Пәтуәлар

ЕСКЕРТПЕ | «Ғайбат – жаман сөз сөйлеу – күнәлі істерді ашық жасайтындарға қатысты!».

«Әл-Халләл айтты: «Маған Харб айтқан болатын: «Мен Ахмадтың былай айтқанын естідім:
وقال الخلال : أخبرني حرب سمعت أحمد يقول : ” إذا كان الرجل معلنا بفسقه ، فليست له غيبة “
«Егер адам өзінің күнәләрін [фи́сқ] әшкерелейтін болса, онда оған қатысты ғайбат болмайды!».
أخبرنا أبو عتبة ، ثنا ضمرة ، أنبأنا ابن شوذب عن الحسن قال : ” ليس للفاسق المعلن بفسقه غيبة “ 
Бізге Әбу Утбат, бізге Дзамрат, бізге Ибну Шаузаб әл-Хасаннан жеткізді:
أخبرنا أبو عتبة ، ثنا ضمرة ، أنبأنا ابن شوذب عن الحسن قال : ” ليس للفاسق المعلن بفسقه غيبة “ 
«Өз күнәсін әшкерелейтін күнәхарға ғайбат жасалмайды!».

Бізге Ахмад ибну Мансур әр-Рамади, Әбдур-Разақ, М`амар Зайд Ибн Әсләмнан жеткізеді:
أنبأنا أحمد بن منصور الرمادي ، حدثنا عبد الرزاق ، حدثنا معمر عن زيد بن أسلم قال : إنما الغيبة لمن لم يعلن بالمعاصي
«Шын мәнінде, ғайбат өз күнәләрын жасырған адамға болады!».
Ибн Әбдил-Барр «Ба́хджатул-Маджа́лис» кітабында Пайғамбарымызданоған Алланың сәлемі мен игілігі болсын, былай деп айтқан:
وذكر ابن عبد البر في كتاب ” بهجة المجالس “ عن النبي صلى الله عليه وسلم : « ثلاثة لا غيبة فيهم ؛ الفاسق المعلن بفسقه ، وشارب الخمر ، والسلطان الجائر « 
«Ғайбат болмайтын үшеу: күнәларын ашық жасайтын күнәхар, мас қылатын сусындарды ішуші және залым патша!».
Сонымен қатар ол былай деп айтты: «Әнас және әл-Хасан айтты: «Егер біреу ұялудың пердесін шешетін болса, онда оған қатысты ғайбат жүрмейді!».
قال : وقال أنس والحسن : ” من ألقى جلباب الحياء ، فلا غيبة فيه “ ، – من ” الآداب الشرعية “ ١ / ٢٤٤-٢٤٥
[Дереккөз: Ибн Му́флих | «Әл-Әдәбу-ш-Шар`ийя», 244-245/1.] 
Имам әл-Қуртуби әл-Мәлики [600-671 һ.ж./1204-1274 м.ж.], Алла оны рақым етсін, былай деді:
وقال القرطبي رحمه الله : والفسق في عرف الاستعمال الشرعي : الخروج من طاعة الله عزوجل ، فقد يقع على من خرج بكفر وعلى من خرج بعصيان 
«“Күнә”» - шариғат практикасына сүйенсек, мынаны білдіреді:

«Аллаға бағынудан шығу, - Ол Құдыретті әрі Ұлық, - біреулерде ол иман келтірмегендіктен болса, біреулерде бойұсынбаудан болады».
[Дереккөз: Имам әл-Қуртуби, «Әл-Джа́ми`у ли-Әхкәмил-Қур`ан», 246/1.] 
Мен айтамын: Шариғат тұрғысынан ғалымға немесе уағыз айтушыға, олар ашық түрде күнә жасаса сын айту және сөгіс жасау кезінде бұл «Ғайбат!Ғайбат!» деп айтатын мұсулмандар үшін өзекті мәселе. Олар дауласып ұрыс бастайды, сол адамға сын айтушыларды балағаттайды. Көптеген жағдайда, бұл одан да үлкен фитна және мұсылман арасында дауласу сияқты проблеманы туғызады. Бұл жаман және дұрыс емес.
Көріп тұрғанымыздай, алдын өткен ғалымдар «ғайбат» деген түсінікті анықтап алған болатын және сын мен шектен күнәға батуды, оған себеп болған жағдайда, - мысалы, осы шектен шығу мен күнә жасау жамағат арасында болса және ашық жасалса, - орынды деп есептеген! Тіпті ол сырт көзбен қарағанда ғайбат сияқты есептелсе де.

Сонымен қатар Хадис ілімінде – жарқын мысал ретінде - «Әл-Джа́рху уа-т-Та`ди́л» деп, аталатын толық тарау бар, оның міндеті – хадис жеткізушілерді сын көзбен қарап зерттеу, ғалымдардың хадис жеткізушілер туралы сын пікірін қадағалау, олардың абыройын және немен танымал болғанын ескеру. Және бұл – бұл тек рұқсат етілген ғана емес, тіпті міндетті зат; бұл хадис ілімін қорғап оның ішкі мехнизмін толығымен функционалды ету үшін, сөйтіп ең ақырғысында Шариғаттың өзін сақтау үшін.
Сол себепті, бұл шектеуді түсінбейтіндерге жеткізіңдер, сын көзбен қарайтындарға шабуыл жасамай, дауласпасын – шын мәнінде – олар Алланың Шариғаты мен қоғамның бірлігін сақтауда. Түзетулер мен үндеулерге бөгет қылмаңдар, керісінше барынша ат салысыңдар. Қырағылық, зерттеу және түсінушілік – бұл біздің адал қаруымыз болсын.
Дереккөз:  ittisoliyyah.livejournal.com