بِسْمِ اللهِ الرَّحْمَنِ الرَّحِيم
الْحَمْدُ لِلَّهِ رَبِّ الْعَالَمِينَ وَالصَّلاةُ وَالسَّلامُ عَلَي أَشْرَفِ الْمُرْسَلِين وَعَلَى آلِهِ وَأَصْحَابِهِ أَجْمَعِين
Аса мейірімді, ерекше рақымды Алланың атымен бастаймын. Барша мадақ әлемдердің Раббысы Аллаға тән. Адамзаттың ардақтысы Мұхаммедке, оның отбасы мен сахабаларына салауат пен сәлем болғай!
Екінші бөлім
Имам мухаддис Мулла Әли әл-Қари әл-Ханафи (д.ө.ж. 1014 һ./1606 м.ж.), оған Алланың рақымы болсын, «нузуль» жайында келген хадистер жайлы былай деп жазады:
قال النووي في شرح مسلم : في هذا الحديث وشبهه من أحاديث الصفات وآياتها مذهبان مشهوران . فمذهب جمهور السلف وبعض المتكلمين الإيمان بحقيقتها على ما يليق به تعالى ، وأن ظاهرها المتعارف في حقنا غير مراد ، ولا نتكلم في تأويلها مع اعتقادنا تنزيه الله سبحانه عن سائر سمات الحدوث . والثاني :مذهب أكثر المتكلمين وجماعة من السلف ، وهو محكي عن مالك والأوزاعي إنما تتأول على ما يليق بها بحسب بواطنها ، فعليه : الخبر مئول بتأويلين ، أي المذكورين ، وبكلامه وبكلام الشيخ الرباني أبي إسحاق الشيرازي ، وإمام الحرمين ، والغزالي وغيرهم من أئمتنا وغيرهم يعلم أن المذهبين متفقان على صرف تلك الظواهر ، كالمجيء ، والصورة ، والشخص ، والرجل
، والقدم ، واليد ، والوجه ، والغضب ، والرحمة ، والاستواء على العرش ، والكون في السماء ، وغير ذلك مما يفهمه ظاهرها لما يلزم عليه من مجالات قطعية البطلان تستلزم أشياء يحكم بكفرها بالإجماع ، فاضطر ذلك جميع الخلف والسلف إلى صرف اللفظ عن ظاهره ، وإنما اختلفوا هل نصرفه عن ظاهره معتقدين اتصافه سبحانه بما يليق بجلاله وعظمته من غير أن نئوله بشيء آخر ، وهو مذهب أكثر أهل السلف ، وفيه تأويل إجمالي أو مع تأويله بشيء آخر ، وهو مذهب أكثر أهل الخلف وهو تأويل تفصيلي ، ولم يريدوا بذلك مخالفة السلف الصالح ، معاذ الله أن يظن بهم ذلك ، وإنما دعت الضرورة في أزمنتهم لذلك ; لكثرة المجسمة والجهمية وغيرها من فرق الضلالة ، واستيلائهم على عقول العامة ، فقصدوا بذلك ردعهم وبطلان قولهم ، ومن ثم اعتذر كثير منهم وقالوا : لو كنا على ما كان عليه السلف الصالح من صفاء العقائد وعدم المبطلين في زمنهم لم نخض في تأويل شيء من ذلك ، وقد علمت أنمالكا والأوزاعي ، وهما من كبار السلف أولا الحديث تأويلا تفصيليا ، وكذلك سفيان الثوري أول الاستواء على العرش بقصد أمره ، ونظيره ثم استوى إلى السماء ، أي : قصد إليها ، ومنهم الإمام جعفر الصادق ، بل قال جمع منهم ومن الخلف : إن معتقد الجهة كافر ، كما صرح به العراقي ، وقال :إنه قول لأبي حنيفة ومالك والشافعي والأشعري والباقلاني . وقد اتفق سائر الفرق على تأويل نحو : ( وهو معكم أين ما كنتم ) ، ( ما يكون من نجوى ثلاثة إلا هو رابعهم ) الآية ( فأينما تولوا فثم وجه الله ) و ( ونحن أقرب إليه من حبل الوريد ) ، و » قلب المؤمن بين أصبعين من أصابع الرحمن » ، » والحجرالأسود يمين الله في الأرض » وهذا الاتفاق يبين لك صحة ما اختاره المحققون أن الوقف على ( الراسخين في العلملا الجلالة .

قلت : الجمهور على أن الوقف على ( إلا الله وعد ، وأوقفه وقفا لازما ، وهو الظاهر ; لأن المراد بالتأويل معناه الذي أراده تعالى وهو في الحقيقة لا يعلمه إلا الله جل جلاله ولا إله غيره ، وكل من تكلم فيه تكلم بحسب ما ظهر له ، ولم يقدر أحد أن يقول : إن هذا التأويل هو مراد الله جزما ، ففي التحقيق الخلاف لفظي ، ولهذا اختار كثيرون من محققي المتأخرين عدم تعيين التأويل في شيء معين من الأشياء التي تليق باللفظ ، ويكلون تعيين المراد بها إلى علمه تعالى ، وهذا توسط بين المذهبين وتلذذ بين المشربين ، واختار ابن دقيق العيد توسطا آخر ، فقال : إن كان التأويل من المجاز البين الشائع ، فالحق سلوكه من غير توقف أو من المجاز البعيد الشاذ فالحق تركه ، وإن استوى الأمران فالاختلاف في جوازه وعدمه مسألة فقهية اجتهادية ، والأمر فيها ليس بالخطر بالنسبة للفريقين .
قلت : التوقف فيها لعدم ترجيح أحد الجانبين ، مع أن التوقف مؤيد بقول السلف ، ومنهم الإمام الأعظم ، والله أعلم

«Имам ән-Нәуәуи, оған Алланың рақымы болсын, Муслим жинағының түсіндірмесінде былай деп жазған: «Бұл «түсу жайындағы хадистердің» мағынасына келетін болсақ, сондай-ақ мағынасы осыған ұқсас аяттар мен хадистерге қатысты ғалымдар екі топқа бөлінді. Көпшілік саләфтар және кейбір мутакаллимдер пікірі – бұл қасиетті мәтіндер қалай түскен болса, солай қабылдау керек, алайда бұларды Алла Тағалаға, Оның Илләхи Болмысына сай жатқызу керек. Және хадистің сыртқы мағынасы – біздерге (жаратылыстарға) қатысты болған мағынада тұспалданбайды. Және бұл «Алла Тағала жаратылыс сипаттарынан пәк» деген сенімде болып,  талқылауға жатпайды. Ал көпшілік мутакаллимдер мен қалған саләфтарға келетін болсақ, Мәлік пен әл-Ауза`и жеткізгендей, олар тәуильді қалады (яғни талқылауды)».
Оның сөздерінен (Имам ән-Нәуәуи) және шейх әр-Раббани Әбу Исхақ әш-Ширази, имам әл-Харамайн, әл-Ғазали және тағы басқа имамдардың сөздерінен түсінетініміз – екі топ (жоғарыда атап өткен) «келу», «кейіп», «тұлға», «аяқ», «табан», «қол», «жүз», «қаһар», «рақымшылық», «‘Аршқа истәуә», «аспан дүниесінде болу» және осыларға ұқсас тағы басқа сөздер келген қасиетті мәтіндерді (аяттар мен хадистерді)  ешқашан тікелей түсінуге болмайтынын бірауыздан келіскен, өйткені мұндай әдіс ғалымдардың ортақ пікіріне сай күпірлік тұжырымдарға әкеліп соғады. Сондықтан да барлық саләфтар мен халяфтар қасиетті мәтіндерді тікелей мағынада түсінуден аулақ болды. Ал олардың арасындағы келіспеушілікке себеп – бұл мәтіндерді қалай талқылау жайлы сұрақ еді. Олардың бір бөлігі, аяттардың мағынасы Алла Тағаланың Ұлылығына сай және оны басқаға ауыстыруда қажеттілік жоқ деді.
Ал көпшілік халяфтарға келетін болсақ, олар қасиетті мәтіндерді жан-жақты талқылау тәсілін таңдады, бірақ,Алла Тағала сақтасын, олар саләфтардың жолынан бір қадамға да ауытқыған емес. Олар бұл тәсілді қолдануға мәжбүр болды, өйткені қарапайым (аууам) адамдардың арасында муджассимдік, джәһмилік және т.б. адасқан топтар кең таралған болатын. Соның  салдарынан, шынайы ғалымдар оларға анық және жүйелі жауап беруге мәжбүр болды. Бірақ, сонымен олардың көпшілігі: «Егерде біздің заманымыз саләфтардың заманы секілді болғанда, және біздің заманымызда таза әрі шынайы ақида болғанда, және адасқан топтар болмағанда, онда біз ешқашан талқылауға (тәуиль) жүгінбейтін едік» деп мойындайтын еді. Және саған саләфтардың ішіндегі үлкендері болған Мәлік пен әл-Ауза`и хадисті жан-жақты талқылағаны белгілі болды. Сондай-ақ Суфьян әс-Саури «истәуә ‘аләл-‘Арш» сөздерін «истәуә өзінің ісімен» деп және «истәуә илә сама`» яғни аспанға(оны жаратуға) ниет етті деген мағынада талқылады және Джағфар әс-Садық та олардың арасынан (тәуиль жасағандардан).
Осы көпшілік ғалымдар, сондай-ақ халяфтардан болған ғалымдар былай деп мәлімдеді: «Кімде-кім Алла Тағаланы бір бағытта деп сенсе, онда ол күпірлік танытты (кәпір болды)». Ол жайында әл-Ирақи ашық айтып және бұл пікірді Әбу Ханифа, Мәлік, әш-Шафиғи, әл-Әшғари, әл-Бақиляни ұстанғандары жайлы айтқан еді. Ал басқа мұсылман ағымдары да аяттарды талқылау керектігі жайлы мәлімдеді: «Қайда болсаңдар да, Ол сендермен бірге» [Хадид 57/4], «Үш кісі сыбырласса, сөз жоқ төртіншісі – (Алла), әлбетте бестің алтыншысы – Алла» [Мужәдәлә 58/7], «Қай жаққа бет қаратсаңдар да, Алланың жүзі (ризалығы) сол жақта» [Бақара 2/115], «Расында адамзатты жараттық. Оған, нәпсісінің не сыбырлағанын білеміз. Өйткені Біз, оған күре тамырынан да жақынбыз» [Қаф 50/16] және хадистер: «Мүминнің жүрегі, Рахманның екі саусағының арасында» және «Қара тас (хаджар әл-асуәд) – Алланың жер бетіндегі оң қолы». Бұл (діни) зерттеушілердің пікірін мына аят құптайды: «Екінші ұқсас ұғымда аяттар бар. Ал жүректеріңде қыңырлық болғандар, бұзақылық іздеп, ұқсас мағыналы аяттардың ұғымын іздестіріп соңына түседі. Оның ұғымын Алла ғана біледі. Сондай-ақ ғылымында озат болғандар: «Бұған сендік. Барлығы Раббымыздың қасынан» дейді. Бұны ақыл иелері ғана түсінеді» [Әли-Имран 3/7], артынша мына сөзден «ғылымында озат болғандар» кейін тоқтау керек. Ал көпшілік ғалымдарға келетін болсақ, олар мына сөзде «Оның ұғымын Алла ғана біледі» дегеннен кейін тоқтағанды дұрысырақ көреді және тоқтауды міндетті дейді, әрі бұл дұрыс пікір, өйткені «оның ұғымын» деген сөз Алла Тағала ғана біледі және оның мағынасы тек қана Оған (Аллаға) ғана мәлім, және одан басқа құлшылыққа лайықты Тәңір жоқ. Әрбір аятқа пікір білдірген, ол өзінің түсінігімен пікір білдірген болады, өйткені мына аятты Алла Тағала дәл осы мағынада меңзеді деп ешбір адам айта алмайды. Сондықтан да кейінгі зерттеушілер қандайда бір нақты талқылаудан аралық ұстануды таңдады, олар қасиетті мәтіндердің шынайы мағынасын тек Алла Тағаланың Ілімімен байланыстырды. Бұл екі топ ғалымдарының арасындағы бір мәмілеге келулері болып табылады.
Ибн Дақиқ әл-Ид, оған Алланың рақымы болсын, өзінің мәміле нұсқасын ұсынды, ол: «Егер де түсініктеме жалпыға мәлім болған тұспалдау (аллегория) және ауыспалы мағынаға қатысты болса, онда оны қабылдау керек. Ал егер ол әдеттен тыс, сирек кездесетін тұспалдау (аллегория) және ауыспалы мағынада болса, онда одан тыйылу керек. Егер талас мәселесі болса, онда аталған топтардың түсініктемелерінде оқасы жоқ». Менің ойымша, соңғы жағдайда да түсініктемеден бас тартқан дұрыс, өйткені бұл саләфтардың пікірімен расталады, соның ішінде жеке имам Ағзамның пікірімен (Әбу Ханифа)».
[Дерекнама: Мулла Әли әл-Қари, «Миркат әл-Мафатих шарх мисқат әл-Масабих», 300-бет.]
Өзінің заманында Ханбали мәзхабының имамы, хафиз Абуль-Фарадж ибн әл-Джаузи (510-597 һ.ж./1117-1201 м.ж.), оған Алланың рақымы болсын, былай деп айтады:
وى حديث النزول عشرون صحابيا، وقد سبق القول إنه يستحيل على الله عز وجل الحركة والنقلة والتغيرفيبقى الناس رجلين، أحدهماالمتأول له بمعنىأنه يقرب رحمتهوقد ذكر أشياء بالنزول فقال تعالى: (وأنزلنا الحديد فيه بأس شديدالحديد: 25. وإن كان معدنه بالأرض وقال: (وأنزلنا لكم من الأنعام ثمانية أزواجالزمر: 6. ومن لم يعرف كيف نزول الجمل كيف يتكلم في تفصيل هذه الجمل؟والثانيالساكت عن الكلام في ذلك مع اعتقاد التنزيه ، والواجب على الخلق اعتقاد التنزيه وامتناع تجويز النقلة ، وأن النزول الذي هو انتقال من مكان إلى مكان يفتقر إلى ثلاثة أجسامجسم عالي، وهو مكان الساكن، وجسم سافل، وجسم ينتقل من علو إلى أسفل، وهذا لا يجوز على الله تعالى.

قال ابن حامد : هو على العرش بذاته، مماس له، وينزل من مكانه الذي هو فيه وينتقلوهذا رجل لا يعرف ما يجوز على الله تعالىوقال القاضي أبو يعلىالنزول صفة ذاتية، ولا نقول نزوله انتقالوهذه مغالطةومنهم من قال: »يتحرك إذا نزل «. وما يدري أن الحركة لا تجوز على على الله تعالىوقد حكوا عن أحمد ذلك وهو كذب عليهولو كان النزول صفة لذاته، لكانت صفاته كل ليلة تتجدد وصفاته قديمة كذاته

«Бұл хадисті жиырма сахаба келтіреді, алайда біз жоғарыда келтіргендей, Алла Тағалаға қимыл-қозғалыс, өзгеру тән емес, сондықтан ғалымдар бұның мағынасына қатысты екі топқа бөлінді:
Бірінші топ бұл хадисті «Алланың рақымы түседі» деп түсіндірді. Қасиетті мәтіндерде түсу жайында және түсіру жайында жиі айтылады, мысалы: «…Әрі темірді Біз түсірдік, онда адамдар үшін үлкен қауіп және пайдалар бар..» [Хадид 57/25], бізге белгілі болғандай оның кен орындары жердің астында орналасқан, «Ол сендерге малдардан сегізін жұбымен жаратты» [Зумәр 39/6], сондықтан түсу және түсіру жайында қортынды шығаруға асығудың қажеті жоқ.
Екінші топ ғалымдар бұл хадиске қатысты сөз қозғамауды таңдады, дегенмен, олар Алла Тағала кемшіліктерден пәк және жаратылыстарға ұқсамайтындығын, соның ішінде түсу (нузуль) тікелей мағынада еместігін мойындады. Негізінде түсу үрдісі үш дененің болуын талап етеді, біріншісі жоғары болады, екіншісі төменде, ал үшіншісі біріншіден екіншіге түседі, ал Алла Тағала бұлардың барлығынан Үстемірек (яғни, кемшілік атауларынан аса пәк және үстем).
Ал Ибн Хумайд осыған қатысты былай деп айтқан: «Ол (Алла) Өзінің болмысымен `Аршының үстінде, `Аршымен жанасқан күйде. Кейін Ол (Алла) өзінің орнынан түседі, яғни қозғалады». Бұл адам Алла Тағаланың Болмысына не сай келетінін және не сай келмейтінін түсінбейді. Қади Әбу Я`ла айтады: «Түсу «нузуль»  – бұл (Алланың) Болмыс сипаттарының бірі, алайда біз оны (бір жерден екінші жерге) орын ауыстыру деп айтпаймыз». Бұл жерде түсініспеушілік шығып тұр, біздің қарсыластарымыздың бірі Оны (Алла Тағаланы) қозғалады десе, ал басқасы қозғалмайды дейді, олар «қозғалу» – бұл Алла Тағаланың Болмысына сай емес екенін түсіне алмайды. Олар тіпті қозғалу жайындағы пікірді имам Ахмадқа тиесілі етті, алайда бұл – өтірік. Егер шынымен «түсу» Оның Болмыс сипаттарынан болғанда, онда ол сипат әр түні өзгеріп тұрар еді, ал бізге белгілі болғандай, Алланың Болмысы мен Сипаттары ежелден бар».
[Дерекнама: Ибн әл-Джаузи, «Даф шубхат әт-ташбих», 49-50 бет.]
Имам Ибн Хазм әл-Андалуси (384-456 һ.ж./994-1064 м.ж.), оған Алланың рақымы болсын, түсу жайындағы хадистерге қатысты:
هذا إنما هو فعل يفعله الله تعالى في سماء الدنيا من الفتح لقبول الدعاء وأن تلك الساعة من مظان القبول والإجابة والمغفرة للمجتهدين والمستغفرين والتائبين ، وهذا معهود في اللغة، تقول : نزل فلان عن حقه بمعنى وهبه لي وتطول به علي ، ومن البرهان على أنه صفة فعل لاصفة ذات أن رسول الله صلى الله عليه وسلم علق النزول المذكور بوقت محدود فصح أنه فعل في ذلك الوقت مفعول حينئذ ، وقد علمنا أن مالم يزل فليس متعلقاً بزمان البتة ، وقد بين رسول الله صلى الله عليه وسلم في بعض ألفاظ الحديث المذكور ماذلك الفعل، وهوأنه ذكر عليه السلام أن الله يأمر ملكاً ينادي في ذلك الوقت بذلك، وأيضاً فإن ثلث الليل محتلف في البلاد باختلاف المطالع والمغارب ، يعلم ذلك ضرورة من بحث عنه، فصح ضرورة أنه فعل يفعله ربنا تعالى في ذلك الوقت لأهل كل أفقوأما من جعل ذلك نقلة فقد قدمنا بطلان قوله في إبطال القول بالجسم
«Аспан әлемінде Алла Тағала жасаған бұл іс – дұғалардың қабыл болуының көрінісі ретінде және бұл – Алла Тағала жалбарынушы мен тәуба етушіге жауап беретін уақыт. Мысалы, араб тілінде: «Ол түсіп, маған өзінің құқығын берді »,  – деп айтады, яғни маған сыйлады, одан бас тартты деген мағынады. Бұл сипат Болмыстың емес, қозғалыстың сипаттарынан екенінің дәлелдерінің бірі – Пайғамбар, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, бұны белгілі бір уақытпен байланыстырды, ал тыныштығында болғанға келсек, ол уақытпен байланысты емес. Басқа xадистің нұсқасында періштелердің бірі бұл уақытта тиесілі үндеулер айтатыны хабарланған. Одан бөлек, xадисте түннің үштен бір бөлігінің соңғы уақыттары жайлы айтылған, ал түрлі елдерде түн әртүрлі уақыттарға сай келеді. Осылайша, біз мынадай тұжырымға келеміз: мұнда Алла Тағаланың дәл сол уақытта әртүрлі өңірде тұратындарға жасаған ісі жайында. Ал Алланың қозғалуы жайында айтатындарға келсек, біз олардың сөздері жалған екенін баяндадық, себебі Алла Тағала дене емес».
[Дерекнама: Ибн Хазм, «әл-Фаслу фи әл-Милал уә ән-Нихал», 2/172.]
Хафиз Ибн Хиббан (270-354 һ.ж./884-956 м.ж.), оған Алланың рақымы болсын, түсу жайындағы хадистерге қатысты былай деп айтады:
ينزل بلا آلة ولا تحرك ولا انتقال من مكان إلى مكان
«Еш құралсыз, еш қозғалусыз және бір жерден екінші жерге ауысусыз «түседі»».
[Дерекнама: Ибн Хиббан, «Сахих», 2/136.]
Хавиз әл-Байхақи (384-458 һ.ж./994-1066 м.ж.), оған Алланың рақымы болсын, өзінің «Сунан әл-Кубра» кітабында хафиз, имам Әбу Мұхаммед Ахмад әл-Музаниден (270-356 һ.ж.) былай деп риуаят етеді:
أخبرنا ) أبو عبد الله الحافظ قال سمعت أبا محمد أحمد بن عبد الله المزني يقول : حديث النزول قد ثبت ، عن رسول الله — صلى الله عليه وسلم — من وجوه صحيحة ، وورد في التنزيل ما يصدقه وهو قوله تعالى : ( وجاء ربك والملك صفا صفا ) والنزول والمجيء صفتان منفيتان عن الله تعالى من طريق الحركة ، والانتقال من حال إلى حال ، بل هما صفتان من صفات الله تعالى بلا تشبيه ، جل الله تعالى عما تقول المعطلة لصفاته والمشبهة بها علوا كبيرا
«Бізге Әбу Абдуллах әл-Хафиз (яғни әл-Хаким) айтты: мен Әбу Мұхаммед Ахмад ибн Абдулла әл-Музанидің былай деп айтқанын естідім: «Түсу «нузуль» жайында жеткен хадистер Пайғамбардан, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, сенімді жақтардан (риуаят) жетті. Және түсу жайында жеткені – оны растайды, ал ол болса Алла Тағаланың сөзі «Раббың сапқа тізілген періштелермен келеді». «Түсу» мен «келу» – қозғалу мен бір күйден екінші күйге ауысу сияқты Алла Тағалаға тән емес сипаттар. Керісінше, бұл Алла Тағаланы ұқсатусыз (ташбиxсыз) сипаттардан болып табылады. «Муаттылдер» мен «мушаббихалардың» сипаттарға қатысты айтқандарынан Алла Тағала аса Үстем».
[Дерекнама: Әбу Бәкір әл-Байхақи, «Сунан әл-Кубра»,3/3.]
Имам Әбу Сүлеймен әл-Хаттаби әш-Шәфиғи (319-388 һ.ж./931-998 м.ж.), оған Алланың рақымы болсын, түсу жайында келген хадистерге қатысты былай деп пікір айтады:
قلت مذهب علماء السلف وأئمة الفقهاء أن يجروا مثل هذه الأحاديث على ظاهرها وأن لا يريغوا لها المعاني ولا يتأولوها لعلمهم بقصور علمهم عن دركها.

حدثنا الزعفراني حدثنا ابن أبي خيثمة حدثنا عبد الوهاب بن نجدة الحوطي حدثنا بقية عن الأوزاعي، قال كان مكحول والزهري يقولان أمروا الأحاديث كما جاءت.
قلت وهذا من العلم الذي أمرنا أن نؤمن بظاهره وأن لا نكشف عن باطنه وهو من جملة المتشابه الذي ذكره الله عز وجل في كتابه فقال {هو الذي أنزل عليك الكتاب منه آيات محكمات هن أم الكتاب وأخر متشابهات} [آل عمران: 7]الآية؛ فالمحكم منه يقع به العلم الحقيقي والعمل، والمتشابه يقع به الإيمان والعلم بالظاهر ونوكل باطنه إلى الله سبحانه؛ وهو معنى قوله {وما يعلم تأويله إلاّ الله} [آل عمران: 7] وإنما حظ الراسخين في العلم أن يقولوا {آمنا به كل من عند ربنا} [آل عمران: 7] وكذلك كل ما جاء من هذا الباب في القرآن كقوله {هل ينظرون إلاّ أن يأتيهم الله في ظلل من الغمام والملائكة وقضي الأمر} [البقرة: 210]وقوله {وجاء ربك والملك صفاً صفاً} [الفجر: 22] والقول في جميع ذلك عند علماء السلف هو ما قلنا، وقد روي مثل ذلك عن جماعة من الصحابة.
وقد زل بعض شيوخ أهل الحديث ممن يرجع إلى معرفته بالحديث والرجال فحاد عن هذه الطريقة حين روى حديث النزول ثم أقبل يسأل نفسه عليه فقال إن قال قائل كيف ينزل ربنا إلى السماء قيل له ينزل كيف شاء فإن قال هل يتحرك إذا نزل أم لا، فقال إن شاء تحرك وإن شاء لم يتحرك.
قلت وهذا خطأ فاحش والله سبحانه لا يوصف بالحركة لأن الحركة والسكون يتعاقبان في محل واحد، وإنما يجوز أن يوصف بالحركة من يجوز أن يوصف بالسكون وكلاهما من أعراض الحدث وأوصاف المخلوقين والله جل وعز متعال عنهما ليس كمثله شيء

«Саләф-солих имамдар мен фақиһ имамдардың мәзхабы – осыған ұқсас хадистерді үстіртін, сырттай (оқып) өтіп кету және бұны түсінуде өздерінің білімі шектеулі екенін білгендіктен, олардың мағынасын талап етпеу және оларды тәпсірлемеу.
Әл-Ауза`и айтады: Макхуль және әз-Зухри айтқан: «Бұл хадистерді олар қалай өткен болса, сендер де солай өтіңдер». Бұл бізге ішкі жағына үңілмей, үстіртін/сырттай иман келтіруімізге әмір етілген білімдерден және Алла Тағала Өзінің Кітабында келтірген мағынасы белгісіздерден (муташаббиһат):«Ол саған Кітапті (Құранды) түсірді. Оның ішінде мағынасы анық аяттар бар. Олар – Кітаптың анасы/негізі . Әрі өзге, мағынасы астарлы аяттар да бар»[Әли-Имран 3/7 аят]. Ашық мағыналы аяттарға (мухкам) ақиқат/анық білім және іс-әрекеттерге жетекшілік жатады, ал мағынасы белгісіздерге (муташаббихат) оның білімін Аллаға тапсырумен қоса иман келтірген күйдегі үстіртін/сырттай білім жатады және бұл Алла Тағаланың мына сөздерінің мағынасы: «Оның ұғымын Алла ғана біледі». Білімге терең зер салғандар: «Бұған (Құранға) иман келтірдік. Бұның барлығы Раббымыздан» деп айтулары керек. Және сондай-ақ Құранның осы сияқты тарауларында Алланың мынадай сөздері келтірілгендей: «Олар бұлттардың көлеңкесінде Алланың келуін күте ме және періштелердің әрі істің шешілуін?»[Бақара 2/210 аят], және тағы: «әрі Раббың сап-сап болып періштелер кезде…» [Фәжр 89/22 аят], бұл келтірілгендердің барлығына қатысты саләф-солихтардың ұстанымы – бұл біз жоғарыда атап өткендей. Және осыған ұқсас  пікір бір топ сахабалардан да риуаят етіледі.
Кейбір әһлу хадис шейхтері қателесіп, бұл жолдан ауытқыды (шықты). Түсу жайында хадис жеткізген кезде, олар өздері өздерінен сұрайды: «Егер әлдебіреу: «Раббымыз аспан дүниесіне қалай түседі?»,  – деп сұраса, онда оған былай деп жауап береміз: «қалай қаласа, солай түседі», ал егер: «түскен кезде қозғала ма, жоқ па?»,  – деп сұраса, біздің жауабымыз: «егер қаласа қозғалады, қаламаса қозғалмайды».
Бұл – жан түршігерлік/жиіркенішті қателік. Алла Тағала аса Пәк, Ол қимыл-қозғалыспен сипатталмайды, өйткені қозғалу мен тыныштық/қимылсыз күй бір жерде бірінен соң бірі ереді. Қозғалумен тыныштық/қимылсыз күймен сипатталатын да баяндалады және бұл екеуі (қозғалу мен қимылсыздық) жаратылыс сипаттарынан, ал Алла Тағала бұлардан аса Пәк, Оған еш нәрсе ұқсас емес».
[Дерекнама:Әл-Хаттаби, «Ма`алиму Сунан шарх сунан Әби Дауд», 4/332.]
Хафиз әл-Байхақи (384-458 һ.ж./994-1066 м.ж.), оған Алланың рақымы болсын, өзінің «Сунан әл-Кубра» кітабында «нузуль» жайында хадисті келтіргеннен кейін былай деп жазған:
أَخْبَرَنَا مُحَمَّدُ بْنُ عَبْدِ اللَّهِ الْحَافِظُ ، ثنا أَبُو بَكْرٍ مُحَمَّدُ بْنُ أَحْمَدَ بْنِ بَالَوَيْهِ ، ثنا مُحَمَّدُ بْنُ بِشْرِ بْنِ مَطَرٍ ، ثنا الْهَيْثَمُ بْنُ خَارِجَةَ ، ثنا الْوَلِيدُ بْنُ مُسْلِمٍ ، قَالَ : سُئِلَ الأَوْزَاعِيُّ ، وَمَالِكٌ ، وَسُفْيَانُ الثَّوْرِيُّ ، وَاللَّيْثُ بْنُ سَعْدٍ ، عَنْ هَذِهِ الأَحَادِيثِ الَّتِي جَاءَتْ فِي التَّشْبِيهِ ، فَقَالُوا : أَمِرُّوهَا كَمَا جَاءَتْ بِلا كَيْفِيَّةٍ ، وَأَخْبَرَنَا أَبُو بَكْرٍ أَحْمَدُ بْنُ مُحَمَّدِ بْنِ الْحَارِثِ الْفَقِيهُ ، أَنْبَأَ أَبُو مُحَمَّدِ بْنُ حَيَّانَ الأَصْبَهَانِيُّ ، ثنا إِسْحَاقُ بْنُ أَحْمَدَ الْفَارِسِيُّ ، ثنا حَفْصُ بْنُ عُمَرَ الْمِهْرِقَانِيُّ ، ثنا أَبُو دَاوُدَ وَهُوَ الطَّيَالِسِيُّ ، قَالَ : كَانَ سُفْيَانُ الثَّوْرِيُّ ، وَشُعْبَةُ ، وَحَمَّادُ بْنُ زَيْدٍ ، وَحَمَّادُ بْنُ سَلَمَةَ ، وَشَرِيكٌ ، وَأَبُو عَوَانَةَ ، لا يُحِدُّونَ ، وَلا يُشَبِّهُونَ ، وَلا يُمَثِّلُونَ ، يَرْوُونَ الْحَدِيثَ وَلا يَقُولُونَ كَيْفَ ، وَإِذَا سُئِلُوا أَجَابُوا بِالأَثَرِ
«Бізге Мұхаммед ибн Абдуллах әл-Хафиз айтты, бізге Әбу Бәкір Мұхаммед ибн Ахмад ибн Ба`алауайхи, бізге Мұхаммед ибн Бишр ибн Матар, бізге Хайсам ибн Хариджат, бізге Уәлид ибн Муслим: «Әл-Ауза`и, Мәліктен, Суфьян әс-Саури және Лейс ибн Са`адтан (тікелей мағынасында) ұқсатушылық бар бұл хадистер жайында сұрағанда, олардың жауабы: «Олар қалай келген болса, солай өтіңдер, яғни кейіп берусіз».
Бізге Әбу Бәкір Ахмад ибн Мұхаммед ибн Харис әл-Фақиһ айтты, бізге Әбу Мұхаммед ибн Хай`йан әл-Асбахани, бізге Исхақ ибн Ахмад әл-Фариси, бізге Хафс ибн Омар әл-Михрақани, бізге Әбу Дауд әт-Таялиси айтты. Ол (Әбу Дауад) былай деп айтқан: «Суфьян әс-Саури, Шу`ба, Хаммад ибн Зейд, Хаммад ибн Салама, Шарик және Әбу Ауанат – шектеулер бермеді (лә юхиддуна), ұқсатпады (лә юшаббихуна) және салыстырмады (лә юмассилюна), хадистерді келтірді және «қалай?» деп айтпады, ал олардан сұраған кезде олар асармен жауап беретін».
[Дерекнама: Әл-Байхақи,«Сунан әл-Кубра», 3/3.]
Ескертпе: Алла Тағаланың сипаттарын  шектеулерден (тахдид), ұқсатудан (ташбих) және абсолюттік ұқсатудан (тамсиль) сәляф –солихтердің пәктеуі (танзих).
Әбу Дауд әт-Таялиси – оның толық есімі Сүлеймен ибн Дауд ибн әл-Джаруд әл-Фариси әл-Басри. Әз-Зубайр ұрпақтарынан болған азат етілген құл. Саләф-солихтарды ішіндегі ең көрнекті мухаддис, сөзсіз хадисшы ғалымдардың ішіндегі беделдісі, «Муснад әт-Таялиси» кітабының авторы. Өмір сүрген жылдары 133-204 һ.ж./750-819 м.ж. Ол жайында толық мағлұмат «Сияр ә`лям ән-нубәля» кітабын қараңыз 8/110.
Әбу Дауад атап өткен саләф-солихтардың өмір сүрген жылдары: Суфьян әс-Саури (97-161 һ.ж.), Шу`ба (85-160 һ.ж.), Хаммад ибн Зейд (98-179 һ.ж.), Хаммад ибн Салама (167 һ.ж. дүниеден өткен), Шарик (95-177 һ.ж.), Әбу Ауанат (175 һ.ж. дүниеден өткен), олардың баршасын Алла рақым етсін.
Хафиз әл-Ләләкаи (418 һ.ж./1021 м.ж. д.ө.), оған Аланың рақымы болсын, имам Әбу Ханифаның шәкірті және имам әш-Шафиғидің ұстазыимам Мұхаммед ибн Хасан әш-Шайбанидің (132-189 һ.ж./749-805 м.ж.), сипаттарға қатысты хадистер жайында сөздерін келтіреді:
أخبرنا أحمد ، أخبرنا محمد ( بن أحمد ) بن سليمان ، قال : ثنا أبو علي الحسن بن يوسف بن يعقوب ، قال : ثنا أبو محمد أحمد بن علي بن زيد الغجدواني قال : ثنا أبو عبد الله محمد بن أبي عمرو الطواويسي قال : ثنا عمرو بن وهب ، يقول : سمعت شداد بن حكيم يذكر ، عن محمد بن الحسن ، في الأحاديث التي جاءت: » إن الله يهبط إلى سماء الدنيا » ونحو هذا من الأحاديث : إن هذه الأحاديث قد روتها الثقات ، فنحن نرويها ونؤمن بها ولا نفسرها .
«Бізге Ахмад айтты, бізге Мұхаммед ибн Ахмад ибн Сүлеймен, бізге Әбу Әли Хасан ибн Юсуф ибн Яқуб, бізге Әбу Мұхаммед Ахмад ибн Әли ибн Зейд әл-Ғадждауани, бізге Әбу Абдуллах Мұхаммед ибн Әби ‘Амр әт-Та‘уауиси, бізге ‘Амр ибн Уахб айтты, ол Шаддад ибн Хакимнен, ол Мұхаммед ибн Хасан «Алла Тағала аспан дүниесіне түседі» және осыған ұқсас хадистер жайынд былай деп айтады:
«Ақиқатында, бұл хадистерді сенімді адамдар риуаят етті, сондықтан біз оларды жеткіземіз, иман келтіреміз және оларды түсіндірмейміз».
[Дерекнама: Әл-Ләләкаи, «Шарх усуль әл-И`тиқад», 2/433.]
Имам Шейхуль Ислям Әбу Осман әс-Сабуни әш-Шафиғи (373-449 һ.ж.), оған Алланың рақымы болсын, өзінің жолдауында былай деп айтқан:
فلما صح خبر النزول عن الرسول صلى الله عليه وسلم أقر به أهل السنة، وقبلوا الخبر، وأثبتوا النزول على ما قاله رسول الله صلى الله عليه وسلم، ولم يعتقدوا تشبيها له بنزول خلقه، ولم يبحثوا عن كيفيته ، إذ لاسبيل إليها بحال ، وعلموا وتحققوا واعتقدوا أن صفات الله سبحانه لا تشبه صفات الخلق، كما أن ذاته لا تشبه ذوات الخلق تعالى الله عما يقول المشبهة والمعطلة علوا كبيرا، ولعنهم لعنا كثيرا.
«Алла Тағаланың «нузуль-түсу» жайындағы хадистер сенімділіктері (сахих) белгілі болғандықтан, Сүннет жолын ұстанушылар бұл хадистерді қабылдап, бекіте келе оларды растайды, яғни Алла Тағаланың «нузуль-түсуі» Пайғамбар, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, айтқан күйде деп қабылдайды. Алла Тағаланың «түсуі» Оның (Алланың) жаратылыстары жасайтынындай, яғни ұқсатушылық (ташбих) кейіп беру – олардың сенімдерінен емес. Олар (Сүннет жолын ұстанушылар) оны түсіну мақсатында қазбалап сұрамайды, яғни Алла Тағала ең жақын аспан дүниесіне қалай түсетіндігін сұрамайды, өйткені оны түсіну әсте мүмкін емес. Олар Алла Тағаланың Сипаттары мен Болмысы аса Пәк және бәрінен де Үстем екіндігіне, және Оның (Алланың) жаратылыстардың сипаттары мен болмыстарымен ұқсас емес екендігін біледі және бұған нық сенімді. «Мушаббих» және «му`атыльдер» айтып жүргендерден Алла Тағала аса Пәк. Оларға Алланың көптеп лағнеті болсын!».
[Дерекнама: Әбу Осман әс-Сабуни, «Ақыда әс-сәляф уә асхаб әл-хадис», 62-бет. Дар аль-Минхадж баспасы].
Андалус өңірінің беделді ғалымы, хафиз Әбу `Амр әд-Дани әл-Қуртуби әл-Мәлики (371-444 һ.ж.), оған Алланың рақымы болсын, өзінің «Әр-Рисаләту әл-Уәфийату» кітабында:
إن الله جل جلاله وتقدَّست أسماؤهينزل في كل ليلة إلى السماء الدنيا في الثلث الباقي من الليل… ونزوله تبارك وتعالى كيف شاء، بلا حد، ولا تكييف، ولا وصف بانتقال، ولا زوال.

وقال بعض أصحابناينزل أمره تبارك وتعالى.
واحتج بقوله عز وجل: {الذي خلق سبع سموات ومن الأرض مثلهن يتنزل الأمر بينهن} . وكذا روى حبيب عن مالك بن أنس رحمه اللهوسئل الأوزاعي عن التنزل فقاليفعل الله ما يشاءأييظهر من أفعاله ما يشاء!!

«Ақиқатында, Құдыретті және Ұлық Алла Тағала, әр түннің үштен бір бөлігінде аспан әлеміне түседі. Оның «түсуі» Өзінің қалағанындай, еш шектеусіз, еш ұқсатусыз, еш орын ауыстырусыз болады.
Біздің кейбір ғалымдарымыз былай деді (Мәлики мәзхабынан болғандар): «Оның Тәбәрака уә Тағалә Әмірі түседі». Алла Тағаланың сөзімен дәлел келтірді: «Ол сондай Алла, жеті көкті жаратқан және сонша жерді жаратқан. Әмірі олардың арасына түседі» [Таләқ сүресі 65/12 аят]. Бұл пікірді Хубайб имам Мәліктен риуаят етті, оларға Алла разы болсын. Әл-`Аузаиден «нузуль-түсу» жайында сұрағанда, оның жауабы: «Алла Өзінің қалағанын жасайды». Яғни: «Оның (Алланың) әрекеттерінен Ол қалағаны ғана білінеді».
[Дерекнама: Әбу `Амр әд-Дани, «әр-Рисаләту әл-уәфийату ли мәзхаби әхли әссунати фи әл и`тиқадати уә усули әд-дийанати», 22-24 бет. Александрия: Даруль Басират баспасы, 1426/2005.]
Дерекнама: Al-fatava.com