Пәтуәлар

Ислам дінінен не шығарады. Бірінші бөлім.

بِسْمِ اللهِ الرَّحْمَنِ الرَّحِيم
 الْحَمْدُ لِلَّهِ رَبِّ الْعَالَمِينَ وَالصَّلاةُ وَالسَّلامُ عَلَي أَشْرَفِ الْمُرْسَلِين وَعَلَى آلِهِ وَأَصْحَابِهِ أَجْمَعِين 

Аса мейірімді, ерекше рақымды Алланың атымен бастаймын. Барша мадақ әлемдердің Раббысы Аллаға тән. Адамзаттың ардақтысы Мұхаммедке, оның отбасы мен сахабаларына салауат пен сәлем болғай! 



Кітап: «әл-Кифаяту ли зауил иная»
Автор: Муфти АбдулБасыт әл-Фахури
Дәріс жүргісуші: Махди Шамсуддин

 Ридда – бұл Исламнан шегіну (қайту). 

 Адам діннен шығаратын нәрсені жасағаннан соң муртадд (діннен шыққан) болып саналу үшін – ол міндетті түрде ақыл иесі бар, кәмелет жасқа толған және күпірлікті мәжбүрлікпен істемеу керек. Егер адамды өліммен қорқытып немесе өмірі үшін маңызды дене мүшелерін зақымдау қаупімен Исламнан шығуға мәжбүрлесе, ол жүрегінде иманды сақтап қалу шартымен муртадд болып есептелмейді (өйткені бұл жағдайда оның өз қалауы болмады).

Ридда мәселесінде ер мен әйел адамның арасында айырмашылық жоқ: күпірлік сөз айтқан немесе күпірлік амал жасаған әйел, дәл ер адам сияқты, діннен шығады.

Адам күпірлікке саналы түрде, оны ниет етіп, Шариғатта діннен шығаратын амал ретінде жіктелген істерді жасаумен немесе Шариғат тұрғысынан күпірлік болып саналатын сөздерді өз қалауымен (өлім қаупісіз) айтып күпірлікке түсуі мүмкін, тіпті жүрегінде иманын сақтап және айтылған сөздерге сенбесе де. Адам егер Ислам дінін немесе оның кез–келген бір ережелерін кемсітетін күпір сөздерін айтса немесе сондай пікірлерді жүрегінде ұстанатын болса, Исламнан шығады. Егер адамға қандай да бір мәселе бойынша ақиқатты жеткізсе, ал ол тәкаппарлық не менменшілдік себебінен мойындамайтын болса, онда ол күпірлікке түседі. Егер адам мас болған күйде күпірлік сөздерін айтса, ол діннен шығады. Және бұл жағдайда мастығы ақылдан айыратындай болмау керек және өз-өзін сондай халге жеткізбеген, яғни оны мәжбүрлеп шарап ішкізбеген деген шарттар қойылады. Ары қарай мұсылманды кәпір қылатын сенімдер мен амалдардың мысалдары келтіріледі.

Адамды Исламнан шығаратын сенімдер мен амалдар. 

·  Адамда іштей Исламнан қайту сенімі бар, оның келешекте немесе қандай да жағдайларда Исламнан шығу ниеті бар. Мысалы, адам іштей өз-өзіне қандай да бір тілегім орындалмаса немесе үйге нақты бір адам кіретін болса, күпірлікке түсетіндігін айтатын болса. Ол жүрегінде сондай шешім пайда болған сәтте-ақ күпірлікке түседі. Адам осы дүниенің мәңгі екеніне сенсе. Мысалы, кейбір грек философтары мен сондай бір "мұсылман" философсымақтары секілді.

·  Адам Алла Тағаланың қандай да бір сипатын немесе дінге қатысты ижм`а бар бір мәселені жоққа шығарса. Мысалы, Алла Тағалада Ілім (әл-`Илм) немесе Күш (әл-Қудра) бар екенін жоққа шығарса, ол Исламнан шығады.

·  Алла Тағала барлық нәрсе жайлы тек жалпы біледі де, егжей-тегжейін білмейді деп сену. Бұндай сенім философтарда болған, мысалы, Ибн Рушд. 

·  Алла Тағаланы Оған қатысты мүмкін емес болған қасиеттермен сипаттау – күпірлік болады. Мысалы, Алла Тағаланы түспен сипаттау, Оған әлсіздік, шаршау, қорқу сияқты сипаттар беру, Оның әйелі мен баласы болуы мүмкін деп сену (христиандардың сенімі сияқты) және сол сияқтылар. Алла Тағаланы сондай кемсітетін қасиеттермен сипаттайтын адам – мұсылман емес.

·  Күнге немесе кез-кезген басқа бір нәрсеге сәжде қылу. Пұтқа немесе күнге сәжде қылу – күпірлік, адамның жүрегінде оған арнап ғибадат ету ниеті болмаса да. Бірақ бұл шарт (ғибадат ету ниеті) сәжде адамға, мысалы сұлтан немесе шейхке жасалғанда ескерілу қажет. Осылайша, егер адамға сәжде жасаушы ғибадат емес, мысалы сәлем беру мағынасында жасаса, ол күпірлікке түспейді, алайда ол жасағаны харам және үлкен күнә істеген болады.

·  Мұсылман тек қана кәпірлерге тән болған амалды жасаса, ол діннен шығады деген мұсылмандар арсында ижм`а бар. Мысалы, адам тек христиандар киетін киімді (мысалы, поптар мен монахтардың киімін) кисе немесе крест тағып христиандармен бірге шіркеуге баратын болса. Бұл жағдайда адам күпірлікке түседі, алайда негізінде шіркеуге кіру мұсылмандарға тыйым салынбаған.

·  Егер адам Алла Тағаланың, Пайғамбардың, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, есімі жазылған, Құран аяттары бар, хадистер немесе фиқһ мәселелері жазылған қағаздарды қоқысқа немесе лас жерге тастаса, ол күпірлікке түседі. Және бұл мешітті кемсіту/менсінбеу мақсатымен оның ішіне нәжіс жаққан адамға да қатысты.

·  Анық белгілі болған және мұсылмандар арасында ижм`а болып бекітілген пайғамбарлық жайында күмәндану. Мысалы, Адам, оған Алланың сәлемі болсын, пайғамбарлығында күмәндану.

·  Мұсылмандар арасында ижм`амен бекітілген Кітаптарды Алла Тағала жібергендігінде күмәнді болу. Мысалы, адам Алла Тағала Тәурат, Забур, Інжіл немесе Ибрахим парақтарын жібергендігінде күмәндану.

·  Егер адам Алла Елшісінің, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, барлық сахабаларын кәпір деп айтса, ол Исламнан шығады.

·  Мекке немесе Қағбаның бар екенін теріске шығару және ол қасиетті жерлердің ұлылығына сай емес сөздер айту.

·  Барлық мұсылмандарға белгілі болған діни рәсімдер жайлы кемсітіп сөйлеуге және оларды менсінбеуге тыйым салынған. Мысалы, адам қажылық, намаз немесе ораза жайлы менсінбей сөйлесе, күпірлікке түседі. 

·  Егер адам Шариғат бойынша қайсы бір әмірдің халықтан салық жинауын заңды іс деп білсе, ол адам күпірге түседі.

·  Кез-келген белгілі бір Сүннетті жоққа шығару. Мысалы, адам айт намазын жоққа шығарса, күпірлікке түседі. 

·  Алла Тағала тыйым салғанды рұқсат ету. Мысалы, адам дәретсіз намаз оқуды рұқсат етсе және мұндай намаз қабыл болады деп білсе 1. Және бұл мұсылманды немесе зиммиді (мұсылмандардың жерінде өмір сүретін және олардың қорғауында болатын христиандар мен яһудилерді) негізсіз жәбірлеуді/ренжітуді рұқсат еткен адамға да қатысты.

·  Алла Тағала рұқсат еткенге тыйым салу. Мысалы, егер адам сауда мен некені харам деп шығарса. 

·  Егер адам Пайғамбар Мұхаммедке, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, «қара түсті» деген сипатты берсе, күпірге түседі. Өйткені бұл сипаттама Пайғамбарға тән сипаттардан емес. Және бұл Пайғамбар сақалын жібермей дүниеден өткен, ол Құрайш тайпасынан емес немесе ол араб емес деп айтқан адамға да қатысты.

·  Пайғамбарлардың мөрі (соңғы пайғамбар) болған Мұхаммедтен, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, кейін тағы пайғамбарлар болады деп сену (бұндай сенімдер «ахмадия» ағымында бар).

·  «Пайғамбар Меккеде тұрған–тұрмағанын... Мәдинәда қайтыс болды ма, әлде жоқ па, білмедім...» - деген мағынадағы сөздерді тәкаппарлықпен айту.

·  Пайғамбарлық дәрежесіне ғибадатпен немесе тақуалықпен жетуге болады деп сенген адам – мұсылман емес 2.

·  Әулие пайғамбарлардан (оларға Алланың сәлемі болсын) қандай да бір жағынан артық бола алады деп сену (мысалы, ғибадатта).

·  Пайғамбар болмастан періштелерден уахи аламын деген адам күпірлікке түседі. Адам осы өмірде Жәннатта болғаны жайлы айтса (яғни, өлім келмей тұрып, тікелей мағынада Жәннатта болғаны туралы айтуы).

·  Қандай да бір пайғамбарға не періштеге қатысты сын айту, оларды жазғыру немесе Пайғамбарды, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, не періштелерді, олардың қандай да бір сипаттарын не әрекеттерін қорлау (немесе кемсіту) сөздерін айту.

·  Адамға: «Тамақтан кейін саусақтарыңды жалап ал, өйткені бұл сенің Пайғамбарыңның Сүннеті ғой», – деген де, ол бұл амалдың оған жиркенішті екенін айтса. Бұл іс Шариғатта күпірлік ретінде қарастырылады, өйткені бұл амалда Сүннетті кемсітушілік бар.

·  Пайғамбарға, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, немесе періштеге олардың мәртебесіне лайықты болмаған және абыройларын түсіретін қасиеттер немесе амалдар қосу.

·  Егер адам Мұхаммед Пайғамбарға, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, ол сипатталмаған әрі лайықты болмаған қасиеттерді қосатын болса. Мысалы, шығыстанушылардың Пайғамбарға құмарпаздық қасиеті тән деген пікірлерін атауға болады. Пайғамбарға қатысты осындайды айтқан мұсылман күпірлікке түседі. Адам баласы, Пайғамбар, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, жайлы мысқылмен немесе кемсіткен түрде сөйлесе. Бұны тек тұспалдаудың өзі де күпірлікке түсу үшін жеткілікті болады.

·  Егер басқа адамның күпірлігіне разылық білдірсе, адам күпірге түседі. Мысалы, мұсылман біреуге қандай да бір себептерге қатысты Исламды қабылдамау керектігін айтса. Бұндай сөздерден кейін адам күпірлікке түседі.

·  Егер мұсылман емес адам мұсылманнан шахаданы үйретуін немесе Исламды қабылдау үшін не істеу керектігін сұраса, мұсылман ол адамға шахаданы үйретіп, жауап беру міндетті болады. Егер мұсылман оған, мысалы «Мен асығыспын, бірақ кейін қайтып келіп, Ислам қабылдау үшін не істеу керектігін айтып беремін» десе немесе телефон қоңырауына көңіл бөліп кетсе және т.с.с. істерге жол берсе, ол күпірлікке түседі.

·  Адам Алла Тағала қандай да бір мұсылман емеске иман бермесін деп дұға жасады немесе сондай тілегі бар. Бұл жағдайда, басқа бір адам Исламды қабылдамасын деген тілегі – мұсылман басқа біреудің күпірлігіне разы дегенді білдіреді, сондықтан оның өзі кәпір болады. Бұл мынадай сөздерге де қатысты: «Алла Тағала бұл адамды күпірлігінде бекітсін» (оны адасушылығында одан әрі нығайтсын).

·  Адам басқа бір мұсылман Исламды қалдырсын деп дұға қылды немесе соны тіледі. Адам күпірге түседі, өйткені басқа адамның күпірлігіне қатысты разылық білдірді.

·  Мұсылман басқа мұсылманға, оның мұсылман екенін біле тұра: «Ей кәпір!», – деді.

·  Адам Алла Тағаланың қандай да бір тыйымдарын не әмірлерін келеке етті немесе қорлау түрінде сөз айтты.

·  «Егер Алла Тағала маған ... деп бұйырса, мен ешқашан бұны орындамас едім» деген мағынадағы сөздер айту.

·  «Егер Алла Тағала мені Жәннатқа кіргізсе, мен ол Жәннатқа ешқашан кірмеймін» деген сөздер. Бұл сөздермен адам менсінбеушілік пен тәкаппарлық танытқандығы меңзеледі.

·  Егер адам қатты науқас болып мынадай мағынадағы сөздер айтса: «Егер Алла Тағала менің мұндай халде намазды тастағаным үшін жазалайтын болса, Ол әділетсіздік жасайды», бұл адам күпірге түседі. Мысалы, адамды бір дерт мазалайды, бірақ намаз өтеуге (бұл өте қиын болса да) шамасы бар. Біреу оны намаз оқуға үгіттесе, өйткені оның сырқаты болса да, оны орындауға мүмкіндігі бар, сырқат адам оқымайтындығын айтады, ал егер Алла Тағала сол үшін оны жазаласа, онда Құдай әділетсіз деп жауап берген адам күпірге түседі.

·  Адам куәлікті (мысалы, өзіне қарсы куәлікті) тіпті Пайғамбардан, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, немесе періштеден болса да қабыл етпес едім деп айтса.

·  Адам Құран және Сүннетпен дәлелденген діндегі кез-келген бір мәселеге күмән келтірсе. Мысалы, бес уақыт намаз Құдайдың бұйрығы екендігіне сенбеді.

·  Біреу адамнан: «Күш пен қуат Алладан басқа ешкімде жоқ» немесе сол сияқты сөздерді айтуын өтінді, ал ол адам бұл сөздер оған еш пайда тигізбейді деді.

·  Адам мұнараның жанынан өтіп бара жатып азанды естігенде «намазға шақырып жатқан азаншы өтірік айтты» деді немесе оның дауысын христиандардың шіркеу қоңырауына ұқсатты.

·  Адам азан жайлы жақтырмаған түрде сөз айтты.

·  Адам «Бисмилләх» сөзін қандай да бір харам істің алдында айтты, мысалы, шарап ішер алдында 3. 

·  Адам менсінбеушілікпен немесе тәкаппарлықпен Қиямен күнінен қорықпайтындығын айтты. Бірақ, егер адам бұндай сөздерді «Шариғатпен жүрсем және Алла Тағалаға ғибадат қылсам – жазаланбаймын» деген мағынада айтқан болса, онда бұл сөздер күпірлік болмайды, өйткені ол адамның ниетінде менсінбеушілік пен тәкаппарлық жоқ.

·  Адам бұл өмірді (дүниені) келесі өмірден (ахиреттен) артық көріп және Алла Тағаладан Жәннаттің орнына осы өмірдің бақыттын сұрайтын болса.

·  Адам басқаларды күлдіру үшін ғұламалардың киімін киді және сонымен ғалымның абыройын кемсітіп, ғалымдарға менсінбеушілік білдірді. Мысалы, әдетте ғалымдар киетін киімді киіп, сонымен адамдарды күлдіретін актер күпірлікке түседі.

.........................................................................................

1. Шафиғи мәзхабына сай, адам жүрегінде тыйым салынғанды рұқсат деп санау керектігі шарт ретінде қойылады, сонда ғана ол күпірге түседі. Бірақ ханафи мәзхабында адам, мұндай намаз қабыл болмайтынын біле тұра деген шартпен, дәретсіз намаз оқығанның өзінде-ақ күпірлікке түседі. Оның бұл істі Шариғат бойынша рұқсат деп санау–санамауы маңызды емес. 
2. Ислам ақидасына сай, Алла Тағала пайғамбарларды Өзінің Даналығымен таңдайды, бұл дәрежеге жету өздігінен лайық болу мүмкін емес. 
3. Шафиғи мәзхабына сай, бұл жағдайда амал күпірлік болу үшін, адамның бұндай сөздерді Алла Тағаланың тыйымын менсінбеу ниетімен айту шарты қойылады, бірақ ханафи мәзхабында бұндай іс ниетке тәуелсіз, өздігінен күпірлік болып саналады. 

Дерекнама: Darulfikr.ru
Аударған: Darulahnaf.com