Пәтуәлар

Құран құндылығы жайлы 40 хадис. Он бесінші хадис.


Он бесінші хадис

Ибн `Аббас, оған Алла разы болсын, Алла Елшісінің, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, былай дегенін айтады: 

«Құранның тіпті бір бөлігінде жатқа білмеген адам – қаңырап бос тұрған үй тәрізді».

Бұл жерде бос тұрған үймен теңеудің тағы бір ерекшелігі бар. «Бос үйді жын билейді». (Парсы мақалы). Осылайша, Құраны жоқ бос жүректі шайтан тезірек, оңай басып алады. Бұл хадистегі Құрансыз жүректің қаңыраған бос үй деп аталуы – сондай үлкен ескерту.

Әбу Хурайраның, оған Алла разы болсын, айтуы бойынша Құран оқылатын үйде жақсылық пен береке еселеніп, үйдегілердің саны көбейіп, періштелер түсіп, шайтандар ол үйден шығады . Ал Құран оқылмайтын үйде өмір мейірімсіздікке толып, берекеден айырылады, періштелер ол үйді тастап, шайтандар онда кіреді.


Хазреті Ибн Масғуд, оған Алла разы болсын, кейбіреулер Алла Елшісінен, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, бос үй деген – ішінде Құран оқылмайтын үй деп айтқанын жеткізеді.