Пәтуәлар

Құран құндылығы жайлы 40 хадис. Екінші хадис.


Екінші хадис

Әбу Саид, оған Алла разы болсын, жеткізген хадисте Пайғамбарымыз, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, Алла Тағаланың былай дегенін айтады: 

«Құран оқып, зікр мен дұғаға уақыт таппаған адамға Мен дұға сұрағандардан артығын беремін. Аллах сөзінің үстемдігі – Өзінің барлық жаратылыстардан үстемдігі тәрізді».


Ескертпе: Яғни, кімде-кім дұға жасауға және сол сияқты істерге уақыты болмайтындай, Құран жаттаумен, оны үйрену немесе түсінумен уақытын өткізетін болса, Аллах оған дұға жасаушылар сұрағаннан жақсырағын береді. Мысалы, бір адам тәттілерді басқаларға таратып жатқанда, алушылардың біреуі дәл осы жұмыспен айналысып жатып өзіне тәттілерден ала алмаса, онда оның үлесін ең бірінші бөліп қояды. Осы жерде басқа бір хадис былай келтірілген: «Мен оған шүкір етуші құлдарыма бергеннен артығын беремін».