Пәтуәлар

“Сәләф-ус-салихиндер” мен 21-ғасырдың “жалған Сәләфиттерінің” ақидасын салыстыру


Аса Қамқор, ерекше Мейрімді Алланың атымен.

“Сәләф” сөзі бұрынғылар, өткендер, алғашқылар деген мағыналарды береді. Яғни, дінімізде сахабаларға,табиғиндерге (сахабаларды көргендер) және әтбаъу табиғиндерге (табиғинді көрген ұрпақ) берілген есім. Дінімізде осы үш ұрпаққа “сәләф” немесе “сәләф-ус-салихин” деген термин қолданылады. Бұның мағынасы «Өткен салих адамдар» дегенді білдіреді. Сәләф-ус-салихин жолында жүрген мұсылмандар Әһлу Сүннет деп аталады.
Үмметіміздің ең беделді муфассиры имам сәләф Ибн Жәрир әт-Табари (оған Алланың рақым болсын) 224-310һ./839-923м. Алла Тағаланың: «Сонан кейін аспанға истиуа…» (2:29),- деген аятына пікір білдіре келе, бір пікірталасты келтіреді. Ол жерде қарсы тарап «истәуә» сөзін «улуу», яғни жоғарылау сөзін жоққа шығарғысы келеді, себебі ол жерден Алла Тағала төменде болып, кейіннен жоғарылады деген мағына шығып қалады дейді. Мұның себебі, қарсылас «улуу» сөзін тура мағынасында, яғни қимыл-қозғалыс мағынасында түсініп алуы. Оған жауап ретінде имам Табари (оған Алланың рақым болсын) былай дейді:Біздердің білуімізше “Уаххабит-жалған сәләфиттердің” шейхтары: «Біздер “сәләф ус-салихиндердің ақидасындамыз», — деп жар салуда. Шын мәнінде солай ма, жоқ па, сәләф және халәф ғалымдардың сөздері “Уаххабшылардың” шейхтарының сөздерімен сәйкес келе ма, жоқ па оны төменде қарастырамыз.
قـيـل له: فكذلك فقل: علا علـيها علوّ ملك وسلطان لا علوّ انتقال وزوال
«Қарсыласына былай деп айтады: Онда сенде де: Ол өзінің күш құдыретімен биік, Ол бір жерден екінші жерге қозғалып, биіктемеді» деп айт»
[«Жамиъ әл-байан фи тафсир әл-Құран», 1/428-430]

Уахабилердің шейхы Абдуллах әл-Гунайман имам әт-Табаридың сөзіне былай деп пікір айтады:
قوله «فقل علا عليها علو ملك وسلطان لا علو انتقال وزوال» هو من جنس كلام أهل البدع ، فلا ينبغي ، وهو خلاف الظاهر من النصوص بل هو من التأويل الباطل
«Имам Табаридың сөзі: «Онда сен былай деп айт: Ол өзінің күш құдыреттімен биіктеді, бір жерден екінші жерге қозғалып биіктемеді»- бұл кәләмшылардың жақтастарының бірі және де бидғат иелерінің жолын қууышылардың сөздері, бұлай етуге болмайды, өйткені мәтіннің ашық мағынасына қарсы келеді, керсінше бұл жалған тәуил».
[«Шарх китаб ат-Таухид мин Сахих әл-Бұхари»]

Хафиз Әбу Бәкір әл-Байхақи (оған Алланың рақым болсын) 384-458һ./994-1066м., «Сунан әл-Кубра» атты еңбегінде имам хафиз Әбу Мухаммад Ахмад әл-Музаниден (оған Алланың рақым болсын) 270-356һ.ж., былай деп жеткізеді:
( أخبرنا ) أبو عبد الله الحافظ قال سمعت أبا محمد أحمد بن عبد الله المزني يقول : حديث النزول قد ثبت ، عن رسول الله — صلى الله عليه وسلم — من وجوه صحيحة ، وورد في التنزيل ما يصدقه وهو قوله تعالى : ( وجاء ربك والملك صفا صفا ) والنزول والمجيء صفتان منفيتان عن الله تعالى من طريق الحركة ، والانتقال من حال إلى حال ، بل هما صفتان من صفات الله تعالى بلا تشبيه ، جل الله تعالى عما تقول المعطلة لصفاته والمشبهة بها علوا كبيرا
«Бізге Әбу Абдуллах әл-Хафиз (әл-Хакім) былай деді: Мен Әбу Мұхаммад Ахмад ибн Абдулла әл-Музани былай дегенін: «Төменге түсуі жайындағы хадистер Пайғамбарымыздан (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) сенімді риуаяттармен жеткен. Төменге түсуін Алла Тағаланың мына сөздері растайды «Сенің Раббың қатар түзеген періштелермен келеді». «Төменге түсу» мен  «келу» сөздері Алла Тағаланың сипаттарынан емес, себебі бір жерден екінші жерге қозғалу мен ауысу Аллаға тән емес. Керісінше, осы екі сипат ташбих [ұқсату] сипаттардан болып табылады. Алла Тағала «мушаббих» және «муаттилдер» айтып жүрген сипаттардан Пәк әрі Үстем.   
[Әбу Бәкір әл-Байхақи, «Сунан әл-Кубра», 3/3]

Ал Уахабилердің муфтиі Ибн Баз сәләф ғалым Ахмад әл-Музанидің сөзіне қандай пікір жазғанын көрейік.
Сауд Арабиясының бұрынғы муфтиі, уаххабшылардың шейхы Абдулазиз ибн Баз Әбу Мұхаммад әл-Музаниден жеткен (Исмаил әл-Музанимен шатастырмаңыздар) «төменге түсу» мен «келу» сөздерін жоққа шығарып, олардың Алла Тағалаға тән емес сипат екенін, өйткені бұл бір жерден екінші жерге қозғалып өту мағынасы жатқандығы айтылған сөздері жайлы былай дейді:
ولا شك أن هذا القول باطل مخالف لما عليه أهل السنة والجماعة
«Бұл сөздердің мәнсіз және де Әһлі Сүннет түсінігіне қарама- қайшы келетініне біздің күмәніміз жоқ».
[«Мажмуъ фәтәуә уә мақаләт мутанәууиә ли шейх ибн Баз»]

Шафиғи мазхабының ғалымы хафиз Ибн Хаджар әл-Әсқалани (оған Алланың рақым болсын) 773-852һ./1372-1449м.,  «Нузуль» жайлы хадистердегі сәләф және халәфтардың осы мәселедегі көзқарастарын айтып өтеді:
فمعتقَدُ سلفِ الأئمة وعلماءِ السنة مِن الخلف أنَّ اللهَ منزهٌ عن الحركة والتحوُّل والحلول
«Сәләф имамдар мен халәфтардың сүннетті ұстанушы ғалымдары осы мәселеде Алла Тағала қимыл-қозғалыстан, орын ауыстырудан және де бірігу сипатарынан пәк деген сенімде болған».
[Ибн Хажар: Фатхул Бәри: 8/505; Рияд: Дару Тайба 1426/2005]

Хафиз әл-Әсқаланидің осы сөзіне Абдурахман әл-Баррақ қандай пікір қалдырғанына қарайық.
Уахабилердің шейхы, Саудиялық ғалым Абдурахман ибн Насыр әл-Баррақ «Фатхул бәриге» жазған ескертпесінде Ибн Хажар әл- Әсқаланидің (оған Алланың рақым болсын) сөзіне былай деп пікір білдіреді:
أهل السنة متفقون على إثبات ما هو من جنس الحركة كالمجيء، والنزول، والدنو، والصعود، مما جاء في الكتاب والسنة
«Әһлі Сүннет «қимыл- қозғалысқа» жататын сипаттарды, атап айтқанда — «келу, түсу, жақындау, жоғарылау» секілді сипаттардың барлығы Құран мен Сүннетте келгендерден екендігін бірауыздан мақұлдайды. [Яғни бұл жерде Насыр әл-Баррақтың сөзі, шейх Ибн Хаджардың сөздеріне қарама-қайшы!]  
[«Фатхул Бари би шарх Сахих әл-Бұхари» Абдуррахман әл-Баррақтың ескертуімен,http://www.dorar.net/enc/aqadia/834; «Таалиқат шейх әл-Баррақ ъалә мухаллифат әл-ақидәти фи Фатхул  Бари»]

Және Мухаммад ибн Салиха әл-Усайминің сөзін бөлек келтіре кетейік. Уахабилердің ең беделді шейхы Ибн Усеймин былай деген:
وهذه النصوص في إثبات الفعل، والمجيء، والاستواء، والنزول إلى السماء الدنيا إن كانت تستلزم الحركة لله فالحركة له حق ثابت بمقتضى هذه النصوص ولازمها
«Егер қимыл-қозғалыс, келу, истәуә, дүние аспанына түсу айқын мәтіндерде Жаратушының іс- әрекетінен туындаған болып келсе, онда қимыл, іс-әрекет осы мәтіндерден туындағандығы үшін Оған қатысты дәлелденген шындық болып табылады».
[«Изаләту саттар ән жауаби әл-мұхтар ли хидайәти әл-мұхтар», сілтеме:http://ia600400.us.archive.org/35/items/ekmkekmk/esgmhm.pdf«Маджму Фатәуә уә расаил Ибн Усеймин»,http://islamport.com/w/ftw/Web/3460/600.htm ]

Ары қарай Алла Тағаланың қозғалуы жайындағы Әһлу Сүннеттің сәләф және халәф ғалымдарының сөздерін жеке келтіреміз.

Сәләфтардан болған белгілі мухаддис ғалым Әбу Хатим Ибн Хиббанның (оған Алланың рақым болсын) 270-354һ. / 883-965м. айтуынша, Алла Тағаланың «нузулінде» қозғалыс та, орын ауысу да жоқ:
كذلك ينزِل بلا آلةٍ , ولا تحرُّكٍ , ولا انتقالٍ مِن مكانٍ إلى مكانٍ
«Оның түсуі бір нәрсенің көмегімен емес, не болмаса қимылмен және бір жерден екінші жерге орын ауыстыру арқылы да емес».
[Ибн Хиббан: Сахих Ибни Хиббан 3/201; Бейрут, Муассасатур Рисалә: 1414/1993]

Әһлу Сүннет имамы Әбіл Хасан Әл-Әшғари (оған Алланың рақым болсын) 260-324һ./ 874-936м. өзінің «Рисаләтун илә Әһлис Саър» еңбегінде сәләфтардың көзқарастарын келтірген ғалым Бәбул Әбуәбәға жауап ретінде былай дейді:
وأجمَعوا على أنّه عز وجل يجيءُ يومَ القيامة والملك صفاً صفاً لعرْض الأُمَم وحسابِها وعقابِها وثوابِها ، فيغفِر لمن يشاء مِن المُذنِبين ، ويعذِّب منهم مَن يشاء كما قال

وليس مجيئُه حركةً ولا زوالاً ، وإنما يكون المجيء حركةً وزوالاً إذا كان الجائي جسماً أو جَوْهراً ، فإذا ثبَت أنّه عز وجل ليس بجسمٍ ولا جَوْهر لم يجِب أنْ يكونَ مجيئُه نُقلةً أو حرَكةً

ألا ترى أنّهم لا يريدون بقولهم : «جاءتْ زيداً الحُمّى » أنها تنقّلت إليه ، أو تحرّكت مِن مكان كانت فيه إذ لم تكن جسماً ولا جوهراً ، وإنما مجيئها إليه وجودها به

وأنه عز وجل ينزِل إلى السّماء الدّنيا كما روي عن النبي صلى الله عليه وسلم ، وليس نزوله نُقلة ، لأنه ليس بجِسم ولا جَوْهر , وقد نزَّل الوحيَ عند مَن خالفَنا

«Сәләф-ус-салихиндердің бірауыздан пікірлері бір жерден шықты, Алла ъазза уә Жәллә Қиямет күні адамдардан есеп алу үшін келеді және де періштелер де сап түзеп келеді, оларға жазасын болмаса сыйын(сауабын) береді, Өзі(Субхану Тағала) айтқандай күнәһарлардың ішінен қалаған адамына кешірім береді, қалағанына жазасын береді.  
Және де Оның (Субхану Тағала) келуі-қозғалыс, болмаса жүрісі- жылжу емес. Келу денеге немесе материяға қатысты болса, онда қимыл- қозғалыс болады. Ал Ол (Алла Тағала) дене мен материядан тұрудан пәк. Сондықтан да Оның келуі қимыл мен қозғалыс болуы міндетті емес.
 Арабтар «Зәйдқа ыстық келді» деген кезде «ыстықтың» бір жерден екінші жерге келуін я болмаса «ыстық» орнынан қозғалғанын меңземейді, себебі «ыстық» дене немесе материя емес және де негізінде оған ыстық келуі, Зәйдке ыстық болуы.
 Ақиқатында Ол, ъазза уә жәллә, аспан әлемінің жерге ең жақын қабатына бәсеңдейді, мұны Пайғамабрымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) Оның төмендеуі ауысу емес, себебі Ол дене мен материядан пәк деп түсіндіріп берген. Біздің қарсыласымыздың ойынша, Ол уахи түсіреді деген мағына береді».
[Әбіл Хасан Әл Әшғари: Рисаләтун илә Әһлис Сағир: 227-229; Мәдина: Мактабатул Улюми уәл Хаким: 1422/2002]

Мәлики мазхабының ғұламасы Әбу Омар Ибн Әбдил Барр (оған Алланың рақым болсын) 368-463һ./978-1071. өзінің «Әл Изтискар» еңбегінде «нузул» жайлы хадистерді айта келе былай дейді:
وقد قالتْ فِرقةٌ منتسبةٌ إلى السنة : إنه ينزِل بذاته ، وهذا قولٌ مهجورٌ , لأنه تعالى ذكْرُه ليس بمحَلٍّ للحرَكاتِ ولا فيه شيءٌ مِن علاماتِ المخلوقاتِ
«Өздерін Сүннет ұстанушыларға жатқызатын бір топ Алла Тағала Өз болмысымен түседі деп айтты. Бұл сөздер қабыл алынбайды, себебі Алла Тағалаға қимыл тән емес және де Оған жаратылыстың ешнәрсесі тән емес.
[Ибн Әбдил БаррӘл Истизкар: 8/153Каир: 1414/1993]

Шафиғилық ғұлама Имадуддин Ибн Касир (оған Алланың рақым болсын) 701-774һ./1302-1373м. өзінің «Әл Бидая уән Нихая» атты кітабында былай деп айтады:
روى البيهقي عن الحاكم عن أبي عمرو بن السماك عن حنبل عن أحمد بن حنبل تأول قول الله تعالى {وجاء ربك} أنه جاء ثوابه , ثم قال البيهقي : وهذا إسناد لا غبار عليه
«Имам Әл Байхақи Әл Хакимнен, ол Әбу Әмр Ибн Ас Симмақтан, ол Ханбалдан (Ибн Исхақ Әш Шәйбани, Ахмад Ибн Ханбалдың ағайыны), ол Ахмад Ибн Ханбалдан былай деп жеткізеді – Алла Тағаланың «Сенің Раббың келеді», деген сөзіне тәуил жасалады, яғни «Одан сауап аласың».  
Әл Байхақи айтты: «Бұл тізбекте (иснад) шаңның тозаңындай күмән жоқ».
 [Ибн Кәсир: «Әл Бидая уан Нихая: 1616; Байтул Афкарид Даулийя»]

Осы жерде мынандай сұрақ туындайды: Уахабилердің соңынан еріп жүрген Әһлі сүннет пен сәләфтар дегеніміз кімдер? Жоғарыдағы келтірген мысалдардан  және де Әһлі сүннет ғалымдары мен халәф ғалымдар бірауыздан Алла Тағаланы іс- әрекет пен бір жерден екінші жерге орын ауыстыру секілді сипаттардан пәктейді. Бірақ уахабилердің шейхтары неге екені белгісіз, бұл көзқараспен келіспейді.  
Бұл сұраққа біз өзіміз жауап берейік. Уахабилердің сәләфтары [муджассима мен мушаббихалар секілді ортақ көз қараста болған жақтастары!], яғни бұрынғылары бұл сұрақ мәселесінде көне заманда жоғалып кеткен, Алланы жаратылысқа ұқсатып,шектен шығушы шиит, яғни рафидиттер болған. Дәл солар Алла Тағалаға қимылды және бір орынан екінші орынға аусады деген болатын. Содай-ақ яһудейлер де Алланы адамға ұқсатқан.  

Шафиғилық ғұлама имам Әбдул Қахир әл-Бағдади (оған Алланың рақым болсын) 429һ./1037м. өзінің «Әл Фарқ Байнәл Фирақ» атты еңбегінде былай дейді:
وأجمَعوا على نفي الآفاتِ والغُموم والآلام واللّذات عنه , وعلى نفيِ الحَرَكة والسُّكون عنه خلافَ قولِ الهِشامِيّة مِن الرّافضة في قولها بجواز الحركة عليه
«Әһлу Сүннет ғұламалары бірауыздан Алла Тағаланың ауру-сырқат, өкініш, дерттерден, рахаттану секілді сипаттарын жоққа шығарады. Және де Оны қимыл-қозғалыс пен тыныштық секілді сипатардан пәктейді.
Бұл рафидиттердің “Әл Хишамиә” тобының көзқарастарына қарсы келетін көзқарас [яғни, жоғарыда айтылған теріс пікірлер!]. Олар Алла Тағаланы қимыл-қозғалыс иесі ретінде сипаттайды».
[Әбдул Қахир әл-Бағдади: Әл Фарқ Байнәл Фирақ: 333; Каир: Матбаатул Мадани]
Үлкен муфассир, Шафиғи мазхабының фақиһы, хижраның 6-шы жүзжылдығының муджаддиді, мутакаллимдер имамы Фахрудин әр-Рази (оған Алланың рақым болсын) 544-606һ./1150-1210м. өзінің әртүрлі ағымдар жайлы жазған еңбегінде былай деп жазған:
الخامسة الحوارية أصحاب داود الحواري وهو يثبت الأعضاء والحركة والسكون والسعي لله تعالى وكان يقول سلوني عن شرح سائر أعضائه تعالى ما عدا شرح فرجه ولحيته
Бесінші топ – Хауариә, Даууд әл-Хауаридің соңынан ерушілері (жақтастары). Ол дене мүшелер, қимыл-қозғалыс, тыныштық күйі және жүгіру сөздерін Аллаға бекіткен. Және де былай деген:
«Менен Оның жыныс мүшесі мен сақалынан өзге барлық нәрсесін сұраңдар, мен сендерге түсіндіріп беремін»
[Фахрудин әр-Рәзи, «Иътиқадат Фаркил Муслимин уәл Мушрикин», 63-67 беттер]
Үлкен ғұлама, муфассир Әбу Абдуллаһ әл- Қуртуби (оған Алланың рақым болсын) 600-671һ./1204-1274м. Құранда Әл-Мәида сүресінің 24-ші аятын былай деп тәпсірлейді:
ثم جهِلوا صفةَ الرَّبِ تبارك وتعالى فقالوا { فَاذْهَبْ أَنْتَ وَرَبُّكَ } , وصَفوه بالذَّهاب والانتقالِ ، والله متعالٍ عن ذلك . وهذا يدلُّ على أنهم كانوا مشبِّهةً ؛ وهو معنى قولِ الحسن ؛ لأنه قال : هو كفرٌ منهم بالله
«Осыдан соң олар (Исраил ұрпақтары) Алла Тағаланың сипаты мәселесінде өздерінің надандықтарын көрсетіп былай деп айтты: «Өзің және Раббың барып…» аятын олар (Исраил ұрпақтары) Алла Тағаланың кетуімен және ауысуымен сипаттады, ал Алла Тағала бұның бәрінен де аса Үстем әрі Пәк».
Бұл бізге яһудилердің мушаббих болғанын көрсетіп тұр. Және бұл Әл Хасанның сөзінің мағынасы, өйткені ол былай деп айтты: «Олардың (Исраил ұрпақтары) Алла Тағалаға қатысты айтқан осы сөздері күпірлік яғни дінсіздік».
[Әл Қуртуби: Әл Жами ли Әхкамил Қуран: 7/399; Бейрут: Әр Рисалә: 1427/2007 ]

Қорытынды: Уахабилер сәләфтардың соңынан ерушілер емес, олардың бұлай айтқандары жалған әрі бос сөз.

Уахабилердің шейхы әр-Рашид әл-Әлъмаи Ибн әл-Мубарактың бұл тәпсірімен келіспейтінін айтқан. Бұны имам әл-Бұхари «Халқ афъәл әл-Ибадта» (61-б), Ибн Хажар әл-Әсқалани «Фатх әл-Бариде» (13/477 б) келтіреді, хадис Ибн Омардан жеткен:
يدنو من ربه حتى يضع عليه كنفه ……
«… оған Өзінің төсін қоймайынша Раббысына жақындайды»
Ары қарай имам әл-Бұхари былай деп жазады:
قال ابن المبارك : كنفه يعني ستره
“Ибн әл-Мубарак былай дейді: «Өзінің төсін…» яғни панасын айтып тұр. Яғни, «кәнәф-кеуде» сөзін «сатр-қорғаныш, пана» мағынасында түсіндірген. Ал басқа сәләф, имам Ахмадтың шәкірті, Ибрахим әл-Харби (285 һ.ж.) бұл сөзді «нахиә-бағыт» деп тәпсірлегенін әл-Халләл «әс- Сунанда» жазады. Ал Ибн Шумайл (204 һ.ж.) болса «кәнәф» ол – «рахма — мейірімі» деп айтты. Мұны  Ибн Манзур өзінің «Лисәнул Арабында» жазған (9/308 бет).

Ибн әл-Мубарактың бұл тәпсіріне Уахабилердің шейхы әл-Әлъмаи былай дейді:
والصواب في هذه المسألة ـ والله أعلم ـ أن الكنف صفة من صفات الله كسائر صفاته لا يعلم كيفيته إلا هو ، فهو على ظاهره دون تأويل كما نقل ذلك ابن حامد عن الإمام أحمد
«Бұл сұрақтың дұрысы, ал ең дұрысы Аллаға мәлімі, яғни «кәнәф» — Алланың өзге сипаты секілі сипаттарының бірі, Өзінен басқа ешкім білмейтін сипаты. Және де бұл Ибн Хамид Имам Ахмадтан жеткізгендей ешқандай да түсіндірусіз, сыртқы сипаты болып тұр.   

Дерекнама: al-fatava.com
Аударған: darulahnaf.com