Пәтуәлар

Исламнан шығаратын мәселелер туралы білім алу мұсылманға міндет пе?


Исламды адам баласын соңғы мақсатына - Алланың разылығы мен Жәннатқа жеткізер кемемен теңестіруге болады. Кейбірі мақсатына амалдарына сәйкес кеменің жоғарғы бөлігінде жүріп жетсе, кейбірі одан төменгі бөліктерінде орналасып жетеді. Кез-келген кемеде сияқты адамның кеме сыртына құлап қалу қаупі бар. Және бұл жерде бізді түпкі мақсатқа жеткізер басқа кеменің жоқтығын ескеру қажет. Сол себепті кемедегі әрбір адам өзінің бұл кемедегі жағдайы нық екеніне сенімді болып, кеме сыртында қалмау үшін барлық күш-жігерін жұмсауы керек.

Сонда біз кемеде нық тұрып, одан құлап қалмас үшін не істеуіміз керек?

Мақалада бұл сұрақ талқыланып, адамның құлауының себептері аталады. Кеме сыртына құлағандардың көбісі білімсіздік кесірінен осы жағдайға душар болады. Сол себепті, кемемізде дөптеген мақсатымызға жетуіміз үшін және сыртта қалып қоймас үшін, құлап қалуға әкелер барлық себептерді өзін және өзгелерді қорғау мақсатында біліп алуымыз қажет.
Бұл тақырып өте маңызды болып табылады. Себебі, бұл сұрақтағы білімсіздіктің тигізер зардабы - басқа сұрақтардағы білімсіздікке қарағанда анағұрлым қауіпті әрі қорқынышты болып табылады. Басқа сұрақтардағы білімсіздік мақсатына қандай дәрежеде жететінімен байланысты болса, бұл жерде адам негізінде мақсатына жетеді ме, жоқ па деген сұрақ тұр. Кеме сыртында қалғаннан гөрі, түпкі жетер мақсатқа, ең болмағанда, кеменің ең төменгі бөлімінде болсын жеткен әлдеқайда жақсы екені анық.

Ислам ғұламалары адамды діннен шығаратын сұрақтарды білу - уәжіп деп есептейді. Алланың қалауымен, біз сіздермен олардың айтқан кейбір сөздерімен бөліскіміз келеді.


Ханафи мәзхабының ғалымы Шейх Мулла Әли әл-Қари әлХанафи (һ.б. 1014 ж. дүниеден өтті) «әл-Фиқһ әл-Әкбар» кітабына жазған шархында былай дейді:

فيجبُ على كلِّ أحدٍ معرفةُ الكُفريّاتِ أقوى مِن معرفةِ الاعتقاديّاتِ , فإنَّ الثانيةَ يكفي فيها الإيمانُ الإجمالي بخلافِ الأولى , فإنه يتعيَّن العلمُ التفصيلي لا سِيَّما في مذهبِ إمامِنا الحنفيِّ . ولذا قيل : الدخولُ في الإسلامِ سَهْلٌ في تحصيلِ المَرامِ , وأما الثَّباتُ على الأحكامِ فصَعْبٌ على جميعِ الأنامِ . ويُشير إليه قوله تعالى : إِنَّ الَّذِينَ قَالُوا رَبُّنَا اللَّهُ ثُمَّ اسْتَقَامُوا

«Әрбір мұсылман Ислам дінінен шығаратын мәселелерді сенім (и’тиқад) мәселелерінен гөрі егжей-тегжейлі түрде үйренуге міндетті. Өйткені, бірінші сұраққа (Исламнан шығаратын мәселелерге) қарағанда, екінші мәселеде (и’тиқад та) тек жалпы білім (ижмәли) жеткілікті.
Діннен шығаратын мәселелерді толық үйрену - әрбір мұсылман үшін парыз болып табылады. Әсіресе, біздің Имамның (Әбу Ханифа) мәзхабын ұстанатындар үшін. Дәл осы себепті ғалымдар былай айтады: «Исламды қабылдау оңай, ал онда ұсталып қалу, шығып кетпеу қиын».
Бұған Алла Тағаланың мына сөздері дәлел: «Бір Құдайға иман келтіріп және тура жолға тұрып: «Біздің Раббымыз - Алла», - деп айтқандар...» [Әл-Фуссылят, 41:30]
[Дерекнама: Мулла Әли әл-Қари, «Шарху Китабил-Фиқһил-Әкбар», 269-бет. Бейрут баспасы: Дарул-Кутубил-Ильмийя: 1426/2007.]



"Ханафи мәзхабының соңғы сөзі" және "Ханафилер сұлтаны" атанған ұлы ғұлама Имам Ибн Абидин (һ.б. 1238-1307 ж.ж.) «әд-Дурр әл-Мухтар Шарху Танвирил-Абсар» кітабының ескертпесінде былай деген:

وعلمِ الألفاظِ المحرَّمة أو المكفِّرة ، و لَعَمْري هذا مِن أهمِّ المهمّاتِ في هذا الزَّمانِ ؛ لأنك تسمَع كثيرًا مِن العوَامِّ يتكلّمون بما يكفِّر وهم عنها غافلونَ ، والاحتياطُ أن يجدِّدَ الجاهلُ إيمانَه كلَّ يومٍ ويجدِّدَ نكاحَ امرأتِه عند شاهديْنِ في كلِّ شهرٍ مرةً أو مرّتينِ ، إذْ الخطأ وإنْ لم يصدُرْ مِن الرجلِ فهو مِن النساءِ كثيرٌ

 «...Және де адамды діннен шығаруы мүмкін мәселелер туралы білім алу – фарзул-ғайн.
Өз өміріммен ант етемін, біздің қазіргі заманда қарапайым (аууам) халықтың көбісі, тіпті өздері білместен, күпір сөздерді айту себебінен, барлық сұрақтар ішінде бұл сұрақ ең маңыздысы болып табылады.
Сол себепті, білімсіз адамдарға имандарын күнде жаңартып отырулары және екі куәгерлердің қатысуымен айына бір немесе екі рет некелерін қайта жаңартулары жөн. Тіпті егер ер адам қателесіп күпір сөзін айтпаса да, әйелдер мұндай сөздерді жиі айтады».
[Дерекнама: Ибн Абидин, «Радд әл-Мухтар әля-д-Дурр әл-Мухтар», 1/126. Дар Алямил-Кутуб баспасы: 1423/2003.]


Шәфиғи мәзхабының атақты ғалымы Шейх Әбу Бәкір әд-Димьяти әл-Бәкри (һ.б. 1300 ж. дүниеден өтті) «И’анату әт-Талибин» кітабында «Фатхуль Му’ин» кітабының ескертпелерінде былай деп жазады:

قال السيد البكري الدمياطي في إعانة الطالبين على حل ألفاظ فتح المعين: "واعلم أنه يجري على ألسنة العامة جملة من أنواع الكفر من غير أن يعلموا أنها كذلك فيجب على أهل العلم أن يبينوا لهم ذلك لعلهم يجتنبونه إذا علموه لئلا تحبط أعمالهم ويخلدون في أعظم العذاب، وأشد العقاب، ومعرفة ذلك أمر مهمّ جدًا، وذلك لأن من لم يعرف الشرّ يقع فيه وهو لا يدري، وكل شرّ سببه الجهل، وكل خير سببه العلم"اهـ 

«Қарапайым адамдар өз сөздерінде көптеген купірлік сөздер қолданатынын біл, тіпті олар бұл туралы білмейді де. Адамдар бұл сөздерді айтудан абай болулары үшін, ғалымдардың мойнында оларға осы сұрақтарды түсіндіріп, жеткізу міндеті жатыр. Себебі күпірлік адамның ізгі амалдарын толығымен жойып, оны Тозақта мәңгі қалуына әкеледі.
Бұл мәселелерді (яғни ридда мәселесін) үйрену өте манызды, өйткені мұндай іс-әрекеттердің зардаптарын білмеген адам өзінің білімсіздік кесірінен қасіретке жолығуы мүмкін. Барлық жаман істің негізі - білімсіздік, ал барлық жақсылықтың бастауы - білім».
[Дерекнама: Әбу Бәкір әд-Димьяти, «И’анату т-Талибин», 4-том, 214-бет. Бейрут баспасы: Даруль-Кутубиль-Ильмийя: 1415/1995.]


Әһлу Суннаның әйгілі ғалымы, Мужтахид, Имам Ағзам Әбу Ханифа әл-Куфи (һ.б. 80-150 ж.) өзінің әйгілі «Әл-Фиқһул Әкбар» атты кітабында осы туралы былай дейді:

وإذا أشكلَ على الإنْسانِ شيءٌ مِن دقائقِ علْمِ التوحيدِ , فإنه ينبغي له أن يَعتقدَ في الحالِ ما هو الصوابُ عند اللهِ تعالى إلى أن يجِدَ عالمًا فيسألُه , ولا يسَعُه تأخيرُ الطلبِ , ولا يُعذَر بالوقْفِ فيه , ويكفُر إن وقَفَ فه

«Егер адамға Ильмул-Таухидтың кейбір сұрақтарында бір нәрсе түсініксіз болса, онда ол сұрақ қоя алатын ғалымды тапқанға дейінгі уақытта Алла Тағаланың алдында дұрыс болатын сенімде болуы керек. Оған бұл мәселені үйренуде кідіріс/уақф жасауға болмайды және онысы ақталуға келмейді. Егер ол бұл жерде кідірсе, онда кәпір болады».
[Дерекнама: Әбу Ханифа «Әл-Фиқһуль Әкбар», 13. Хайдарабад баспасы, 1342]


Имам, Мужахид, Муфаккир, Осман халифатының соңғы Шейхул Исламы Мустафа Сабри әл-Ханафи «Маукифул ақл» кітабында былай жазады:

 والذين يتسامحون في مسائل الكفر ويلومون من يحذَّر الناس من الوقوع في الكفر من دون لوم الواقع، فهذا التسامح في غير محله يكون تشجيعاً للكافر على كفره واستخفافا بعذاب الله المترتب عليه

«Күпірлікке түсу сұрақтарында жұмсақтық танытып, күпірлікке түскен адамды емес, күпірлікке түсуден сақтандыратын адамдарды жазғыратындарға келсек, бұл орынсыз жұмсақтық, күпірлік жасаушының күпіріне қатысты көмек пен сол (күпірлік) үшін болатын Алланың азабын елемеу болып табылады».
[Дереккөз: Мустафа Сабри «Маукифул-ақл уа ильм уәл-алим мин раббил ғаләмин уа ибадихи мурсалин» 4/258]


Дереккөз: al-fatava.com  
Аударған: darulahnaf.com