Пәтуәлар

Құран құндылығы жайлы 40 хадис. Он екінші хадис.


Он екінші хадис

`Уқба ибн `Амир, оған Алла разы болсын, Алла Елшісінің, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, былай айтқанын жеткізеді: 

«Егер Құранды теріге енгізіп, кейін оны отқа салса, ол жанып кетпейді».

Бұл хадисті түсіндіруде ғалымдар екіге бөлінді.

Бірі – бұл хадисте кез-келген тері және от дегенде осы дүниенің оты меңзелген деп пікір білдірген болатын. Бұл жағдайда басқа да пайғамбарларға тән болғандай, Алла Елшісінің заманына тән ерекше, ғажап құбылысқа нұсқау болып табылады.

Екінші мағына – бұнда адам терісі меңзелген, ал от – жәһаннамның оты. Бұл жағдайда хадис белгілі уақытқа тәуелсіз, жалпы мағынада қолданылады. Яғни, егер қандай да бір адам хафиз бола тұра, қандай да бір қатесі/күнәсі себепті тозаққа түсетін болса, онда от оған әсер етпейтін болады. Басқа риуаятта от оған тимейді деп келеді. Мулла Әли әл-Қари, оған Алланың рақымы болсын, «Шархус-Сунна» кітабында келтірген Әбу Умаманың, оған Алла разы болсын, мына риуаяты осы екінші пікірді растайды: «Құранды жатқа жаттаңдар, себебі Алла Тағала Құран сақтаулы болған жүректі жазаламайды». 

Бұл хадистің мәтіні таза және Құранмен расталған.

Құран жаттауды пайдасыз іс деп есептейтіндер, Алла үшін, осы құндылық жайында ойланыңыздар. Тек бір ғана құндылығы сондай, ол үшін адам жан-тәнімен Құранды жаттауға берілу керек, себебі күнә жасамайтын және тозаққа лайықты болмаған адам жоқ.


«Шарх-ул-Ихья» кітабында келтірілген Делми, оған Алланың рақымы болсын, хазіреті Әлиден жеткізген хадиске сай, Қорқынышты әрі Қатал Қиямет Күні Алла Тағаланың `Аршысының көлеңкесінде болатын адамдардың тізімінде Құранның адамдары, яғни хафиздер, пайғамбарлар мен жақын болған адамдармен бірге сол көлеңкенің саясында болады.