Пәтуәлар

ҒАЙБАТ & ИМАН КЕЛТІРМЕГЕНДЕР | «Кәпірлерге бағытталған ғайбат жөніндегі пікір: бола ма әлде болмай ма?».

Ибнул-Мунзир, Алла оны рақым етсін, былай деп айтты: «Пайғамбарымыз, оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын, айтты: 
وقال ابن المنذر في قوله - صلى الله عليه وسلم -: « ذكرك أخاك بما يكره » فيه دليل على أن من ليس أخاك من اليهود والنصارى أو سائر أهل الملل، أو من أخرجته بدعة ابتدعها إلى غير دين الإسلام لا غيبة لهانتهى
«Бауырыңа ұнамайтын сөзбен оны еске алу»,- бұл жерде саған бауыр болмайтындар да ескерілген, - яхудилер, христиандар немесе басқа дін өкілдері, немесе Исламнан шығып кеткендер – оларға ғайбат жүрмейді!», - дәйеккөз соңы.
[Дереккөз: Имам әл-Хайтами әш-Шафи`и | «Аз-Заваджир», 67/2.]


Жалпылама: «Ғайбат – жаман сөз сөйлеу – харам етілген; мұсылманға қатысты болсын, мұсылман емеске қатысты болсын, – егер де мұсылман емес адам мұсылмандар мемлекетінде тұратын болса [зиммй].
Ал егер мұсылман емес адам мұсылмандарға қарсы соғысатын болса [харбий], онда ғайбат рұқсат етіледі, егер жамандайтын адам тек шындықты айтатын болса деген шарт орындалса!».
عموما : ” فالغيبة محرمة سواء كانت في حق المسلم أو حق الكافر إذا كان ذمياً، أما إذا كان محارباً، فتجوز بشرط ألا يقول المغتاب إلا حقا “ ، – وانظر في ” الزواجر عن اقتراف الكبائر “ للهيتمي ٦٧/٢
[Дереккөз: Бұл сұрақты анықтап, нақтылау үшін Шайхул-Ислям, Имам Ибн Хаджар әл-Хайтами әш-Шафи`идің, Алла оны рақым етсін – «Әз-Заваджир `ан Иқтирафил-Кяба`ир», 67/2 кітабына жүгіну керек.]
Дереккөз:  ittisoliyyah.livejournal.com