Пәтуәлар

Мұсылман адам мәзхабпен жүруге міндетті ме?


Мақаламызда мазхабпен жүру маңыздылығы жайындағы тақырыпта, ең бірінші Мұхаммед Әбдул Уаххабтың сөзімен, яғни қазіргі жалған сәләфилердің пір қылып тұтып жүрген шейхтарының сөзімен бастауды дұрыс көрдік. Естеріңізге сала кетсек жалған сәләфилер бастапқыда өздерінің бидғаттарын жая бастаған мезгілде, қарапайым мазхабпен жүрген мұсылмандарға тіл тигізіп сөгетін болған, әрі онысымен қоймай мазхаб имамдарына да тіл тигізген болатын! Олардың қолданған сөздері: Мазхабпен жүру тақлид ету Бидғат, әрі адасушылық; Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) заманында мазхаб болған жоқ; Мазхабтағылар Құран мен Сүннетпен емес, міндеттеп қойған сонымен жүреді және тағы соған ұқсас сөздермен жазғыратын! Мазхабты жазғыратындардың біреуі, бұл адасқан Ринат Әбу Мұхаммед әл-Қазақстаний болатын, оның бір аудио сабақтарында мынадай сөздері болатын: «Чума мазхабизма | яғни мазхаб оба ауруы секілді», және қазіргі таңдағы Қазақстандағы қу-айлакерлер, өздерінің қисық сенімдерімен, әрі Дінді құбыжық қылып көрсетіп жүрген – Ділмұрат, Октам, Найил және тағы басқалары солардың түсінігіндегілер, өздерін мазхабқа жатқызады, кейде олардың шәкірттерінен имам Әбу Ханифаның мазхабындамын деген сөздерін естуге болады! Әрине бұл өздерінің жолы мен қисық сенімдерін жасыру [яғни Тақия!], әрі екі жүзділік!
Иншә’Алла, Алла Тағаланың көмегімен мақаламызды бастаймыз, және тауфиқ тек қана Алладан.

بسم الله الرحمن الرحيم

Аса Қамқор, ерекше Мейрімді Алланың атымен.
Шейх Мұхаммед ибн Әбдул Уаххаб айтады:
Өзімді, имам Ахмад ибн Ханбалдың мазхабына жатқыза отырып, біздер басқа үш имамның мазхабымен [яғни Ханафилер, Шафиғилер, Мәликилер] жүретіндерді жазғырмаймыз [сөкпейміз], бірақ басқа мазхабты ұстанатындардан басқасынан, өйткені олардың негізі жоқ! Жәнеде біздер талпынбаймыз ізденуге кім-қай мазхабтан екенін, және олармен талас-тартысқа кірмейміз, тек қана егер ол бір мәтінді ұстанып басқа төрт мазхабқа қарсы келетін болса.
[Дерекнама: Мұхаммед ибн Әбдул Уаххаб «Әд-Дурар әс-санийя, 1-ші том / 28-31 беттер».]
  
Имам Хафиз Ибн Раджаб әл-Ханбали (Алла оны рақым етсін) 736-795 һ./1335-1393 м., өзінің «Төрт мазхабтан басқаға ергендерге радд» атты кітабында айтады:
فأما من أظهر الانتساب إلى بعض الأئمة المشهورين وهو في الباطن منتسب إلى غيرهم معتقد لمذهب سواه: فهذا لا يسوغ له ذلك البتة، وهو من نوع النفاق
«Ал енді, кімде-кім өзін төрт мазхабтың біріне еремін деп көрсетсе, бірақ ішінде жасырын басқаға ерсе, бұл нәрсе оған тиым салынған [харам] және бұл екіжүзділіктің [нифақ] түрлерінен болады…»
[Дерекнама: Имам
 Ибн Раджаб  «әр-Радд әля мин иттибаъ ғайру әл-мәзхаб әл-арбаа».]
Жоғарыда Әбдул Уаххабтың соңынан ергендерге, әрі өздерін Ханафий мазхабына тақия ретінде жатқызатындарға және төрт мазхабқада өздерін жатқызбайтындарға жауап!

Имам, мухаддис, муфассир Жалалуддин әс-Суюти (Алла оны рақым етсін) 849-911 һ.ж., «Джазил әл-Мауахиб» атты кітабында былай деп айтты:

واعلم أن اختلاف المذاهب في هذه الملة نعمة كبيرة ، وفضيلة جزيلة عظيمة ، وله سر لطيف أدركه العالمون و عمي عنه الجاهلون حتى سمعت بعضالجهال يقول : النبي جاء بشرع واحد
،
 فمن أين مذاهب أربعة ؟

«Біліп ал бұл үмметтің мазхабтары арасындағы кейбір айырмашылықтары Алла Тағаланың берген үлкен мейірімі және құрметі. Оларда сондай нәзік мәселелер бар, оны тек ілім иелері ғана түсіне алады. Ал, надандардың бұл нәрседен алыстығы соншалық, кейбір надандардың: “Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) бір шариғатпен келген, ал төрт мазхаб қайдан пайда болды?” – дегендерін естіген едім».
[Дерекнама: Имам әс-Суюти «Джазил әл-Мауахиб».]


Имам Ахмад Әс-Сауи (Алла оны рақым етсін), «Джалалайн» тәпсіріне ескерту берген автор, 18-сүренің 23-аятына былай деп пікір айтады:
«Ешқайсына рұқсат етілмейді біреудің соңынан еруге, төрт мазхабтан бөлек. Тіпті сөзерді сахабалардың сөзімен сәйкес келседе, Пайғамбардың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) нақыл сөзіне және Құран аяттарына да. Төрт мазхабтан шығып кеткен адасқан болып саналады, өйткені басқаларды қымсалайды, кейде тіпті Дінен шығуыда әбден мүмкін (кәпір), себебі өзінің түсінігімен Құран мен Сүннетпен жүру бұл ең басты жолдан адасушылық болып табылады (яғни Дінен шығу)».

Имам ән-Нәуәуи (Алла оны рақым етсін) «Шарх әл-мухаззаб» та, былай деп жазған:

«Мүжтәһид болмаған адам өзіне бір мазхабты таңдап соңынан еру керек [Тақлид]. Ешбір жағдайда да, ол өзінің әуесқойлығымен [құмарлықпен] жүрмеу керек, дәл солай бір сахабаның мазхабымен жүрмеу керек өйткені оның құғы жоқ, тіпті олардың сауаттылығына қарамастан. Бұның себебі өйткені бұл адамдар Фиқһтың классификациялығымен (топтастыруымен) айналысқан жоқ, оның ережесі мен негізін анықтамаған әрі анықтай алмайды да, және олардың еш қайсында құқықтық мектеп болған емес. Сахабалардан кейін имамдар келіп, олардың жолы мен жүріп шариғат заңдарын дамытты. Олар мәселелер шықпай тұрып шешті. Бұл ұлы ғалымдар имам Әбу Ханифа, имам Мәлік, имам Шафиғи, имам Ахмад (Алла Тағала оларды өзінің Рақымына бөлесін) міне осылар болып табылады».

Ибн Хаджар имам Нәуәуидің сөзіне былай деп пікір айтты (Алла оларды рақымына бөлесін):
«Екі қасиетті мешіттің имамы әл-Джувейни айтты, ешбір адам сахабалардың мазхабымен жүруі тиісті емес, өйткені олар анық-қанығын білмейді, себебі топтастырулары (классификацисы) жазылмаған. Сондықтан Тақлид тек қана төрт имамның артынан рұқсат етілген. Төрт мазхабтың келуімен Тақлид пайда болды, ал бұрыңғы болған мазхабтарға келетін болсақ, олардың барлық байлықтары (мағлұматтар) сақталмаған, олардың пәтуаларын тауып кездестірсекте ол толық болмайды, өйткені сол ғалым анықтаған болсада, сол анықтағаны жазылмаған. Сондықтан, себебі жоқ алдыңғы өткен бұрыңғы мазхабтарға еруге».

Имам Ән-Нафрауи (Алла оны рақым етсін) былай деп жазады:

«Қазіргі кездің мұсылмандары бірауыздан мақұлдады, Әбу Ханифа, Мәлики, Шафиғи және Ханбали – мазхабтарының соңынан Тақлид етіп еру міндетті түрде еру керек, және осы мазхабтардан шығу рұқсат етілмеген. Басқа мазхаб мүжтәһидтеріне еру рұқсат етілмеген, олардың тура жолда болғанына қарамастан, өйткені олардың оқыту жолдары сақталмаған және олардың жақтастары өлімдерінің соңынашейін жазбаған. Сондықтан кейбір зерттеушілер төрт мазхабтан басқа ғалымдардың ой-пікірі рұқсат етілген деп санайды, оның пікірі белгілі сұрақта сақталып жазылған болса да, егер белгілі жағдайда оның шарты мен тағы басқа қабылданатын есептелген мән-жайы болса. Бұл барлық айтылғандар міндетті түрде имамдардың мазхабымен жүруі тиісті және Ижтиһадқа рұқсат етілмегендерге айтылған. Тек қана бір шартпен, олар мазхабтардың жеңіл жолын тіміскіленбеу керек [яғни жеңілін ізденбеу керек!], әйтпесе ортақ келсім бойынша, бұлай рұқсат етілмеген, егерде тек қана адам амалсыздан уақытша басқа мазхабтың түсіндіруі мен ғана жүрсе. Бұндай мәжбүрлі жағдайда рұқсат етілген (дарура). Негізі әр-түрлі пікір бар басқа мазхабпен жүру туралы, бұндай жағдайда үш ой-пікір бар. Аз-Заннати бұл рұқсат етілген деп есептеді, ал
Әл-Каррафи өзінің “Шарх ат-Танких” кітабында былай деп жазды, өйткені аз-Заннати сұрақтар туындайтын мазхабта рұқсат етті басқа мазхабпен жүруге, тек қана үш жағдайда ғана:
Екі мазхабтың ой-пікірін біріктіруге болмайды, егер Ғұламалардың бірауыздан мақұлдаған ой-пікіріне қарсы келсе, (мысалыға: Некеге тұруға болмайды сыйлық берілмесе, бойжеткенің қамқоршысы мен куәгерлер болмаса, өйткені бұлай еш бір Ислам ғұламалары мақұлдамаған.) өзіңнің қабылдаған пікіріңді дұрысдеп және басқа мазхабтардың жеңіл жолдарын тіміскіленбеу керек. Әл-Каррафи тағы былай деп жеткізеді, рұқсат етіледі мазхабқа еруге және басқа да мазхабтардың ой-пікірімен жүруге, тек қана сол сұрақта қазының (шариғат сот өкілі) шешіміне қарама-қайшы келмесе».
[Дерекнама: ән-Нафрауи Ахмад ибн Гунайм. Әл-Фауаких әд-дауани. Бейрут: Дар әл-фикр, 1415-жыл.х. 2-том, 356-357 беттер.] 


Имам әл-Мунауи (Алла оны рақым етсін), «Файд әл-Қадир» кітабында, былай деп айтады:

«Көпшілік ғалымдардың ортақ көз қарасы бойынша, екінші жақтағы сұрақтарда тек қана бір дұрыс жауап бар, және Алла Тағала бұған нұсқады. Мүжтәhид ғалымға жауабын табуға мойнына жүктелген [яғни екінші жақтағы сұрақтарды айтып тұр!], бірақ егерде ол оны тауып қателессе, оған күнә жазылмайды, керсінше оған сауабы жазылады. Ал сол сұрақтың жауабын тауып, дұрыс шешім шығарса, онда оған екі есе сауап жазылады, ал қателескенге бір сауап жазылады. Егер Мүжтәһид ғалым кісі, қойылған сұраққа немқұрайлықпен қараса, онда бір ауыздан қабылдаған шешім бойынша, оған күнә жазылады! Мүжтәһид болмаған мұсылман адам, ижмағ’мен бекітілген төрт мазхабтың біреуімен жүруі тиісілі, және “[Исламдағы] үмметегі қайшылықтар, бұл Алланың Рақымы” – деген хадис, мазхабтар арасындағы әр-түрлі пікірдің біреуін қабылдауға мүмкіндік береді. Шафиғиліктер дұрыс пікір бойынша, солай рұқсат етті [яғни, әр-түрлі пікірдің біреуін қабылдауға], бірақ сахабалар пікірлерін алуға рұқсат етпеді!
Имам әл-Харамейн [әл-Джувейни оған Алла рақым етсін] айтқанындай, жазылмаған мазхабқа еру рұқсат етілмейді [тарихта негізі жоқ, не иснады жоқ!]. Сондықтан тек қана шариғат шешім шығарған пәтуаларға және төрт мазхаб имамдарының пәтуаларымен жүру керек. Бұның бір өзгешелігі, бұрыңғы жойылып кеткен және артында ерушілері жоқ мазхабтар, осы төрт мазхабтың ерекшелігін қарасаңыз, бұлар өте ауқымды таралғаны сондай, тіпті жалпы сұрақтарда анықталып дәлелденді, ал жалпы сұрақтардан жеке оқиғалар шығарылды. Имам әр-Рази (Алла оны рақым етсін) ортақ бір ауыздан қабылданған шешім жайында жеткізді [ижмағ], қарапайым мұсылманға әйгілі және көрнекті сахабаларға, [тақлид] еліктеуге рұқсат етілмейді. Әрине тек қана Фақиһтермен және төрт мазхабтан болған Әһлу Сүнна ғұламаларынан басқасы, бірақ қарапайым мұсылманға емес, егер бұл өздеріне жеке тисілі, сенімді, әрі еліктеуге лайықты болса, және олар қойылған талаптарға сәйкес амал етсі әрі оның жеңіл жолын ізденбесе төрт мазхабтан. Ал егер бұл Діни парыздардан босатылса, бұлай рұқсат етілмеген. Тек қана Ибн Әбд әс-Сәләм рұқсат етті жеңіл жолын іздеуге».
[Дерекнама: Әл-Мунауи «Файд әл-Қадир, 1/210-211».]

Дерекнама: Al-fatava.com 
Дайындаған: Darulahnaf.com