Пәтуәлар

Діндегі бидғаттар (жаңалық) жайында

Пайғамбарымыз, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқан: «Бидғат барлық жерге жайылған уақытта, және кейінгі келгендер алдыңғыларды қарғағанда, кім бұны білсе, бәріне ескертсін! Егер айтпай жасыратын болса, онда ол Алладан жіберілген Қасиетті Құранды жасырған (болып саналады)». [Ибн Асакир].

Бидғат – бұл кейін пайда болған зат:  – Жаңалық; Енгізілген жаңалық. Жаңлықтың келесі түрлері бар: 1) Бұл фәнидегі, Салт-дәстүрде. 2) Ғибадатта.

11)    Бұл фәнидегі, Салт-дәстүрдегі жаңалық: Мысалға, шариғатқа қарсы келмейтін исламдық емес киім, аяқ-киім кию немесе шай, кофе ішу,  – дініміз тыйым салмайды. Хадистерде жеткендей, Пайғамбарымыз, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, кейде христиан дін қызметшісінің аяқ киімдерін киген, гректердің киімдерінің үлгісіндей киім киген. [Тирмизи]. Бұндай жаңалықтар үшін Алладан ешқандай сауап күтілмейді. Олардың мақсаты – тек дүниелік игіліктер. Егер осындай жаңалық діни ғибадатты бұзбайтын болса немесе Исламдағы тыйым салынбаған (харам) заттардан болса, онда бұл жаңалық үшін күнә жазылмайды. Түрлі діни емес ғылымдар мен ғылыми зерттеулер дінде Бидғат болып есептелмейді. Керісінше,  – шариғат ғылымды зерттеуге және ғылыми жетістіктерге жетуге шақырады. «Мевдуат-ул-улюм» кітабында келесі хадистер келтіріледі: «Білімді ізденіңдер, тіпті ол Қытайда болса да!» «Ғылым және өнер – мұсылманың қолдан шығып кеткен мүлкі. Оны қай жерден тапса да, алатын болсын».

22)    Ғибадаттағы  Бидғат: – бұл Алланың Елшісі, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, және төрт тақуа халиф кезінде болған ойдан құрастырылған немесе басқа конфессиялардан әкелінген сенім, сөздер, діндегі істер. Кейбір ғибадаттағы Жаңалықтар (Бидғат) үлкен күнә болып саналады, ал кейбіреулері – күпірлік болып табылады (діннен шығаратын). Хадистің мағыналай аудармасында айтылған: «Кез-келген діндегі жаңалық – Бидғат, ал әрбір Бидғат – адасушылық. Және әрбір адасушылық Тозаққа жетелейді». [Бұхари, Муслим, Ибн Мәджа, Насаи].

Кім дінге жаңалық енгізетін болса, ол шариғата кемшіліктер бар деп есептеп және жаңа шарттар орнатады. Мысалы, олар танымал мухаддистердің жинақтарында ойдан құрастырылған хадистер болуы мүмкін деп ойлайды. Бұл ғалымдарға деген құрметсіздік, олардың тәкаппарлықтарымен және жоғары өзін-өзі бағалауымен түсіндіріледі.
[Дереккөз: «Қабір жанында Құран оқуға бола ма?» деген бірінші тараудағы бөлімді қараңыз.]

Ахмад ибн Мұхаммад әт-Тахтауи (д.ө.ж. 1231 һ.ж./1816 м.ж.), оған Алланың рақымы болсын, «Дурру’л-Мухтар» [1] кітабына жазған түсіндірмесінде былай дейді: «Құтқарылған жамағат (Фырқаи-наджийә) Әһли-Сунна уәл-Жама`аның төрт мәзхабында бірікті (Ханафи, Мәлики, Шафи`ғи, Ханбали). Кімде-кім осы төрт діни-құқықтық мектепке ермесе, олар Тозаққа апарар жолда тұратын Әхли-Бидғатқа жатады».
[Дереккөз: «Хашийату-әля-д-Дурр-ул-Мухтар шарху Танвир-ул-Абсар»].

[1] - «Хашийату әля-д-Дурри'л-Мухтар шарху Танвиру'л-Абсар» – имам әт-Тахтауи (Саййид Ахмад бин Мұхаммед бин Исм`аил әл-Ханафи әл-Мисри. 1231 һ.ж./1816 м.ж., жылы қайтыс болған). Имам әл-Хаскафидің (1088 һ.ж./1677 м.ж., жылы қайтыс болған) «Дурр-ул-Мухтар» кітабына түсіндірме болып табылды.
Бидғат, Сүннет және ой-пікірдегі ғалымдардың айырмашылығы (иджтад) жайлы

Сұрақ: Имам Раббани, оған Алланың рақымы болсын, намазға кірер бұрын дауыстап ниет жасауды бидғат деп есептейді. Ол «Бидғат-ул-хасана» деген ұғымды – жақсы амалға жатқызбайды. Сонда дауыстап ниет ететін адамдар бидғат жасап жүр ме, ал осы амалды «бидғат-ул-хасана» деп жүрген ғалымдар адасқан ба?

Жауап: Муджтахидтердің бір сұрақтағы бірнеше пікір білдіруі – Алланың Мейірімі болып табылады. Бұл жайында имам Байхақидан жететін хадисте айтылады. Бір ғалым бір сұраққа қатысты оны бидғат деуі мүмкін; екіншісі – ол рұқсат етілген, ал үшіншісі оны сүннет деп қорытынды (иджтихад) жасауы мүмкін. Және ондай қорытынды пікірлер муджтахидтер арасында шариғат аясында – өте көп. Тіпті бір мазхабтың ішінде де ғалымдардың әр түрлі иджтихады болуы мүмкін. Мысалы, қазіргі уақытта екінті намазының басы (Саляту’л-`Аср) «Имамейннің» [2] иджтихады бойынша беріледі.
[2] «Имамейн»; «Сахабейн» – Әбу Юсуф және Мұхаммед әш-Шайбани, -
Имам `Ағзам Әбу Ханифының «Муджтахид фил-Мазхаб» дәрежесіне жеткен ең танымал шәкірттері, оларға Алланың рақымы болсын. Осы екі имамның келісіп шешілген пікірлері Имам `Ағзамның пікіріне теңеледі.
[Дереккөз: Әбу `Асад әл-Ханафидің «Сүннет адамдары және Келісімі – кім олар» қарау, СПб-2009].

Ал Имам `Ағзам Әбу Ханифаның иджтихады бойынша бұл уақытта оқылған намаз – жарамсыз болып қалады.[3]
[3] –
Намаздың алдын ала шарттарының бесіншісі: УАҚЫТ деген жоғарыдағы бөлімді қарау.

Бұндай жағдай мазхаб ішінде болумен қоса, мазхабтар арасында да бар. Мысалы, мерекелік намаздарға Ханафи мәзхабы бойынша қатысу – уәджіп, ал басқа үшмәзхаб бойынша – сүннет. Иджтихадта мындай айырмашылық та болуы мүмкін: «аят-әл-курсиді» парыз намаздан кейін оқу Шафи`ғи мәзхабы бойынша – сүннет, ал Ханафи мәзхабы бойынша – бидғат, себебі ханафилерде «аят-әл-курси» толығымен намаз оқылғаннан кейін бірақ оқылады (парыз+сүннет). Ғалымдарды осындай иджтихадтағы айырмашылығы үшін айыптауға болмайды, себебі шариғат бойынша үкім шығаруға дәрежесі жеткендер сұрақты өзінің түсінігі бойынша қарастырып, оған амал етуге бұйырады.

Намаз алдында ниетті жүрегіңмен қабыл ету төрт мәзхабта да парыз шарттарынан болып саналады. Ешқай мәзхабта ол тек тілмен ғана айтылатын болса, қабыл болмайды. Адам намазға ең алдымен жүрекпен дайын болу керек. Ниетті тілмен айтуға болады деп есептейтін ғалымдар да бар.  Намаздағы ташахудтегі саусақ көтеру мәселесі де тура сондай жағдайда. Кейбір ғалымдар оны жасамаған абзал десе, ал кейбіреулер – бұл сүннет дейді. Бұндай жағдайда біз, қарапайым мұсылмандар не істеуіміз керек? Бізде шариғатты түсінуде тек бір ғана жол бар, және бұл – өз мәзхабымыздағы ғалымдардың үкімімен жүру болып табылады! Біздің дінімізде шешілмейтін қиындықтар жоқ! Ислам ғалымдары Жаңалықтарды – Бидғаттарды екі түрге бөлді: «Бидғат-ул-хасана» және «Бидғат-ус-сеййиа». Мектептер мен кітаптардың пайда болуын ғалымдар жақсы жаңалықтарға жатқызады – «Бидғат-ул-хасана». «Хадика» кітабында былай деп айтылады: «Біздің дініміз бұндай жаңалықтарға өз рұқсатын беретін себебі: ол белгілі бір ғибадатты орындауға көмектеседі».

Хазрат Имам Раббани, оған Алланың рақымы болсын, дінмен рұқсат етілген осындай жақсы заттарды, Бидғат деген сөзбен жаман ат бермей, «Суннат-ул-хасана» – «Жақсы амалдар» деген сөзбен атаған абзал деп ойлайды.  «Сүннет» деп осы жерде айтылған сөз бұл жерде жол, іс деген мағынада қолданылады, олар жақсы және жаман болулары мүмкін. Ол жайында Муслимнен жететін хадисте айтылады, оған Алланың рақымы болсын [4]

[4] – Хадистің мағыналай аудармасында айтылған: «Кімде-кім жақсы амалға бастау жасаса (Суннат-уль-хасана),оған сауап дайындалған, сонымен қатар қиямет күніне дейінгі осы амалды жасайтындардың сауабы жіберіледі, және ол олардың сауаптарын мүлдем төмендетпейді. Ал кімде-кім жаман амалға бастайтын болса (Суннат-ус-сеййиа), оған күнә жазылады, сонымен қатар қиямет күнге дейінгі адамдардың жасалатын күнәлары жазылады». [Сахих Муслим].


Имам Раббани, оған Алланың рақымы болсын, Бидғат-ул-хасананы қабыл етпейді деп ойлауға болмайды. Ол тек жақсы амалдарға осындай атау бермейді. Мысалы, егер «бидғат» сөзін нәжіс деп айтатын болсақ, онда жақсы нәжіс болады (Бидғат-ул-хасана), және жаман болады (Бидғат-ус-сеййиа). Егер орындалатын амал жақсы болса, онда осы амалдың өзін де «жақсы амал» – Суннат-ул-хасана деу керек, «Бидғат» деудің орнына.

Біздің уақытта жасалатын бидғат

Пайғамбарымыз, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, намаз біткен уақытта (сүннет немесе парыз) «Аллаһумма әнтәссәләм уа минкәссәләм тәбәрәктә иа зәл-джәләли уал-икрам» айтатыны белгілі еді, одан кейін бірден парыз немесе сүннет намазға тұрып кететін. Бірақ біздің уақытта келесі намазға бірден тұрып кетудің орнына, көбісі дұға жасайды. Сонымен қатар, бәріне мәлім болғандай намазды толығымен оқып болғаннан кейін (сүннет+парыз+сүннет), Алла Тағалаға дұғаны сүннет бойынша орындау керек, яғни Аят-ул-Курсиді және тасбихтарды оқып болғаннан кейін, бірақ қазіргі уақытта Аят-ул-Курсидің орнына «Саләтан Тунджина» деген дұғаны немесе кез-келген дұғаны оқиды. Бұл нағыз Пайғамбарымыздың, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, сүннетін өзгертетін жаңалық болып табылады. Егер бұл амалдарды үнемі орындап жүретін болса, онда дінге жаңалық енгізілді деп есептеледі – Бидғат. Бірақ Пайғамбарымыз, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, айтқан: «Кімде-кім ғибадатты біз сияқты жасамаса, онда ол бізден емес».
[Дереккөз: Имам Әбдул-Уаххаб әш-Ш`арани «Мизан-ул-Кубра».]

Бидғаттардың тағы біреуінен (діндегі жаңалықтардан):

• Бидғат: «Сүннет» және «Парыз», сонымен қатар «Парыз» және «Сүннет» намаздарының арасында дұға жасау, яғни «Ықылас» сүресін үш рет оқу, зікір жасау және т.б. [Дереккөз: Имам Ибни `Абидиннің, «Раддул-Мухтар»].
• Бидғат:  Намаз оқып болғанан кейін және дұғадан соң шүкірлік сәждесін жасау (суджуд-уш-шукр). [Дереккөз: Имам әл-Хаскафи, «Дурру’л-Мухтар»].
• Бидғат:  Кіші дәрет кезінде аяқты жуудың орнына, жұқа нәскидің үстінен масих тарту немесе жалаң аяққа масих тарту. [Дереккөз: Имам Молла Хусреваның, «Дурар-уә-Ғурар»]. 
• Бидғат:  Мешітте әрбір намаздан кейін бір-бірінің қолын қысу. [5] [Дереккөз: Имам Ибни `Абидина әд-Димашки, «Раддул-Мухтар»].

[5] – Сөз намаздан кейін амандасуға болмайтындығы жайында емес, сол сәлемді намазбен байланыстырмау керек екендігі жайында айтылған. Соңғы уақытта мешітте айналып жүріп бәріне сәлем беру жаңалығы (бидғат) бой алып жүр. Бұл сахабалар, табиғиндер және олардың соңынан ергендердің заманында болмаған шенеулікті құрметтеуден (немесе имамды құрметтеуден) туындайды. Әсіресе бұл Жұма намазынан кейін қатты байқалады: Имам михрабта қалып, оған (жамағаттан оңға қарай) әссәләму ғалайкум беруге асығатындар, ең алдымен оған кейін имамнан  кейінгі тұрған адамға беруге асығады. Залдың сол жағында тұрғандар оң жаққа тұруға, бірінің артына тұруға асығады ма?! Сол жақ бөлікте тұрған бір бауырыңа қол алысуға барып көр, - ол саған түсінбеген көзқараспен қарап, оң жақ залға өтуге асығады. Қорытындылай келгенде бізде не бар? Өзінің жанындағы бауырыңның қолын алысудың орнына, ол кезекке тұруға міндетті. Бұл сүннетті тастап жаңалықты қолдау – Бидғат. Бұдан құтылу – өте оңай! Намаздан кейін имам михрабта қалмай, бірінші тұрған бауырдың қолын алысып, шығар беріске қарай қозғалу керек. Кім онымен жеке қатты амандасқысы келсе, мешіттің кез-келген бөлігінде немесе аулада соны ісей алады. Бұл жаңалықты қолданатын имамдардың бәрі соны түсінбесе бір жөн. Көбісі бұны түсінеді, бірақ барлық жерде адамдар солай істейді деп өздерін ақтайды, жамағат бұған үйреніп қалды және егер олар бұны тоқтатса адамдар оларды түсінбейді дейді. Өте қызық! Онда бұған оларды кім үйретті?
Мүмкін, бұл дәстүр бізге шииттерден келген болар, оларда имамды құрметтеу өзгеше мағынасы бар. Біз бірақ, әлхамдулилләх, – Суннитпіз!
Біз де өз имамдарымызды құрметтейміз! Себебі олар осындай бүлік заманда жамғатты біріктіруде көп амал етіп жүр. Бірақ олардың жамағатты біріктірулері және біздің оларды құрметтеуіміз Жаңалық жасау формасында бірікпеу керек – Бидғатта!

• Бидғат:  Сахабалардың біреуін ауыптау немесе олардың біреуінің абыройын төмендету. [Дереккөз: Имам Тафтазани, «Шарх Акаид»].
• Бидғат:  Мәйітті жерлегенде және онымен қоштасуда тәкбірді қатты айту немесе тағы бір сөздерді қатты айту. [Дереккөз: Имам Ибрахим әл-Халеби,  «Халеби-ул-Кабир»].
• Бидғат:  Мереке және қасиетті болған түндерде мінберге жанатын гирляндалардан жазулар ілу. [Дереккөз: Имам Айюба Сабри Пашаның, «Мират-ул-Харамейн»].
• Бидғат:  Қабірдегі азапқа сенбеу. [Дереккөз: Имам Мұхаммед әш-Шайбани, «Ақаид Шэйбаниййа»].
• Бидғат:  Мәйітті жерлейтін күні үйден тәттілерді тарату. Еске алатын майшамды жағу. 3-ші, 7-ші (9-шы), 40-шы, 52-ші (53-ші) қайтыс болған күнді тойлау. [6]  [Бұл бидғат жайында имам Тахауидің «Хашияту әля Мараки’л-фалях шарху Нуру’л-Изах» кітабында айтылған].
[Дереккөз: Имам Тахтауи: - Саййид Ахмад бин Мұхаммед бин Исм`аил әл-Ханафи әл-Мисри; 1231 һ.ж./1816 м. жылы қайтыс болған.]

[6]   Өлілерге Құран оқу үшін, садақа беру, олардың күнәларын жарылқау тілеу үшін және т.б жасау үшін өлік өлгеннен кейін белгілі бір уақытты күту міндетті емес, керісінше мүмкіндік туған сәтте бірден солардың бәрін бірден өлікке көмектесу үшін жасау керек. Және оны күнделікті жасаған абзал. Бұндай көмекті 3-ші, 7-ші (немесе 9-шы), 37-ші (немесе 40-шы), 52- ші (немесе 53-ші) күнге дейін созу суға батып бара жатқан адамға сен күте тұр біз саған көмекті сосын берерміз дегенмен тең болады. Мұхаммед М`асум әл-Фаруки (1079 һ.ж./1668 м. ж. қайтыс болған, Алла оған мейірім етсін) өзінің «Мактубат-М`асумиййа» кітабында, кімде-кім кедейді тамақтандырса, садақа таратса, соның сауабын Алла разылығы үшін өлілерге бағыштаса, оларға үлкен көмек көрсеткен болады. Бірақ бұны белгілі бір күні жасаудың қажеті жоқ. Бұл жайында сенімді ешқандай хабар жоқ, яғни бұндай аралықтар жайындағы шарттарды қоюдың ешқандай негіз жоқ. [Дереккөз: «Мәйітті жерлеу кезіндегі Құпталмаған және Тыйым салынған амалдар» бөлімін қарау].

Әһлу-Бидғат жайлы кейбір хадистер

– «Әрбір бидғат – адасушылық». [Муслим].
«Алла Тағала бидғат енгізушілердің дұғаларын, зекеттерін, қажылықтарын, намаздарын, садақаларын қабыл етпейді». [Дайлами].
«Әһлу-Бидғат Алла разылығы үшін өзінің жаңалығын тастамайынша, оның ешбір ғибадаты қабыл болмайды». [Дайлами, Ибни Нәджар, Әбу Наср, Ибни Әби `Асым].
«Әһлу-Бидғаттың ешбіреуі Сырат көпірінен өте алмайды. Ол Тозаққа кіреді». [Ибни Асакир].
«Бидғаттарды ойдан шығарғандар мен қолданғандарға Алланың лағнеті болсын». [Ибни Асакир].
«Бидғатты ойлап тапқан және соны қорғаған адам Алла лағынет етсін». [Бұхари].    
«Ең жақсы ғибадат – парыз, ал ең жаманы – бидғаттар». [Байхақи].
«Әһлу-Бидғат – жаратылғандардың ішінде ең жамандары». [Әбу Нуайм].
«Әһлу-Бидғатқа құрмет көрсетпе! Алла Тағала олармен күреседі». [Ибни Асакир].
«Кім бидғат енгізетін адамға құрмет көрсеткен болса, - Исламды құртуға көмек беруде». [Табарани].
«Дінде бидғат пайда болғанда, білетіндер осы жайында айтсын. Егер жасыратын болса, - оларға лағынет болсын». [Дайлами].
[Дереккөз: Мұхаммұд әл-Коккозидің Ханафи мәзхабының фиқһы бойынша «Мухтасар Илмихал» кітаптар жинағынан. Бірінші кітабы.]

Дерккөз: darulfikr.ru