Пәтуәлар

Бидғат деген не? Жақсы бидғат деген болады ма?







Бидғат (арабшасы: بدعة, бид`а - жаңалық) — тілдік жағынан алғанда араб тілінде «жаңа, бұрын соңды болмаған, жаңалық» мағыналарын береді. 

Бидғатшы (мубтади’) – дінге шариғаттан негізі жоқ жаңалық енгізуші және бидғат амалды жасаушы адам.. Ибн Хаджар әл-Асқалани, оған Алланың рақымы болсын, бидғат туралы былай деп айтады: «Бұрын соңды мысалы болмаған кез келген зат. Және тілдік мағынасында бұл сөз мақтауға тұрарлық нәрселерді де, сөгуге лайықты заттарды да білдіреді».
[Дереккөз: Ибн Хаджар, «Фатх әл-Бари», 13/340.]

Қазіргі таңда өзекті сұрақтардың бірі болып тұрған бұл – бидғат (жаңалық енгізу) мәселесі. Сондай-ақ, көптеген топтардың пайда болуымен, олар “әһлюл бида`адан” – деп, бірін-бірі айыптауда. Жалпы олардың іс-себептерін анықтау бұл бөлек мәселе. Біз бұл мақаламен «Жақсы бидғат деген болады ма?» және «Бидғат деген не?» екендігі жайында, ғалымдардың пікірін келтіреміз, және (ислами) білімі болмаған (шариғи) үкім шығармас үшін, сондай-ақ, өзі адасып және басқаларын да адастырмас үшін, адамдар дұрыс түсінікте болулары үшін мақаламызды баяндаймыз.
Және де талдаумен пайда болған сұрақтар:

(Әһлу Сунна) ғалымдарының түсінігі бойынша, бидғат деген не?
Егер Пайғамбардың, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, заманында болмаған нәрсені, бидғат деп айтуға болады ма?
Немесе сонымен қатар Сүннетке қайшы келсе де, бидғат болады ма?
Егер Сүннетте негізі бола тұра, кейіннен басқа түрге айналса немесе белгілі уақытта жасалса, бұндайдың үкімі қалай болады?
Бидғаттың түрлері болады ма?
Жақсы бидғат деген болады ма?


Имам Әбу Бәкір әл-Байхақи (384–458 һ.ж./994–1066 м.ж.), имам Шафи`идің (150–204 һ.ж./767–820 м.ж.), оларға Алланың рақымы болсын, бидғат түрлері жайындағы сөздерін, былай деп жеткізеді:

:أخبرنا أبو سعيد بن أبي عمرٍو ، ثنا أبو العباس محمد بن يعقوب ، ثنا الربيع بن سليمانَ ، قال : قال الشافعي رضي الله عنه 
المُحدَثاتُ مِن الأمورِ ضربانِ: ما أُحدِثَ يُخالفُ كتابًا، أو سنةً، أو أثرًا، أو إجماعًا، فهذه البدعةُ ضلالةٌ، وما أُحدِثَ مِن الخيْرِ، لا خلافَ فيه لواحدٍ مِن هذا، فهذه محدثةٌ غيرُ مذمومةٍ، قد قال عمرُ في قيامِ رمضانَ: نعْمتِ البدعةُ هذه، يعني: أنها محدثةٌ لم تكنْ، وإذ كانتْ فليس فيها ردٌ لِما مضى

«Әбу Са`ид бин Әби `Амр – Абул Аббас Мұхаммед бин `Яқуб – Раб`и бин Сүлейман: имам Шафи`ғи, оған Алланың рақымы болсын, былай деп айтты:

Бидғаттың екі түрі болады:

1. Жалған болғанына қарамастан, Құран және Сүннет, немесе Асарларға (сахабалардан жеткенге) немесе Иджм`аға қарсы келсе, ондай бидғат (жаңалық) – адасушылық болып табылады.
2. Игі нәрселерден ойлап тапқан және атап өткендердің біріне (Құран, Сүннет, Асар және Иджм`аға) қарсы келмесе, ондай бидғат (жаңалық) – терістелмейді.

Тарауих (намазында) сахаба Омар, оған Алла разы болсын, былай деп айтады: «Бұл қандай жақсы бидғат». Яғни, бұл бұрын соңды болмаған бидғат (жаңалық), және ол болған кезде, бұрыңғылардан оны (еш бір сахаба) теріске шығармады».
[Дереккөз: Әбу Бәкір әл-Байхақи, «Мана‘қибу-ш-Шафи`и», 1/469. Каир: Дарут Турас баспасы, 1391.]


Сондай-ақ, одан (әл-Байхақиден) Әбу Ну`айм әл-Асбахани (336-430 һ.ж./948-1038 м.ж.), оған Алла разы болсын, өзінің «Хилятул-Әулия уә Таба‘қатул-`Асфия» кітабында, соған ұқсас сөздер келтіреді:

حدثنا أبو بكر الآجُرِّي ثنا عبد الله بن محمد العَطَشِي ثنا إبراهيمُ بن الجنيْد ثنا حَرْمَلةُ بنِ يحيى قال: سمعتُ محمدَ بنِ إدريسَ الشافعيَّ يقول: البدعةُ بدعتانِ: بدعةٌ محمودةٌ وبدعةٌ مذمومةٌ, فما وافقَ السنةَ فهو محمودٌ, وما خالفَ السنةَ 
فهو مذمومٌ, واحتجَّ بقولِ عمرَ بنِ الخطابِ في قيامِ رمضانَ: نعْمتِ البدعةُ هي

«Әбу Бәкір әл-Аджурри – Абдуллах бин Мұхаммед әл-`Аташи – Ибрахим бин Джунейд – Хармала бин `Яһйя айтады:

Мен, Мұхаммед бин Идрис әш-Шафи`идің былай деп айтқанын естідім:

«Бидғат екі түрі болады:

1. Мақтаулы бидғат (жаңалық)
2.
Терістелген бидғат (жаңалық)


Сүннетке сәйкес келген – мақтаулы болып табылады. Ал Сүннетке қайшы келгені – терістелген болып табылады». Және ол (әш-Шафиғи) дәлел ретінде, сахаба Омар бин әл-Хаттабтың, оған Алла разы болсын, тарауих жайындағы сөзін келтіреді: «Бұл қандай жақсы бидғат»».
[Дереккөз: Әбу Ну`айм әл-Асбахани, «Хилятул-Әулия», 9/113. Бейрут: Дарул Китабил Арабия баспасы, 1405.]


Өз сөздерінің бірінде Ахмад ибн Таймия (661-728 һ.ж./ 1263-1328 м.ж.), тізбектің (иснад) сенімділігін және имам әш-Шафи`идің мына сөздерінің дұрыстығын құптады:

ومِن هنا يُعرَف ضلالُ مَن ابتدَع طريقًا أو اعتقادًا زعَم أن الإيمانَ لا يتمُّ إلا به, مع العلمِ بأن الرسولَ لم يذكُرْه, وما خالفَ النصوصَ فهو بدعةٌ باتفاقِ المسلمين, وما لم يُعلَمْ أنه خالفَها فقد لا يُسمَّى بدعةً. قال الشافعي - رحمه الله - : البدعةُ بدعتانِ : بدعةٌ خالفتْ كتابًا وسنةً وإجماعًا وأثرًا عن بعضِ أصحابِ رسولِ اللهِ صلى الله عليه وسلم, فهذه بدعةُ ضلالةٍ . وبدعةٌ لم تُخالفْ شيئًا مِن ذلك, فهذه قد تكون حسنةً لقولِ عمرَ : نعْمتِ البدعةُ هذه! هذا الكلام أو نحوه رَواه البيْهقي بإسناده الصحيحِ في المَدْخَل

«Осыдан адасушылық түсінікті болды, яғни кім былай ойлап шығарса – қандай да бір сенім немесе жолын  ойда тұтса, иман тек қана онымен кәміл деп сенсе, және сонымен қатар Пайғамбар, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, ол туралы еш атамағанын білсе (бұндай сенім адасушылық болып табылады).
Шариғат мәтіндеріне (насстарға) қайшы келсе – бидғат болып табылады, бұл мұсылмандардың ортақ көзқарасы бойынша. Ал белгісіз болған (нәрсе), шариғат мәтіндеріне қайшы келмесе – бидғат  болып есептелмейді.

Имам Шафи`и, оған Алланың рақымы болсын, былай деп айтты: 

1. Бидғат (жаңалық) – Құран, Сүннет, Иджм`а және Пайғамбар, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, сахабаларының асарларына қайшы келсе – бұндай бидғат адасушылық.
2. Бидғат (жаңалық) – аталғандардың еш қайсысына қайшы келмесе – бұндай  бидғат жақсы (хасан) болып табылады, бұл сахаба Омардың, оған Алла разы болсын, сөздерінен алынды: «Бұл қандай жақсы бидғат»

Бұл сөздерді немесе соған ұқсастарын, имам әл-Байхақи сенімді тізбекпен (иснадпен) «әл-Мадхал» (Ильяс Сунанил-Кубра) кітабында жеткізді».
[Дереккөз: Ахмад ибн Таймия, «Маджму-Фатауә», 20/163. Мәдина баспасы: 1425/2004.]   


Имам Джалалуддин әс-Суютидің сөздері (849-911 һ.ж./ 1445-1505 м.ж.), оған Алланың рақымы болсын, имам Шафи`ғиден былай деп жеткізеді:

قد ثبَت في صحيحِ البخاري عن عمرَ أنه قال في التَّراويح: « نعْمتِ البدعةُ هذه, والتي يَنامون عنها أفضلُ... », فسمَّاها بدعةً, يعني بدعة حسنة. وذلك صريحٌ في أنها لم تكنْ في عهْدِ رسولِ اللهِ صلى الله عليه وسلم . وقد نصَّ على ذلك الإمامُ الشافعي وصرَّح به جماعاتٌ مِن الأئمةِ, منهم الشيخُ عزُّ الدينِ بنِ عبدِ السلامِ, حيث قسَّم البدعةَ إلى خمسةِ أقسامٍ, وقال: ومثالُ المندوبةِ صلاةُ التراويحِ, ونقَله عنه النوويُ في « تهذيبِ الأسماءِ واللغاتِ »، ثم قال : وروى البيهقي بإسناده في « مَناقبِ الشافعي » قال : المحدَثاتُ في الأمورِ ضَربان، أحدُهما: ما أُحدث مما خالفَ كتاباً أو سنة أو أثراً أو إجماعاً, فهذه البدعةُ الضلالةُ, والثاني: ما أُحدث مِن الخيرِ, وهذه محدثةٌ غيرُ مذمومةٍ, وقد قال عمرُ في قيامِ شهْرِ رمضانَ : نعْمتِ البدعةُ هذه, يعني أنها مُحدَثةٌ لم تكن, هذا آخرُ كلامِ الشافعي

««Сахих» Бұхари кітабында, сахаба Омардың, оған Алла разы болсын, тарауих жайндағы сөздері бар: «Бұл қандай жақсы бидғат. Оны түннің соңғы бөлігінде оқыған топ ...».
Және Омар оны бидғат деді, яғни жақсы бидғат. Бұл бізге анық көрсетіліп тұр, яғни Пайғамбар, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, заманында бұндай намаздың болмағанын.

Имам Шафи`и бұған сілтеді және (ғалымдардан болған) бір топ имамдар ашық пікір айтты. Шейх `Иззуддин бин `Абдис-Салям солардың бірінен, өйткені ол бидғатты бес бөлікке бөлді («‘Қауайдул Ахкам» кітабында) және ол былай деп айтты: «Бидғаттың мысалы, мәндуп (құпталған) болып табылатын бұл тарауих намаз».

Одан (имам Шафи`иден ) бұны имам ән-Нәуәуи өзінің «Тахзибул Асма уәл-Люғ’ат» кітабында жекізді, және кейін былай деп айтты: «имам әл-Байхақи тізбекпен (иснадпен) «Мана‘қибу-ш-Шафи`и» кітабында, былай деп жеткізеді:
«Бидғаттың екі түрі болады:

1.      Жалған болғанына қарамастан, Құран және Сүннет, немесе асарларға (сахабалардан жеткенге) немесе Иджм`аға қарсы келсе, ондай бидғат (жаңалық) – адасушылық болып табылады.
2.      Игі нәрселерден ойлап тапқан және атап өткендердің біріне (Құран, Сүннет, Асар және Иджм`аға) қарсы келмесе, ондай бидғат (жаңалық) – терістелмейді.
Тарауих (намазында) сахаба Омар, оған Алла разы болсын, айтады: «Бұл қандай жақсы бидғат». Яғни, бұл бұрын соңды болмаған бидғат». Бұл имам Шафи`идің сөзінің соңы».
[Дереккөз: Джалалуддин әс-Суюти, «Әл-Масабих фи Саләтит-Тарауих», 22-27. Амман: Дарул  ‘Қабас баспасы, 1406/1986. Тахқиқ: Абул-Харис `Әли бин Хасан бин `Әли.]

Әр-түрлі саладағы Ислами ғылымды меңгеруімен, өзінің көрнектілігімен танылған, шейх имам `Изуддин Әбу Мұхаммед Әбдул-`Әзиз бин `Абдис-Cәләм (д.ө.ж. 577-660 һ.ж.), оған Алланың рақымы боласын және оған Алла разы болсын, былай деп айтады:

البدعة فعل ما لم يعهد في عصر رسول الله صلى الله عليه وسلم وهي منقسمة إلى:
بدعة واجبة، وبدعة محرمة، وبدعة مندوبة، وبدعة مكروهة، وبدعة مباحة، والطريق في معرفة ذلك أن تعرض البدعة على قواعد الشريعة: فإن دخلت في قواعد الإيجاب فهي واجبة، وإن دخلت في قواعد التحريم فهي محرمة، وإن دخلت في قواعد المندوب فهي مندوبة، وإن دخلت في قواعد المباح فهي مباحة. وللبدع الواجبة أمثلة:
أحدها: الاشتغال بعلم النحو الذي يفهم به كلام الله وكلام رسوله صلى الله عليه وسلم وذلك واجب لأن حفظ الشريعة واجب ولا يتأتى حفظها إلا بمعرفة ذلك، ومالا يتم الواجب إلا به فهو واجب.
المثال الثاني: حفظ غريب الكتاب والسنة من اللغة.
المثال الثالث: تدوين أصول الفقه.
المثال الرابع: الكلام في الجرح والتعديل لتمييز الصحيح من السقيم.
وقد دلت قواعد الشريعة على أن حفظ الشريعة فرض كفاية فيما زاد على القدر المتعين، ولا يتأتى حفظ الشريعة إلا بما ذكرناه.
وللبدع المحرمة أمثلة: منها مذهب القدرية، ومنها مذهب الجبرية، ومنها مذهب المرجئة، ومنها مذهب المجسمة. والردُّ على هؤلاء من البدع الواجبة.
وللبدع المندوبة أمثلة: منها: إحداث الرُّبُط والمدارس وبناء القناطر، ومنها كل إحسان لم يعهد في العصر الأول، ومنها صلاة التراويح، ومنها الكلام في دقائق التصوف، ومنها الكلام في الجدل في جمع المحافل للاستدلال في المسائل إذا قصد بذلك وجه الله سبحانه.
وللبدع المكروهة أمثلة: منها زخرفة المساجد، ومنها تزويق المصاحف، وأما تلحين القرآن بحيث تتغير ألفاظه عن الوضع العربي، فالأصح أنه من البدع المحرمة.
وللبدع المباحة أمثلة: منها المصافحة عقيب الصبح والعصر، ومنها التوسع في اللذيذ من المآكل والمشارب والملابس والمساكن، ولبس الطيالسة، وتوسيع الأكمام، وقد يختلف في بعض ذلك، فيجعله بعض العلماء من البدع المكروهة،ويجعله آخرون من السنن المفعولة على عهد رسول الله صلى الله عليه وسلم فما بعده، وذلك كالاستعاذة والبسملة

«Бидғат (жаңалық) – міндетті болған, рұқсат және рұқсат етілмеген, жақсы және ұнамсыз болып бөлінеді. Бидғатты бағалау үшін шариғат нормалары қажет етеді. Егер ол (бидғат) міндетті болған нормаға түссе, онда ол міндетті болады, ал егер рұқсат етілмегенге түссе, онда ол рұқсат етілмейді, құпталған болса, онда ол құпталған, құпталмаған болса, онда ол құпталмайды, немесе рұқсат етілген болса, онда ол рұқсат болады.

Міндетті болған бидғаттың мысалы:  

Дәріс сабақтарын жүргізу және грамматика оқыту, ол арқылы Алла Тағаланың сөзін немесе Пайғамбардың, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, нақыл сөздерін түсіну және бұл өз алдына міндетті болады. Өйткені шариғатты қорғау міндетті болып табылады, сондай-ақ, грамматикасыз (шариғатты қорғау) бұл мүмкін емес, сондықтан міндеттіні «міндетті болған» нәрсесіз орындау мүмкін емес. Құран және Сүнетте сирек кездесетін сөздерді жаттау. Дін және Фиқһ негізі жайындағы ғылым, сенімді және сенімсіз хадис жеткізушілерді, сондай-ақ, дұрыс, рас (сахих) және әлсіз, нашар (дағиф) хадистерді бөлетін ғылым құру. Шариғат негіздерінің көрсетуі бойынша, шариғатты сақтап қалу парыз-кифая [1] (бұдан бөлек парыз-`айнды [2] қоспағанда), ал бұған қол жеткізу үшін, тек қана жоғарыда атап өткендер арқылы ғана.  
[1] парыз-кифая  – бір топ адамның арасынан бірі немесе бірнеше адам орындаса, парыздық міндеті басқалардың мойнынан түсетін амал. Егер парыз кифаяны адамдардың ешқайсысы орындамаса, барлығы бірдей күнәхар болады. 
[2] парыз-`айн – әрбір мұсылман міндетті түрде орындау керек амал. Мысалы, күнделікті бес уақыт парыз намаздары.


Рұқсат етілмеген бидғаттың мысалы:

Қадария мәзхабы (Алла адамның ісіне араласпайды, пенденің өзі барлық ісін таңдаумен ерікті түрде жасайды және тағдырды жоққа шығарушы мәзхаб) және Жәбрия (адам тағдырға тәуелді, адамның амал етуде ешқандай ерік күші жоқ деп санайтын мәзхаб), Муржилер (иманды адамға күнәсі зиян тигізбейді, кәпір адамға мойынсұнуы пайда бермейді, - деген пікірді ұстанатын мәзхаб), Мужәссимә (Алла Тағалаға тән сипаттарды адамдардың және басқа да жаратылыстардың сипаттарына ұқсатушы мәзхаб), ал бұл мәзхабтарды терістеу міндетті болған бидғатқа жатады.

Жақсы бидғаттың мысалы:

Шекара бекіністерін тұрғызу, мектептер, барлық жақсылықтар Пайғамбар, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, заманында болмаған, олардың арасында (20 рака`ат) тарауих намаз, Тасаууф ғылымы, пікірталас ғылымы, Ислам дінінің ақиқат екендігін дәлелдеу жиналыстары, егер бұнымен Алла Тағаланың Дидарына ұмтылса.

Ұнамсыз бидғат: Мешіттерді әшекейлеу, сондай-ақ, Құранның мұқаба қаптамасын әшекейлеу.

Рұқсат етілген бидғат: Таңғы және түскі намаздардан кейін қол алысып амандасу, жақсы тағамдарда, киімде және баспанада шектен шығу. Кең жеңді жасыл мантия (таялиса) кию (жасыл мантия – сырттан киетін плащ сияқты ұзын шапан).
[Дереккөз: `Изуддин бин `Абдус-Саләм «‘Қауәйдул-Ахкам», 2/172.]


Ибн Хаджар әл-Асқәләни (773-852 һ.ж./1372-1449 м.ж.), оған Алланың рақымы болсын, сахаба Омардың, оған Алла разы болсы, сөзі жайында: «Бұл қандай жақсы бидғат»:

والبدعةُ أصلُها ما أُحدِثَ على غيرِ مثالٍ سابقٍ, وتُطلَق في الشرْعِ في مقابلِ السنّةِ فتكونُ مذمومةً, والتحقيقُ أنها إن كانتْ مما تَندرِجُ تحْتَ مُستحسَنٍ في الشرْعِ فهي حسنة, وإن كانتْ مما تَندرِجُ تحْتَ مُستقبَحٍ في الشرْعِ فهي مُستقبَحة, وإلا فهي مِن قِسْمِ المباحِ, وقد تَنقسِم إلى الأحكامِ الخمسةِ

«Бидғат/жаңалық (араб тілінде) – бұл бұрын соңды мысалы болмаған кез келген зат, ал шариғатта оны Сүнеттің антонимы ретінде қолданады және сөгілген болып табылады.
Расыныменде:

1. Егерде бидғат шариғатта құпталған істерге түсетін болса, онда бұл жақсы бидғат.
2. Ал егерде шариғатта сөгілген/терістелген істерге түсетін болса, онда бұл терістелген бидғат.
Олай болмаған жағдайда ол рұқсат етілген ішінде. Бидғат бес түрлі үкімге бөлінеді (харам, мәкрух, мүбах, мәндүп, уәжіп)».
[Дереккөз: Ибн Хаджар әл-Асқәләни, «Фатхул-Бәри», 4/298. Рияд баспасы: 1421/2001.]


Сондай-ақ, Ибн Хаджар әл-Асқәләни, оған Алланың рақымы болсын, өзінің «Фатхул-Бәри» кітабының басқа жерінді, бұл сұраққа егжей-тегжейлі жауап береді:

و « المحدَثاتُ » بفتْحِ الدَّالِ جمْعُ محدَثةٍ, والمرادُ بها ما أُحدث، وليس له أصلٌ في الشرْعِ ويسمى في عُرْفِ الشرْعِ « بدعةً » وما كان له أصلٌ يدلُّ عليه الشرْعُ فليس ببدعةٍ، فالبدعةُ في عرْفِ الشرْعِ مذمومةٌ بخلافِ اللغةِ, فإنَّ كلَّ شيءٍ أُحدث على غيرِ مثالٍ يُسمى بدعةً سواء كان محمودًا أو مذمومًا، وكذا القولُ في المحدَثةِ, وفي الأمرِ المحدَثِ الذي ورَد في حديثِ عائشةَ « مَن أحدثَ في أمرِنا هذا ما ليس منه فهو رَدٌ » كما تقدَّم شرحُه ومَضى بيانُ ذلك قريبًا في « كتابِ الأحكامِ » وقد وقَع في حديثِ جابرٍ المشارِ إليه « وكلُّ بدعةٍ ضلالةٌ » وفي حديثِ العِرْباضُ بنُ ساريةَ « وإياكم ومحدثاتِ الأمورِ فإنَّ كلَّ بدعةٍ ضلالةٌ » وهو حديثٌ أوَّله « وعَظَنا رسولُ اللهِ صلى الله عليه وسلم مَوْعِظةً بَليغةً » فذكَره, وفيه هذا, أخْرجَه أحمدُ وأبو داودَ والترمذيُّ وصحَّحه ابنُ ماجه وابنُ حِبَّانَ والحاكمُ، وهذا الحديثُ في المعنى قريبٌ من حديثِ عائشة المشارِ إليهِ, وهو مِن جَوامِعِ الكَلِمِ.
قال الشافعي: « البدعةُ بدعتانِ : محمودةٌ ومذمومةٌ، فما وافقَ السنةَ فهو محمودٌ, وما خالفَها فهو مذمومٌ », أخرجَه أبو نعيمٍ بمعناه مِن طريقِ إبراهيمَ بنِ الجُنيْدِ عن الشافعي، وجاءَ عن الشافعي أيضا ما أخرجَه البيهقيُّ في مَناقبِه قال: « المحدَثاتُ ضربانِ: ما أُحدث يُخالف كتابًا أو سنةً أو أثرًا أو إجماعًا فهذه بدعةُ الضلالِ ، وما أُحدث مِن الخيْرِ لا يُخالف شيئا مِن ذلك فهذه محدثةٌ غيرُ مذمومةٍ » انتهى . وقسَّم بعضُ العلماءِ البدعةَ إلى الأحكامِ الخمسةِ, وهو واضحٌ 

«“Әл-Мухдасат”, «дәл» - әріпінің үстінде фатхасымен, бұл “мухдаса” сөзінің көпше түрі. Бұл сөздің мағынасы, ойлап шығарылған және оның шариғатта негізі жоқ. Ал шариғи терминологияда аталуы “бид`а”. Негізі бар және шариғат көрсеткен нәрсе, бидғат емес.
Шариғи терминологиясында бидғат сөгілген болып табылады тілдік мағынасына қарамастан. Себебі (тілдік мағынасында) әрбір нәрсе ойлап шығарған әрі бұрыңғы кезде мысалы болмаған, бидғат болып есептеледі, тіпті ол мақталған немесе сөгілген болғанына қарамастан.

Сондай-ақ, белгілі болған істе ойлап шығарған нәрселерді (мухдаса) және ойлап шығарған нәрсе жайында, Айша анамыздан, оған Алла разы болсын, жеткен хадисте былай айтылған: «Кім біздің бұл ісімізге (дінге) оған қатысты болмаған нәрсені енгізсе, ол қайтарылады!».
Жуырда бұл түсіндірілді және шархымен «Китабул-Ахкам» да келді. Жоғарыда көрсетілгенге, Джабирден, оған Алла разы болсын, жеткен хадисте: «Әрбір бидғат (жаңалық) – адасушылық!».
Әл-Ирбадза бин Сарияның хадисінде: «Бидғат істерден сақтаныңдар, өйткені әрбір бидғат адасушылық».
Бұл хадистің бастамасы мынадай: «Пайғамбар, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, өзінің тіл шеберлігімен уағыз айтты, ...» кейін сол сөздерді атап айтты. Және сонда сол сөздер бар.
Хадисті риуаят еткендер Ахмад, Әбу Дауд, Тирмизи және Ибн Мәджа бұны сахих деп баға берді, Ибн Хиббан және Хаким. Бұл хадис жоғарыда келтірген Айша анамыздың хадисімен ұқсас. Сондай-ақ, пайғамбарымыздың, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, сөздері «джауәми`ул-калим/қысқа айтылған сөздер» болып табылады.

Имам әш-Шафи`и айтады: «Бидғаттың екі түрі болады:

1. Мақтаулы бидғат (жаңалық)
2. Терістелген бидғат (жаңалық)
Сүннетке сәйкес келгені – мақтаулы болып табылады. Ал Сүннетке қайшы келгені – терістелген болып табылады».

Әбу Ну`айм ұқсас мағынамен Ибрахим бин Джунайдтен риуаят етті, ол Шафи`иден. Сондай-ақ, имам  Шафи`иден, имам Байхақи өзінің «Мана‘қиб» кітабында риуаят етті, ол былай деп айтты:

«Амалда бидғаттың екі түрі болады:

1. Жалған болғанына қарамастан, Құран және Сүннет, немесе Асарларға (сахабалардан жеткен риуаяттарға) немесе Иджм`аға қарсы келсе, ондай бидғат (жаңалық) – адасушылық болып табылады.
2. Игі нәрселерден ойлап тапқан және атап өткендердің біріне (Құран, Сүннет, Асар және Иджм`аға) қарсы келмесе, ондай бидғат (жаңалық) – терістелмейді.
Кейбір ғалымдар бидғатты бес түрлі үкімге бөлді (харам, мәкрух, мубах, мандуб, уәжіп). Және бұл іс түсінікті болыд. ...» ».
[Дереккөз: Ибн Хаджар әл-Асқалани, «Фатхул-Бәри», 13/266-267. Рияд баспасы: 1421/2001.]

Көрнекті тарихшы және мухаддис ғалым, Салахуддин әл-Әюбидің замандасы, Шейх әл-`Әләма Ибн әл-Асир (д.ө.ж. 555-630 һ.ж.), оған Алланың рақымы болсын, «әл-Камил фит-Тарих» және «Усудул-Ғ`аба» кітаптарының авторы. «Нихая фи Ғарибил Хадис уәл-`Аср» кітабында “بدع/бид`а” етістік пунктінде, тарауих намаз жайындағы хадисте, былай деп жазады:

البدعة بِدْعَتَان: بدعة هُدًى، وبدعة ضلال، فما كان في خلاف ما أمَر اللّه به ورسوله صلى اللّه عليه وسلم فهو في حَيِّز الذّم والإنكار، وما كان واقعا تحت عُموم ما نَدب اللّه إليه وحَضَّ عليه اللّه أو رسوله فهو في حيز المدح، وما لم يكن له مثال موجود كنَوْع من الجُود والسخاء وفعْل المعروف فهو من الأفعال المحمودة، ولا يجوز أن يكون ذلك في خلاف ما وَردَ الشرع به؛ لأن النبي صلى اللّه عليه وسلم قد جَعل له في ذلك ثوابا فقال<من سَنّ سُنة حسَنة كان له أجْرها وأجرُ من عَمِل بها> وقال في ضِدّه <ومن سنّ سُنة سيّئة كان عليه وزْرُها وَوِزْرُ من عَمِل بها> وذلك إذا كان في خلاف ما أمر اللّه به ورسوله صلى اللّه عليه وسلم. ومن هذا النوع قولُ عمر رضي اللّه عنه: نِعْمَت البدعة هذه

«Бидғат екі түрге бөлінеді: дұрыс жолдағы бидғат (яғни, жақсы бидғат) және адасушылық бидғат, Алла және Оның елшісі, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, бұйырғанға қарама-қайшы келсе, онда бұл терістеледі және қабыл алынбайды және Алла Тағаланың бекіткеніне жақсы түрге түссе және Алла және Оның елшісі, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, әрекет етуге түрткі болған болса, онда бұл құпталғаннан, сонымен қатар бұрынсоңды оның ұқсасы болмағандай, бұл жақсылық пен жомарттық және рұқсат етілгенді істеу түрлерінен секілді және бұл құпталған амалдардан ...».
Ибн Таймия әл-Ханбали (д.ө.ж. 661-726 һ.ж.), өзінің пәтуалар жинағының кейбір жерлерінде, «бид`а-хасана» түрін мойындайды.

1. Тауассул бөлімі:

ومن تَعَبَّدَ بعبادة ليست واجبة ولا مستحبة، وهو يعتقدها واجبة أو مستحبة فهو ضال مبتدع، بدعة سيئة لا بدعة حسنة باتفاق أئمة الدين، فإن الله لا يُعبد إلا بما هو واجب أو مستحب‏.

«... Кім өзіне ғибадат болып табылмайтынды міндетті немесе қажетті ғибадат деп алса, және ол бұны міндетті немесе қажетті деп сенетін болса, онда ол терістеуге лайықты бидғатшы (яғни, дінге жаңалық енгізуші), алайда бұдан бөлек жақсы бидғаттар есепке алынбайды және бұл бірауыздан ғалымдардың ортақ пікірі бойынша, расында да Алла Тағалаға міндетті немесе қажетті түрде ғибадат етеді ...».

2. Ғибадаттар бөлімі:


وَسئل ـ رَحمه اللّه ـ عن رجل قيل له‏:‏ لا يجوز الجهر بالنية في الصلاة ولا أمر به النبي صلى الله عليه وسلم‏.‏ فقال‏:‏ صحيح أنه ما فعله النبي صلى الله عليه وسلم، ولا أمر به، لكن ما نهي عنه، ولا تبطل صلاة من جهر بها‏.‏ ثم إنه قال‏:‏ لنا بدعة حسنة، وبدعة سيئة، واحتج بالتراويح أن رسول اللّه صلى الله عليه وسلم ما جمعها، ولا نهي عنها‏.‏ وأن عمر الذي جمع الناس عليها، وأمر بها‏.‏ فهل هو كما قال‏؟‏ وهل تسمي سنن الخلفاء الراشدين بدعة‏؟‏ وهل يقاس على سننهم ما سنه غيرهم فهل لها أصل في ما يقوله، ويفعله ‏؟‏ وقوله‏:‏ ولا تبطل صلاة من جهر بالنية في الصلاة، وغيرها‏.‏ فهل يأثم المنكر عليه أم لا ‏؟‏ 
فأجاب ‏: 
الحمد للّه، الجهر بالنية في الصلاة من البدع السيئة، ليس من البدع الحسنة، وهذا متفق عليه بين المسلمين، لم يقل أحد منهم‏:‏ إن الجهر بالنية مستحب، ولا هو بدعة حسنة، فمن قال ذلك، فقد خالف سنة الرسول صلى الله عليه وسلم، وإجماع الأئمة الأربعة، وغيرهم‏.‏ وقائل هذا يستتاب، فإن تاب، وإلا عوقب بما يستحقه‏. 

«Және одан, оған Алланың рақымы болсын, ер кісі жайында сұрайды, оған былай деп айтылды: “Намаз (алдында) дауыстап ниет етуге болмайды және оны пайғамбар, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, бұйырмады,” кейін оның жауабы: “Иә, расында бұны пайғамбар, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, жасамады және бұйырмады, және онымен қоса оған тыйым да салмады, және одан намаз бұзылмайды, және кейін ол былай деп айтты: бізге бидғат хасана және бидғат сайиа (терістеу) берілді, және тарауих (намазы) жайында дәлелге алды ... ”.

Оның жауабы (Ибн Таймия): “Алла Тағалаға мақтаулар болсын, намазда дауыстап ниет ету – терістелген бидғаттардан, керсінше жақсы бидғаттардан емес және бұл мұсылмандардың ортақ көзқарасы, және олардың ешбіреуі “ниетті дауыстап айту” дұрыс (не ұнамды) немесе жақсы бидғаттардан деп айтқан емес, алайда егер бұны айтқан адам, пайғамбар, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын және төрт имамның иджм`асына және тағы басқаларына қарсы келеді, және бұны айтқан адам тәубе етсін, ал егер (тәубе) етпесе оны тиісті түрде жазалау керек ... ”».
[Дереккөз: Ибн Таймия, «Маджму-Фатауә».]


Имам, Құранды тәпсірлеуші, сыншы, фақиһ Әбу `Абдуллах әл-Қ’уртуби әл-Мәлики (д.ө.ж. 671 м.ж.), оған Алланың рақымы болсын,  өзінің тәпсірінде былай деп жазады:

كل بدعة صدرت من مخلوق فلا يجوز أن يكون لها أصل في الشرع أولا ، فإن كان لها أصل كانت واقعة تحت عموم ما ندب الله إليه وخص رسول عليه ، فهي في حيز المدح. وإن لم يكن مثاله موجودا كنوع من الجود والسخاء وفعل المعروف ، فهذا فعله من الأفعال المحمودة ، وإن لم يكن الفاعل قد سبق إليه. ويعضد هذا قول عمر رضي الله عنه : نعمت البدعة هذه ، لما كانت من أفعال الخير وداخلة في حيز المدح

«...Және жаратылыстан шыққан әрбір жаңалық оған шариғаттағы негізі болады немесе болмайды. Егер ол Алламен бекітілген құпталған амалдардан болса және Пайғамбарымыз, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, шақырған амалдардан орын алса, онда бұл құпталған іс және тіпті өмірде ондай аналогы болмаса да, мысалы, жақсылықтың, жомарттылықтың және жақсылық жасаудың көптеген түрлері мен оларды жақсы амалдар болғандықтан жасау және тіпті егер жасаушы адам оны бұрын жасамаса және бұны Омардың, Алла оған разы болсын, сөздері дәлелдейді: «Бұл қандай жақсы бидғат ...», себебі бұл жақсы амалдардан болғандықтан және жақсылықтың ортасына кіргендіктен...»

«Сахих» Муслимде хадис келтіріледі:


من سن في الإسلام سنة حسنة كان له أجرها وأجر من عمل بها من بعده لا ينقص ذلك من أجورهم شيئا، ومن سن في الإسلام سنة سيئة كان عليه وزرها ووزر من عمل بها من بعده لا ينقص ذلك من أوزارهم شيئا

«Кімде-кім Исламда бір жақсы амалға жол ашса, ол сол амал үшін сауап алады, сонымен қатар соны ұстанатындар үшін де Қиямет күніне дейін сауап алады. Ал кімде-кім Исламда жаман амалға жол ашса, бұл күнәнің зардабын шегеді, сонымен қатар сол күнәні жасаған басқа адамдар үшін Қиямет күніне дейін қиналады».

Имам Мұхиддин ән-Нәуәуи (631-676 һ.ж./1233-1277 м.ж.), оған Алланың рақымы болсын, Сахих Муслимге жасалған Шархта бұл хадиске қатысты былай деді:



قوله : ( مَنْ سَنَّ فِي الْإِسْلَام سُنَّة حَسَنَة فَلَهُ أَجْرهَا ) إِلَى آخِره، فِيهِ : الْحَثّ عَلَى الِابْتِدَاء بِالْخَيْرَاتِ وَسَنّ السُّنَن الْحَسَنَات، وَالتَّحْذِير مِنْ اِخْتِرَاع الْأَبَاطِيل وَالْمُسْتَقْبَحَات، وَسَبَب هَذَا الْكَلَام فِي هَذَا الْحَدِيث أَنَّهُ قَالَ فِي أَوَّله : ( فَجَاءَ رَجُل بِصُرَّةٍ كَادَتْ كَفُّهُ تَعْجِزُ عَنْهَا، فَتَتَابَعَ النَّاس ) وَكَانَ الْفَضْل الْعَظِيم لِلْبَادِي بِهَذَا الْخَيْر، وَالْفَاتِح لِبَابِ هَذَا الْإِحْسَان.
وَفِي هَذَا الْحَدِيث تَخْصِيص قوله : " كُلّ مُحْدَثَة بِدْعَة وَكُلّ بِدْعَة ضَلَالَة "، وَأَنَّ الْمُرَاد بِهِ الْمُحْدَثَات الْبَاطِلَة وَالْبِدَع الْمَذْمُومَة، وَقَدْ سَبَقَ بَيَان هَذَا فِي كِتَاب صَلَاة الْجُمُعَة، وَذَكَرْنَا هُنَاكَ أَنَّ الْبِدَع خَمْسَة أَقْسَام : وَاجِبَة وَمَنْدُوبَة وَمُحَرَّمَة وَمَكْرُوهَة وَمُبَاحَة

«Бұл хадисте жақсы амалдар жасауға және жақсы дәстүрді қалыптастыруға үндеу жатыр, сонымен қатар жаман әрі түкке тұрмайтын істерді ойдан шығарудан тыю бар. Бұл хадис бір адам ақшасы бар қапшықты әкелген адам туралы айтылған, ол оны ауырлығына байланысты әрең көтерген болатын. Және адамдар оған қарап, ақшаларын садақа еткен болатын. Және бұнда жақсылықты бастаған сол адамның үлесі зор. Сонымен қатар бұл хадисте Пайғамбарымыздың, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, басқа сөздерінің түсіндірмесі жатыр: «Әрбір жаңалық бидғат. Әрбір бидғат адасушылық». Бұл жерде құпталмаған бидғат айтлыған. Бұл жайында біз «Жұма намаза жайында кітапта» айтқан болатынбыз. Біз бидғаттың бес түрі бар дедік: міндетті, құпталған, тыйым салынған, құпталмаған және рұқсат етілген».
[Дереккөз: Имам ән-Нәуәуи, «Сахиху Муслим би шархин Нәуәуи». Зекет/Жарты құрма болса да садақа беру тарауы.]


Шейхул Ислам, имам ән-Нәуәуи (631-676 х/1233-1277 м), оған Алланың рақым болсын, «Әрбір бидғат адасушылық» деген хадистің шархында былай деді:


قال شيخ الإسلام الإمام النووي رحمه الله في (شرح صحيح مسلم 6/154): قوله - صلى الله عليه وسلم : ( وكل بدعة ضلالة ) " هذا عام مخصوص ، والمراد غالب البدع . قال أهل اللغة : هي كل شيء عمل على غير مثال سابق . قال العلماء : البدعة خمسة أقسام : واجبة ، ومندوبة ومحرمة ، ومكروهة ، ومباحة . فمن الواجبة : نظم أدلة المتكلمين للرد على الملاحدة والمبتدعين وشبه ذلك . ومن المندوبة : تصنيف كتب العلم ، وبناء المدارس والربط وغير ذلك . ومن المباح : التبسط في ألوان الأطعمة وغير ذلك . والحرام والمكروه ظاهران . وقد أوضحت المسألة بأدلتها المبسوطة في تهذيب الأسماء واللغات ، فإذا عرف ما ذكرته علم أن الحديث من العام المخصوص . وكذا ما أشبهه من الأحاديث الواردة ، ويؤيد ما قلناه قول عمر بن الخطاب - رضي الله عنه - في التراويح : نعمت البدعة ، ولا يمنع من كون الحديث عاما مخصوصا . قوله : ( كل بدعة ) مؤكدا ( بكل ) ، بل يدخله التخصيص مع ذلك ، كقوله تعالى : ( تدمر كل شيء ) ( الأحقاف : 25 ) "

Оның (Пайғамбарымыздың, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) сөздері: 

«Әрбір бидғат адасушылық», жалпы шектелген мағынасы бар, және оның мағынасы көптеген бидғаттар ол адасушылық. Тіл мамандары былай деп айтты: «Бидғат бұл кез-келген алдын аналогы болмаған жаңа зат». Ал ғалымдар былай деді: «Бидғаттың бес түрі бар: міндетті, құпталған, тыйым салынған, құпталмаған (карахат) және рұқсат етілген (мүбәх)».

Міндетті болған бидғаттарға: мутакаллимдердің (ақида ғалымдары) атеистерге және мубтадилерге (жаңалық енгізушілерге) және олардың адасушылығына дәлел келтірулері.
Құпталғандарға: ғылыми кітаптар жазу, медрсе салу, шекараларды күшейту және т.б. Рұқсат етілгендерге: жақсы тамақтың көп болуы т.б. Ал тыйым салынған мен құпталмағандар анық. 

Шын мәнінде мен бұл сұрақты «Тахзиб асма уә-л-Люғат» кітабында қарастырғанмын. Мен айтқан нәрсемен сен танысқанда, сен бұл хадистің шектеулі және жалпы екенін білдің. Сол сияқты басқа хадистер де. Біздің сөздерімізді, Омар ибн әл-Хаттабтың, Алла оған разы болсын, тарауих туралы сөздері күшейтіп тұр:
«Әрбір жақсылық бидғат». Хадис жалпы әрі шектеулі екені Пайғамбарымыздың, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, сөздерімен жоққа шығарылмайды: «Әрбір бидғат», «әрбір» - деген сөзбен күшейтілген, керісінше ол шектеулі мағынада қолданылады, Алланың сөзіндегідей: «Ол әрбір затты жойып жібереді» [Әл-Ахқаф 47/25 аят].
[Дереккөз: Имам ән-Нәуәуи, «Сахиху Муслим би шархин Нәуәуи», 6/154.]


Шейхуль Ислам, имам ән-Нәуәуи (631-676 х/1233-1277 м), оған Алланың рақымы болсын, «Тахзиб асма уә-л-Люғат» кітабында былай деді:


وقال النووي في كتاب تـهذيب الأسماء واللغات، مادة (ب د ع ) ج3/22 ما نصه: "البدعة بكسر الباء في الشرع هي: إحداث ما لم يكن في عهد رسول الله صلّى الله عليه وءاله وسلم، وهي منقسمة إلى حسنة وقبيحة، قال الإِمام الشيخ المجمع على إمامته وجلالته وتمكّنه في أنواع العلوم وبراعته أبو محمّد عبد العزيز بن عبد السلام رحمه الله ورضي عنه في ءاخر كتاب القواعد: "البدعة منقسمة إلى واجبة ومحرّمة ومندوبة ومكروهة ومباحة. قال: والطريق في ذلك أن تعرض البدعة على قواعد الشريعة، فإن دخلت في قواعد الإِيجاب فهي واجبة، أو في قواعد التحريم فمحرّمة، أو الندب فمندوبة، أو المكروه فمكروهة، أو المباح فمباحة".انتهى كلام النووي.

«Шариғаттағы бидғат – бұл Пайғамбарымыз, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, кезіндегі болмаған затты енгізу; және ол жақсы және жаман болып бөлінеді».

Көрнектілігімен, түрлі ғылымдармен ие болған және бәрімен танылған шейх және имам Әбу Мұхаммад `Абдулазиз ибн `Абдус-Саләм (577-660 һ.ж./1181-1262 м.ж.), Алла оны рақым етіп, оған разы болсын, «Қауаид» кітабының соңында былай деді: 


«Бидғат міндетті, тыйым салынған, құпталған, құпталмаған және рұқсат етілген болып бөлінеді. Оны Шариғат нормасымен салыстыра отыра анықауға болады. Егер ол міндетті болған нормаға түссе, онда ол міндетті, ал егер тыйым салынғанға түссе, онда ол тыйым салынған, егер ол «құпталғанға» - онда ол құпталған, немесе ол рұқсат етілген түссе – онда ол рұқсат етілген».
[Дереккөз: Имам ән-Нәуәуи, «Тахзиб асма уә-л-Люғат», 3/22]


Ибн Раджаб әл-Ханбали (736-795 һ.ж./1335-1393 м.ж.), оған Алланың рақымы болсын, былай деп айтты:


قال ابن رجب الحنبلي: «والمراد بالبدعة ما أحدث مما ليس له أصل في الشريعة يدل عليه، وأما ما كان له أصل في الشرع يدلّ عليه فليس ببدعة، وإن كان بدعة لغة» جامع العلوم والحكم، تأليف: ابن رجب الحنبلي، ص223.

«Бидғат дегеніміз Шариғаттағы негізі жоқ болған жаңалық. Ал шариғаттағы негізі бар зат бидғат болмайды, тіпті егер ол лексикалық мағынада бидғат болса да».
[Дереккөз: Ибн Раджаб, «Дж`ами әл-`Улум уә әл-Хикам», 223-бет.]

Ұлы ғалым, муджтахид, имам Ибн Дақиқ әл-Ид (625-702 һ.ж./1228-1303 м.ж.), оған Алланың рақымы болсын, «Имам ән-Нәуәуидің 40 хадистер» жинағының 28 хадисін түсіндірме жасағанда былай деді: «Жаңалықтардан абай болыңдар, себебі әрбір жаңалық – бидғат, және әрбір бидғат – адасушылық» [Қр. Әбу Дауд, әт-Тирмизи]:


وقوله [ وإياكم ومحدثات الأمور ] إعلم أن المحدث على قسمين : محدث ليس له أصل في الشريعة فهذا باطل مذموم ومحدث بحمل النظير على النظير فهذا ليس بمذموم لأن لفظ ( المحدث ) ولفظ ( البدعة ) لا يذمان لمجرد الإسم بل لمعنى المخالفة للسنة والداعي إلى الضلالة ولا يذم ذلك مطلقا فقد قال الله تعالى : { ما يأتيهم من ذكر من الرحمن محدث } وقال عمر رضي الله عنه : نعمت البدعة هذه يعني التراويح.... والله أعلم (1/73)

Пайғамбарымыздың, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын: «Жаңалықтардан  аулақ болыңдар» - деген сөздері. Сен білетін бол, бидғаттың екі түрі бар: Шариғаттағы негізі жоқ «бидғат», онда бұл терістелген адасушылық, себебі «мухдас сөзі – бидғат/жаңалық» және «бидғат сөзі - жаңалық» деген сөздері атаулары ғана үшін терістелмеген. Керісінше (олар терістелген болады) мағынасы Сүннетке қарсы келсе және адасушылыққа әкелсе, және жалпы түрде терістелмейді. Расында Алла Тағала былай деп айтты: «Қашанға бізге Раббымыздан жаңа насихат (мухдас) келгенде», және Омар, оған Алла разы болсын, былай деп айтты: «Қандай жақсы бидғат/жаңалық», яғни, тарауих... Ал Алла жақсырақ білуші».
[Дереккөз: «
Шарх әл-Арб`аин хадис ән-Нәуәуи», 75-76 беттер.]


Дереккөз: darulfikr.ru
Аударған: darulahnaf.com