Пәтуәлар

Исламнан өзге дінде болудың күмәнсіз күпірлігі мен зардаптары


Аса Қамқор, ерекше Мейрімді Алланың атымен

بسم الله الرحمن الرحيم

Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен, мырзамыз Алла елшісіне, оның отбасына, сахабаларға сансыз салауаттар болсын.
Расында, діннің айқын көзқарасы мен мұсылман имамдардың бір ауыздан келіскендері – Исламнан өзге дінге сенушілер, сондай-ақ ол адамның Жәннатқа кірмейтіндігі жайлы шешім. Олардың күпірліктеріне кімде-кім күмән келтіретін болса, немесе олардың күпірліктері жайлы пәтуа шығарып бірақ олардың Жәннатқа кірмейтінін және Тозақтық екендігін айтпаған болса, онда ол адам Құранға және мұсылмандардың бірауыздан келіскен шешімдеріне қарсы шыққан болып саналады.
Біздің айтып жатқандарымыз Құран мен Сүннет және ғалымдардың көзқарасы да құптайды.

Құранға келер болсақ Алла Тағала былай дейді:
وَمَنْ يَبْتَغِ غَيْرَ الْأِسْلامِ دِيناً فَلَنْ يُقْبَلَ مِنْهُ وَهُوَ فِي الْآخِرَةِ مِنَ الْخَاسِرِينَ
«Кім Исламнан басқа бір дін іздесе, әсте одан қабыл етілмейді де ақыретте зиянға ұшыраушылардан болады». [Әли Имран сүресі, 85 аят]
Бұл аятта Алла Тағала екі шешім шығарған:
Біріншісі: Сеніп жүрген сенімінің қабыл болмауы
Екіншісі: Ақыретте зиянға ұшырау.
Және де Алла Тағала былай дейді:
«…Өйткені, кім Аллаға ортақ қосса, расында Алла оған жәннатты арам етеді. Оның орны тозақ оты. Сондай-ақ залымдар үшін жәрдемші жоқ” деген».  [Маида сүресі, 72 аят]
Бұл аятта Алла Тағала өзге дінге сенген адамға Жәннатты харам еткенін ашық айтады.
Өзге бір сүреде былай дейді:
إِنَّ الَّذِينَ يَكْفُرُونَ بِاللَّهِ وَرُسُلِهِ وَيُرِيدُونَ أَنْ يُفَرِّقُوا بَيْنَ اللَّهِ وَرُسُلِهِ وَيَقُولُونَ نُؤْمِنُ بِبَعْضٍ وَنَكْفُرُ بِبَعْضٍ وَيُرِيدُونَ أَنْ يَتَّخِذُوا بَيْنَ ذَلِكَ سَبِيلا  أُوْلَئِكَ هُمْ الْكَافِرُونَ حَقًّا وَأَعْتَدْنَا لِلْكَافِرِينَ عَذَابًا مُهِينًا
«Шәксіз, сондай Аллаға, пайғамбарларына қарсы келгендер, олар, Алла мен пайғамбарларының арасын айыруды қалайды. Және де олар: “(Пайғамбарлардың) кейіне сенеміз де, кейін келгендеріне қарсы келеміз” дейді; сөйтіп олар екі ортадан жол табуды қалайды. Міне олар анық кәпірлер. Кәпірлер үшін қорлаушы қинау дайындадық». [Ниса сүресі, 150-151 аят]
Кімде-кім Мұса мен Исаға (оларға Алланың сәлемі болсын) пайғамбарға сеніп, Алла елшісін (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) олардан бөлер болса, ол адам осы аятқа сәйкес – анық кәпір және де оған азап бар.
 Алла Тағала тағы да былай дейді:
يَا أَيُّهَا النَّاسُ قَدْ جَاءَكُمُ الرَّسُولُ بِالْحَقِّ مِنْ رَبِّكُمْ فَآَمِنُوا خَيْرًا لَكُمْ وَإِنْ تَكْفُرُوا فَإِنَّ لِلَّهِ مَا فِي السَّمَاوَاتِ وَالْأَرْضِ وَكَانَ اللَّهُ عَلِيمًا حَكِيمًا
«Әй адам баласы! Рас сендерге Пайғамбар, Раббыларыңнан хақиқатты келтірді. Сондықтан иман келтіріңдер, сендер үшін жақсы. Егер қарсы келсеңдер, сонда күдіксіз көктердегі және жердегі барлық нәрсе Алланікі. Алла аса білуші, хикмет иесі». [Ниса сүресі, 170 аят]
Және де:
وَأَنْزَلْنَا إِلَيْكَ الْكِتَابَ بِالْحَقِّ مُصَدِّقًا لِمَا بَيْنَ يَدَيْهِ مِنَ الْكِتَابِ وَمُهَيْمِنًا عَلَيْهِ
«Мұхаммед саған шынайы түрде Құранды өзінен бұрыңғы кітаптарды растаушы және оларды қорғаушы түрінде түсірдік». [Маида сүрес, 48 аят]  
Және де:  
وَمَنْ يَكْفُرْ بِهِ مِنَ الْأَحْزَابِ فَالنَّارُ مَوْعِدُهُ
«Әрқандай топтардан кім Құранға қарсы келсе онда оның уәделі орны от». [Һуд сүресі, 17 аят]
 Сүннеттен дәлелдер
 Сүннетке келер болсақ, бұл тақырыпта көптеген хадистер бар.
 Соның бірі имам Муслим Әбу Хурайрадан (оларға Алла разы болсын) жеткізген хадис:  
وَالَّذِي نَفْسُ مُحَمَّدٍ بِيَدِهِ ، لَا يَسْمَعُ بِي أَحَدٌ مِنْ هَذِهِ الْأُمَّةِ يَهُودِيٌّ وَلَا نَصْرَانِيٌّ ثُمَّ يَمُوتُ وَلَمْ يُؤْمِنْ بِالَّذِي أُرْسِلْتُ بِهِ إِلَّا كَانَ مِنْ أَصْحَابِ النَّار
«Мухаммадтың жаны Қолында болғанмен ант етемін, мен туралы естіген кез келген яһуди немесе насрани, мен алып келген нәрсеге иман келтірмей өлсе, міндетті түрде От тұрғындарынан болады!»
Имам Нәуәуи (оған Алланың рақымы болсын) Муслимннің «Сахихына» былай деп жазады:  
وقوله صلى الله عليه وسلم: «لا يسمع بي أحد من هذه الأمة» أي ممن هو موجود في زمني وبعدي إلى يوم القيامة فكلهم يجب عليه الدخول في طاعته. وإنما ذكر اليهودي والنصراني تنبيها على من سواهما وذلك لأن اليهود والنصارى لهم كتاب فإذا كان هذا شأنهم مع أن لهم كتابا فغيرهم ممن لا كتاب له أولى
«Пайғамбардың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) сөзі: «үмметтегі кез келген адам»,- яғни сол дәуірде өмір сүрген және кейін Қайта тірілу күніне дейін дүниеге келгеннің барлығы да оған бағынуы тиіс. Ол яһудилер мен христиандарды атап өтті (яғни, яһудилік, насрани, атеист, дінбұзушылар, басқа дінді ұстанушыларға ескерту ретінде айтып өтеді), себебі яһуди мен насранилер Кітап иелері. Бұл халге Кітап түскендерден гөрі Кітап түспегендер лайығырақ».
«Сахих» Бұхариде, Әнастан (оған Алла разы болсын) былай деп жетеді:
كَانَ غُلَامٌ يَهُودِيٌّ يَخْدُمُ النَّبِيَّ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ فَمَرِضَ فَأَتَاهُ النَّبِيُّ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ يَعُودُهُ فَقَعَدَ عِنْدَ رَأْسِهِ فَقَالَ لَهُ أَسْلِمْ فَنَظَرَ إِلَى أَبِيهِ وَهُوَ عِنْدَهُ فَقَالَ لَهُ أَطِعْ أَبَا الْقَاسِمِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ فَأَسْلَمَ فَخَرَجَ النَّبِيُّ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ وَهُوَ يَقُولُ الْحَمْدُ لِلَّهِ الَّذِي أَنْقَذَهُ مِنْ النَّارِ. فبين النبي صلى الله عليه وسلم أن مصير ذلك الشاب لو لم يستجب النار
«Пайғамбарға (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) қызмет еткен жас яһуди жігіт ауырып қалады. Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) оны зиярат етіп келеді де, бас жағына отырып: «Исламды қабылда»,- дейді. Жас жігіт қасында тұрған өзінің әкесіне қарайды, содна әкесі: «Әбул Қасимды тыңда»,- деп жауап береді. Осылайша әлгі жігіт дінді қабылдайды. Сонда Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай дейді: «Оны Тозақ отынан сақтаған Аллахқа сансыз мадақ». 
Ғалымдардың бірауыздан келіскендері (ижмағ)
Ғалымдардың бұл мәселеде бір ауыздан келіскендеріне келер болсақ, бұл жайлы бірнеше ғалым айтып кеткен.
Ибн Әбдул Барр (оған Алланың рақымы болсын) «Тамхид» еңбегінде былай деген:
محال غير جائز أن يُغفر للذين يموتون وهم كفار لأن الله عز وجل قد أخبر أنه لا يغفر أن يشرك به لمن مات كافرا وهذا ما لا مدفع له ولا خلاف فيه بين أهل القبلة
«Имансыз болып өмірден озғанның кешірілуі ақылға қонымсыз, себебі Алла Тағала Өзіне серік қосып, өмірден озғанды кешірмейтіндігін айтқан. Бұл Әһли Құбыла арасында ешқандай таласы мен қайшылығы жоқ сұрақ».
Имам Қуртуби (оған Алланың рақымы болсын), Алланың: «Алла өзіне ортақ қосылуды жарылқамайды да, бұдан өзге қалаған кісісін жарылқайды…» сөзін түсіндіре келе былай дейді: 
«إِنَّ اللَّهَ لا يَغْفِرُ أَنْ يُشْرَكَ بِهِ وَيَغْفِرُ ما دُونَ ذلِكَ لِمَنْ يَشاءُ». وهذا من المحكم المتفق عليه الذي لا اختلاف فيه بين الأمة. «وَيَغْفِرُ ما دُونَ ذلِكَ لِمَنْ يَشاءُ» من المتشابه الذي قد تكلم العلماء فيه
«Бұл аят мағынасы ашық аяттар қатарына жатады, бұл жайлы үмметтің арасында ешқандай келіспеушіліктер жоқ. Ал «қалаған кісісін жарылқайды» деген сөз астарлы мағыналы аятқа жатады, оның мағынасын ғалымдар түсіндіріп берген».
Имам Әбу Хайән әл Андалуси (оған Алланың рақымы болсын) осы аяттың тәпсірінде былай дейді:
وأجمع المسلمون على تخليد من مات كافراً في النار
«Имансыз өмірден озған адамның Тозақта мәңгілік болуы мәселесінде мұсылмандар келіскен».
Имам Кади Ийад әл Мәлики (оған Алланың рақымы болсын) өзінің «әш- Шифа» еңбегінде былай дейді:
وَلِهَذَا نُكَفِّرُ مَنْ دَانَ بِغَيْرِ مِلَّةِ الْمُسْلِمِينَ مِنَ الْمِلَلِ، أَوْ وَقَفَ فِيهِمْ أَوْ شَكَّ أَوْ صَحَّحَ مَذْهَبَهُمْ، وَإِنْ أَظْهَرَ مَعَ ذَلِكَ الْإِسْلَامَ
 «Сондықтан да біз, мұсылманның дінінен өзге дінді ұстанушыны, және де солардың жолдарын тура жол деп санаушыларды (ол адам мұслыман бола тұра, олардың да дінін хақ дер болса) ол адамдарды біз имансыздар деп санаймыз». 
Имам ән-Нәуәуи (оған Алланың рақымы болсын) өзінің «Рийәдус Солихин» еңбегінде былай деген:
وأنَّ مَنْ لَمْ يُكَفِّرْ مَنْ دانَ بغيرِ الإسْلامِ كالنصارى، أو شكَّ في تَكْفِيْرِهِم، أو صحح مذهبهم، فهو كافر وإن أظهر مع ذلك الإسلام واعتقده
«Кімде кім өзге, яғни Исламнан өзге христиан секілді дінді ұстанушыны кәпір деп санамаса, немесе оның күпірлігіне күмән келтірсе, я болмаса оның да жолын тура жол деп санар болса – ол адамның өзі де кәпір болады, тіпті ол Исламда болып, дінге сенген болса да».
Имам Хатиб әш-Ширбини (оған Алланың рақымы болсын) «Муғни Мухтаж» атты кітабында күпірлікке апарушы нәрселерді айтып өтіп былай дейді:
أَوْ لَمْ يُكَفِّرْ مَنْ دَانَ بِغَيْرِ الْإِسْلَامِ كَالنَّصَارَى، أَوْ شَكَّ فِي كُفْرِهِمْ.
«Немесе ол Исламнан өзге христиан секілді дінді ұстанушыны кәпір деп санайды, немесе олардың күпірліктеріне күмәнданады».  
Хафиз Ибн әл-Жаузи әл-Ханбали (оған Алланың рақымы болсын) өзінің «Заду Муяссар» еңбегінде былай деген:
«إن الله لا يغفر أن يشرك به» فحرم المغفرة على من مات مشركا وأرجأ أهل التوحيد إلى مشيئته فلم يؤيسهم من المغفرة
«Расында Алла серік қосушыларды кешірмейді» деген аят. Көпқұдайшылықта өмірден озған адамды кешіруге тиым салынған, ал Өзіне ғана сеніп өткен адамды кешіруді, Өзінің еншісіне қалдырған әрі оларды кешірімнен мақұрым қалдырмаған, яғни Өзінің кешірімінен үміт үздірмеген.  
Және де ол былай деген:
والمراد من الآية لا يغفر لمشرك مات على شركه وفي قوله لمن يشاء نعمة عظيمة من وجهين أحدهما أنها تقتضي أن كل ميت على ذنب دون الشرك لا يقطع عليه بالعذاب
«Бұл аяттың мағынасы мынандай, Алла Тағала Өзіне серік қосып қайтыс болған адамды кешірмейді. Ал Оның: «… кімді қаласа» деген сөзі екі түрлі себеппен ғана болатын үлкен бақ: Біріншісі – серік қоспастан, бірақ күнәһар болып өмірден озған әр-бір адам азапталады деген кесімді сенім жоқ».
Осыған сүйене отырып: Кімде-кім серік қосып өмірден озатын болса, Тозаққа баратынын бұл жайлы айтылған мәтіндерге сүйеніп айтады.
Имам Фахруддин әр-Рази (оған Алланың рақымы болсын) өзінің «Мафатихул Ғайб» атты тәпсірінде былай деген:  
قوله تعالى «إِنَّ اللَّهَ لاَ يَغْفِرُ أَن يُشْرَكَ بِهِ وَيَغْفِرُ مَا دُونَ ذَلِكَ لِمَن يَشَاء» دلت هذه الآية على أن ما سوى الشرك قد يغفره الله تعالى في الجملة فلو كان كفر اليهودي والنصراني ليس بشرك لوجب بمقتضى هذه الآية أن يغفر الله تعالى في الجملة، ولما كان ذلك باطلاً علمنا أن كفرهما شرك
«Алла өзіне ортақ қосылуды жарылқамайды да, бұдан өзге қалаған кісісін жарылқайды…» деген аят. Бұл аятта серік қосқаннан өзге кез келген күнәнің кешірімі болатынын көрсетеді. Егер яһудидің немесе насранидің кәпірлігі серік қосу болып табылмаса, осы аятқа сәйкес Алла Тағала барлығын кешіруі міндетті болып қалады. Бірақ мұндай түсінік жалған болғандықтан, біз олардың кәпірліктері (яһуди мен насранидің) серік қосушылық екендігін түсінеміз.
Осыған сүйеніп, олардың Тозақтық екендігі анықталады.  
Және де әр-Рази (оған Алланың рақымы болсын) мына аяттың тәпсірінде: «Алла оларды кешіріп қойды», былай деген:
واعلم أن هذه الآية دلت على أن تلك الزلة ما كانت بسبب الكفر، فان العفو عن الكفر لا يجوز لقوله تعالى «إِنَّ اللَّهَ لاَ يَغْفِرُ أَن يُشْرَكَ بِهِ وَيَغْفِرُ مَا دُونَ ذَلِكَ لِمَن يَشَاء»
«Біліп ал, бұл аяттар Алла Тағала кешірген ол амалдарды олардың күпірліктері үшін болмағандығын көрсетеді. Расында күпірлік ешқашан кешірілмейді: «Расында, Алла өзіне ортақ қосылуды жарылқамайды да, бұдан өзге қалаған кісісін жарылқайды…».   
Өзге бір жерде имам әр-Рази (оған Алланың рақымы болсын) былай дейді:
اعلم أن الله تعالى لما هدد اليهود على الكفر وبين أن ذلك التهديد لا بد من وقوعه لا محالة بين أن مثل هذا التهديد من خواص الكفر فأما سائر الذنوب التي هي مغايرة للكفر فليست حالها كذلك بل هو سبحانه قد يعفو عنها
«Алла Тағала яһудилерді кәпірліктері үшін үрейлендірген кезде, бұл қауіптің міндетті түрде болатындығын да ұғындырды. Ол осындай қауіптер күпірліктің ерекшелігі екендігін түсіндіреді. Күпірліктен өзге де күнәларға келер болсақ, оның үкімі бұған ұқсамайды, керісінше Алла Тағала оларды кешіреді».
Имам  әл-Байдауи (оған Алланың рақымы болсын) «Алла Тағала серік қосқанды кешірмейді» деген аяттың тәпсірінде былай дейді:  
إن الله لا يغفر أن يشرك به» لأنه بت الحكم على خلود عذابه وأن ذنبه لا ينمحي عنه أثره فلا يستعد للعفو بخلاف غيره
«Бұның себебі, Ол көпқұдайшыларды мәңгілік жазалау жайлы шешім шығарған және оның күнәсі жуылмайды сондықтан да көпқұдайшының кешірімнен үміті жоқ».  
Имам ибн Атыйә әл-Андалуси (оған Алланың рақымы болсын) өзінің «Мухаррар Уажиз» атты тәпсірінде былай деген:
الناس أربعة أصناف: كافر مات على كفره فهذا مخلد في النار بإجماع ومؤمن محسن لم يذنب قط ومات على ذلك فهذا في الجنة محتوم عليه حسب الخبر من الله تعالى بإجماع
Адамдар 4 категорияға бөлінеді:
  1. Кәпір, күпірлікте өлген адам – оның мәңгілік отта болатыны бірауыздан келісілген.
  1. Шынайы иман еткен, ешқашан өмірінде күнәлі іс жасамаған адам – ол сөзсіз Жәннаттық, бұл жайлы Алла Тағала айтқан. Әрі ғалымдар да бірауыздан келіскен».
Әбу Сауд әл-Имади (оған Алланың рақымы болсын) өзінің тәпсірінде былай деген:
والمرادُ بالشرك مُطلقُ الكفرِ المنتظمِ لكفر اليهودِ انتظاماً أولياً فإن الشرْعَ قد نص على إشراك أهلِ الكتابِ قاطبةً وقضى بخلود أصنافِ الكفرةِ في النار
«Серік қосу дегенде анық күпірлік айтылып тұр, оның алдыңғы қатарында яһудилердің күпірліктері тұр. Расында, Шариғат анық мәтіндермен Кітап иелерінің тұтастай көпқұдайшы екендіктерін және де олардың Тозақта мәңгі қалатындарын да шешіп қойған».
Имам Мансұр ибн Йунус әл-Бухути әл-Ханбали (оған Алланың рақымы болсын)  «Дақаиқ Ули Нахйда» былай деген:
وَكَذَا مَنْ اعْتَقَدَ قِدَمَ الْعَالَمِ أَوْ حُدُوثَ الصَّانِعِ أَوْ سَخِرَ بِوَعْدِ اللَّهِ وَوَعِيدِهِ أَوْ لَمْ يُكَفِّرْ مَنْ دَانَ بِغَيْرِ دِينِ الْإِسْلَامِ كَأَهْلِ الْكِتَابِ أَوْ شَكَّ فِي كُفْرِهِمْ أَوْ صَحَّحَ مَذْهَبَهُمْ
«Және де кімде-кім дүниені мәңгілік деп, Жаратушыны жаралған деп  сенер болса немесе Оның уәделері мен ескертулерін мазақ етер болса, я болмаса өзге дін өкілін кәпір деп санамаса, немесе олардың күпірліктеріне күмән келтірер болса, әрі олардың жолы да тура жол деп санар болса, ол адам кәпір болады».
Бізге осы да жеткілікті. Жоғарыда келтірілген мәтіндер Ислам дінідегі барлық адамға қатысты екендігіне еш күмәнім жоқ. Дін жетпегендерге келер болсақ, оларға үкім беруші бір ғана Алла.

Діннің жету шаралары
Діннің жетуіне келер болсақ немесе оның жетпеуін айтар болсақ, ол бөлек тақырып. Ғалымдар адамдарды осы мәселеде үш топқа бөлген:
  1. Дінге шақыру анық жеткендер (алайда олар иман етпеген) – олар сөзсіз Тозақтық.
  2. Шақыру жетпегендер – олардың ісі Аллахқа тапсырылады.
  3. Шақыру бұрмаланып жеткендер – олардың халіне түсіндірме берілген, ол жайлы төменде келтіремін.
Имам Ғазали (оған Алланың рақымы болсын) өзінің «Файсал Тафриқа» атты еңбегінде былай деген:
بل أقول: إن أكثر نصارى الروم والترك في هذا الزمان تشملهم الرحمة إن شاء الله تعالى: أعني الذين هم في أقاصي الروم والترك، ولم تبلغهم الدعوة، فإنهم ثلاثة أصناف:
صنف: لم يبلغهم اسم محمد صلى الله عليه وسلم أصلاً، فهم معذورون.
وصنف: بلغهم اسمه ونعته، وما ظهر عليه من المعجزات، وهم المجاورون لبلاد الإسلام، والمخالطون لهم، وهم الكفار الملحدون.
وصنف: ثالث بين الدرجتين، بلغهم اسم محمد صلى الله عليه وسلم، ولم يبلغهم نعته وصفته، بل سمعوا أيضاً منذ الصبا أن كذاباً ملبساً اسمه محمد ادعى النبوة، كما سمع صبياننا أن كذاباً يقال له المقفع، ادعى أن الله بعثه وتحدى بالنبوة كاذباً. فهؤلاء عندي في معنى الصنف الأول، فإنهم مع أنهم سمعوا اسمه، سمعوا ضد أوصافه، وهذا لا يحرك داعية النظر في الطلب …
«Керісінше, мен былай деймін: расында Византиялық христиандардың басым көпшілігі мен Түркиялық христиандар біздің заманымызда Алла қаласа, Аллахтың мейірімінде болады. Мен Византия аумағында тұратындар мен Түркияда тұратындар әрі дінге шақыру келмегендер жайлы айтып жатырмын, сол себепті олар үшке бөлінеді:
  • Бірінші категория – олар Пайғамбардың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) есімі мүлде жетпегендер, олар айыпсыз.  
  • Екінші категория – олар, Пайғамбардың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) есімі, сипаты мен мұғжизасы жеткен, мұсылмандардың қаласымен көрші тұратындар – олар Тозақта мәңгі қалушы кәпірлер.
  • Және үшінші категория, 1 мен 2-нің арасындағы – оларға Пайғамбардың (оған Аллантың игілігі мен сәлемі болсын) сипаты да, ерекшеліктері де жеткен. Керісінше, олар балалық кезден «Мұхаммад атты өтірікші пайғамбарлығын жариялайды» деген сөзді естіп өскен, қазыр біздің де балаларымыз «әл- Муқаффа» атты жалғаншы жайлы естіп жатқандай. Ол өзін Алла жіберген дейді және де пайғамбарлыққа үмітті. Бұл категория бірінші секілді, себебі олар оның атын естіді, сонымен қатар шынайы қасиеттеріне қарама-қайшы келетін қасиеттері жайлы да естіді. Бұл адамды ақиқатты іздеуге талпындырмайды, яғни адам жалған пайғамбар жайлы естіген кезде ол жайлы, оның діні жайлы білгісі де келмей қалады».
وأما من سائر الأمم فمن كذبه بعدما قرع سمعه بالتواتر عن خروجه، وصفته، ومعجزاته الخارقة للعادة، كشق القمر، وتسبيح الحصا، ونبع الماء من بين أصابعه، والقرآن المعجز الذي تحدى به أهل الفصاحة وعجزوا عنه فإذا قرع ذلك سمعه، فأعرض عنه، وتولى ولم ينظر فيه ولا يتأمل، ولم يبادر إلى التصديق، فهذا هو الجاحد الكاذب، وهو الكافر، ولا يدخل في هذا أكثر الروم والترك الذين بعدت بلادهم عن بلاد المسلمين.
Өзге қауымдарға келер болсақ, алдына оның (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) көптеген куәгерлері ісін, қасиетін, мұғжизасын, айды екіге жарғанын, тастың тілге келгенін, саусақтары арасынан судың аққанын, Құранның тіл білгірілеріне үндеу тастаған кереметін айтып келгеннен соң ол шақыруды өтірікке шығарғандар. Осының барлығы жеткен кезде, бұдан теріс айналып және бас тартса, ой жүгіртпей, мұны ақиқат деп қабылдауға асықпаса, ондай адам теріске шығарушы, жалғаншы, кәпір болады. Бірақ Түріктер мен Византиялықтар бұған жатпайды, себебі олардың қалалары мұсылмандардың қаласынан алшақта.
بل أقول: من قرع سمعه هذا، فلا بد أن تنبعث فيه داعية الطلب ليستبين حقيقة الأمر إن كان من أهل الدين، ولم يكن من الذين استحبوا الحياة الدنيا على الآخرة.فإن لم تنبعث فيه هذه الداعية، فذلك لركونه إلى الدنيا، وخلوه عن الخوف وخطر أمر الدين وذلك كفر، وإن انبعثت الداعية، فقصر عن الطلب، فهو أيضاً كفر.بل ذو الإيمان بالله، واليوم الآخر، من أهل كل ملة، لا يمكنه أن يفتر عن الطلب بعد ظهور المخايل بالأسباب الخارقة للعادة فإن اشتغل بالنظر والطلب، ولم يقصر، فأدركه الموت قبل تمام التحقيق، فهو أيضاً مغفور له ثم له الرحمة الواسعة).
Керіссінше, мен былай деймін: осының барлығы адамға жетр болса, онда ақиқатты білуге ынтасы оянуы керек, әрине, егер ол адам ақыреттен гөрі дүниені құп көретін емес, дінге қызығатын адам болса. Ал егер ол адамнан ондай талпыныс байқалмайтын болса, оның осы дүниеге берілгендігі себепті, қорқынышы жоқтығы себепті және де дін мәселесінде байсалдылығы жоқтығынан кәпір болып саналады. Егер қызығушылық бола тұра, оны іздемеген болса, бұл да күпірлік болады. Себебі кез келген діндегі Аллах пен Қайта тірілу күніне иман еткен адам кездейсоқ қасиеттерді естігенде ақиқатты іздеуден бас тарта алмайды. Егр ол ой жүгіртер болса және де кейінге қалдырмай ізденіске түссе, бірақ ақиқатқа жетпей ажалы жетіп өлер болса, ол адам кешірім мен рақымға ие болады.
3- санатта ақиқатты ашу үшін аянбаған және де оны табу жолында күш салған адам айтылып тұрғандығына еш күмән жоқ. Олай болмаса, құрайыштардың Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) жайлы таратқан ақпараттық саясатының ықпалында қалғандар ақталғандар санатына кіріп кетер еді. Бірақ бұл ақылға қонымсыз».  
(Редактордың ескертуі: бұл жерде шейх егер өздеріне ақиқатты ашу үшін күшін салғандарды ақтамағанда, құрайыштардың пайғамбарды өтірікші, сиқыршы деп таратқан сөздеріне сенгендеді ақтауға тура келетін еді дегенді айтып тұр)
Имам Ғазали «Мустасфа» кітабында өзінің сөзін былай деп түсіндіреді:
مسألة ذهب الجاحظ إلى أن مخالف ملة الإسلام من اليهود والنصارى والدهرية إن كان معاندا على خلاف اعتقاده فهو آثم، وإن نظر فعجز عن درك الحق فهو معذور غير آثم، وإن لم ينظر من حيث لم يعرف وجوب النظر فهو أيضا معذور. وإنما الآثم المعذب هو المعاند فقط؛ لأن الله تعالى لا يكلف نفسا إلا وسعها وهؤلاء قد عجزوا عن درك الحق ولزموا عقائدهم خوفا من الله تعالى إذ استد عليهم طريق المعرفة. وهذا الذي ذكره ليس بمحال عقلا لو ورد الشرع به وهو جائز، ولو ورد التعبد كذلك لوقع،ولكن الواقع خلاف هذا فهو باطل بأدلة سمعية ضرورية، فإنا كما نعرف أن النبي — صلى الله عليه وسلم — أمر بالصلاة والزكاة ضرورة فيعلم أيضا ضرورة أنه أمر اليهود والنصارى بالإيمان به واتباعه وذمهم على إصرارهم على عقائدهم، ولذلك قاتل جميعهم وكان يكشف عن مؤتزر من بلغ منهم ويقتله.
ويعلم قطعا أن المعاند العارف مما يقل، وإنما الأكثر المقلدة الذين اعتقدوا دين آبائهم تقليدا ولم يعرفوا معجزة الرسول — عليه السلام — وصدقه.
«Джахиз, яһуди мен насранилер қатарындағы Исламға қарсы біреу өзінің Исламға қарсы көзқарасынан таймай тұра алатын болса, ол күнәһар. Ал егер ол ой жүгіртіп, алайда ақиқатты түсіне алмаған болса, онда ол ақталады және де күнәһар емес. Ал егер ақиқатты ізденудің міндеттілігін білмегендіктен ізденбеген болса, ол да ақталады. Ал азапқа ұшыраушы күнәһар – ол тек қана қасарысқан адам (теріс дінде және де өзге діннің ақиқаттылығын қарамаған) деген шешімге келген. Себебі Алла Тағала адамға күші жетпейтін нәрсені артпайды, ал бұл адамдар ақиқатты іздей алмады және де солай өз көзқарастарында қатып қалды, солайша олардың ақиқатты тануға ашылған жолы қайта жабылып қалды.
[Осы сөздерден кейін имам Ғазали былай деп жазады]: ақылға салар болсақ, оның айтқандарының мағынасы жоқ емес; егер бұл жайлы шариғатта бір мәтін келген болса, онда ол жарамды болар еді.  Егер оның құлшылық еткені жеткен болса, жүзеге асар еді. Бірақ, алайда шындық бұған қайшы келеді және де анық шариғат мәтендері тарапынан жалған болып табылады. Сол секілді, бәрімізге белгілі Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) намаз, зекет жайлы анық әмір берген, олай болса ол христианға да, яһудиге де оған иман келтіруге және де оған еруге бұйырды және де өз көзқарастарынан бас тартпағандықтарын беттеріне басты. Сол себепті де ол барлығымен шайқасқа түсті және де олардың тарапынан шапқыншылыққа ұшырады және де қастандық жасалды. Және де саналы түрде қарсы келушілер аз болды, расында адамдардың басым көпшілігі – әкелері ұстанғанды ұстанушылар болатын. Әрі олар Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) мұғжизасы мен адалдығы жайлы білмеген.
Бұл жайлы айтылған аяттарды қолмен санау мүмкін емес, мысалы:
ذلك ظن الذين كفروا فويل للذين كفروا من النار
«Көк пен жерді әрі екі арасындағыларды босқа жаратпадық. Ол қарсы келгендердің ойы. Сондықтан оттан азап болатын қарсы келгендерге не өкініш!  [Сод сүресі, 27 аят]
وذلكم ظنكم الذي ظننتم بربكم أرداكم
«Міне осы Раббыларың туралы ойлаған ойларың, өздеріңді жойды да, сонда зиянға ұшыраушылардан болдыңдар» [Фуссиләт сүресі, 23 аят]
وإن هم إلا يظنون
«Олардың ішінде надандары да бар. Кітапты білмейді. Олар тек қана үйретіндіні және бос ойларды ғана ойлайды». [Бақара сүресі, 78 аят]
ويحسبون أنهم على شيء
«Қиямет күні Аллаолардытұтас тірілтіп жинағандасендерге ант ішкендей Оған да ант ішедіРасында олар оны пайдалы деп ойлайдыБайқаңдарШын мәнінде оларөтірікші» [Мүжәдәлә сүресі, 18 аят]
في قلوبهم مرض
 «Олардың жүректерінде дерт бар» [Бақара сүресі, 10 ая], – яғни күншілдік дерті.
وعلى الجملة ذم الله تعالى والرسول — عليه السلام — المكذبين من الكفار مما لا ينحصر في الكتاب والسنة.وأما قوله: كيف يكلفهم ما لا يطيقون؟ قلنا: نعلم ضرورة أنه كلفهم، أما أنهم يطيقون أو لا يطيقون فلننظر فيه؛ بل نبه الله تعالى على أنه أقدرهم عليه بما رزقهم من العقل ونصب من الأدلة وبعث من الرسل المؤيدين بالمعجزات الذين نبهوا العقول وحركوا دواعي النظر حتى لم يبق على الله لأحد حجة بعد الرسل.
Жалпы айтқанда, Алла Тағала мен Оның елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) Құран мен Сүннетте кәпірлерден болған жалғаншыларды лағынеттеген, оларды санау мүмкін емес.
«Алла олардың шамасы келмейтін нәрсені қалайша міндеттейді?» деген сөзіне қатысты.
Біз былай деп жауап береміз: «Біз Алла Тағала олары міндеттегенін анық білеміз. Ал олардың оны меңгеріп, меңгермейтініне келетін болсақ, оны қарастырайық. Алла Тағала оларға осы орайда күш-қуат беретінін де айтқан және де Пайғамбалар жіберетінін, ақыл иелерін кереметтерімен ойлануға, ой жүгіртуге итеремелейді, олай болса Пайамбарлар жіберілгеннен кейін олардың Аллахтың алдында ешқандай сылтаулары болмайды».
Әнбаридың пікірі басқаша деп Атара өзінің хашийатында айтады:
وَلَا يُظَنُّ بِهِ طَرْدُ ذَلِكَ فِي قِدَمِ الْعَالَمِ وَنَفْيِ النُّبُوَّاتِ ، وَلَعَلَّهُ أَرَادَ فِي خَلْقِ الْأَفْعَالِ وَخَلْقِ الْقُرْآنِ وَأَمْثَالِهَا
«Дүниенің мәңгілік екендігі мен пайғамбарлықты жоққа шығаруды ол айтқан жоқ. Әлбетте ол бұны амалдың жаралғандығы, Құран және де басқа нәрселерге қатысты айтқан…»
«Файсал Тафриқта» имам Ғазалидің үшінші топты ақтауда айтқандарына келетін болсақ, бұл олар дәлел келтіре алмаған жағдайда ғана болады, бірақ дәлелді түсінуде емес. Себебі егер біз олардың дәлелдерді түсіну барысындағы күш салуларын ескеретін болсақ, онда өзге де діндегілерді ақтауға тура келеді. 
Бұл жайында имам әл-Джуйни «Уарақат» еңбегінде айтқан:
ولا يجوز كل مجتهد في الأصول الكلامية مصيب لأن ذلك يؤدي إلى تصويب أهل الضلالة والمجوس والكفار والملحدين
«Кез келген мужтахид, дін негіздерінде шыншыл деп айтуға болмайды, себебі бұл адасқандарың ақталуына әкеледі: отқа табынушыны, кәпірді, атеистті».
وقال العلامة الحطاب المالكي في شرح الورقات:).
Әлләма әл-Хаттаб Мәлики «Шарх Уарақатта» былай деген:
(«ولا يجوز» أن يقال: «كل مجتهد في الأصول الكلامية» أي العقائد الدينية «مصيب؛ لأن ذلك يؤدى إلى تصويب أهل الضلالة» من النصارى القائلين بالتثليث، «والمجوس» القائلين «بالأصلين» للعالم النور والظلمة، «والكفار» في نفيهم التوحيد وبعثة الرسل والميعاد في الآخرة
«Былай деп айтуға рұқсат етілмейді, «кез келген муджтахид, дін негіздерінде шыншыл» – деп, өйткені «үштік жайлы айтатын христианды», дүниенің екі негізі жарық пен қараңғыны айтатын «отқа табынушыны/зороастризм», және де бірқұдайшылдықты жоққа шығаратын имансыздарды, олардың адасушылықтарын мақұлдаған болып көрінеді, ал бұл өз алдына Пайғамбарға (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) уахи етілгенге қайшы және келесі өмірде қауіп бар».   
Әлләма әл-Алуси (оған Алланың рақымы болсын), осы аятқа былай деп тәпсірлейді:
Алла, адам баласының бір тобын тура жолға салды. Және бір тобы да адасуға тиісті болды. Өйткені олар, Алладан өзге шайтандарды дос тұтты да олар өздерін тура жолдамыз деп есептеді. [Ағраф сүресі,  30 аят],
والأول [أي: وَفَرِيقًا حَقَّ عَلَيْهِمُ الضَّلَالَةُ] لكونه في مقابلة من هداه الله تعالى شامل للمعاند والمخطئ، والثاني [أي قوله: وَيَحْسَبُونَ أَنَّهُمْ مُهْتَدُونَ] مختص بالثاني [أي: المخطئ] وهو صادق على المقصر في النظر والباذل غاية الوسع فيه ، واختلف في توجه الذم على الأخير [أي من بذل غاية الوسع في البحث عن الحق] وخلوده في النار. ومذهب البعض أنه معذور ولم يفرقوا بين من لا عقل له أصلا ومن له عقل لم يدرك به الحق بعد أن لم يدع في القوس منزعا في طلبه فحيث يعذر الأول لعدم قيام الحجة عليه يعذر الثاني لذلك ، ولا يرون مجرد المالكية وإطلاق التصرف حجة ولله تعالى الحجة البالغة، والتزام أن كل كافر معاند بعد البعثة وظهور أمر الحق كنار على علم وأنه ليس في مشارق الأرض ومغاربها اليوم كافر مستدل مما لا يقدم عليه إلا مسلم معاند أو مسلم مستدل بما هو أوهن من بيت العنكبوت وإنه لأوهن البيوت
«Бірінші, яғни «және бір тобы да адасуға тиісті болды», кімді Алла тура жолға салса дегенмен салыстырғанда, қасарысқанды да, қателескенді де қамтиды.
Екіншісі «олар өздерін тура жолдамыз деп есептеді» дегені екіншілерге, яғни қателесушілерге қатысты – бұның қатарына бұл мәселеге ат үсті қарағандар да, күш салғандар да жатады. Екіншілерді терстеуде ғалымдар екіге бөлінеді, яғни ақиқатты іздеуде күшін аямағандар мен олардың мәңгілік Тозақ отында болуы мәселесінде. Кейбірінің пікірінше, олар ақталады: олар ақылы жоқ адам мен ақылы барлар бірақ ақиқатқа жетпегендер арасын бөлген жоқ. Сонымен қатар, біріншіні де ақтайды, себебі оған дәлел жеткен жоқ, сол секілді екіншіні де ақтайды. Аллахтың анық дәлелі бар. Және де әрбір кәпір адам елшілер келгеннен соң және де ақиқат ашылғаннан соң да қасарысты және де қазыргі таңда батыста да, шығыста да кәпірді сөз ететін адам жоқ мұны тек жігерлі мұсылман ғана растайды немесе дәлелі өрмекшінің торынан да әлсіз мұсылман растайды, расында өрмекшінің торы үйлердің ең әлсізі».   
Мұхаммад Рашид Рида өзінің «Маннар» атты тәпсірінде былай дейді:
وَقَدِ اشْتَرَطُوا فِي حُجِّيَّةِ بُلُوغِ الدَّعْوَةِ كَوْنَهَا عَلَى وَجْهٍ مِنَ الصِّحَّةِ وَالْحُجَّةِ يُحَرِّكُ إِلَى النَّظَرِ فِيهَا ، وَإِلَّا فَلَيْسَ مِنْ شَأْنِ أَحَدٍ مِنَ الْبَشَرِ أَنْ يَبْحَثَ عَنْ كُلِّ مَا يَبْلُغُهُ مِنْ أَمْرِ الْأَدْيَانِ وَلَا سِيَّمَا إِذَا بَلَغَهُ بِصُورَةٍ مُشَوَّهَةٍ تَدْعُو إِلَى الْإِعْرَاضِ عَنْهَا، وَاتِّقَاءِ إِضَاعَةِ الْوَقْتِ فِي النَّظَرِ فِيهَا، وَيَزْعُمُ كَثِيرٌ مِنَ الْمُسْلِمِينَ أَنَّ جَمِيعَ أَهْلِ هَذَا الْعَصْرِ قَدْ بَلَغَتْهُمْ دَعْوَةُ الْإِسْلَامِ عَلَى وَجْهِهَا، وَمَا أَجْهَلَهُمْ بِحَالِ الْعَصْرِ وَأَهْلِهِ وَبِالدَّعْوَةِ وَأَدِلَّتِهَا
«Олар дәлелдің шарты етіп дінге шақырудың жетуін қойды, ол дұрыс әрі дәлелденген болуы керек. Олай болмаған жағдайда өзіне дін деп жеткен кез келген нәрсе жайлы кез келген адам ойлана бермейді, әсіресе ол жалған формада келетін болса оған уақыт та кетірмейді. Көптеген мұсылмандар Ислами дағуат біздің заманымызға дейін барлық адамдарға дұрыс жеткен. Алайда олар бұл заманның адамдары мен дағуатынан бейхабар, надан еді»

Әлемдердің Раббысына сансыз мадақ, Пайғамбарымызға сансыз салауаттар болсын! 

Мақаланың түп нұсқасы: http://cb.rayaheen.net/showthread.php?tid=30468
Дерекнама: Taalib.ru
Орыс тілінен аударған Ahlusunna.kz