қамауда ұстайды. Осы мерзім ішінде оны Исламға қайта оралуға шақырады. Бірақ ол бас тартса, оны өлім жазасына кеседі.
Діннен шығушыны/муртад, атқарушы билік басшысы (халиф) немесе оның орынбасары өлім жазасына кесе алады. Олардың үкімісіз діннен шығушыны өлтірген кісіге жаза қолданылады. Алайда діннен шығушылық соғыс алаңында орын алса, «муртадты» кез келген адам өлтіруге ақылы.

Дереккөз: Шейх Уахба әз-Зухайли «Ислам фиқһының энциклопедиясы», 462-467 бет. Стамбұл, Феза Йайынджылык, 1994 жыл. ]


Дереккөз: al-fatava.com
Аударған: darulahnaf.com