Пәтуәлар

Құран құндылығы жайлы 40 хадис. Үшінші хадис.


Үшінші хадис

Уқба ибн Амир, оған Алла разы болсын,  айтады: «Бірде суффада отырғанымызда Пайғамбар, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, келіп, бізге:

«Қайсыларыңа әр таңда Бухтан немесе Ақық базарларына барып, ешбір күнә істеместен және туыстық қатынастарды үзбей ең жақсы екі іңгенмен оралу ұнар еді?», – деген сұрақ қойды. «Қайсымызға да болса бұл ұнар еді, уа, Расулюллах, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын», – деп жауап бердік. Сонда ол, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын: «Таңертең мешітке барып Аллахтың Кітабынан екі аят жаттау – екі іңгеннен артық, үш – үштен артық, төрт – төрттен артық (тағы ары қарай әр аят сәйкесінше түйе сандарымен)».

Ескертпе: «Суффа» –  бұл Набауи мешітінде (Мәдина қаласында) кедей мұхаджирлер отыратын өзгеше жоғары орынның атауы. «Асхаб-ус-Сунна» саны уақыт өте көбейіп немесе азайып отырды. 'Алляма әс-Суюти, оған Алланың рақымы болсын, 101 есімді есептеп шығып, олар туралы бөлек кітап жазған еді.

«Бутхан» және «Акык» – Медина маңындағы түйе базарлары орналасқан екі аймақ. Түйе – арабтардың сүйікті жануары болған, әсіресе, майлы өркешті іңгендер.
«Ешбір күнә істеместен» дегені – әдетте зат еңбексіз табылады, немесе бір туысының мұрасын заңсыз иеленумен, немесе біреудің меншігін ұрлаумен, сол себепті Пайғамбар, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын,  бұл тәсілдерді теріске шығарды. Ал бір затты ешбір еңбексіз және ешбір күнәсіз иелену әркімге ұнағандай, дәл солай, тіпті одан жақсырағы бірнеше аятты жаттау болып табылады.

Алайда, екі түйені айтпағанда, адам баласы тіпті күллі жер-жаһанды иелік етсе де, бүгін болмаса ертең өлім оны бұлардан еріксіз айырады. Ал бір аят үшін берілген сауап онымен мәңгі қалатыны ақиқат. Біздің күнделікті өмірде егер адамға 1000 рупий беріп, өзінде ұстай тұр, кейін алып кетемін дегеннен гөрі, оған 1 рупий бергенде қаттырақ қуанады. Себебі бірінші жағдайда аманат жүгінен басқа оған
ешбір пайда тимейді.

Негізінде, бұл хадис өтпеліні мәңгімен салыстырмау керектігін ескертеді. Олай болса, әр адам өз ыждаһатын салған істеріне қарап шықсын – оларды ахырет үшін істеді ме, әлде осы жалған дүние үшін бе?! Ақіретте бақытсыздық үшін жұмсалған уақытқа қасірет болсын.

Хадистің соңғы сөйлеміндегі «тағы ары қарай әр аят сәйкесінше түйе сандарымен» сөздері үш түрлі мағына білдіреді. Біріншісі, төрт санға дейін толық баяндалады да, ал үлкен сандар жайлы жалпы айтылады, яғни адам қанша аят жаттаса, сонша түйелерден жақсырақ. Бұл жерде түйелер жалпы аталады, мейлі ол түйе не іңген болсын, яғни саны жағынан көп түйелер, себебі төртке дейін түсінікті әрі толығырақ хадистің өзінде баяндалады. Екінші мағынасы: сандар хадисте келтірілгендей, ал мәні – әркімнің талғамы әртүрлі болады: біреулер түйелерді ұнатса, біреулер іңгендерді ұнатады. Сол себепті Пайғамбар, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, бір аят бір іңгеннен жақсырақ деді, ал егер адам түйелерді ұнатса, онда бір аят бір түйеден жақсырақ. Үшінші мағынасы: бұл жерде жоғарыда айтылған сан жайлы және ол төрттен көп емес. Бірақ, бір аят бір іңгеннен немесе бір түйеден артық делінген екінші түсіндірмеден айырмашылығы – мұнда жалпы айтылған, яғни, бір аят бір іңген және бір түйеден жақсырақ. Сонда әр аят сәйкесінше іңген мен түйені қоса есептегеннен де артық болады. Демек, бір аят екі жұп түйемен салыстырылып тұр.
 
Менің әкем (наууар Аллаху маркадуху) соңғы түсіндірмені артық көретін, себебі оның құндылығы көбірек. Дегенмен, бір аяттың сауабы бір немесе екі түйемен салыстыруға келеді деген мағынада емес, бұл тек теңеу мен мысал үшін ғана келтірілген. Жоғарыда жазғанымдай, ахыретке қалатын бір аяттың сауабы – өткінші жер-жаһанды иелік еткеннен абзалырақ.

Мулла Әли әл-Қари, оған Алланың рақымы болсын, Меккеге қажылыққа аттанған бір шейх туралы жазған еді. Кеме Джидда айлағында тоқтағаннан кейін, достары ол кісінің берекеті себепті саудаларында мол олжаға кеңелу мақсатында, олармен біраз уақыт қалуын өтінеді. Ал шын мәнінде, олар шейхке қызмет етіп жүргендердің  кейбірі осы табыстан үлестерін алуды қалағантын. Басында шейх сылтау тапқан еді, бірақ кейін олар көндіруді қоймаған соң, ықтималды ең жоғарғы пайдалары жайлы сұрастырды. Олар табыстары әртүрлі болатынын, бірақ ең жоғарғысы екі еселенгені екенін айтады. Сонда шейх: «Осындай азғантай пайда үшін соншалықты қиналасыңдар ма? Мен қалай ғана осы пайда үшін бұдан жүз мың есе көп Меккедегі әл-Харам мешітіндегі намазды тастап кетемін?!», – деп жауап берген. Шынымен, мұсылмандар ойланарлықтай, қаншалықты олар түкке тұрғысыз дүниелік азық үшін рухани пайданы тәрк етеді...