Пәтуәлар

Құран құндылығы жайлы 40 хадис. Он төртінші хадис.


Он төртінші хадис

Әбу Хурайра, оған Алла разы болсын, Алла Елшісінің, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, былай айтқанын жеткізеді: 

«Құранды үйреніңдер және оқыңдар, себебі кім Құранды үйреніп, оны оқитын болса, әрі оны тәһәджуд намазында оқитын болса, ол адам иісі күллі жерді алатын мускке толы қапшық тәріздес болады. Ал Құранды жаттап, түнде ұйықтап жататын адам – аузы байлаулы мускке толы қапшық іспеттес».


Құранды жаттап, оны түнгі намазда оқитын адам – иісі бүкіл жерді алатын мускке толы қапшық тәрізді. Сол сияқты, хафиздың Құран оқуынан үйге нұр мен береке тарайды. Ал егер ол хафиз ұйықтап қалса немесе салғырттығы себепті оқымайтын болса, онда сол жағдайда да кеудесіндегі Құран бәрібір муск болып қала береді. Бірақ сондай салғырттықтың себебінен басқа адамдар оның берекетінен құр қалады, алайда сол муск оның жүрегінде бәрібір болады.