Пәтуәлар

Жәһм ибн Сафуан «жәһмилердің» мәзхабы жайында

Аса Қамқор, ерекше Мейірімді Алланың атымен.

بسم الله الرحمن الرحيم

Өзекті мәселелердің бірі Уәхаби ағымының уағыздаушылары, Әшғарилер мен Матуридилерді, Жәһмия ағымынан деп айыптап, жала жабулары! Расында да Әшғарилер мен Матуридилердің ақидалары (сенімдері) Жәһмия ағымының ақидасымен сәйкес келеме екен соны қарастырып өтеміз, және де бұл үметтің ғұламалары Жәһмия ағымы жайында қандай пікірлер айтты соны қарастырайық. Тауфиқ тек қана Алладан! Аллаху Мустаан!
·         Жәһм ибн Сафуан Алла Тағаланы ешқандай сипатпен сипаттамайды.
·         Оның (Жәһмнің) пікірі бойынша Алла – Білуші (әл-Әлим), Тірі – (әл-Хай) немесе Құдіретті (әл-Қадир) — деп айту дұрыс емес, алайда ол (Жәһм) былай деп, яғни Алла – Жаратушы (әл-Халиқ), Ризық беруші (әр-Разақ), Жоқ қылушы (әл-Мумит) және Тірілтуші (әл-Мухъи) депайту дұрыс деп санайды.
·         Ол (Жәһм) «уахдатул-ужуд» және «әл-хулул» ақидасын ұстанады (әл-хулул – Тәңірлік болмыс пен жаратылыс болмыстың қосылуы) және Алла Тағала Өзінің Болмысымен бұл дүниенің барлық жерінде деп айтуы.
·         Алла Тағаланың Болмысында әрдайым өзгеріс феномендері болып тұрады деп мақұлдауы. Жәһмнің түсінігі бойынша Алланың «Білуші (әл-Әлим)» сипаты өзгеріп тұрады және Алла Тағала (әлсін-әлсін) сөйлейді, ал Өзі қалаған уақытында кейде, үндемейді.
·         Алла Тағаланың кәләм сипатын теріске шығарып, Құран Кәрім жаратылған деген пікірді қолдайды.
·         Олардың басты сенімі- адам тағдырдағы жазылғанмен өмір сүреді және адамның бір істі істеуде ешқандай таңдау еркіндігі, күш- қуаты рөл ойнамайды, тек мәжбүрлі түрде істейді. Алла Тағала барлық нәрсені жаратқан және жаратылғандардың ешбірі Өзіне ұқсамайтынҰлы Құдірет иесі. Сол себепті Алладан басқа ешкім ештеңе істей алмайды.
·         Жәннат пен Тозақ мәңгілік емес, шегі бар. Жаратылған ешбір нәрсе мәңгілік бола алмайды, бәрінің бітер шегі бар. Мәңгілік – тек Алла ғана.
·         Иман ету – иман негіздерін біліп қоюмен жетерлік болады. Иман негіздерін жүрекпен қуаттау, сенгенін тілімен айту қажет емес, тек сол негіздерді біліп қойсаң жеткілікті. Ал күпірлік болса, сол негіздерді білмеуден тұрады.
·         Ақыретте Алла Тағаланың дидарын көрінетініне сенбейді.
Жәһмилердің пікірі бойынша, Әшғарилер мушаббиха тобы болып табылады.
Имам Әһли Сунна Әбул-Хасан әл-Әшғари (оған Алланың рақымы болсын) 260-324 һ.ж. / 874-936 м.ж., былай деп айтқан:
ونثبت لله السمع والبصر، ولا ننفى ذلك كما نفته المعتزلة والجهمية والخوارج
«Біз Алланың естуін және Оның (Алланы жұмақта) көрінуін мақұлдаймыз, және басқалардан бөлек Муғтазилә, Жәһмилер және Хауариждерге қарамастан, бұл сипаттарды жоққа шығармаймыз».
[Қр. Әбул-Хасан әл-Әшғари «Әл-Ибана ан Усул әд Диәнә», 45 б.]
Имам Әбул- Хасан әл- Әшғари (оған Алланың рақымы болсын) 260-324 һ.ж. / 874-936 м.ж., былай деп айтқан:  
الذي تفرد به جهم القول بأن الجنة والنار تبيدان وتفنيان وأن الإيمان هو المعرفة بالله فقط والكفر هو الجهل به فقط وأنه لا فعل لأحد في الحقيقة إلا اللهوحده وأنه هو الفاعل وأن الناس إنما تنسب إليهم أفعالهم على المجاز كما يقال: تحركت الشجرة ودار الفلك وزالت الشمس وإنما فعل ذلك بالشجرةوالفلك والشمس الله  سبحانه  إلا أنه خلق للإنسان قوة كان بها الفعل وخلق له إرادة للفعل واختياراً له منفرداً له بذلك كما خلق له طولاً كان بهطويلاً ولوناً كان به متلوناً. وكان جهم ينتحل الأمر بالمعروف والنهي عن المنكر.
وقتل
 جهم بمرو قتله سلم بن أحوز المازني في آخر ملك بني أمية.
ويحكى
 عنه أنه كان يقول: لا أقول أن الله  سبحانه! — شيء لأن ذلك تشبيه له بالأشياء.
وكان
 يقول: إن علم الله  سبحانه! — محدث فيما يحكى عنه ويقول بخلق القرآن وأنه لا يقال: إن الله لم يزل عالماً بالأشياء قبل أن تكون.
«Жәһм ибн Сафуанның ерекшеленгені, бұл — Жәннат пен Тозақтың жоқ болып кетеді деп бекітуі (яғни шегі бар деп) және Иман бұл — тек қана Алла жайындағы білім, ал күпірлік болса, сол негіздерді білмеуден тұрады. Сондай-ақ ол (Жәһм) тағы былай деп білді, тек қана Алладан басқасынан ешбір нәрсе  амал ете алмайды. Ал адамдардың жасаған амалы, оларға астарлы мағынада болып келеді (яғни аллегориялық түрде), мысалы: “Тал қозғалды”, “орбитаның айналуы”, “күн батты”. Бұл — тал, күн, орбитаның айналуы, барлығын Алла Тағала жасады.
Ақиқатында, Алла Тағала адам баласында бір күш жаратты, ол арқылы амалдар жасалады және (ирада) қандай да бір іске амал етуі үшін қалауды жаратты, сондай-ақ, оған таңдау еркіндігі берілді сонысымен ерекшелендіріп, өзінің бойы ұзын болуы секілді соған ұқсас оған ұзындықты жаратып берді және дене терісін өзіне лайықты түсімен, оған жаратып берді.
Сондай-ақ, Жәһм өзін жақсылыққа шақырып, жамандықтан тыйдым деп есептеді.
Жәһм, Маруада өлтірілді. Омейәдтардың патшалық ету соңғы кезеңдерінде оны Сәлим ибн Ахуаз әл-Мазини өлтірді.
Сондай-ақ оның тағы былай деп айтқанын жеткізеді: «Мен Алланы бір нәрсе деп айтпаймын, өйткені бұл ұқсатушылық болып табылады». Сондай-ақ, ол: «Алланың Білімі жаратылған, Одан қалай жеткізген болса, соның бастауы бар». Тағы ол Құран жаратылған деп сенді».
[Қр. Әбул- Хасан әл- Әшғари, «Мақаләт әл- Исламийин», 220-б.]
Имам Исхақ ибн Рахауейх (оған Алланың рақымы болсын) 161-238 һ.ж. / 778-853 м.ж., былай деп айтқан:  
عَلامَةُ جَهْمٍ وَأَصْحَابِهِ دَعْوَاهُمْ عَلَى أَهْلِ الْجَمَاعَةِ , وَمَا أُولِعُوا بِهِ مِنَ الْكَذِبِ , إِنَّهُمْ مُشَبِّهَةٌ ، بَلْ هُمُ الْمُعَطِّلَةُ ، وَلَوْ جَازَ أَنْ يُقَالَ لَهُمْ : هُمُ الْمُشَبِّهَةُ لاحْتَمَلَ ذَلِكَ , وَذَلِكَ أَنَّهُمْ يَقُولُونَ : إِنَّ الرَّبَّ تَبَارَكَ وَتَعَالَى فِي كُلِّ مَكَانٍ بِكَمَالِهِ فِي أَسْفَلِ الأَرَضِينَ ، وَأَعْلَى السَّمَوَاتِ ، عَلَى مَعْنًى وَاحِدٍ ، وَكَذَبُوا فِي ذَلِكَ وَلَزِمَهُمُ الْكُفْرُ .
«Жәһм және оның ізбасарларының белгілерінің бірі бұл — Әһли әл-Жамағатты адасушылыққа шығарулары, яғни олар (Әһли Суннаны) – “мушаббихтер” (яғни, Алланы жаратылысқа ұқсатушылар) — деп айыптады, алайда олар (Жәһмилер) – “муаттилдер” болып табылады (яғни, Алланың сипаттарын жоққа шығарушылар). Және де біз егер оларды “мушаббихтер” – деп атасақ, онда олай айту дұрыс есептеледі, себебі олардың мына сөздерде: “Алла Тағала барлық жерде …” және олар бұл жерде өтірік айтуда әрі бұл олардың күпірлігі».
[Қр. Әл- Ләләкаи, «Шарх усул әл- Иътиқад», 33/588]
Имам Әбу Иса әт-Тирмизи (оған Алланың рақымы болсын) 209-279 һ.ж. / 824-892 м.ж., өзінің «Сунан» атты еңбегінде былай деп айтқан:
روي عن مالك وسفيان بن عيينة وعبد الله بن المبارك أنهم قالوا في هذه الأحاديث أمروها بلا كيف وهكذا قول أهل العلم من أهل السنة والجماعة وأما الجهمية فأنكرت هذه الروايات وقالوا هذا تشبيه وقد ذكر الله عز وجل في غير موضع من كتابه اليد والسمع والبصر فتأولت الجهمية هذه الآيات ففسروها على غير ما فسر أهل العلم وقالوا إن الله لم يخلق آدم بيده وقالوا إن معنى اليد هاهنا القوة وقال إسحق بن إبراهيم إنما يكون التشبيه إذا قال يد كيد أو مثل يد أو سمع كسمع أو مثل سمع فإذا قال سمع كسمع أو مثل سمع فهذا التشبيه وأما إذا قال كما قال الله تعالى يد وسمع وبصر ولا يقول كيف ولا يقول مثل سمع ولا كسمع فهذا لا يكون تشبيها وهو كما قال الله تعالى في كتابه ليس كمثله شيء وهو السميع البصير
«Мәлік Суфиан ибн Уейнадан, ол Абдуллах ибн әл-Мубарактан риуаят етті.  Олар бұл хадиске қатысты (яғни сипаттар айтылған хадис жайлы) былай деген: «Ол хадистерді қалдыру керек, өйткені олар «қалай?» деген сұрақсыз келді». Бұл Әһли Сунна уәл- Жамағаның білім иелерінің ұстанымы. Ал жәһмилерге келетін болсақ, олар оны жоққа шығарды және олар былай деп айтты: «Бұл ұқсату (тәшбих)». Алла Тағала Өзінің кітабында, басқа жерлерде «йәд», «есту», «көру» жайында атап өтті, ал жәһмилер болса бұл аяттарды талқылады (тәуил) және оларды тәпсірледі, алайда оларға дейін ешкім бұлай тәпсірлеген емес еді. Олар былай деп айтты: «Расында да, Алла Тағала Адам пайғамбарды Өзінің қолымен жаратпады». Және олар тағы былай деп айтты: ««Йиәд» сөзінің мағынасы – бұл күш».
Исхақ ибн Ибрахим былай деп айтқан: «Ақиқатында егер айтушы: «йәд» — қол секілді, немесе соған ұқсас десе және есту – есту секілді немесе соған ұқсас десе, ұқсату сол кезде болады. Сондықтан да, егер кімде-кім «есту- кәдімгі есту секілді» деп айтса, онда бұл ұқсату болады (тәшбих). Ал егер кімде-кім «Алла Тағала айтқандай: «йиәд», есту, көру және «ол қалай?» деп айтпаса, есту- кәдімгі есту секілді ұқсас демеген болса, ұқсату болып табылмайды. Бұл Алла Тағала айтқандай: «Еш нәрсе Оған ұқсас емес. Ол Алла, әр нәрсені Естуші, толық Білуші»».[Қр. Әт-Тирмизи, «Сунан», 3/50-51]
Исхақ ибн Рахауейханың сөздеріне түсіндірме: «Ақиқатында егер айтушы: «йәд» — қол секілді, немесе соған ұқсас десе және есту – есту секілді немесе соған ұқсас десе, ұқсату сол кезде болады.  Бұл сөздерге қатысты мына сілтемеге өтіп оқи аласыздар (http://ahlusunna.kz/?p=3107&preview=true&preview_id=3107&preview_nonce=787bb7abf5), алдыңғы мақалаларымызда«Алла Тағаланың сипаттарын басқа тілдерге аударуға бола ма?» — деген тақырыпта  Әһлу Сунна ғалымдарының сөздерін келтірген болатынбыз және жоғарыдағы сілтемеге өтіп оқи аласыз!
Хафиз Ибн Хаджар әл-Асқалани (оған Алланың рақымы болсын) 773-852 һ.ж. / 1372-1449 м.ж., былай деп айтқан:
وَأَمَّا الْجَهْمِيَّةُ فَلَمْ يَخْتَلِفْ أَحَدٌ مِمَّنْ صَنَّفَ فِي الْمَقَالَاتِ أَنَّهُمْ يَنْفُونَ الصِّفَاتِ حَتَّى نُسِبُوا إِلَى التَّعْطِيلِ وَثَبَتَ عَنْ أَبِي حَنِيفَةَ أَنَّهُ قَالَ بَالَغَ جَهْمٌ فِي نَفْيِالتَّشْبِيهِ حَتَّى قَالَ إِنَّ اللَّهَ لَيْسَ بِشَيْءٍ وَقَالَ الْكِرْمَانِيُّ الْجَهْمِيَّةُ فِرْقَةٌ مِنَ الْمُبْتَدِعَةِ يَنْتَسِبُونَ إِلَى جَهْمِ بْنِ صَفْوَانَ مُقَدَّمِ الطَّائِفَةِ الْقَائِلَةِ أَنْ لَا قُدْرَةَ لِلْعَبْدِ أَصْلًاوَهُمُ الْجَبْرِيَّةُ بِفَتْحِ الْجِيمِ وَسُكُونِ الْمُوَحَّدَةِ وَمَاتَ مَقْتُولًا فِي زَمَنِ هِشَامِ بْنِ عَبْدِ الْمَلِكِ انْتَهَى
«Жәһмилерге келетін болсақ, мақаләт (әр-түрлі сенімдер) жайында кітап жазғандардың арасында қайшылық жоқ, яғни олар (жәһмилер) сипаттарды жоққа шығарып, оларды таътилдерге жатқызды.
Әбу Ханифадан (оған Алланың рақымы болсын) былай деп айтқан: «Жәһмнің шектен шыққаны сонша, ол былай деді: «Алла зат емес (шайун)».

Әл-Кирмани: «Жәһмилер дінге жаңалық енгізгендер (бидғатшылар), олардың жетекшілері  Жәһм ибн Сафуан болатын, ол құлдың таңдауда ешқандай күш-қуаты жоқ деп айтады, бұл Жәбрилер ағымы, Жәһм Хишам ибн Әбдул-Мәліктің кезінде өлтірілген болатын».
[Қр. Ибн Хаджар әл-Асқалани «Фатхул Бәри», 13/344.]
Ибн Хаджар әл-Асқаләни (оған Алланың рақымы болсын) «Фатхул Бәри» кітабының басқа жерінде, былай деді:
وأما الجهمية والمعتزلة والخوارج فقالوا من أقر بها فهو مشبه فسماهم من أقر بها معطلة ،
وقال إمام الحرمين في الرسالة النظامية : اختلفت مسالك العلماء في هذه الظواهر فرأى بعضهم تأويلها والتزم ذلك في آي الكتاب وما يصح من السنن ، وذهب أئمة السلف إلى الانكفاف عن التأويل وإجراء الظواهر على مواردها وتفويض معانيها إلى الله تعالى والذي نرتضيه رأيا وندين الله به عقيدة اتباع سلف الأمة للدليل القاطع على أن إجماع الأمة حجة فلو كان تأويل هذه الظواهر حتما لأوشك أن يكون اهتمامهم به فوق اهتمامهم بفروع الشريعة ، وإذا انصرم عصر الصحابة والتابعين على الإضراب عن التأويل كان ذلك هو الوجه المتبع انتهى .
«Жәһмилер, Муғтазилә және Хауариждер былай деп айтқан: «Кімде-кім сипаттарды мақұлдаса, онда ол “мушаббих”, ал оларды, яғни сипаттарды мақұлдағандарды (Жәһмилер, Муғтазилә және Хауариждер) “муъаттил” деп атайды».
Имам әл-Харамайн айтады: «Бұл жайында ғұламалардың көзқарастары екіге бөлінді, яғни сыртқы мағынасы (зәуәхир) мәселесінде. Олардың бір бөлігі оларға (сипаттарға) талқылау (тәуил) беру керек деген тұжырымға келді және сипаттарды талқылауда (тәуилді) Құран аяттары мен сахих хадистерді ұстануды дұрыс көрді. Ал сәләф-имамдардың жолы тәуилден бас тарту болатын, олардың ұстанымы-сыртқы мағынасы қалай келген болса (яғни Құран мен хадисте), солай қалдыру және оның мағынасын Алла Тағалаға тапсыру. Және бұл жол – біз разы болатын дұрыс ұстаным. Және біздің дініміздің ақидасы ретінде ұстанатын жол бұл – сәләф-имамдардың жолы, өйткені екі түрлі айқын дәлелдер бар, үмметің бір ауызды мақұлдауы (ижма), бұл «дәлел» болып табылады. Егер оны, яғни сыртқы мағынасын тәпсірлеу міндетті болса, онда олар (сәләфтар) шариғаттың тармақтарына қарамастан тәпсірлеуе аз ғана болса да уақыт бөлер еді. Сондай-ақ, сахабалар мен табиғиндердің заманында да талқылауды қалдырған болса, онда бұл бізге тиісті жол болып табылады».
[Қр. Ибн Хаджар әл-Асқаләни «Фатхуль Бәри», 13 том, 515 б. «Рушд» баспасы.]
Ибн Хаджар әл-Асқалани (оған Алланың рақымы болсын) 773-852 һ.ж. / 1372-1449 м.ж., имам Әбу Ханифа және оның шәкірті Әбу Юсуфтың (оларға Алланың рақымы болсын) жәһмилерге қатысты сөздерін риуаят етеді:
وقال إسحاق بن إبراهيم قال أبو حنيفة أتانا من المشرق رأيان خبيثان جهم معطل ومقاتل مشبه وقال محمد بن سماعه عن أبي يوسف عن أبي حنيفة أفرط جهم في النفي حتى قال أنه ليس بشيء وأفرط مقاتل في الاثبات حتى جعل الله بالى مثل خلقه
وقال الحسن بن أشكاب عن أبي يوسف بخراسان صنفان ما على الأرض أبغض إلي منهم المقاتلية والجهمية
«Исхақ ибн Ибрахим Әбу Ханифаның былай деп айтқанын риуаят етті: «Бізге шығыстан екі сенім келіп жетті, ол Жәһм ибн Сафуан – муаттил (сипаттарды жоққа шығарушы) және ол Муқатил – мушаббиха (Алланы жаратылыстарға ұқсатушы)».
Мухаммад ибн Самаъат Әбу Юсуфтан және Әбу Ханифадан былай деп риуат етеді: «Жәһм ибн Сафуан жоққа шығаруда тым шектен шыққан болатын, ол — “Алла еш нәрсе болып табылмайды” (ляйса би-шәй) деп айтатын. Ал Муқатил болса тым шектен шыққан бекітуден (исбат), ол “Алланы Өзінің жаратыстарына ұқсатып қойған” болатын».
Хусейін ибн Ашкаб Әбу Юсуфтан былай деп риуаят етеді: «Хорасанда мен ұнатпайтын екі топ мекендейді, олар – муқатиләлар мен жәһмилер».
[Қр. Ибн Хаджар әл-Асқалани «Тахзиб әт-Тахзиб», 10/281.]
Имам Әбу Бәкір Ахмад ибн Хусейн әл-Байхақи әш-Шафиғи (оған Алланың рақымы болсын) 384-458 һ.ж. / 994-1066 м.ж., өзінің «әл-Иътиқад» кітабында, «Истәуә» тарауында аят және хадистер келтіргеннен кейін былай деп жазған:

قَالَ الْأُسْتَاذُ الْإِمَامُ رَحِمَهُ اللَّهُ: وَالْأَخْبَارُ فِي مِثْلِ هَذَا كَثِيرَةٌ، وَفِيمَا كَتَبْنَا مِنَ الْآيَاتِ دَلَالَةٌ عَلَى إِبْطَالِ قَوْلِ مَنْ زَعَمَ مِنَ الْجَهْمِيَّةِ أَنَّ اللَّهَ سُبْحَانَهُ وَتَعَالَى بِذَاتِهِفِي كُلِّ مَكَانٍ، وَقَوْلُهُ عَزَّ وَجَلَّ {وَهُوَ مَعَكُمْ أَيْنَ مَا كُنْتُمْ} [الحديد: 4] ، إِنَّمَا أَرَادَ بِهِ بِعِلْمِهِ لَا بِذَاتِهِ، ثُمَّ الْمَذْهبُ الصَّحِيحُ فِي جَمِيعِ ذَلِكَ الِاقْتِصَارُ عَلَى مَا وَرَدَبِهِ التَّوْقِيفُ دُونَ التَّكْيِيفِ. وَإِلَى هَذَا ذَهَبَ الْمُتَقَدِّمُونَ مِنْ أَصْحَابِنَا وَمَنْ تَبِعَهُمْ مِنَ الْمُتَأَخِّرِينَ وَقَالُوا: الِاسْتِوَاءُ عَلَى الْعَرْشِ قَدْ نَطَقَ بِهِ الْكِتَابُ فِي غَيْرِآيَةٍ، وَوَرَدَتْ بِهِ الْأَخْبَارُ الصَّحِيحَةُ، فَقَبُولُهُ مِنْ جِهَةِ التَّوْقِيفِ وَاجِبٌ، وَالْبَحْثُ عَنْهُ وَطَلَبُ الْكَيْفِيَّةِ لَهُ غَيْرُ جَائِزٍ
«Бұл жайында риуаяттар көп және жәһмилердің әлсіз (дәрменсіз) сөздеріне біз аяттар келтірдік, яғни Алла Тағала Өзінің затымен барлық жерде және «Ол сендермен бірге, қайда болсаңдар да» деген Алланың сөзі бұл жерде былай түсініледі: Алла Тағала Өзінің Білімімен барлық жерде (яғни Алла барлығын Білуші), бірақ Өзінің затымен емес! Кейін бұл әдісте – Жаратушыға еш кейіп- кескін берместен шектелу керек, өйткені бұл жолмен біздің ізгі жолдастарымыз жүрді және кейін оларға ғұламалар ерді. Және олар былай деп айтты: «Истәуә»-  меңгеру, бұл жайында Құранда көптеген аяттар бар және сенімді риуаяттарда келген болса, мұны қабылдау міндетті, ал оны тексеру (не оған тереңдеп зерттеп кіру) Оған кейіп беруге алып келеді, ондай жолға рұқсат етілмеген».
[Қр. Әл-Байхақи «әл-Иътиқад», 114 б.]
Имам әл-Байхақи (оған Алланың рақымы болсын) 384-458 һ.ж. / 994-1066 м.ж., өзінің «Әл-Асмау уә Сифат» еңбегінде былай деп келтірген:

أَخْبَرَنَا أَبُو عَبْدِ اللَّهِ الْحَافِظُ، أنا أَبُو بَكْرٍ مُحَمَّدُ بْنُ دَاوُدَ الزَّاهِدُ، ثنا مُحَمَّدُ بْنُ عَبْدِ الرَّحْمَنِ السَّامِيُّ، حَدَّثَنِي عَبْدُ اللَّهِ بْنُ أَحْمَدَ بْنِ شَبُّوَيْهِ الْمَرْوَزِيُّ، قَالَ: سَمِعْتُ عَلِيَّ بْنَ الْحَسَنِ بْنِ شَقِيقٍ، يَقُولُ: سَمِعْتُ عَبْدَ اللَّهِ بْنَ الْمُبَارَكِ، يَقُولُ: نَعْرِفُ رَبَّنَا فَوْقَ سَبْعِ سَمَاوَاتٍ، عَلَى الْعَرْشِ اسْتَوَى، بَائِنٌ مِنْ خَلْقِهِ، وَلَا نَقُولُ كَمَا قَالَتِ الْجَهْمِيَّةُ بِأَنَّهُ هَهُنَا. وَأَشَارَ إِلَى الْأَرْضِ. قُلْتُ: قَوْلُهُ: «بَائِنٌ مِنْ خَلْقِهِ» . يُرِيدُ بِهِ مَا فَسَّرَهُ بَعْدَهُ مِنْ نَفْيِ قَوْلِ الْجَهْمِيَّةِ لَا إِثْبَاتِ جِهَةٍ مِنْ جَانِبٍ آخِرَ، يُرِيدُ مَا أَطْلَقَهُ الشَّرْعُ وَاللَّهُ أَعْلَمُ
«Бізге Әбу Абдуллах әл-Хафиз, Әбу Бәкір Мухаммад ибн Даууд әз-Захид, Мухаммад ибн Абдурахман әс-Самий, Абдуллах ибн Ахмад ибн Шаббууәйхи әл-Маруәзи, Әли ибн Хасан ибн Шакик былай деп айтқан: «Мен Абдуллах ибн әл-Мурабаканың былай деп айтқанын естідім: «Біз өзіміздің Раббымызды солай білеміз, Ол жеті қат аспаннан жоғары (фауқа), Аршысында истәуә, Өзінің жаратқандарынан бөлек және біз Жәһмилер секілді пікірді ұстанбаймыз»,- кейін ол жерді нұсқады.  
Әл-Байхақи: «Оның сөздері “Өзінің жаратқандарынан бөлек” – бұл жердегі сөздерден кейін дұрыс түсінілу, Жәһмилердің сөздерін жоққа шығарды, алайда Аллаға бір жақтан екінші жаққа бекіту емес (яғни, жоғарының қарама-қарсылығы жерге!). Ол бұл жерде, шариғаттан келгенді меңзеді (яғни Құран мен Сүннете). Алла дұрысын білуші».
[Қр. Әбу Бәкір әл-Байхақи «Әл-Асмау уә Сифат», 2/336.]
Алайда бұл Абдуллах ибн әл-Мүбәрактың сөздерін адасқандар  дәлел ретінде Әшғарилерге (Матуридилерге) келтіруде, яғни Алла Тағала бір жерге бекітілген деп. Дегенмен, Хафиз әл-Байхақи анық сөздерімен мұны түсіндіріп берді, яғни Құранда келіп, расталғандығы жайында.
Имам әл-Байхақи (оған Алланың рақымы болсын) 384-458 һ.ж. / 994-1066 м.ж., Жәһмилер жайында айтқан Абдуррахман ибн Махдидің сөздерін риуаят етеді:
أَخْبَرَنَا أَبُو عَبْدِ اللَّهِ الْحَافِظُ , وَأَبُو سَعِيدِ بْنُ أَبِي عَمْرٍو , قَالَا: ثنا أَبُو الْعَبَّاسِ مُحَمَّدُ بْنُ يَعْقُوبَ , ثنا مُحَمَّدُ بْنُ عَلِيٍّ الْوَرَّاقُ , ثنا عَمْرُو بْنُ الْعَبَّاسِ , قَالَ: سَمِعْتُ عَبْدَ الرَّحْمَنِ بْنَ مَهْدِيٍّ , يَقُولُ: وَذَكَرَ الْجَهْمِيَّةَ , فَقَالَ: أَرَى أَنْ يُعْرَضُوا عَلَى السَّيْفِ قَالَ: وَسَمِعْتُ عَبْدَ الرَّحْمَنِ بْنَ مَهْدِيٍّ , وَقِيلَ لَهُ: إِنَّ الْجَهْمِيَّةَ يَقُولُونَ: إِنَّ الْقُرْآنَ مَخْلُوقٌ , فَقَالَ: إِنَّ الْجَهْمِيَّةَ لَمْ يُرِيدُوا ذَا , وَإِنَّمَا أَرَادُوا أَنْ يَنْفُوا أَنْ يَكُونَ الرَّحْمَنُ عَلَى الْعَرْشِ اسْتَوَى , وَأَرَادُوا أَنْ يَنْفُوا أَنْ يَكُونَ اللَّهُ تَعَالَى كَلَّمَ مُوسَى , وَقَالَ اللَّهُ تَعَالَى: {وَكَلَّمَ اللَّهُ مُوسَى تَكْلِيمًا} [النساء: 164] وَأَرَادُوا أَنْ يَنْفُوا أَنْ يَكُونَ الْقُرْآنُ كَلَامَ اللَّهِ تَعَالَى , أَرَى أَنْ يُسْتَتَابُوا فَإِنْ تَابُوا وَإِلَّا ضُرِبَتْ أَعْنَاقُهُمْ
«Бізге Әбу Абдуллах әл-Хафиз және Әбу Саид ибн Әбу Амр екеуі былай деп айтқан: «Бізге Әбул- Аббас Мухаммад ибн Йәқуб: «Бізге Мухаммад ибн Әли әл- Уаррақ: «Бізге Амр ибн Аббас: «Біз Абдуррахман ибн Махдидің айтқанын естідік, Жәһмилерді айтып өткеннен соң ол былай деп айтқан: «Менің пікірім, оларды қылышпен жазаға тарту». Ол айтты: «Мен Абдуррахман ибн Махдиге: «Жәһмилер Құран Кәрім жаратылған деп айтады»,- деген кезімде ол былай деп жауап берді: «Ақиқатында, Жәһмилер бұны қаламаған еді (яғни оны меңзеген жоқ), олар «Рахман аршыны истәуә етті», сондай-ақ, Алла Тағаланың Мұсамен сөйлескенін «Алла Мұсамен сөйлесті [Ниса сүресі 4/164 аят]», сондай-ақ олар Құран Алланың Кәләмі (Сөзі) екендігін жоққа шығарғылары келеді. Оларға тәубе етулері сұралады, егер тәубе қылса жайына қалдырады, егер қылмаса, олардың бастары шабылады».
[Қр. Әбу Бәкір әл-Байхақи «Әл-Асмау уә Сифат», 1/608.]
Әшғарилер мен Матуридилер, Алла “истәуә” дегенді жоққа шығарады деп кім айталады? Және Алла Тағала Мұса пайғамбармен сөйлескенін және Құран Алланың Кәләмі екендігін Әшғарилер мен Матуридилер жоққа шығарады ма? Бұл әлбетте, Жәһмилердің сөздері және жоғарыда айтылған сөздерді Әшғарилер мен Матуридилерге жала ретінде жабуда. Олар (Әшғарилер мен Матуридилер)бұндай сөздер мен ұстанымнан пәк!
Имам әл- Ләләкаи (оған Алланың рақымы болсын) д.ө.ж. 418 һ. / 1027 м., Ибн Яһиә әл-Уәситидың (оған Алланың рақымы болсын) д.ө.ж. 206 һ.ж., былай деп айтқанын риуаят етеді:
ذَكَرَهُ عَبْدُ الرَّحْمَنِ ، قَالَ : ثَنَا أَحْمَدُ بْنُ سِنَانٍ ، قَالَ : سَمِعْتُ شَاذَ بْنَ يَحْيَى الْوَاسِطِيَّ ، يَقُولُ : كُنْتُ قَاعِدًا عِنْدَ يَزِيدَ بْنِ هَارُونَ , فَجَاءَ رَجُلٌ ، فَقَالَ : يَا أَبَا خَالِدٍ مَا تَقُولُ فِي الْجَهْمِيَّةِ ؟ قَالَ : يُسْتَتَابُونَ , إِنَّ الْجَهْمِيَّةَ غَلَتْ فَفَرَغَتْ فِي غُلُوِّهَا إِلَى أَنْ نَفَتْ , وَإِنَّ الْمُشَبِّهَةَ غَلَتْ فَفَرَغَتْ فِي غُلُوِّهَا حَتَّى مَثَّلَتْ , فَالْجَهْمِيَّةُ يُسْتَتَابُونَ , وَالْمُشَبِّهَةُ كَذِي , رَمَاهُمْ بِأَمْرٍ عَظِيمٍ
«Мен Йәзид ибн Харунмен бірге отырған болатынмын, кейін оған бір кісі келіп былай деп айтты: «Уа Әбу Халид, Жәһмилер жайында сенің пікірің қандай?». Оның жауабы: «Олардың тәубеге келулерін сұрау керек. Расыменде, олар шектен шықты және бұл оларды (Алланың) сипаттарын жоққа шығарушылыққа алып келді. Ал Мушабиһтер (ұқсатушылар) болса, олар да шектен шықты, өйткені олар Алланы ұқсатушылыққа алып келді. Сондықтан Жәһмилер мен Мушабиһтерді тәубе етуге шақыру керек». Және ол, оларды қатты жазғырды».
[Қр. Әл- Ләләкаи, «Шарх усул әл- Итъиқад», 4452 3/587]
Хафиз Әбу Нуайм әл-Асбахани (оған Алланың рақымы болсын) 336-430 һ.ж., өзінің «Хилятуль Әулия» кітабында көрнекті сәләф, аскет Зун-Нун әл-Мисриден (оған Алланың рақымы болсын) 179-245 һ.ж., өлең шумақтарын келтіреді, ол білімін Мәлик,  Лейс ибн Саъд, Суфиән ибн Уәйна, Фудайл ибн Йәдтан алған болатын:
أَخْبَرَنَا أَبُو بَكْرِ بْنُ أَحْمَدَ الْبَغْدَادِيُّ، فِي كِتَابِهِ وَقَدْ رَأَيْتُهُ وَحَدَّثَنِي عَنْهُ عُثْمَانُ بْنُ مُحَمَّدٍ الْعُثْمَانِيُّ، قَالَ: أَنْشِدْنِي مُحَمَّدُ بْنُ عَبْدِ الْمَلِكِ بْنِ هَاشِمٍ لِذِي النُّونِ بْنِ إِبْرَاهِيمَ الْمِصْرِيِّ رَحِمَهُ اللَّهُ تَعَالَى:
رَبِّ تَعَالَى فَلَا شَيْءَ يُحِيطُ بِهِ وَهُوَ الْمُحِيطُ بِنَا فِي كُلِّ مُرْتَصَدِ
لَا الْأَيْنَ وَالْحَيْثُ وَالْكَيْفُ يُدْرِكُهُ وَلَا يُحَدُّ بِمِقْدَارٍ وَلَا أَمَدِ
وَكَيْفَ يُدْرِكُهُ حَدُّ وَلَمْ تَرَهُ عَيْنٌ وَلَيْسَ لَهُ فِي الْمِثْلِ مِنْ أَحَدِ
أَمْ كَيْفَ يَبْلُغُهُ وَهْمٌ بِلَا شَبَهٍ وَقَدْ تَعَالَى عَنِ الْأَشْبَاهِ وَالْوَلَدِ
«Бізге Әбу Бәкір ибн Ахмад әл- Бағдади өзінің кітабында риуаят еткен және мен оны көрдім, ол кісіден маған Усман ибн Мұхаммед әл-Усмани риуаят етті, ол былай деп айтты: Мұхаммед ибн Әбдул- Мәлік ибн Хишам маған өлең жолдарын оқып берді, ол Зун-нун ибн Ибрахим әл- Мисридікі болатын, оған Алланың рақымы болсын:
«Алла Тағала, Оны еш нәрсе қамтымайды,
Ал Ол бізді барлығымен қамтиды!
Оған қатысты “қайда?”, “қай жаққа?”, “қалай?” деген сөздер ұғынбайды,

Және Оны еш нәрсе көлеммен және шекарамен шектемейді.
Және Оның қалайша шегі болады, егер оны көз көріп тұрмаса?

Және Оған еш нәрсе ұқсас емес.
Немесе, Оны қалайша елестетуге болады ұқсатусыз?

Расында да, Ол бәрінен артық ұқсаудан және ұрпақ қалдырудан».
[Қр. Әбу Нуайм, «Хиләтул Әулиә», 9/388.]
Имам Фахруддин әр-Рази (оған Алланың рақымы болсын) 544-606 һ.ж. / 1150-1210 м.ж., өзінің кітабында әртүрлі ағымдар жайында жаза отырып, былай деп айтқан:
الفرقة الأولى من الجبرية الجهمية أصحاب جهم بن صفوان وكان رجلا من ترمد وكان من قوله إن العبد ليس قادرا البتة وكان يقول إن الله تعالى محدثولم يطلق على الله تعال اسم الموجود والشيء
«Жәбрилерден болған бірінші топ – Жәһм ибн Сафуанның ерушілері Жәһмилер. Ол ауру адам болатын, оның сөздері “құлдың еркін таңдауы жоқ» (яғни жаман мен жақсыны ажырату) және ол “Алла жаратылған” деп айтқан.  Сондай-ақ, ол Аллаға қатысты бар болған есімдерін атамаған (яғни 99 көркем есімдерінің біреуін!)».
[Қр. Фахруддин әр-Рази «Иътиқадат Фаракил Муслимин уәл Мушрикин», 68 б.]
Имам Әбу Мансұр Әбдул-Қахир әл-Бағдади әш-Шәфиғи (оған Алланың рақымы болсын) д.ө.ж. 429 һ. ж. / 1037 м. ж., өзінің әртүрлі ағымдарға қатысты кітабында былай деп жазған: 
الْجَهْمِية اتِّبَاع جهم بن صَفْوَان الذى قَالَ بالاجبار والاضطرار الى الاعمال وانكر الاستطاعات كلهَا وَزعم ان الْجنَّة وَالنَّار تبيدان وتفنيان وَزعم أَيْضا ان الايمان هُوَ الْمعرفَة بِاللَّه تَعَالَى فَقَط وان الْكفْر هُوَ الْجَهْل بِهِ فَقَط وَقَالَ لافعل وَلَا عمل لَاحَدَّ غير الله تَعَالَى وانما تنْسب الاعمال الى المخلوقين على الْمجَاز كَمَا يُقَال زَالَت الشَّمْس و دارت لرَّحَى من غير أَن يَكُونَا فاعلين اَوْ مستطيعين لما وصفتا بِهِ وَزعم ايضا أَن علم الله تَعَالَى حَادث وَامْتنع من وصف الله تَعَالَى بانه شىء اَوْ حى اَوْ عَالم أَو مُرِيد لا أصفه بوصف يجوز إطلاقه على غيره كشيء موجود وحي وعالم ومريد ونحو ذلك ، ووصفه بأنه قادر وموجد وفاعل وخالق ومحيي ومميت لَان هَذِه الاوصاف مُخْتَصَّة بِهِ وَحده وَقَالَ بحدوث كَلَام الله تَعَالَى كَمَا قالته الْقَدَرِيَّة وَلم يسم الله تَعَالَى متكلما بِهِ واكفره أَصْحَابنَا فى جَمِيع ضلالاته واكفرتة الْقَدَرِيَّة فى قَوْله بَان الله تَعَالَى خَالق اعمال الْعباد فاتفق أَصْنَاف الامة على تكفيره وَكَانَ جهم مَعَ ضلالاته الَّتِى ذَكرنَاهَا يحمل السِّلَاح وَيُقَاتل السُّلْطَان وَخرج مَعَ شُرَيْح بن الْحَرْث على نصر بن يسَار وَقَتله سلم بن اجون المازنى فى آخر زمَان بنى مَرْوَان واتباعه الْيَوْم بنهوند وَخرج اليهم فى زَمَاننَا اسماعيل بن ابراهيم بن كبوس الشيرازى الديلى فَدَعَاهُمْ الى مَذْهَب شَيخنَا ابى الْحسن الاشعرى فاجابه قوم مِنْهُم وصاروا مَعَ اهل السّنة يدا وَاحِدَة وَالْحَمْد لَهُ على ذَلِك
«Жәһмилер – бұл Жәһм ибн Сафуанның соңынан ерушілер, ол (Жәһм) адам баласы қандай да бір іске мәжбүр ретінде амал етеді және құлдың ешқандай таңдау мүмкіндігі жоқ екендігін алға тартады және Жәннат пен Тозақ мәңгілік емес, шегі бар әрі олар жоғалып кетеді деген көзқарасты ұстанды және иман ету – иман негіздерін біліп қоюмен жетерлік болады. Иман негіздерін жүрекпен қуаттау, сенгенін тілімен айту қажет емес, тек сол негіздерді біліп қойсаң жеткілікті, ал күпірлік болса, сол негіздерді білмеуден тұрады. Сондай-ақ, әрекет пен қимыл-қозғалыс жоқ, бұл тек қана Алладан деген сенімін алға тартады, өйткені ол әрекетті жаратылыстарға аллегориялық түрде жатқызды, мысалыға айтарлық “күннің батуы” және диірменнің “айналуы”, осы әрекет олар екеуінің сипатты болып табылмайды, сондай-ақ, Алланың Білімі жаратылған деп сенеді және Алланы қандай да бір Тірі немесе Білуші немесе Еркін болу деген есімдерімен сипаттауға қарсы болды. Ол айтты: «Қандай да бір (шәйун) Оған – Бар болу, Тірі, Білуші, Еркін болушы және тағы соған ұқсас, өзге жаратылысқа солай айтуға болатындықтан, мен Оны (Алланы) ол сипаттармен сипаттамаймын». Керісінше ол Оны Құдіретті, Жаратушы, Тірілтуші және Өлтіруші сипаттарымен атады, өйткені бұл сипаттар тек қана Оған қатысты және тағы ол Алланың Кәләмы (Сөзі) жаратылған деп сенді, дәл солай Қадарилер де айтатын және тағы Алланы Сөйлеуші деп айтпаған. Біздің (Әшғари) имамдар оның көптеген адасушылықтарына такфир шығарды және оған Қадарилер (Исламдағы сол кездегі ағымдардың бірі) “Алла Тағала құлдың амалдарын Жаратушы” деген сөздері үшін такфир шығарды. Оған (Жәһмге) такфир шығаруға үметтің барлық топтары бірауыздан келісті. Жоғарыда атап өткендей, Жәһм өзінің теріс жолында бір топ әскерімен бірге жүрді, сұлтанды өлтіріп және Шурайх ибн Харспен бірге Ибн Ясирге көмектесуге шықты. Маруанның басшылық кезеңінің соңғы уақыттарында оны (Жәһмді) өлтірген Сәлим ибн Әжуән әл- Мазани болды. Оның жақтастары бүгінгі күні Үндістанда және біздің заманымызда Исмаил ибн Ибрахим ибн Кабус әш-Ширази әд-Дили (оған Алланың рақымы болсын) оларға шыққан болатын және оларды біздің шейх Әбул- Хасан әл-Әшғаридің (оған Алланың рақымы болсын) мәзхабына шақырды (яғни Әһли Сунна сеніміне). Шақырғанға жауап қайтарған топтар шықты және олар Әһли Суннаның қол астына өтті және бұл ісі үшін оған мақтаулар болсын».
[Қр. Әбдуль-Қахир әл-Бағдади «Әл-Фарқ Бәйнәль Фирақ», 199-200 б.]
Қысқаша түсіндірме:
Жәһмилер тағдыр мәселесінде Жәбрилер болатын (имам әр-Рази айтқандай), олар түгелдей адамның еркін таңдауын жоққа шығаратын және адам баласын жел, тал-жапырағын соғып көтеріп кете алады деп салыстыратын.
Ал Қадарилер болса тағдырды түгелдей жоққа шығарып және адам баласы өз амалдарын өзі жаратады деп сенді. Сондықтан олар “Алла Тағала құлдың амаладарын Жаратушы” деген сөздері үшін Жәһмилерге такфир шығарды.
Әшғарилер (Әһлу Сунна) болса орта жолда болды және бұл мәселеде ақиқатта болды.

Имам Әбул-Фатх әш-Шахристани әш-Шафиғи (оған Алланың рақымы болсын) 479-548 һ.ж. / 1087-1154 м.ж., өзінің «Әл-Миләл уә ән-Нихал» кітабында Жәһмилер ағымы жайында былай деп айтқан:
أصحاب جهم بن صفوان وهو من الجبرية الخالصة، ظهرت بدعته بترمذ، وقتله سلم بن أحوز المازني بمرو في آخر ملك بني أمية. وافق المعتزلة في نفي الصفات الأزلية، وزاد عليهم بأشياء:
منها قوله: لا يجوز أن يوصف الباري تعالى بصفة يوصف بها خلفه، لأن ذلك يقضي تشبيها، فنفي كونه حيا عالما، وأثبت كونه: قادرا، فاعلا، خالقا؛ لأنه لا يوصف شيء من خلقه بالقدرة، والفعل، والخلق.
ومنها إثباته علوما حادثة للباري تعالى لا في محل. قال: لا يجوز أن يعلم الشيء قبل خلقه؛ لأنه لو علم ثم خلق, أفبقي علمه على ما كان أم لم يبق؟ فإن بقي فهو جهل، فإن العلم بأن سيوجد غير العلم بأن قد وجد. وإن لم يبق فقد تغير، والمتغير مخلوق ليس بقديم. ووافق في هذا المذهب هشام بن الحكم كما تقرر. قال: وإذا ثبت حدوث العلم فليس يخلو: إما أن يحدث في ذاته تعالى، وذلك يؤدي إلى التغير في ذاته، وأن يكون محلا للحوادث، وإما أن يحدث في محل فيكون المحل موصوفا به، لا الباري تعالى، فتعين أنه لا محل له. فأثبت علوما حادثة بعدد الموجودات المعلومة.
ومنها قوله في القدرة الحادثة: إن الإنسان لا يقدر على شيء، ولا يوصف بالاستطاعة، وإنما هو مجبور في أفعاله؛ لا قدرة له، ولا إرادة، ولا اختيار، وإنما يخلق الله تعالى الأفعال فيه على حسب ما يخلق في سائر الجمادات، وتنسب إليه الأفعال مجازا كما تنسب إلى الجمادات، كما يقال: أثمرت الشجرة، وجرى الماء، وتحرك الحجر، وطلعت الشمس وغربت، وتغيمت السماء وأمطرت، واهنتزت الأرض وأنبتت، إلى غير ذلك والثواب والعقاب جبر، كما أن الأفعال كلها جبر. قال: وإذا ثبت الجبر فالتكليف أيضا كان جبرا.
ومنها قوله: إن حركات أهل الخالدين تنقطع، والجنة والنار تفنيان بعد دخول أهلهما فيهما وتلذذ أهل الجنة بنعيمها، وتألم أهل النار بجحيمها؛ إذ لا تتصور حركات لا تتناهى آخرا، كما لا تتصور حركات لا تتناهى أولا. وحمل قوله تعالى: {خَالِدِينَ فِيهَا} على المبالغة والتأكيد دون الحقيقة في التخليد، كما يقال خلد الله ملك فلان، واستشهد على الانقطاع بقوله تعالى: {خَالِدِينَ فِيهَا مَا دَامَتِ السَّمَاوَاتُ وَالْأَرْضُ إِلَّا مَا شَاءَ رَبُّكَ} فالآية اشتملت على شريطة واستثناء، والخلود والتأبيد لا شرط فيه ولا استثناء.
ومنها قوله: من أتى بالمعرفة ثم جحد بلسانه لم يكفر بجحده، لأن العلم والمعرفة لا يزولان بالجحد، فهو مؤمن. قال: والإيمان لا يتبعض أي لا ينقسم إلى: عقد، وقول، وعمل. قال: ولا يتفاضل أهله فيه، فإيمان الأنبياء، وإيمان الأمة على نمط واحد إذ المعارف لا تتفاضل، وكان السلف كلهم من أشد الرادين عليه، ونسبته إلى التعطيل المحض. وهو أيضا موافق للمعتزلة في نفي الرؤية، وإثبات خلق الكلام، وإيجاب المعارف بالعقل قبل ورود السمع.
«Жәһмилер – бұлар Жәһм ибн Сафуанның ізбасарлары, ол Жәбрилердің «хаалисат (жәбрилердің ішіндегі бір тобы)» қатарынан болатын, оның дінге жаңалық енгізуі (бидғаты) Тирмизи аймағында болды және Бану Умайә патшалығының төңірегінде, оны (Жәһмді) Суләм ибн Ахуаз әл-Мәзини өлтірді. Олар (Жәһмилер) Алланың мәңгілік сипаттарын жоққа шығаруда Муғтазалиттермен қайшылыққа түсті және оған тағы қосымша басқа да жиркенішті нәрселерге сенді.
Оның сөздерінің бірі: «Жаратылыс сипатталғандай Алла Тағаланы сипаттауға болмайды, өйткені бұл ұқсатушылық», сондықтан ол (Жәһм) Алланың Тірі және Білуші сипаттарын жоққа шығарды және керсінше ол былай деп бекітті, Алла Құдіретті және Жаратушы, өйткені ол қандай да бір жаратылысты күшпен, іс-амал мен жаратумен сипаттамайды. 
Сондай-ақ, қандай да бір орынсыз Жаратылыс білімдерін Аллаға бекітті. Ол былай деп айтты (Жәһм): «Ол (Алла) жаратудан бұрын бір нәрсені білу мүмкін емес, өйткені кейін жаратып егер Ол білген болса, онда бұл жерде сұрақ туындайды, Оның Білімі сол қалыпта қалды ма әлде өзгерді ме? Егер солай қалған болса, онда бұл надандық, расында да не болатыны мен болғаны тең емес. Ал егер солай қалған болса, онда бұл өзгертілген, ал өзгеру бұл жаратылыстың сипаты және ол мәңгілік болуы мүмкін емес». Бұл мәзһабта ол Хишам ибн Хакаммен сәйкес келді, оның бұл сөздеріне қалай сенесің. Ол былай деп айтты: «Білімнің жаратылғандығы қалыптасқаннан кейін бұл жерде міндетті түрде екі кезең шығып тұр: Немесе бұл жерде білім жаратылған болса Алланың Болмысында, онда бұл өзгеріске алып келеді (Алла Тағаланың) және ол жаратылысқа орын болуы үшін немесе қандай да бір жерде жаратылған және бұл былай түсініледі, бұл орын Біліммен сипатталады, алайда Алла Тағаламен сипатталмайды, сондықтан  анық болды, Оған (Аллаға) орын жоқ».
Сондай-ақ, оның сөздерінен қудраға/күшке қатысты жаратылған деген сөз шықты: «Расында да, адам баласы қандай да бір амалды жасауға әлсіз және ол жасау қабілеттілігімен сипатталмайды. Ол өзінің амалдарында мәжбүрленген және оның күші, еркіндігі, не таңдауы жоқ. Алла Тағала оның (яғни адам баласының) бойында дәл сондай басқа да денелерде (яғни тірі емес) жаратқан секілді амалдар жаратып жатыр және оған амалдарды бейнелі түрде жатқызады. Бұл тірі емес денелерге сәйкес келтірген секілді, әдетте былай айтылады: тал өзінің жемісін берді, су ағып өтті, тас қозғалды, күн шығып-батты және т.б. Сауап беру мен жазалау бұл да мәжбүрленген болып табылады, өйткені барлық әрекеттер мәжбүрленген». Ол (Жәһм) былай деді: «Мәжбүрлеу бекітілген кезде, тақлидте мәжбүрленген болып табылады».
Сонымен қатар, былай деді: «Расыменде, адамдардың (Жәннат не Тозаққа кіретін) қозғалу іс-әрекеті тоқтатылады және Жәннат пен Тозақтың мекендеушілері оған кірген соң, олар жоқ болып кетеді. Жәннат пен Тозақ мекендеушілері олардың дәмін сезеді. Солай болғандықтан соңында аяқталу қозғалысын елестету мүмкін емес, дәл сондай қозғалысты бастапқыдағыдай елестету де мүмкін емес». Жәнеде ол, Алла Тағаланың «Онда олар мәңгі болады» деген сөзін асыра сілтеп, күшейтіп айтты, бірақ тікелей мағына да емес «тахлид» (мәңгі болу)».
Сондай-ақ, оның сөздерінен: «Кім Алланы таныған болса, кейін тілімен сол танығанын қабыл алмаған болса, кәпір болып табылмайды, сондықтан білім мен таным қабыл алмаумен кемімейді, солайша ол иман келтірген болып қала береді». Және де ол: «Иман сеніммен, сөзбен және амалмен бөлінбейді». «Иман келтіргендер, онда (иманымен) бір-бірінен артық емес, сондықтан Пайамбарлардың иман ахуалы мен үмметтің иман ахуалы бірдей, солай болғандықтан (Алланы) тану бір-бірінен артық емес».
Барлық сәләфтар, әсіресе оның сөздерін терістегендер оған қатаң болды, және оны анық таътилге/атеизмге шығарды (яғни күпірлікке). Ол сондай-ақ мұқтазалиттерге ұқсас болды, жұмақта Алланы көруді теріске шығарды және (Алланың) Сөзін жаратылған деп сенді және тағы шариғат таразысына салудан бұрын ақыл-оймен шешу міндетті деп есептеді».
[Қр. Имам Әбул- Фатх әш- Шахристани, «Әл-Миләл уә ән-Нихал», 86-88 б.]
Мәлики мәзхабының ғалымы Әбу Бәкір Ибнул Араби (оған Алланың рақымы болсын) 468-543 һ.ж. / 1076-1148 м.ж., Сунан әт-Тирмизидің шархында былай деп айтқан:
وللاستواء في كلام العرب خمسة عشر معنى ما بين حقيقة ومجاز، منها ما يجوز على الله فيكون معنى الآية، ومنها ما لا يجوز على الله بحال، وهو إذاكان الاستواء بمعنى التمكن أو الاستقرار أو الاتصال أو المحاذاة، فإن شيئاً من ذلك لا يجوز على الباري تعالى، ولا يضرب له الأمثال في المخلوقات 
 «Истәуә» сөзі, араб тілінде он бес мағынаны білдіреді, ақиқи/хакиқат және астарлы мағынада/маджази арасында. Олардың (мағыналар) арасында Алла Тағалаға қолайлысы алынады және бұл – аяттың мағынасы болады (яғни, сипаттың мағынасы). Және де олардың арасындағы Аллаға қатысты қолайсыздары алынбайды.
Және бұл «истәуә» сөзінің мағынасы (яғни, тікелей мағынасындағы аудармасы) – орында отыру, бекітілген немесе қосылу не бірқатарда болу (жаратылстармен) деген мағынасында қабылданбайды және бұл аты аталғандар Алла Тағалаға қатысты рұқсат етілмейді. Сондай-ақ, жаратылыстармен Оған (Аллаға) қатысты мысал келтірмейді». (әрі қарай имам Мәліктің сөздері келтіріледі.)
وإما أن لا يفسَّرَ كما قال مالكٌ وغيره ، إن الاستواءَ معلومٌ  يعني مورِدُه في اللغة  والكيف غيرُ معقولٍ  أي يستحِيل في حقِّ الله سبحانه وتعالى والسؤال عنه بدعة ، لأنَّ الاشتغالَ به قد يُثِير طلبَ المتشابهِ ابتغاءَ الفتنة
فتحصَّل لك مِن كلام إمامِ المسلمين مالكٍ أنَّ الاستواءَ معلومٌ , وأن ما يجوز على الله غيرُ متعيِّن , وما يستحِيل عليه هو مُنزهٌ عنه
«Немесе имам Мәлік және басқалары түсіндірмесін (талқыламасын) айтқандай: “Расыменде, истәуә — белгілі” – яғни, тілдік мағынасы, “кейіпте болу ақылға сыймайтын” – яғни, Алла Субхәна уә Тағалаға қатысты – “бұл жайында сұрау бидғат”, осылайша бұл муташабиһтермен айналысудың арты бүлікке алып келеді».
Нәтижесінде сен мұсылмандардың имамынан яғни имам Мәліктен истәуә тілдік мағынасында белгілі (яғни араб тілінде, қазақ тілінде емес!) және Аллаға қатысты бұл (ескі сұрақтардың мағыналары) анық дәлел болып табылмайды, ал Аллаға қатысты анық дәлел болып табылмағандықтан, Алла Тағала бұлардан аса Пәк екенін білдің».
[Қр. Әбу Бәкір Ибнул Араби, «Аридатул Ахуәзи», 2/236. 
Бейрут: Даруль Кутубиль Илмийя]
Имам әл-Қуртуби (оған Алланың рақымы болсын) 600-671 һ.ж. / 1204-1274 м.ж., ол Алланың «… Алла, олар түнделетіп, разы болмайтын сөз қылғанда олармен бірге еді. [Ниса сүресі 4/108 аят]» деген аятына былай деп пікір айтқан:
وَمَعْنَى (وَهُوَ مَعَهُمْ) أَيْ بِالْعِلْمِ وَالرُّؤْيَةِ وَالسَّمْعِ، هَذَا قَوْلُ أَهْلِ السُّنَّةِ. وَقَالَتِ الْجَهْمِيَّةُ وَالْقَدَرِيَّةُ وَالْمُعْتَزِلَةُ: هُوَ بِكُلِّ مَكَانٍ، تَمَسُّكًا بِهَذِهِ الْآيَةِ وَمَا كَانَمِثْلَهَا، قَالُوا: لَمَّا قَالَ (وَهُوَ مَعَهُمْ) ثَبَتَ أَنَّهُ بِكُلِّ مَكَانٍ، لِأَنَّهُ قَدْ أَثْبَتَ كَوْنَهُ مَعَهُمْ تَعَالَى اللَّهُ عَنْ قَوْلِهِمْ، فَإِنَّ هَذِهِ صِفَةُ الْأَجْسَامِ وَاللَّهُ تَعَالَى مُتَعَالٍ عَنْ ذَلِكَ أَلَاتَرَى مُنَاظَرَةَ بِشْرٍ فِي قَوْلِ اللَّهِ عَزَّ وَجَلَّ: (مَا يَكُونُ مِنْ نَجْوى ثَلاثَةٍ إِلَّا هُوَ رابِعُهُمْ) حِينَ قَالَ: هُوَ بِذَاتِهِ فِي كُلِّ مَكَانٍ فَقَالَ لَهُ خَصْمُهُ: هُوَ فِي قَلَنْسُوَتِكَ وَفِيحَشْوِكَ وَفِي جَوْفِ حِمَارِكَ. تَعَالَى اللَّهُ عَمَّا يَقُولُونَ!
«Мұның мағынасы «… олармен бірге еді» - яғни білімімен, көруімен және естуімен. Бұл Әһли Суннаның сөздері. Ал Жәһмилер, Қадарилер және Муғтазиләлар былай деді: «Ол әрбір жерде» әрі олар осыған ұқсас аяттарды ұстанады. Олар тағы былай деп айтты: «Алла Тағала осылай деп айтқан кезде:«… олармен бірге еді» және орнықты, Ол әрбір жерде, өйткені Ол Өзінің затымен әрбір жерде және солармен бірге орнықты». 
Алла Тағала олардың осы сөздерінен Аса Пәк, ақиқатында бұл дене-мүшелердің сипаты, ал Алла Тағала Пәк.
Бишрдің пікірталасын оқысаңыз, ол былай деді: «Үшеудің сұхбатының арасында төртіншісі болмас үшін құпия болмайды» - Ол Өзінің затымен әрбір жерде. Оған оның қарсыласы былай деп үн қатты: Ол сенің тақияңның ішін де ме? Сенің ішің де ме? Сенің есегіңнің аузының ішінде ме?!
Ақиқатында, Алла Субхана уә Тағала мұндай адамдардың айтқан сөздерінен Пәк!»
[Қр. Әл-Қуртуби «Әл-Жәми әл-Ахкам әл-Қуран», 5/379.]
Хафиз Ибн Касир (оған Алланың рақымы болсын) 701-774 һ.ж. / 1301-1373 м.ж., өзінің тәпсірінде былай деп жазған:
وقوله: ( وَهُوَ اللَّهُ فِي السَّمَاوَاتِ وَفِي الأرْضِ يَعْلَمُ سِرَّكُمْ وَجَهْرَكُمْ وَيَعْلَمُ مَا تَكْسِبُونَ ) اختلف مفسرو هذه الآية على أقوال، بعد الاتفاق على تخطئة قول الجَهْمِيَّة الأول القائلين بأنه تعالى عن قولهم علوًا كبيرًا- في كل مكان
«Алла Тағаланың мына сөздеріне келетін болсақ – «Көктерде әрі жердегі Ол Алла, көрнеулеріңді де, көместеріңді де біледі [Әнам сүресі 6/3 аят]», бұл аятқа қатысты Құран тәпсіршілері әртүрлі пікір, көзқараста болды, алайда олар жәһмилердің қателіктерінде бірауыздан келіскен, олардың сөзі “Алла барлық жерде” – деген, ақиқатында Алла Тағала олардың сөздерінен пәк».
[Қр. Ибн Касир «Тафсир әл-Қуранил азим», 3/240]
Хафиз әз-Зәхаби (оған Алланың рақымы болсын) 673-748 һ.ж. / 1274-1348 м.ж., былай деп айтқан:
وظهر بخراسان الجهم بن صفوان ودعا إلى تعطيل الرب عز وجل وخلق القرآن
«Хорасанда Жәһм ибн Сафуан пайда болды және ол Алланың сипаттарын жоққа шығарды (таътил) және Құран жаратылған деп иман келтіруге шақырды».
[Қр. Әз-Зәхаби, «Тазкира әл-Хуффаз», 1/120] 

Имам Тажуддин әс-Субки (оған Алланың рақымы болсын) 717-771 һ.ж. / 1318-1370 м.ж., былай деп айтқан:
واعلم أن جهما شر من المعتزلة، كما يدريه من ينظر الملل والنحل، ويعرف عقائد الفرق.
والقائلون بخلق القرآن هم المعتزلة جميعا، وجَهْم لا خصوص له بمسألة خلق القرآن، بل هو شر من القائلين بها، لمشاركته إياهم فيما قالوه، وزيادته عليهم بطامات.
«Жәһм, ол Муғтазиләдан да жаман, бұны «Милал уә Нихәл» кітабын оқыған адам білетін болады және де өзге ағымдарды да ажырата, танитын болатынын біл».
Ал Құран Кәрім жаратылған деген пікірді қолдайтындардың барлығы Муғтазилә және Жәһм секілді Құран Кәрім жаратылған деген пікірмен шектелмейді, керсінше ол одан да жаманырақ, егер кімде-кім бұлай айтатын болса (Құран Кәрім жаратылған деп), ол соларға (муғтазиләға) сәйкес келеді  және тағы қосымша олар әртүрлі өтіріктер таратуда».
[Қр. Таджуддин әс-Субки «Табақат әш-Шәфиғийә әл-Кубра», 3/299.]
Имам Таджуддин әс-Субки (оған Алланың рақымы болсын) 727-771 һ.ж., Иманды анықтау мәселесінде және оның негізгі мақсатын түсіндіре отырып, әр түрлі мәзһабтардың пікірін келтіреді:
والمذهب الثاني: أن الإيمان بالله تعالى معرفته فقط لا يشترط معه لفظ وهو رأي جهم بن صفوان وشيعته.
وهو مذهب مرذول محجوج بالإجماع لا يعبأ به ولا يلتفت إلى قائله.
وليس جهم ممن يعتد بقوله، ولولا الوفاء بتعداد المذاهب لما ذكرنا هذا الرجل ولا مذهبه.
فإنه رجل ولَّاج خراج، هجام على خرق حجاب الهيبة، بعيد عن غور الشريعة، يزعم أنه ذو تحقيقات باهرة وما هي إلا ترهات قاصرة، ويدعي أنه له مثاقب في النظر؛ وما هي إلا عقارب أو أضر
«Екінші мәзхаб (ұстанатын пікірі): Иман – бұл Алла Тағаланы танудан тұрады және кәлима шәһәдатты айту міндетті емес, алайда бұл Жәһм ибн Сафуанның және оның ізбасарларының пікірі.
Және бұл ғұламалардың ортақ пікіріне қарсы келген теріс пікір, бұл пікірді білдірсе, онда оған мән беріп қарамайды және назарын да салмайды.
Жәһмнің пікіріне мән беріп қараудың қажеті жоқ және иман мәселесіндегі түсіндірмеде барлық мәзһабтардың пікірін талдайтын болсақ, онда біз бұл адамның есімін және оның мәзһабын таппаушы едік (яғни иман мәселесіндегі түсіндірмеде Жәһмнің ұстанатын пікірін).
Расында да, ол (Жәһм) айлакер және тәсілқой шебер, Исламның құрмет жамылғысын шешкен адам, Шариғат тереңдіктерінен алыс және ол өзін – тамаша зертеушімін деп санаған, алайда, бұл ол үшін ұсақ-түйек, ол адамда ешқандай күш жоқ және ол өзін пайымдауда (ой жүгіртуде) парасаттымын деп санады. Дегенмен, бұл өлтіретін У секілді, тіпті одан да зиянырақ болып табылады».
[Қр. Имам Таджуддин әс-Субки «Табақат Әш-Шәфи’ийә Әл-Кубра», 1/94]

Имам Акмалуддин әл- Баберти әл- Ханафи (оған Алланың рақымы болсын) 714-786 һ.ж. / 1314-1384 м.ж., былай деп айтқан:
Және де ақиқат жолында болған адамдардың сөзі – былай деу: «Құлдың жақсы не жаман іс-амалын Алла Тағала жаратып қойған және (құл) оны иеленіп алған. Бұл жерде Жәбрилер ағымының түсінігімен айырмашылық бар, олар құлдың таңдау еркіндігі жоқ және оларды амал етуге мәжбүрлеп қойған деп сенді және Қадарилердің де түсінігінен айырмашылығы бар, олар Алла емес, құл өзінің амалын өзі жаратады деп сенді. Алла Тағала кемшіліктерден Пәк.
[Қр. Шарх ақида әт- Тахауийә]
Имам Акмалуддин әл- Баберти (оған Алланың рақымы болсын) имам әт- Тахауйдің Жәһмилер жайындағы сөздеріне былай деп пікір қалдырған:
ثم ثني بالجهمية الخبث عقائدهم المشتملة على تعطيل الصانع عز اسمه ونفيهم بقاء النار وأهلها وكونهم فيهما خالدين
«Кейін ол, Жәһмилердің жиркенішті сенімде болғандығын атап өтті. Олар Алланың сипаттарын және Оның көркем есімдерін жоққа шығарады. Тағы олар Жәннат пен Тозақ мекендеушілері онда мәңгі болады дегенді жоққа шығарады».
[Қр. Имам Акмалуддин әл- Баберти «Шарх ақида әт- Тахауийә», 156-б.]
Ғұламалардың сөздерінен кейін Жәһмилердің кімдер екеніне әрбір сана сезімі мен ойлану қабілетін дұрыс пайдаланған мұсылманға анық көз жеткізуіне болады. Әшғарилер мен Матуридилердің бұл Жәһмилер ағымына еш қатысы жоқ. Бұл сенім көзқарасында екі бөлек топтар. Әшғари ғұламалары Жәһмилердің күпірлікке батқандығы жайында сөз айтуда, ал олардың сыртынан (Әшғарилер мен Матуридилерге) ғайбат айтып және оларды Жәһмилер деп жала жапқандығы үшін Қиямет күні Алланың алдында жауап береді.
Имам Мұхаммед Захид әл-Кәусари (оған Алланың рақымы болсын) 1296-1371 һ.ж. / 1878-1952 м.ж.,  өзінің тахқиқында, имам Әл-Байхақидің «Асмау уә Сифат» кітбында, имам Абдурахман ибн Махдидің (д.ө.ж. 135-198 һ.ж.) Жәһмилер жайында айтқан сөзінде: «Расыменде, олар (жәһмилер), «Әр-Рахман аршыны истәуә етті» дегенді жоққа шығарғылары келеді», — дегенсөздеріне Захид әл-Кәусаридің пікірі:
من أنكر أن الرحمن على العرش استوى فقد أنكر آية من الذكر الحكيم فيكفر. لكن الاستواء الثابت له سبحانه استواء يليق بجلاله على مراد الله وعلى مراد رسوله غير خوض في المعنى كما هو مسلك السلف منهم: ابن مهدي ومسلك الخلف الحمل على الملك ونحوه على مقتضى اللغة وليس في ذلك إنكار الآية فحاشاهم من ذلك. وأما حمله على الجلوس والاستقرار فهو الزيغ المبين.
«Кімде-кім “Әр-Рахман аршыны истәуә етті” деген сөзді жоққа шығарғысы келсе, онда ол қасиетті Құранның аятын жоққа шығарғаны және осылайша ол кәпір болады. Алайда “истәуә” Оған бекітілгендей, әрі Құдіретті Ұлы Алла кемшіліктен Пәк, бұл “истәуә” Оның Ұлылығымен тең және қандай мағынада Алла және Оның елшісінен келген болса сол мағынада қалдырамыз, оған еш мағынасыз сену және Ибн Махди солардан және де халяфтардың жолы, оны иеленіп алып соған жатқызу және сонымен қатар араб тілінің лексикологиясына сай (лексикология – тіл біліміндегі тілдің сөздік құрамын зерттейтін бөлім) соған ұқсас мағыналарды да жатқызу сәләфтардың жолы. Әрі бұл жерде ешқандай аятты жоққа шығару жоқ және олар одан алыс. Ал отыру мен бекітілуіне келетін болсақ, бұл тура жолдан ауытқу болып табылады.
[Қр. «Әл-Асмау уә Сифат», 241-б. Тахқиқ әл-Кәусари.]

Әбу Ханифаның жәһмилермен болған диалогы
Жәһм ибн Сауфан, жәһмилердің басшысы – дінге жаңалық енгізген адасушы – ол Ислам топырағына бүлік дәнін сепкен адам, ол бірде Әбу Ханифаға келеді де былай дейді:
— Мен өзім саған арнайы даярлап келген нәрселерім жайлы сөйлеспекшімін.
Әбу Ханфа былай деп жауап берді:
— Сенімен сөйлесу – масқара болу. Ал сенің сенетін нәрсеңді талқылау – алаулаған жалын.
Жәһм былай деді:
— Менімен бұрын- соңды кездесіп көрмей, менің сөзімді тыңдамастан қалайша мен жайлы олай деп шешім шығарасың?
Әбу Ханифа былай дейді:
— Маған сенің айтқандарың келіп жетті – Құбылаға бетбұрушылар ондай сөздерді айтпайды.
Жәһм сонда былай деп сұрайды:
— Сен жасырын нәрсенің негізінде үкім шығарасың ба?
Әбу Ханифа былай деді:
— Сен адамдар арасында өзіңнің осы сенімің арқылы танымалсың. Сені тіпті қарапайым адамдар да, беделділер де біледі. Мен де сен жайлы көпшілік адамдардан естіп, шешім қабылдауға құқылымын.
Жәһм былай деді:
— Расында, мен сенен иманнан өзге ешнәрсе сұрайын дегенім жоқ.
Әбу Ханифа айтты:
— Сен не, әлі күнге дейін иман жайлы менен сұрайтындай, оның не екенін білмейсің бе?!
Жәһм айтты:
— Әрине, білемін… бірақ оның әртүрлігіне байланысты менде күмән бар.
Әбу Ханифа былай деді:

— Иманға күмән – кәпірлік.
Жәһм былай деді:
— Мені кәпір деп қорлауға менен адамды діннен шығаратын сөзді естімейінше қақың жоқ!
Абу Ханифа:
— Қалағаныңды сұра.
Жәһм:
— Алланы жүрегімен білетін және Ол – Жалғыз әрі Оның серігі жоқ екенін, Оны сипатымен білетін және Оған ешнәрсе ұқсамайтынын білетін адам осы сенімін тілімен жарияламастан өліп кетер болса, ол адам кәпір ме, әлде мұсылман ба? Соны айтшы?
Әбу Ханифа былай деді:
— Егер ол адам тілімен жүрегі білген нәрсені айтпаған болса, егер оның иманын тілімен айтуына еш кедергі болмаған болса ол адам имансыз болып өлді және де Тозақ тұрғынының бірі болды.
— Алланы шынайы білімімен білген адам қалайша имансыз болып кетеді?!,- деп айқайлады Жәһм.

Әбу Ханифа сонда:
—Егер сен Құранға сенсең және оны дәлел ретінде қабылдасаң, саған Құраннан дәлел келтіріп беремін. Ал егер Құранға сенбейтін болсаң және де оны дәлел ретінде қабылдамасаң, онда мен саған Исламға қарсы келушілерге айтатын сөзімізді айтамын.
- Жоқ, мен Құранға сенемін және оны дәлел ретінде қабылдаймын,- деді Жәһм.
Әбу Ханифа былай деді:
—Расында, Алла тағала екі мүшемен иман етуді шарт етті – жүрек және тіл. Алайда екеуінің біреуі деген жоқ. Алланың кітабында және Пайғамбардың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) хадистерінде бұған көптеген дәлелдер бар.  
Алла тағала былай деген: «Олар Пайғамбарға түсірілгенді (Құран) тыңдаған заманда, шындықты танығандықтарынан көздерінің жасқа толғанын көресің. Олар: “Раббымыз! Иман келтірдік, бізді куә болушылардан жаза көр!”,- дейді.
“Аллаға әрі өзімізге келген шындыққа неге иман келтірмейміз? Өйткені, Раббымыздың игі елдермен бірге етуінен үміт етеміз.”
Сонда Алла оларға бұл сөздері себепті астарынан өзендер ағатын, онда мүлде қалатын бақшаларды бағыштады. Жақсылықтың бодауы осы» (Мәида сүресі, 83- 85 аят)
Яғни олар шындықты жүрекпен білген әрі оны тілдерімен айтқан. Және де Алла тағала оларды айтқандары үшін өзендер ағып жататын Жәннатқа кіргізген.
Және де былай деген: «Және оларға: «Біз Аллаға, бізге түсірілген Құранға әрі Ыбырайым, Ысмайыл, Ысхақ, Яғқұптарға, ұрпақтарына тағы Мұса, Ғиса ға берілген нәрселерге сондай-ақ, Раббылары тарапынан өзге пайғамбарларға берілген нәрселерге иман келтіріп әрі олардың араларын айырмаймыз. (Бәріне де сенеміз) және біздер Ол Аллаға ғана бой ұсынушымыз» деңдер». (Бақара сүресі, 136 аят)

Ол оларға айтуды әмір етті және де білумен шектеліп қалған жоқ. Және Пайғамбар былай деген: «Алладан басқа Тәңір жоқ» деп айтыңдар, табысқа кенелесіңдер». Ол табысқа кенелу үшін білу жеткілікті деген жоқ, оған сөзді қосты. Тағы да Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі ен сәлемі болсын) былай деген: «Оттан: «Алладан басқа тәңір жоқ» деп айтқан адам шығады». Егер сөз талап етілмей, білу жеткілікті болғанда, Ібіліс иманды деп саналатын еді, өйткені ол Раббысын білетін әрі өзін Ол жаратқанын да білетін және де Ол өлтіретінін де білетін, Қайта тірілтетінін де білетін және адастырған да Сол екенін білетін.
Алла тағала Ібілістің сөзін былай деп айтады: «Мен одан артықпын. Мені оттан жаратып, оны балшықтан жараттың» деді» (Ағраф сүресі, 12 аят) Және де: «(Ібіліс): “Ендеше Раббым! Маған қайта тірілетін күнге дейін кеңшілік бер” деді» (Хижр сүрес, 36 аят).
Және де Алла тағала былай деді: «(Ібіліс): «Ендеше, мені қаңғыртқаның себепті әлбетте мен де оларға қарсы Сенің тура жолыңда отырып аламын» деді» (Ағраф сүресі, 16 аят).
Егер сенің сенімің дұрыс болғанда, көптеген имансыздар өздерінің Раббысын білгендіктері үшін иманды болып кететін еді, дей тұрғанмен олар Оны тілдерімен жоққа шығарады.
Алла тағала былай деді: «Олар мұғжизаларға көңілдері сенген бола тұра зұлымдық, менмендікпен қарсы шықты. Бұзақылардың соңының қалай болғанын көр! » (Нәміл сүресі, 14 аят).

Осылайша, олардың сенімдері оларды иманды еткен жоқ: Жаратушы оларды тілдерімен теріске шығарғандары үшін имансыздар деп атады.
Осылайша Әбу Ханифа Құраннан, хадистерден Жәһм айтарға сөз таба алмағанша дәлелдер келтіреді. Сөйтіп ол жеңіліс табады. Жәһм ақырын орынынан тұрып, Әбу Ханифаға былай дейді:
Сен маған мен ұмытқан нәрсені есіме салдың. Мен қазыр келемін,- деді де шығып кетті.
Осылайша ол Әбу Ханифадан кетуге асығып, қайтып оралмады.
[Қр. Әл-Баша Абд- әр- Рахман Рафат]


Дерекнама: Al-fatava.com