Пәтуәлар

Күнәхарды емес, күнәні жек көру

Сұрақ: «Күнәхарды емес, күнәні жек көру» принципі әр жерде және әрдайым исламда қолданылады ма? Алла үшін пендені жек көруге болатын жағдайлар бола ма? Шектен шығарлық кездерде (мысалы, Аллаға сенбейтін адам мұсылманды аяусыз өлтірсе және т.б) адамды жек көруге болтын шығар? Ашық түрде күнә жасайтын адамды жек көрсе бола ма? Немесе сүннетті мазақ ететін адамды ше? Берілген сұрақты ашық түрде талқылаңызшы. (Швейцария)

Жауап:

Аса қамқор ерекше мейірімді Алланың атымен!
Ассаламу алейкум уа рахматуллахи уа баракатух! 

«Күнәхарды емес, күнәні жек көру» принципі төменде келтірілген хадистен келеді: Абу Хурейра (Алла оған разы болсын) пайғамбарыздың (Алланың оған сәлемі мен игілігі болсын) келесі сөздерін жеткізеді:

– Егер сіздің күңіңіз рұқсат етілмеген жыныстық қатынасқа түссе, және бұл әрекет дәлелденген болса, оны қамшылау қажет, және бұдан кейін оны ешкім айыптамау керек. Егер ол бұл істі екінші рет қайталаса, оны қамшылау қажет, және бұдан кейін оны ешкім айыптамау керек. Егер ол бұл істі үшінші рет қайталаса, және бұл әрекет дәлелденетін болса, онда оны сатып жіберу қажет, оның бағасы тіпті шаш баудың бағасындай болса да.
(Бухари)

Осы сөздерден «күнә» және «күнәхар» арасындағы айырмашылықты ұғыну керек екендігі айқын көрсетілген. Күнәхар жасаған қылмысы үшін зардап шегеді, бірақ бұл бізге оны зардабынан артық кемсітуге рұқсат бермейді. Ондай кемсітулермен біз тек Ібліске көмектесеміз.

Келесі хадиске көңіл аударыңыз:

Абу Хурейра (оған Алла разы болсын) пайғамбарымызға (Алланың оған сәлемі мен игілігі болсын) бір күні шарап ішкен адамды әкелгенін айтады. Пайғамбар (Алланың оған сәлемі мен игілігі болсын) айтты:
– Оны қамшылаңдар. Біреулер оны қолмен ұрса, басқалары киіммен ұрған. Күнәхар бетін бір жаққа бұрған кезде, кейбіреулер айқайлап жіберді:
– Алла сені масқараласын!
– Олай айтушы болмаңдар, - деді пайғамбар (Алланың оған сәлемі мен игілігі болсын), - әйтпесе Ібіліске оны жеңуге жәрдем бересіңдер. (Бухари)

«Күнәхарды емес, күнәні жек көру» принципі дегеніміз күнәхар мойнына жазылған азаптан басқа ешқандай қосымша кемсіту көрмеу қажет. Бірақ бұл сөзге негізделіп, күнәхар адаммен тығыз қарым-қатынасты ары қарай дамытуға болмайды, әсіресе егер бұл нәтижесінде адамның өзі күнәға апаратын жағдайға әкелсе. Яғни, күнәхарды кемсітуге болмайды, бірақ сонымен қатар өзіңді күнәхардан келетін зиян әсерінен сақтау қажет.

Алла жақсырақ білуші.

Хузейфа Дидат
Тексерілді және рұқсат етілді: муфтий Ибрагим Десаимен
Дереккөз: 
askimam.org