Пәтуәлар

Құран құндылығы жайлы 40 хадис. Он бірінші хадис.


Он бірінші хадис

Му`аз әл-Джухани, Алла оған разы болсын, Алла Елшісінің, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, былай дегенін айтады: 

«Кім Құранды оқыса және оған сай амал ететін болса, оның ата-анасына Қиямет Күні, үйлерінде күн болса, сол күннен де жарық болған тәж беріледі. Онда сол адам (Құран оқитын) жайлы не ойласыңдар?

Құранды оқығаны үшін және оған ергені үшін игілік ретінде оқушы адамның ата-анасына сондай бір тәж кигізіледі, оның жарығы үйлерінде күн болса, сол күннен де жарық болар еді. Яғни, күн сондай алыс қашықтықтан осыншама жарық береді, ал егер ол үйде болса, әрине, онда ол одан бетер көп нұр шашатын еді. Және Кұран оқушы адамның ата-анасына кигізілетін тәждің нұры үйдегі күннің жарығынан да көп болады.
Бұл сый ата-анасына дайындалған болса, Құран оқушы адамның өзіне қандай сый арналатыны жайлы ойлап көріңіздер. Тек оның себебінен осындай нәтиже болса, онда себепкердің өзіне еселенген түрде сый беріледі. Ата-анасына оның дүниеге келіп, білім алуына себепкер болғаны үшін ғана осындай сый беріледі.

Үйдегі күнмен теңестіру – жақын болғандығы себебінен көбірек жарық түсіретінімен қоса, тағы бір мағынаны меңзейді. Сенімен әрдайым болғанға бауырмашылық та, сүйіспеншілік те көбірек болады. Күннің алыста болғандағы бөтендігі ол жақындаған уақытта бауырмашылыққа ауысады. Дәл сол сияқты, күн барлығына пайдасын тигізгенімен, егер ол бір адамға ғана тиесілі болса, онда ол адам үшін сондай бір абырой болар еді.

Имам Хаким, оған Алланың рақымы болсын, Бурайдадан, оған Алла разы болсын, Алла Елшісінен, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, мына хадисты жеткізеді:

«Кім Құранды оқыса және оған сай амал ететін болса, онда оған нұрдан жасалған тәж, ал оның ата-анасына бүкіл дүние теңесе алмайтын екі киім кигізіледі. Сонда олар: «Уа, Алла! Бұл киімдер не үшін берілді?», – деп сұрайды. Сол кезде: «Сендердің балаларың Құран оқығаны үшін», – деген жауап беріледі.

Имам әт-Табаранидің, оған Алланың рақымы болсын, «Джам әл-Фауаид» атты кітабында Әнәстан, оған Алла разы болсын, Алла Елшісінің, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқаны келтірілген: 

«Кім ұлына Құран оқуды үйретсе, оған оның өткен және келер күнәлары кешіріледі. Ал кім ұлын Құранның хафизі қылса, онда ол адам Қиямет Күні 14-ші түнгі айдай тірілетін болады. Сонда оның ұлына оқуға бұйрық беріледі және ұлының оқыған әрбір аятымен оның әкесі де бір саты жоғары көтеріледі, осылайша Құран оқуды бітіргенше жалғасады».

Баласының Құран оқуында ата-ана үшін игілік бар. Бірақ бұл ғана емес. Ары қарай назар аударыңыздар, егер Алла сақтасын, сіз бақыр ақшаға деген сараңдықтан ұлыңызды діннен айыратын болсаңыз, сансыз сауаптан құр қалудан бөлек, Алланың алдында да жауап беруіңізге тура келеді. Ғалымдар мен хафиздер сабақтарынан кейін бір үзім нан мен садақаға мұқтаж болатынынан қорқып, сүйікті ұлыңызды бұдан сақтап қалуға тырысасыз. Бұнымен сіз оны мәңгілік қасіретке душар етумен қоса, өзіңізге де қатал жауапкершілік алатыңызды есте сақтаңыз. 

Хадисте былай деп айтылған: «Сендердің әрбірің жауаптысыңдар және қарамағындағылары үшін сұралатын болады».

Бұл кемшіліктерден сақтануға тырысу керек және басқаларды да сақтандыру керек. Биттерден қорқып киінбеу – ақымақтық. Әрине таза болып жүруге тырысу керек. Қысқасы, егер сіз балаңызды дінге тартсаңыз, онда өз жауапкершілігіңізден құтыласыз және ол тірі кезінде сіз үшін дұға етіп, истиғфар айтқан уақытта сіздің дәрежеңіздің көтерілуіне себепкер болады. Алайды, егер сіз осы дүниеде бес тиынға бола оны дінде бейхабар қылсаңыз, өзіңіздің амалдарыңыз үшін жаза алумен қоса, оның жасаған қаншама жаман істері мен күнәларынан сіздің амал дәптеріңіз бос қалмайды.


Алла үшін! Өздеріңе әділетті болыңдар. Бұл дүние – кез-келген жағдайда – өткінші, ал өлім – қандай үлкен азаптар болмасын, сол азаптар мен бейнеттердің соңы болып табылады, алайда соңында өлім жоқ азаптардың шегі болмайды.