Пәтуәлар

Әлсіз хадистердің шариғаттағы үкімі.

Мүфти Сухайл Тармахомед Джамиат уль-Уляма Дар уль-Ифта, өзіне қойылған сұраққа былай деп жауап береді:

وذكر شيخ الإسلام له ثلاثة شروطأحدهاأن يكون الضعف غير شديد، فيخرج من انفرد من الكذابين والمتهمينبالكذب، ومنفحش غلطه، نقل العلائي الاتفاق عليه.

الثانيأن يندرج تحت أصل معمول به.
الثالثأن لا يعتقد عند العمل به ثبوته، بل يعتقد الاحتياط.
Алайда бұл хадис әл-Уақйя сүресінің мәнмәтінінде мадақтап жазылғандықтан, бұл хадис әлсіз болып табылады, бірақ ода тұрған еш зияны жоқ, яғни бұл «Құранның құндылықтары» атты кітабында және тағы соған ұқсас Құран құндылықтарын баяндайтын кітаптарда жазылып келседе. Бұл ортақ көз қарас бойынша мухаддистердің мақұлданған қағидасы. Имам ән-Нәуәуи, Хафиз ибн Хаджар әл-Әсқалани, ибн Әбдиссәлям, ибн Даққиқ әл-Ид, Әлямма әс-Сүюти (Алла олардың баршасын рақымына бөлесін) олар әлсіз [даиф] хадистерді жеткізуге рұқсат етті, яғни «Тағриб» және «Тархиб» [ниеттендіру және ескерту] шартымен, және үш шартты сақтау керек:

А) Хадис тым әлсіз болмау керек, яғни ол “Дайф” джиддан немесе мункар болуы керек.
Б) Құранның кейбір сүрелерінің құндылықтарын дәріптейтін әлсіз хадистер болса, онда оның басқада сенімді жолмен жеткен [сахих] түрлері болуы керек.
В) Әлсіз хадиске амал еткен адам, ол оны [сахих] деп сенімді болмау керек. Алайда ол ескеру керек, яғни мүмкін бұл сенімді болар деп білуі керек.
[Тадриб ур-Рауи, 1-ші том, 351-бет. Дар Тайиба]
Шейх Мухаммад Закарийя әл-Кандехлеяуи (Алла оны рақым етсін) мухаддистердің пікірімен бірдей пікірді ұстанатын еді және сол себепті де өзінің хадистер жинағына, бірнеше әлсіз жіктелген хадистерді қосты. Біздің ғалымдар да, Хафиз ибн Хаджар, Имам ән-Нәуәуи, Әлямма Лукнауи, Шейх Әбдуль Фаттах Әбу Ғудда әлсіз хадистерді жеткізуде сол пікірді ұстанады. Бұл хадис шеңберінде көптеген ғалымдардың пікірі болса да, сол секілді, басқа үлкен хадис ғалымдары ұстанатын басқа пікірлер де бар.
Мысалы:
а) Бірнеше ғалымдар, әлсіз хадистерді мүлдем алмау керек деп есептеген;
б) Олардан басқалары, әлсіз хадистерді ешқандай шарттарсыз қабылдау керек деген.
Осылайша, әлсіз хадистер жайлы бірнеше пікірлер бар және әрбір пікір өз алдына заңды және құрметтелуі тиіс.
Егер кімде — кім әлсіз хадистерді мүлдем қабылдамайтындардың жағын мақұлдаса, онда ол оған құқылы. Сол секілді, ол әлсіз хадис жеткізушілерді қабылдайтындарды, ол бұл көзқарасқа оған да заңды түрде құқылы екенін және ол бұған дау шығармауы керек екенін түсінуі керек. Ол оның пікірін, керісінше құрметтеу керек!

Әлляма шейх Ибнус Салях (Алла оны рақым етсін) 577-643һ./1181-1245м., өзінің кітабында «Улюмуль Хадисте» былай деп айтады:
يجوز عند أهل الحديث وغيرهم التساهل في الأسانيد ورواية ما سوى الموضوع من أنواع الأحاديث الضعيفة من غير اهتمام ببيان ضعفها فيما سوى صفات الله تعالى وأحكام الشريعة من الحلال والحرام وغيرهما . وذلك كالمواعظ والقصص وفضائل الأعمال وسائر فنون الترغيب والترهيب وسائر ما لا تعلق له بالأحكام والعقائد وممن روينا عنه التنصيص على التساهل في نحو ذلك : عبد الرحمن بن مهدي و أحمد بن حنبل رضي الله عنهما
 «Рұқсат етілді Әхлюл хадис ғұламаларымен және тағы басқаларымен тізбектерді (иснадты)жеңілдетуге және әлсіз хадистерді жеткізуге, тек қана (маудуғ) тоқылған хадис болмауы керек,оның түсіндіруінде әлсіздігі жайында ешқандай ерекше іждағат керек емес. (Әлсіз хадистеррұқсат етілді) және тағы мына салаларда, насихат ретінде, пайдалы әңгімелерде, ізгі амалдарда, тағы басқа салаларда айтарлықтай ниеттендіру мақсатында, және харамнан тыйумақсатында, қорқыту үлгісінде, және үкімдер мен ақидаға қатысты болмау керек. Әлсіз хадистерАлла Тағаланың сипаттарына, халал-харам және басқада шариғат үкімдерінде алынбайды.
Тағы да былай деп жетті, (иснады) тізбектерде жеңілдіктер жасау үшін кітаптар жазылды, кітап жазғандар бұл салада имам Абдурахман ибн Махди және Ахмад ибн Ханбал болатын (Алла Тағала оларға разы болсын)».
[Дерекнама: Ибнус Салях: «Улюмуль Хадис», 113., Даруль Фикр: 1406/1986]

Әлляма, захид және фақиһ Мухиддин ән-Нәуәуи (Алла оны рақым етсін) 631-676һ./1233-1277м., өзінің «Әл-Азкар мин Калями Саййидиль Абрар» атты кітабының кіріспесінде, былай деп жазады:
فصل‏:‏ اعلم أنه ينبغي لمن بلغه شيء في فضائل الأعمال أن يعمل به ولو مرّة واحدة ليكون من أهله، ولا ينبغي أن يتركه مطلقاً بل يأتي بما تيسر منه، لقول النبي صلى اللّه عليه وسلم في الحديث المتفق على صحته‏:‏
‏»‏إذَا أَمَرْتُكُمْ بَشَيءٍ فأْتُوا مِنْهُ ما اسْتَطعْتُمْ‏»‏ ‏
فصل‏:‏ قال العلماءُ من المحدّثين والفقهاء وغيرهم‏:‏ يجوز ويُستحبّ العمل في الفضائل والترغيب والترهيب بالحديث الضعيف ما لم يكن موضوعاً‏، وأما الأحكام كالحلال والحرام والبيع والنكاح والطلاق وغير ذلك فلا يُعمل فيها إلا بالحديث الصحيح أو الحسن إلا أن يكون في احتياطٍ في شيء من ذلك، كما إذا وردَ حديثٌ ضعيفٌ بكراهة بعض البيوع أو الأنكحة، فإن المستحبَّ أن يتنزّه عنه ولكن لا يجب‏.‏ وإنما ذكرتُ هذا الفصل لأنه يجيءُ في هذا الكتاب أحاديثُ أنصُّ على صحتها أو حسنها أو ضعفها، أو أسكتُ عنها لذهول عن ذلك أو غيره، فأردتُ أن تتقرّر هذه القاعدة عند مُطالِع هذا الكتاب‏.‏
«Фасль: Біле жүр! Кімге әлсіз хадистер келсе, ізгі амалдар жайында жетсе, онда оған ең болмағанда бір-ақ рет болсада амал жасау керек сол хадиске, өйткені ол, сол хадистерге амал етушілер қатарынан болады.
Оған мүлдем бұл хадисті тастауға болмайды, керісінше ол оған шамасы жеткенше амал ету керек. Өйткені ортақ көз қараста болған анық хадисте айтылғандай Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) айтты:
«Мен сендерге бір нәрсені бұйырсам, онда оны шамаларың келгенше жасаңдар».
Фасль: Мухаддис және Фақиһ ғұламалардан болғандар және т.б., былай деп айтады: жақсы ізгі амалдарда, ізгі ниеттерде және қорқыту мақсатында (яғни харам істерден тыю мақсатында), рұқсат етілді әлсіз хадистерге амал етуге және мақұлданды, тек қана бұл ойдан шығарылған, не тоқылған хадистер болмауы керек (яғни маудуғ).
Алайда халал, харам, сауда-саттық, неке, талақ және тағы басқа шариғи салаларында, тек қана сахих (сенімді) немесе хасан (жақсы) хадистер арқылы амал етіледі. Ерекшелік ретінде, бұл әлсіз хадистер ескерту ретінде мынандай жағдайларда кездессе, мысалыға: сауда және неке түрлерін жазғырып тұрса, мұны мақұлдауға сақтану керек, бірақ бұл уәжіп емес!
Мен бұл тарауды келтіріп отырған себебім, өйткені бұл кітапта хадистерге сілтеме жасадым сахих, хасан және әлсіз хадистерге немесе зуһуля [яғни дүниені тәрк ету мақсатында], немесебасқа бір себептермен. Және мен бұл ережені, кітаптың бастамасында іске асуын қаладым».
[Дерекнама: Мухиддин ән-Нәуәуи: Әл-азкар: 1/10-11, Ар-Рияд: 1417/1997.]

Ғұлама Шамсуддин Мухаммад Әс-Сахауи (Алла оны рақым етсін) 831-902һ./1427-1497, өзінің «Әл қъаулюль бади фис саляти әляль хабибиш шафи» атты кітабында, ұстазы шейх Ибн Хаджар Әл-Асқалянидің (Алла оны рақым етсін) сөзін келтіреді:
سمعت شيخنا مراراً يقول ، وكتب لي بخطه : إن شرائط العمل بالضعيف ثلاثة :
الأول : متفق عليه أن يكون الضعف غير شديد ، فيخرج مَن انفرد مِن الكذَّابين ، والمتهمين بالكذب ، ومن فحُش غلطه .
الثاني : أن يكون مندرجاً تحت أصل عام ، فيخرج ما يُخترَع ، بحيث لا يكون له أصلٌ أصلاً .
الثالث : ألا يُعتقد عند العمل به بثبوته ، لئلا يُنسَب إلى النَّبىِّ صلَّى الله عليه وسلَّم ما لمْ يقله.
قال : والأخيران عن ابن عبد السلام وعن صاحبه ابن دقيق العيد ، والأول نقل العلائي الإتفاق عليه
«Мен өзімнің ұстазымнан (шейх Ибн Хаджардан, Алла оны рақым етсін) бірнеше рет «әлсіз хадиске қойылатын шарттар үшеу» екені жайлы естідім және ол маған өзінің қолымен жазып та берді:
  1. Жағдайға қатысты ортақ пікір бар: Бұл хадис тек қана өте әлсіз болмауы керек және осы шарттың ішіне, риуаятты жеткізушілердің арасында өтірік айтушылардың, өтірікте айыпталушылардың және көп қателесетін адамдардың болмауы кіреді.
  2. Әлсіз хадистің мағынасы, жалпы негізге сай болу керек. Бұл шарттарға ойдан шығарылған, тоқыма хадистер жатпайды, олардың ешқандай негізі жоқ!
  3. Әлсіз хадиске амал еткенде, бұл хадисті Пайғамбардан (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) келді деп ойламау керек, өйткені ол Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) айтпаған болуы да мүмкін (яғни Ибн Хаджар Алла оны рақым етсін, мына жерде өзінің әлсіз хадиске талабын қойып тұр)!
Соңғы екі шарт Ибн Әбдиссалама және оның сахабасы Ибн Дақъик әл-Идтан жеткен. Ал, алғашқы шартқа,(Салахуддин) Әл Әляи, барлығы бірауыздан келіскенін жеткізеді (яғни ортақ көз қараста болған).
[Дерекнама: Мухаммад Әс-Сахауи: Әл Қъаулюль Бәди: 362-363, Мактабату Дариль Баян: 1408]

Қосымша:
Имам ән-Нәуәуи (Алла оны рақым етсін) былай дейді: Ғалымдар бір ауыздан әлсіз хадистерге жақсы, игі істерде амал етуге болатынын мақұлдады! Тек қана харам мен халалдан басқасынан. [Мажму 3/226]
Сонымен қатар имам ән-Нәуәуидің (Алла оны рақым етсін) сөздерін, имам ар-Рамли (Алла оны рақым етсін) өзінің«Фатауа ар-Рамли 4/383″ кітабында келтірген.
Әлсіз хадиске амал етуге болатындығы жайында Ибн Хаджар әл-Хайтами имам ән-Нәуәуидің (оларға Алланың рақымы болсын) «Арбаъйн» кітабының 32-бетінде пікір білдірген.
Дәл солай имам әл-Хайтами (Алла оны рақым етсін) өзінің «Фатауа ибн Хаджар әл-Хайтами 2/54″ кітабында келтірген.
Бұны да имам ас-Сахауи (Алла оны рақым етсін) өзінің «Фатху Муғис 1/687″ кітабында растады.

Дерекнама: Al-fatava.com ; Askimam.ru