Пәтуәлар

Құран құндылығы жайлы 40 хадис. Алғы сөз


Шейхул Хадис Мәуләна Мұхаммад Зәкәрия Кандехлауи
Алла оны рақым етсін.

Алғы сөз
Адам баласын жаратып, оған сана беріп және Құранды түсірген әрі оны кеңесші, дертке дауа, басшы және де иманды жанға рақым еткен Алла Тағалаға сансыз мақтау мен мадақтар болсын. Онда ешқандай күмән мен қисықтық жоқ. Ол кемел туралықпен, сенімділікпен және де кәміл сенген жандарға нұр болып түсірілген. Барша игілік пен сәлемдер адамдар мен жындардың хайырлысы болған, нұры жүректер мен қабірге сәуле шашушы, дүниеге келуі әлемдерге, руына және Құранды таратушы және жұлдыздай жарқыраған саңлақ сахабаларына әрі оның артынан иманмен ергендерге рақым болғанға болсын. Осыдан соң, мен (автор), Зәкәрия — Ысмайылдың ұлы болған Яхияның ұлы, Құран құндылығы жайлы жазылған қырық хадисті сөздері мен үшін заң, артынан еру мен үшін зор құрмет болған адамдардан тыңдап, жинадым.

Сахаранпурдағы «Мазахир ул ъулум» медресесіндегі жылдық есепті тыңдауға жиналу, Алланың бір нығыметі еді. Осы мәжіліске — сөз шешендерді, уағызшыларды және атақты адмдарды жинағаннан гөрі, тақуа, ақ көңіл және де танылуға тырыспайтын шейхтарды жинауға тырысатын едік. Худжатул Ислам Қасим Нанотауи Сахиб, оған Алланың рақымы болсын және Кутубул Иршад Хазрат Мәуләна Рашид Ахмад Гангохи Сахиб, оның ортасын Алла нұрға бөлесін, осы жиынға келіп, жиынды әрі қатысушыларының жүрегін нұрландырып кеткен кездері оралмасқа кетті. Алайда көз алдымыздан Исламды жаңартушылардың және тура жолдың шамшырақтары хазрет Шейхул Хинд, хазрет Шах Абдур Рахим, хазрет Мәуләна Халил Ахмад Сахиб және хазрет Мәуләна Әшраф, Әли Тануи Сахиб, оларға Алланың рақымы болсын — осы жыл сайын өтетін медресенің жиынына жиналып, өлген жүректерге жан беріп, нұрдың қайнар көзін ашатын, осылайша ғашықтардың шөлін басатын.

Алайда қазіргі жылдық жиын бұрынғы тура жолдағы қайнарларынан айырылғанымен, шынайы ізбасарлары әлі күнге дейін берекелерімен жиынды жандандырып тұрады. Осы жылы қатысқандар мұның ақиқат екендігіне куә. Көзі ашықтар берекені көреді, алайда біз секілді көзі көр жандар да ерекше бір нәрсені байқайтын.
Егер медресенің жылдық жиынына қандай да бір адам жақсы сөз және күшті уағыз есту үшін келер болса, ол адам жүрек дертінің шипасын таппай, разы болмай қайтпайтын еді.

Осы жылы 27 зулқағдада, хижри бойынша 1348 жылы  медресеге Шах Хафиз Мұхаммед Ясин Нағинуи, оған Алланың рақымы болсын, келіп алдыларыңыздағы күнәһарға мейірім нөсерін бұл бейбақ тіпті рахмет айтуға шамасы келмейтіндей халге жеткізіп құйып кетті. Жоғарыдағыдан оның хазерті Гангохидің рухани уәкілінің бірі екендігін білгеннен соң, оның жақсы қасиеттерін, шыншылдығы жайлы және нұрының да барлығын айтудың қажеті шамалы.

Жиын біткеннен соң, мақтауға ие болған адам үйіне қайтып, құрметпен, маған қасиетті Құран жайлы қырық хадисті жинақтақтап, аудармасымен қосып оған жіберуімді бұйырған хат жолдады. Сондай-ақ, ол, егер мен тілегін орындамайтын болсам, менің шейхым әрі үлкен ағам Мәуләна Хафиз Әлжах Моли Мұхаммед Илиясқа, оған Алланың рақымы болсын, тілегін орындап беруін өтінемін деп жазды. Осылайша, ол осы еңбекті менің жазғанымды қалайтынын білдірді. Күтпеген жерден осындай құрметті хат мен сапарда жүргенімде келіпті, ал  менің ағам Сахаранпурда еді. Мен келген кезде ағам қолыма әлгі хатты ұстатты. Ендігі жерде мүмкіндік жоқ деп бас тартып, сылтау айтудың жөні болмады. Дегенмен, Имам Мәліктің, оған Алланың рақымы болсын, «Муаттасына» жазып жатқан пікірім ең жақсы сылтау еді, алайда мен бұл жұмысты бірнеше күнге қоя тұрып, жедел тапсырманы орындауға кірістім, ал қазыр сол еңбекті сіздерге ұсынбақшымын. Менің біліксіздігімнен болған жетіспеушіліктер үшін кешірім сұраймын.

Мен мұны Қиямет күні Пайғамбармыз, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп: «Кімде кім менің үмметім үшін дін жайлы қырық хадисті сақтар болса, Алла Тағала ол адамды Қиямет күні ғалымдармен бірге тірілтеді және де мен оған шапағатшы әрі куәгер боламын» деп, айтқаны үшін үміт етіп жасадым. 
Әлқами, оған Алланың рақымы болсын, «сақтау» деген сөз бір нәрсені алып алу және де жоғалып кетуінен жаттау арқылы немесе жазып алып сақтау, деген. Тіпті кімде кім жаттамастан, оларды жазбаша түрде кітап етіп жазып, оны өзгеге жеткізер болса, онда ол да жоғарыдағы хадистің жақсы хабарынан құр алақан қалмайды.

Мунауи, оған Алланың рақымы болсын, «менің үмметім үшін сақтаса» деген сөз, хадисті қайнар көзімен айтып берер болса деген мағына дейді. Кейбіреулер ол хадистерді жатқа да, олардың мағынасын білмесе де мұсылман адамға жеткізетін болса болды дейді. Сондай- ақ, «қырық хадис» деген жалпы мағынасында қолданылып тұр, яғни, барлық хадистер сахих, хасан немесе амал етуге болатын аздап даъиф хадистер бола алады. «Аллаху Әкбар!» Ислам не деген кең еді! Ғалымдар да егжей- тегжейлі барлық нәзік жерлерін көрсеткен. Алла Тағла сіздер мен біздерге Исламның кемеліне жетуін нәсіп етсін. 

Бұл жерде айта кететін маңызды нәрсе, мен сілтеме үшін «Мишқатқа», «Танких ур Рууәт», «Әл-Мирқат», «Шарх ул Ихиә ул-Улуум», «Әт Тағриб Мундириге» сүйендім және де көбінесе осылардан алдым. Сондықтан да оларды қайнаркөз ретінде көрсетуді жөн санамадым, әлбетте, егер бір ақпарат бұлардан алынбаған болса, міндетті түрде көрсетіледі.

Құран оқушы оқып жатқан кезде барлық тәртіпті сақтауы керек. Алға қойған мақсатқа кіріспес бұрын, алдымен, Құран оқудағы тәртіп пен әдеп жайлы айтып өткен жөн болар.

Қысқаша айтқанда, тәртіптің мәні – Құранның Құдайдың, Сүйіктінің және Қалаулының сөзі екендігінде жатыр.

Махаббаттан хабары бар адамдар сүйіктінің хаты немес сөзінің қаншалықты қымбат екендігін жақсы біледі. Бұл құштарлық пен жанкештілік осы қалыпта болса, барлық заң мен ережеден шетке шығып кетеді. Өлең шумағында былай делінген: «Махаббат махаббат заңын саған өзі-ақ үйретеді».

Егер осы кезде шынайы сұлулықты және таусылмас берекені ойлар болса, махаббат артады, сонымен бірге барлық жаратушылардың Жаратушысының, патшалардың Патшасының сөзі, Құдіретті Патшаның заңы ешбір ұлы нәрселермен салыстыруға тең келмейді. Патшалық сарайындағылар тәжірибесі арқылы, ал өзгелер басшының әмірі қандай қорқыныш тудыратынын біледі. Алланың сөзі – бұл Сүйікті Патшаның сөзі, сондықтан да осы екі мәселеде тәртіп пен әдепті сақтау қажет. Хазіреті Икрима, оған Алла разы болсын, Құранды оқымақ болып ашқан кезде, есінен танып құлайтын болған. Кейін былай дейтін: «Бұл менің Раббымның сөзі, бұл менің Раббымның сөзі».
Төменде Ислам ғалымдары нақтылап бекітіп берген Құран оқыған кездегі сақталуы тиіс тәртіп пен әдеп келтіріледі. Оқырмандарға ұсынып отырған бұл түсіндірменің мәні – адам баласы Құранды қызметші я күзетші болып емес, Мейірімді әрі Жарылқаушы Иенің және де Әміршінің сөзін құл ретінде оқуына жәрдем беру. Шейхтар былай деп жазады, кімде кім өзін Құран оқудағы тәртіпті дұрыс сақтамадым деп санар болса, ол адам Аллаға жақын болу дәрежесіне көтеріле береді, ал кімде кім өзінің тәртіпті сақтағанына көңілі толса, ол адам ол дәрежеге жетуге әлдеқайда қашық болады. 

Құран оқудағы әдеп заңдары

Мисуак қолданып, дәрет алғаннан соң оңаша жерге құрметпен және табандылықпен, жүзімізді құбылаға қаратып отыру керек. Құранды ішкі толғаныспен, махаббатпен, бейне бір, сен оны Алла Тағалаға оқып отырғандай сезімде оқу керек. Егер мағынасын түсінер болсаң, ой жүгірту арқылы рақымдылық және пана жайлы айтылған аяттарды оқыған кезде соны Алладан сұрай, ал жаза жайлы айтылған аяттар келген кезде Алладан пана тілеп, Одан өзге ешбір Пана жоқтығын еске ала оқу керек. Алланың Ұлылығы мен Пәктігі жайлы аяттарды оқыған кезде «СубханАллах» деп айту қажет. Егер оқыған кезде көзге жас келмесе, өзіңді жылауға мәжбүрлеуге болады. «Ғашық жан үшін ең тәтті нәрсе-көз жасымен ғашығына шағымдану».

Егер жаттау ниетің болмаса, Құранды тез оқудың қажеті жоқ. Құранды сүйемелге немесе жастық үстіне қойған дұрыс немесе жоғары жерге қою керек. Оқыған кезде ешкіммен сөйлесуге болмайды. Егер қажеттілік туса, кітапты жауып сөйлесуге болады. Қайта оқитын кезде «әъузу билләхті» оқу керек. Егер айналадағы адамдар өз істерімен шұғылданып жатқан болса, кедергі бермес үшін ақырын оқу керек, олай болмаса, дауыстап оқыған жақсырақ.

Шейхтар Құран оқудың 6 сыртқы және 6 ішкі тәртібін келтіреді.

Сыртқы тәртіптер:

1) Құрметпен, жүзді құбылаға қаратып отыру.
2) Оқыған кезде асықпай, ережесін сақтай, тәжуидпен оқу.
3) Жылауға тырысу, тіпті өзін мәжбүрлеу.
4) Рақымдылық мен азаптау жайлы аяттардың жоғарыда айтылғандай шартын сақтау.
5) Егер жасандылық қаупі немесе өзгелерге кедергі келтіру ыңғайсыздығы туса, ақырын оқу керек, негізі дауыстап оқыған абзал.
6) Әндетіп оқу, өйткені көптеген хадистерде Құранның әндетіп оқылғаны жайлы айтылады.

Ішкі тәртібі:

1) Жүректе Құранның ұлылығын, бұл сөзің қаншалықты ұлы сөз екендігін ұстау.
2) Жүректе Құран Өзінің сөзі болып табылатын Алла Тағаланың Ұлылығын, Құдіретін ұстау.
3) Жүректі күмән (уәсуәсә) мен қорқыныштан арылту.
4) Мағынасына ой жүгірте, рахаттана оқу. Алла елшісі, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, мына аятты қайта-қайта оқи түнді өткізген екен: «Егер оларды азаптасаң да олар құлдарың, егер оларды жарылқасаң да күдіксіз Сен аса Үстем, хикмет Иесісің» (Мәида сүресі, 118) Бірде Хазреті Саъид ибн Жубайр, оған Алла разы болсын, мына аятты түннен таң атқанша оқыған: «Әй күнәкарлар! Бүгін араны ашыңдар!» (Ясин сүресі, 59 аят)
5) Оқып жатқан аятыңа жүректі бағындыру. Мысалы, егер мейірімділік жайлы аят оқылып жатқан болса, жүрек қуанышқа бөленуі тиіс, ал егер аят жазалау жайлы болса, жүрек мазасыздануы керек.
6) Алла Тағала Өзі айтып, ал оқып отырған адам тыңдаушы секілді оқылуы тиіс. Алла Тағала Өзінің Мейірімімен және Рақымымен сіздер мен біздерге Құранды осы барлық тәртібін сақтап оқуды нәсіп етсін.

Шариғат мақаласы

Намазға қанша сүре қажет болса, сонша сүре жаттау әрбір адамға парыз. Ал Құранды толықтай жаттау – парыз кифая. Егер, Алла сақтасын, бір де бір хафиз болмаса, барлық мұсылмандар күнәға ботады. Мулла Әли әл-Қари, оған Алланың рақымы болсын, Зәркашиден, оған Алланың рақымы болсын, былай деп жеткізеді, егер бір қалада немесе ауылда Құран оқитын адам жоқ болса, ол жағдайда барлық тұрғындар кінәлі болады. Бүгінгі қараңғылық пен надандық күнінде мұсылмандар арасында діни мәселеде көптеген адасушылық тарап жатыр. Құранды жаттау пайдасыз деп саналып жатыр, оның сөздерін көп рет қайталау ақымақтық, оның сөздерін жаттау – миды ашыту мен уақытты босқа өлтіру болып саналуда. Егер бұл біздің дінсіздігіміздің жалғыз ғана дерті болса, бұл жайлы толықтай жазуға болатын еді, алайда қазыр әрбір қимыл ауруға шалдыққан, әрбір пікір адасуға алып барады.


Олай болса, не нәрсеге жылап, не нәрсеге шағымданамыз?