Пәтуәлар

Мәлики мазхабындағы музыканың үкімі


Біздің уақытта модернистер және адасып кеткендер, өздерінің нәпсілеріне еріп және күнәдан бас тарта алмағандықтан, Исламдағы анық харам болған нәрселерді рұқсат деп айта бастайды, музыка сияқты болған заттарды. Оның жан-жақты тарап және мұсылмандардың иман келтірмегендерге ұқсауы, адамдар үшін музыка тыңдамау қиын іске айналды.

Өздерінің дұрыстығын дәлелдеу үшін бұл адамдар аз танымал болған жалпы исламды масштабта болған мазхабтарға жүгінеді. Сөйтіп, кейбіреулер мәлики мазхабында музыка рұқсат етілген деп айтады, немесе Медина адамдарынан оның рұқсат етілгендігі туралы хабар жеткізеді, немесе имам Мәликтің өзі, Алла оны рақым етсін, музыкалық аспаптарда ойнағандығын айтады.

Бұл мақалада біз келесі нәрселерді түсінуге тырысамыз: 

– Мәлики мазхабындағы музыка туралы пікір; Мәлики-ғалымдары арасында осы мәселеде келіспеушілік бар ма? 
– Медина адамдарынан музыканы тыңдаудың рұқсат екендігі жайлы хабар бар ма? 
– Имам Мәликтің, Алла оны рақым етсін, осы мәселедегі өз ойы; имамның музыкалық аспаптарда ойнағандығы жайлы хабардың сахих па екендігі. 

Кіріспе 

Әл-гинаның (музыка немесе ән айту) үш түрі бар: 

 1) Музыкасыз ұят болмаған, джихад және басқа да жақсы амалдарға шақыратын ән айту. Бұл түрі рұқсат етілген және сахабалар мен табиғиндерден бізге жеткен.

 2) Барабандармен (даф) қосып ән айту. Ғалымдар арасында бұл түрге байланысты ихтиләф/әр-түрлі көз қарас бар. Кейбіреулер оны толығымен рұқсат етсе, кейбіреулер – тек әйелдерге тойда.

 3) Музыкалық аспаптармен, соның ішінде «`уд» (арабтар лютнасы - бұрынғы замандағы ішекті музыка аспабы), сыбызғы (дудка) және т.б аспаптармен бірге ән айту, бұлар мұсылмандар иджм`асымен тыйым салынған. Бұл музыкаға салынған мәтіннің мағынасы да маңызды емес.

 Бұл зерттеуде музыкалық аспаптармен болатын музыка сөз қозғалады, яғни біздің уақытта музыка деп аталатын зат жайында.

 Мәлики мазхабының ұстанымы 

Имам Мәлик, Алла оны рақым етсін, айтты: «Әнші ер адам мен әйел адамның куәсі, егер олар сонымен танымал болса, қабыл алынбайды».
[Дереккөз: «Әл-Мудаууана», 5\153.] 

 «Джауахир әл-Иқлилде» былай деп айтылған, - «Мұхтасар әл-Халилге» түсіндірме, мәлики мазхабында үкім шығару үшін негіз болатын кітапта:
«Музыка сабағының ақысын төлеуге болмайды».
[Дереккөз: «Джауахир әл-Иклил», 2\189.] 

«Аш-Шарх әс-Сағир» шархында сонымен қатар былай деп айтылған: «Ұятсыз мағынасы бар немесе музыкалық аспаптармен болатын ән, тіпті тойларда тыйым салынған».
[Дереккөз: «Аш-Шарх әс-Сағир», 4\105.] 

Әбу Абдуллах әл-Әби, Алла оны рақым етсін былай деді: «Музыканттарды (олардың қызметін) төлеудің рұқсат емес екендігінде күмән жоқ».
[Дереккөз: «Шарх Сахих Муслим», 4\250.] 

Музыка сабақтарының ақысын төлеудің рұқсат болмағаны, музыканың өзінің рұқсат болмағанына нұсқайды. Әбу әт-Теййб әт-Табари, Алла оны рақым етсін, былай дейді: «Мәлик ибн Әнас музыканы және оны тыңдауды тыйым салған».
[Дереккөз: Бұл пікірді Ибн әл-Джаузи, Алла оны рақым етсін «Талбис-Иблисте» келтіреді 229 бет.] 

Әл-хаттаб, Алла онырақым етсін, «Китаб әш-Шахадат» кітабының басындағы «Мұхтасар әл-Халилдің» музыка тыңдаушының куәгерлігі қабыл болмайды және музыка тыңдау кіші күнәларға жататындығы жайлы сөздерін түсіндіргенде былай айтқан болатын: «Егер ән музыкалық аспасыз орындалатын болса, онда ол мәкрүһ (Ғалымдардың бір бөлігі музыкалық аспапсыз болған әнді тыңдау құпталмаған іс болып табылады деп ойлаған.), және оны бір рет тыңдағандығы үшін куәгерлігі алынады, ол алынбау үшін адам ондайды бірнеше рет тыңдау қажет. Ибн Әбдул-Хакам адамның [музыкасыз болған әнді көп тыңдауы] адамның [муруватын] құртады деп айтқан. Ал музыкалық аспаптармен («`уда/сыбызғы») болатын әндерді тыңдау харам болып табылады. «Мухтасар Халилге» Ахмад ад-Дардираның «Хашият ад-Дусукида» жасаған шархында, егер ән салуда ұятсыз заттар бар болса және ол шахуаттың қозуына әкелсе немесе музыкалық аспаптармен болатын болса, онда ол тыйым салынған деп айтылған.
[Дереккөз: Ахмад ад-Дардир, «Хашият ад-Дусуки», 2\337-338.] 

Біз не ғалым, не мәлики мазхабының «толибул-илм/білім талап етуші» болмағандықтан, бұл мәлики мазхабының ғалымдарының сөздерін дұрыс түсіну үшін, біз өзінің хашауиттерге және заманауи модернисттерге қарсы болуда танымал болған, ең дарынды және ең мықты жас ғалымға жүгінеміз – шейх әл-Азхари.

Шейх әл-Азхариге мынадай сұрақ қойылған болатын: 

«Шейх әл-Азхари, біз мәликиттер арасында музыкалық аспаптарды, соның ішінде сыбызғы (флейта) қолдануға болатындығы жайлы сөздер бар деп айта аламыз ба? Немесе мәликиттер арасында музыка толығымен тыйым салынғандығы жайлы келісім бар ма?»

Шейх бұл сұраққа былай жауап берді: 

«Мәликилердің пікірі бойынша, музыкалық аспаптарды қолдану немесе тыңдау тыйым салынған. Тойдағы дабылды/бубенді қолдануды санамағанда. Ал дабылға/бубенге ілінген қоңырауға қатысты мәликиттер арасында келіспеушілік бар, себебі дабыл/бубен тыңдау әсерін ұлғайтады. Сонымен қатар екі жағынан тартылған үлкен дабыл/барабан жайында келіспеушіліктер бар. Сыбызғы (флейта) жайында мәликилер тең дәрежеде келіспеді. Бірақ мазхабтағы таңдалған пікір бұл – бұл аспапты тыйым салу болып табылатынын айту қажет. Соған қарамастан, сыбызғы рұқсат екендігі жайлы айтқан ғалымдар, оның барлық түрін рұқсат демей, тек қамыс сабағынан жасалған және дыбысы адамды ашуландыратын түрін рұқсат деген. Ал дыбысы жанды баурайтын және таңқалдыратын сыбызғы, адамға ләззат әкелетіндіктен тыйым салынған. Және мәликилер басқа да адамға ләззат әкелетін музыкалық аспаптар да тыйым салынған деген».

 Сол себепті бұл мақалада айтылған мәлики мазхабының ұстанымы, өздерінің нәпсілеріне еріп, музыканы халал дейтін әр түрлі жалған сопылардың және модернистердің емес, заманауи мазхабтағы фақихтардың түсінігіне сәйкес келеді.

 Және мақаланың соңында мәлики ғалымының музыканы тыңдау туралы иджм`асын келтіреміз. Мәликилердің ғалымы болған, ұлы имам әл-Қуртуби, Алла оны рақым етсін, былай деді: «Музыка мен бос уақыт өткізу (лахв) ғалымдардың бірыңғай пікірі бойынша харам болғандықтан, музыканың харам екендігінде келіспеушіліктер жоқ».
[Дереккөз: «Ахкам әл-Құр`ан», 14\54.] 

Медина тұрғындары ұстанымының келіспеушілігі жайындағы шубханы талқылау Кейбір заманауи ғалымсымақтар музыканың халал екендігін дәлелдегілері келіп, имам Мәликтен, Алла оны рақым етсін, және Медина тұрғандарының музыканы әшкерлемегендері туралы сөз әкеледі. Бұл не жалған сөз, не музыка дегенде музыкалық аспапсыз ән айтуды айтылған.

 Ибн Раджаб әл-Ханбали, Алла оны рақым етсін, былай деді: 

«Ибрахим ибн Сада әл-Мадани және Убейдуллах ибн әл-Хасан әл-`Анбари, Басра қаласының қадиынан басқа, Закария ибн Ибрахим әс-Саджи «Ихтиляф әл-Улема» кітабында ғалымдардың «әл-гинаның» харам екендігі жайында бір ауыздан келіскендігі туралы айтылады. Бірақ бұл жерде музыкалық аспапсыз қолданылатын «әл-гина» туралы айтылған, себебі бұл жайында ешбір саляфтан оны жеңілдету жайында айтылмаған. Бұл тек соңғы болған захириттер және кейбір сопылардан болған ғалымдардан белгілі [1], бірақ олардың пікірі ештеңе білдірмейді. [1] - Кейбір сопылар музыканың халал екендігі жайлы пікірлерін білдіреді, мысалы, Әбдул-Ғани ан-Набулси, бірақ бұл жерде имам Раббанидің сөздерін еске алу керек, ол айтқан егер сұрақ «харам» немесе «халалға» қатысты болса, мазхабта еруде қарапайым мұсылмандардың деңгейінде болған сопылардың сөздеріне емес, тіпті әш-Шибли немесе әл-Бистами, оларға Алланың рақымы болсын, деген сияқты үлкен әулиелерден болған адамдар болса да, ол үмметтің имам-муджтахидтерінің сөздеріне қайтамыз.

Имам Ахмад былай деп айтты: «Бізге Иса ибн әт-Таб`а жеткізген: «Мен Мәликтен Медина тұрғандары арасында музыка жайлы жеңілдіктер бар ма деп сұрадым. Имам Мәлик былай деп жауап берді: “Біз бұны күнәхарлардың ісі деп есептейміз”. Сонымен қатар бұл жайында Ибрахим ибн әл-Мунзир әл-Хазами де айтқан, ол Медина тұрғындарының ғалымы болған». [Дереккөз: Әл-Халал «`Амр бил-м`ағруфте…» келтіреді.] 

Бұдан түсінетініміз, Медина тұрғындарынан болған ғалымдардың пікірі барлық жақтан болған ғалымдардың пікіріндей екенін».
[Дереккөз: «Нузхатул-асм`а», 69-бет.] 

Ибн Хаджар әл-Хайтами, Алла оны рақым етсін, былай деді: «Ибн Тахирдің Медина тұрғындарының иджм`асы [музыканың халал екендігі жайлы] жайындағы сөзі болса, ол жағынан болған өтірік сөз».
[Дереккөз: «Кафу әр-Ри`а», 126-бет.] 

Әл-Азра`и, Алла оны рақым етсін, былай деп айтты: «Ибн Тахир бұны [музыканың халал жайында] – бұл қастандық әрі жалған сөз».
[Дереккөз: Бұл сөздерді Әл-`Аузаи ибн Хаджар әл-Хайтамидің «Каффу әр-Ри`ада» 126-бетте келтіреді.] 

Сонымен қатар әш-Шаукани және Ибн Тахир келтіретін Медина тұрғындарының иджмасы бойынша музыка халал деген хабары, оның ішінде «`уда» (арабтар лютнасы - бұрынғы замандағы ішекті музыка аспабы) халал деген хабары сахих емес. Бұның бәрі Ибн Омар, Әнәс ибн Мәлик, `Аиши, Са`д ибн әл-Масайяб, әл-Қасим ибн Мұхаммед, Фудейл ибн И`ядтан, Алла оларға разы болсын, келетін хабарлармен жоққа шығады. Осыдан шығатын қорытынды, Медина тұрғындарының музыканы халал дегендері еш негізсіз.

Имам Мәлик музыкалық аспаптарды халал етіп, оны өзі қолдануы жайындағы сөзді талқылау. 

Әл-Хатыб, Алла оны рақым етсін, өзінің «Тарихында» ғалымдардың бір тобы, және олардың қатарында болған имам Мәлик, Алла оны рақым етсін, музыкалық дабылды/барабанды қолдануға болатынында бәрі келіскен және имам Мәлик, Алла оны рақым етсін, өзі сонда ойнаған деген заттарды келтіреді. Бұл хабар себепке байланысты жалған: Иснадта `Убейдуллаһ ибн Са`д бар, ол жайында ибн Хиббан: «Оған сенуге болмайды» деген. Бұл имам Мәликтің, Алла оны рақым етсін, танымал болған тақуа және дүниеден бас тартқан биографиясына қарсы келеді. Имам Мәликтің өзі, Алла оны рақым етсін, музыканың харам екендігі жайлы және музыкалық аспапта ойнайтын адам күнәхар екендігін айтады. Имам Мәликтің мазхабындағы ғалымдар, Алла оларға рақым етсін, бұл жайындағы хабарды жеткізбейді, бірақ олар басқаларға қарағанда имам Мәликтің, Алла оны рақым етсін, дінге қатысты бұл сұраққа қатысты ұстанымын жақсырақ біледі.

Айтылған барлық сөздерге негізделе отырып, Медина тұрғындарының, имам Мәликтің, Алла оны рақым етсін, және оның пікірін білдіруші мәлики мазхабының ғалымдарының пікірі барлық ислам ғалымдарының музыканың және музыкалық аспаптардың харам екендігі жайындағы пікірлерінен ешқандай айырмашылығы жоқ екендігін айтуға болады. Алла бізге өз нәпсімізге қарсы тұруға күш болатындай тауфиқ берсін! Әмин. 

Автор: Әбу Әли әл-Әша`ари

Дереккөз: darulfikr.ru
Аударған: darulahnaf.com