Пәтуәлар

Құран құндылығы жайлы 40 хадис.Алтыншы хадис.



Алтыншы хадис

Әбу Мұса, оған Алла разы болсын, Алла елшісінің, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізеді:

«Құран оқитын мү’мин утруджжә (цитрус, тәтті лимон) сияқты: ол хош иісті, әрі дәмді болып келеді. Құран оқымайтын мү’мин құрма секілді: хош иісі жоқ, бірақ дәмі тәтті. Құран оқымайтын мұнафиқ (екіжүзді) ханзала (колоквинт) тәрізді: оның хош иісі жоқ және дәмі ащы болып келеді. Құран оқитын мунафиқ райхан гүл тәрізді: ол хош иісті болғанымен, дәмі ащы».

Ескертпе: Бұл хадистың мақсаты –  Құран оқу мен оны оқымаудың арасындағы айырмашылықты елестету оңай болу үшін, сезілетін нәрселерді сезілмейтіндермен салыстыру. Әйтпесе, Құран оқудың ләззаты мен хош иісіне цитрус пен құрманың қатысы жоқ екені белгілі. Дей тұрғанмен, мұндай салыстырмада набауия (пайғамбарлық) біліммен байланысты өзіндік ерекшеліктері бар және бұл Алла елшісінің, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, білімінің тереңдігін растайды.

Мысалы, цитрусты алайық. Ол ауыз қуысын, асқазанды тазартады, астың қорытылуын жақсартады және т.с.с. Бұл пайдалы істердің Құран оқуға да айрықша қатысы бар. Мысалы, Құран оқуда болатын пайдалар рухани күш, ауыз қуысының тазалығы мен ішкі тазару жоғарыда атап өткен пайдаларға ұқсас болып келеді. Цитрустың тағы бір ерекшелігі бар, ол – цитрус бар үйге жынның кіре алмауы деп айтылады. Егер бұл дұрыс болса, онда осы ерекшелігінде де Құранмен ұқсастығы болғаны. Кейбір дәрігерлерден естуімше, цитрус есте сақтау қабілетін жақсартады және «Ихья» кітабында  Әлиден, оған Алла разы болсын, есте сақтау қабілетін жақсартатын үш нәрсе туралы жеткізіледі, олар: мисуак, ораза және Құран оқу.


Әбу Даудтың кітабында осы хадистың қорытындысы ретінде былай жазылған: жақсы дос хош иісті әтір сатушы тәрізді. Егер сен әтірді сатып алмайтын болсаң да, хош иістен құтыла алмайсың. Ал жаман дос темір соғатын ұста тәрізді. Үстіңе күйе жағылмаса да, түтіннен ешқайда кете алмайсың. Адамға өзінің достарына, қандай адамдармен араласып жүргеніне қарау, көңіл бөлуі өте маңызды.