Пәтуәлар

Құран құндылығы жайлы 40 хадис. Он жетінші хадис.


Он жетінші хадис

Әбу Хурайра, оған Алла разы болсын, Алла Елшісінің, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, былай айтқанын жеткізеді: 

«Араларыңнан біреуін үйге келгенде үш семіз, буаз түйені тауып алуды қалар ма еді? Біз: «Иә», – деп жауап бердік. Сонда Алла Елшісі, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, былай деді: «Әркім намазда оқитын үш аят – үш семіз, буаз түйелерден артық». 


Осыған ұқсас тақырып №3 хадисте баяндалған. Бұл хадисте Құранды намазда оқу жайлы айтылғандықтан, – ал ол намаз сыртында оқудан жақсырақ, – буаз түйелермен теңеу келтіріліп тұр. Бұл жерде екі амал меңзеліп тұр – намаз және Құран оқу, сондықтан теңеуде де екі нәрсе келтірілген – түйелер мен олардың буаздығы. №3 хадисте жазып кеткенімдей, осындай тектес хадистердің мақсаты – тек теңеу, анығында бір аяттың мәңгілік марапаты — сауабы мыңдаған түйелерден артық.