Пәтуәлар

«Әр-Радду Әляль-Джахмийя» атты кітапты Имам Аxмад жазған ба?


Жалған саләфилер ақида сұрақтарында жиі «Әр-Радду Әляль-Джахмийя» атты кітапқа жүгінеді, әрі оны имам Аxмадқа жатқызады (яғни ол жазды деп). Бұл кітап толықтай Әһлу Сунна ақидасына қайшы келеді, сондықтан бұл имам Аxмадтың кітабы емес. Алайда оларға қуанышты жәйттардың бірі, бұл кітапта жалған саләфилердің теріс сенімдеріне сай келеді. Сондықтан олар белсенді түрде бұл кітапты имам Аxмадтың қол жазбаларына жатқызады. Осы мақаламызды ин ша Алла бұл кітап имам Аxмадқа қатысы жоқ екендігін дәлелдегіміз келеді. 

 Ескере кетсек біз тізбегі (иснад) анықталмайынша, еш бір адамға еш нәрсе жатқыза алмаймыз. Дәл солай «Әр-Радду Әляль-Джахмийя» атты кітаптың да тізбегі бар дейді және оны олар имам Аxмадқа жатқызады. Алайда тағы бір нәрсені естен шығармаған жөн, яғни құр тізбектің өзі жеткілікті емес! Тізбектегі жеткізушілер шыншыл, әрі онда сенімді адамдардың болуы және оларға арқа сүйенуге тұрарлықтай болу керек. 

 «Әр-Радду Әляль-Джахмийя» кітаптың екі тізбегі (иснады) бар, және сол әр-бір тізбекте “әл-Хадир бин әл-Мусанна әл-Кинди” деген жеткізуші бар, алайда ол белгісіз жеткізуші (рауй). Сондықтан белгісіз біреуден жеткен риуаят ӘЛСІЗ болып табылады. Дәл осы сәтте жалған саләфилер алдап айла істегілері келеді, яғни Ибн Қайм әл-Жаузий былай деп мәлім деген оны, яғни “әл-Хадирді” әл-Халлял таныс болған және одан xадис риуаят еткен. Бұл қабыл алынбайды, өйткені әл-Халлял өзінің таныс болғандығы жайында растауын бермеді “әл-Хадирге”, керсінше одан жәй ғана риуаят еткен. Бізге белгілі болғандай, белгісіз біреуден жәй риуаят жетсе, оның расталуы құпталмайды. Демек әл-Хадир белгісіз жеткізуші (рауй) болып қалады, және еш бір ғалым оған өзінің растауын бермеді (яғни оны еш бір ғалым құптамады және оны сенімсіз деп есептеді). 

 Хафиз Ибн Раджаб әл-Ханбали өзінің «әл-Қауәид» кітабында, әл-Хадир жайында былай деп айтқан:

 ذَكَرَهُ الْخَلَّالُ فِي أَحْكَامِ الْعَبِيدِ عَنْ الْخَضِرِ بْنِ الْمُثَنَّى الْكِنْدِيِّ عَنْهُ. وَالْخَضِرُ مَجْهُولٌ تَفَرَّدَ عَنْ عَبْدِ اللَّهِ بِرِوَايَةِ الْمَنَاكِيرِ الَّتِي لَا يُتَابَعُ عَلَيْهَا 

 «Бұны әл-Халял «Ахкамул-‘Абид» кітабында атап өтеді, ол әл-Хадир бин әл-Мусанна әл-Қинди. Әл-Хадир белгісіз біреу болып табылады, ол Абдуллаxтан ілеспейтін жазғырылған риуаттарымен алыстады». 

[Дерекнама: Ибн Раджаб әл-Ханбали, «әл-Қауәид», 230-бет.] 

Сондай-ақ тағы бұл риуаяттарда басқа да кемшіліктері бар, әр-қайсысын атап өтеміз: 

 1. Ибн Әбу Я'ля жеткізген риуаятта өзінің «Табақатул-Ханабилә» атты кітабында, Мұхтар бин Мұхаммед бин әт-Туюри, ол Ибрахимнен, ол Абдул-Азиз Әбу Бәкір әл-Халлялден, ол әл-Хадира бин әл-Мусанна әл-Кинди, ол Абдуллах бин Ахмадтан. Риуаят етуші (жеткізуші) Ибрахим белгісіз біреу болып табылады. Кейде оны (Ибрахимді) Ибрахим бин Шакиль деп те шатастырады, өйткені ол Абдул-Азизден риуаят еткен. Бұл солай-ақ болғанның өзінде де Ибн әт-Туюри 411-һ.ж. дүниеге келген, ал Ибн Шакил 369-һ.ж. дүниеге келген, сондықтан одан хадис естіп, жеткізуі мүмкін емес.  

2. Әбу Тахир әл-Мүбәрак бин әл-Мүбәрак бин әл-Ма’тусаның жеткізген риуаяты, ол Әбу әл-Ғанаима Мұхаммед бин Мұхаммед бин Ахмад бин әл-Мухтади биллях, ол Әбу әл-Қасим Абдуль-Азиз бин Әли әл-Азджи, ол Әбу Бәкір Ғуллямуль-халляль, ол әл-Хадира бин әл-Мусанна әл-Кинди, Абдуллах бин Ахмадтан, ол өзінің әкесінен имам Ахмадтан риуаят етті, оған Алланың рақымы болсын. 

 Бұл тізбекте екі (2) үзіліс бар:  

1. Ибн әл-Мухтади 436-һ.ж. дүниеге келген, алайда әл-Азджиден естуі мүмкін емес, өйткені ол 444-һ.ж. дүниеге келген. 

2. Әл-Азджи 356-һ.ж. дүниеге келген, ол Ғулямуль-халлялден хадис естуі мүмкін емес, өйткені ол 363-һ.ж. дүниеге келген. Келтірген деректер толықтай дәлелдеп тұр, яғни жоғарыда аты аталған кітап имам Ахмадқа, оған Алланың рақымы болсын, еш қатысты және оның еш қандай негізі жоқтығына. 

 Жалпы бұны имам Ахмадтың кітабы деп айтқан ғалымдар болғанын біз мойындаймыз. Алайда иснад (тізбек) бұл негіз болып табылады, ал тізбек әлсіз болса, кітапты имам Ахмадтікі деп айту дұрыс емес. 

 Сондай-ақ, бұл кітап имам Ахмадқа жалған етіп соның атынан тағып қойған деп айтқан ғалымдар бар, соның ішінде ғалым Хафиз әз-Захаби өзінің «Сияр а‘ләм ән-нубалә» кітабында, былай деп жазады:

 فَهَذِهِ الرِّسَالَةُ إِسْنَادُهَا كَالشَّمْسِ، فَانْظُرْ إِلَى هَذَا النَّفَسِ النُّورَانِيِّ، لاَ كَرِسَالَةِ الإِصْطَخْرِيِّ، وَلاَ كَالرَّدِّ عَلَى الجَهْمِيَّةِ المَوْضُوْعِ عَلَى أَبِي عَبْدِ اللهِ، فَإِنَّ الرَّجُلَ كَانَ تَقيّاً وَرِعاً، لاَ يَتَفَوَّهُ بِمِثلِ ذَلِكَ. وَلَعَلَّهُ قَالَهُ، وَكَذَلِكَ رِسَالَةُ المُسِيءِ فِي الصَّلاَةِ بَاطلَةٌ. 

 «Бұл шығарманың иснады (тізбегі) – күнге ұқсас. Мына шыраққа қараңыздар «Рисаләтуль-Истахарий» немесе «Әр-Радду Әляль-Джахмийя» бұларды Әбу Абдуллахқа (имам Ахмадқа) жалған етіп тағып қойды. Ол өте тақуа және Алладан қорқатын адам болды, бұндай сөздер айтпаған, алайда айтқанда болуы мүмкін. Сондай-ақ «Рисаләтуль-мусии фи ссаляти» жарамсыз болып табылады». 

[Дерекнама: Имам әз-Захаби «Сияр а‘ләм ән-нубалә», 11-том, 287-288 бет.]  

Шейх Шуайб әл-Арнаут өзінің тахқиқында, «Сияр а‘ләм ән-нубалә» кітабына былай деп пікір жазады:

 ومما يؤكد أن هذا الكتاب ليس للامام أحمد أننا لانجد له ذكرا لدى أقرب الناس إلى الامام أحمد بن حنبل ممن عاصروه وجالسوه، أو أتوا بعده مباشرة وكتبوا في الموضوع ذاته كالامام البخاري ت 256 ه، وعبد الله بن مسلم بن قتيبة ت 276 ه، وأبي سعيد الدارمي ت 280.

 والامام أبو الحسن الاشعري قد ذكر عقيدة الامام أحمد في كتابه " مقالات الاسلاميين "، ولكنه لم يشر إلى هذا الكتاب مطلقا، ولم يستفد منه شيئا. 

 «Осылайша келтіргендерді күшейтетін, бұл кітап имам Ахмадтікі емес, өйткені имам Ахмадқа жақын болғандарынан, замандастарынан, онымен бірге болғандарынан, немесе одан кейінгі келгендерден бұны атап өткендер болған емес (яғни кітаптың атауын), бұл жайында мақала жазғандар имам әл-Бұхари (256-һ.ж. д.ө.), Абдулла ибн Муслим ибн Кутайба (276-һ.ж. д.ө.) және Әбу Саид әд-Дарими (280-һ.ж. д.ө.). 

Имам Әбул-Хасан әл-Әшғари имам Ахмадттың сенімі жайында өзінің «Мақалятул-Ислямийн» кітабында атап өтеді. Алайда кітаптан ол еш нәрсе көрсетпеді және одан еш нәрсе алмады (яғни, «Әр-Радду Әлял-Джахмийя» кітабы Әһлу Сунна ақидасына қайшы, егер ол кітап болғанда имам Әшғари оны атап жазар еді)».  

Имам әл-Әшғаридің ақидасы бұл имам Ахмадтың ақидасы!

Имам Шейхул-Ислам Әбу Бакр әл-Исмаили әш-Шафии (277-371 х/891-982 м) рахимахулла айтқан:

«Бұл дін жоғалмай тұрып - яғни оның басым бөлігі жойылмай тұрып - Алла Тағала оны имам Ахмад ибн Ханбал, Абул-Хасан әл-Әшғари және Әбу Нуайм әл-Истарабази арқылы қалпына келтірді (ұлылығын арттырды)».

[Ибн Асакир, «Тарих ад-Димашк», «Табйин»; әс-Субки, «Табакат»]

 Имам Таджуддин әс-Субки (717-771 х/1318-1370 м) рахимахулла «Табакат әш-Шафиийя әл-кубра» кітабында айтады:

«Әбул-Хасан әл-Әшғари Имам Ахмад ибн Ханбалдан кейінгі Әһли Сүннаның ең ұлы ғалымы. Оның ақидасы - имам Ахмадтың, Алла оған рақым етсін, ақидасы болып табылады. Бұған еш күмән жоқ. Әл-Әшғари мұны өз еңбектерінде де жазған. Өзінің ақидасы ардақты имам Ахмада ибн Ханбалдің ақидасымен сәйкес келетінін бірнеше рет қайталаған. Шейх Әбул-Хасанның дәл осы сөзі оның еңбектерінде көп рет айтылады.».

[әс-Субки, «Табакат әш-Шафиийя әл-кубра», 4/236]

Ханбалилер имамы Әбу Фазл Әбдул-Вахид ат-Тамими (341-410 х/952-1019 м) «И’тикад имам Ахмад ибн Ханбал» атты кітабында айтты:


 وسئل (أي الإمام أحمد) قبل موته بيوم عن أحاديث الصفات, فقال: تمر كما جاءت, ويؤمن بها إذا كانت بأسانيد صحاح, ولا يوصف الله بأكثر مما وصف به نفسه بلا حد ولا غاية, ليس كمثله شىء وهو السميع البصير, ومن تكلم في معناها ابتدع 


«Имам Ахмадтан өлерінен бір күн алдын сипат туралы хадистерді сұрады . Ол (Ахмад) былай жауап берді: Оларды қалай келді солай қалдырамыз және оларға сенімді тізбекпен келген болса сенеміз және де Алланы өзін сипаттағанан артық сипаттамаймыз, шектеусіз және шекарасыз, «Оған ұқсас ешнарсе жоқ, Ол естуші, көруші». Және кім-де кім олардың мағынасы туралы айтар болса жаңалық енгізген болады».

 [«И’тикад имам Ахмад ибн Ханбал», 87 бет. Даруль Кутубил Илмийя] 

Хафиз аз-Захаби (673-748 х/1274-1348 м) имам ат-Тамими туралы былай деп айтты:

 ]أبو الفضل التميمي الإمام الفقيه ، رئيس الحنابلة... قال الخطيب : كان صدوقا ، دفن إلى جنب قبر الإمام أحمد... قلت : كان صديقا للقاضي أبي بكر بن الباقلاني وموادا له. توفي سنة عشر وأربعمائة

«Әбу Фазл ат-Тамими, имам, фақих, ханбалилер басшысы… ал-Хатыб ал-Багдади айтты: Ол шыншыл болатын, оны имам Ахмадтың қасына жерледі. Мен (аз-Захаби) айтамын: Ол Кади Әбу Бакра аль-Бакилянидің сенімді досы еді . Хижраның 410 жылы дүние салды.»

 [аз-Захаби, «Сияр а'лям ан-нубуля]  

21-ғасырдың жалған саләфилері, жоғарыда келтірген имам әз-Захабидің сөзін ұстап алып айрылғылары келмейді, яғни оның мына сөздерінен: «алайда айтқанда болуы мүмкін» - деген, олардың айтатын уәждері “әз-Захаби бұлай айта тұра өзі күмәнданған” – дейді. Жалған саләфилерге айтатынымыз бұлай өз-өздеріңді алдамаңдар, бұл жерде имам әз-Захабидің ойда тұтқаны: «кітап сонда да жазылған болу керек, алайда кейіннен оны бұрмалап, ішін өзгертіп жіберді». Солай болғандықтан онда мынаны қалай түсінеміз, егер имам әз-Захаби былай деп мәлім десе, ол “имам Ахмад тақуа және Алладан қорқатын адам болды” деп жазады да, кейіннен одан күмәндана ма сонда? Егерде жалған саләфилердің логикасын алатын болсақ, имам Ахмадтың тақуа және Алладан қорқатын адам болғанына, ол әз-Захаби күмән келтіргені ме? Әрине бұл сандырақтық! 

 Қортындылай келсек «Әр-Радду Әлял-Джахмийя» атты кітап Имам Ахмадтікі деп айту негізсіз болып табылады.

 Әлемдердің Раббысы Алла Субхана уә Тағалаға сансыз мадақтар болсын! 

Дереккнама: al-fatava.com 
Аударған: darulahnaf.com