Пәтуәлар

Кім кәпірлерді құттықтап, оларды күпірліктерінде ынталандырса, онда ол Алланың дінін қадірлемейді

Абдиллях ибн Қайм әл-Джаузи [һ.б. 691-751/м.б. 1292-1349], Алла оны рақымына алсын, былай деді:

«Күпірлік шаралар мен оларға сәйкес келгендерге қатысты айтатын болсақ, иджмаға сай ол тыйым салынған [харам], дәл солай оларды олардың мерекелерімен құттықтап, «Мереке құтты болсын!» деп айту – айтушының күпірліктен аман болуына қарамастан, тыйым салынған іс-әрекеттер қатарынан.

Бұл кресттің алдында тізе бүккенді құттықтаумен тең және одан бетер, Алла алдында бұл іс ішімдік ішумен, адам өлтірумен, зина жасаумен құттықтағаннан да артық күнәлі.


Дінді қадірлемегендердің көбісі осыған бой алдырып, істеген істерінің жиіркеніштігін білмейді. Кім Аллаға мойынсұнбаумен, дінбұзар азғындықтарымен немесе күпірлікпен құттықтаса, ол Алланың қаһары мен ашуына түсті!».
[Дереккөз: «Ахкяму әхли-з-зимма», 205-206/1.]

Және ол, Алла оны рақымына алсын, былай деді:

«Ілім иелерінің бірауызды шешіміне негізделе отыра, мұсылман адамға кәпірлердің мерекелеріне қатысуына болмайды. Және бұл төрт мазхаб соңынан еруші фақиһтармен олардың кітаптарында анық түсіндірілген.

`Омар ибн әл-Хаттабтың, оған Алла разы болсын, мына сөздерін әл-Байхақи сенімді [сахих] тізбекпен жеткізеді:

«Кәпірлердің мейрамдарында олардың ғибадатханаларына кірмеңдер, себебі оларға Алланың қаһары түседі», – және `Омар былай деді: «Алла дұшпандарынан олардың мереке күндерінде аулақ болыңдар!».

Және `Абдиллях ибн `Омардың былай деп айтқан сөздерін әл-Байхақи жақсы [джайид] тізбекпен жеткізеді:

«Кім араб еместердің қалаларынан өтіп бара жатып, олардың жаңа жыл мерекелерін, ұлттық мейрамдарын тойлап, оларға еліктегені соншалық, сол күйде өліп кететін болса, Қиямет Күні солармен бірге жиналады!».

[Дереккөз: «Ахкяму әхли-з-зимма», 723-724/1.]

© «Daru al-Ittisoliyyah» каналы | telegram.me/ittisoliyyah