Пәтуәлар

Құран құндылығы жайлы 40 хадис. Он алтыншы хадис.


Он алтыншы хадис

`Айша, оған Алла разы болсын, Алла Елшісінің, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, мына сөздерін жеткізеді: 

«Құранды намазда оқу – намаздың сыртында оқығаннан абзалырақ, ал сыртында оқу – тасбих пен такбирден абзалырақ, ал тасбих – садақадан абзал, ал садақа – оразадан абзал, ал ораза – оттан қорған».

Құранның зікірден абзал екені анық, себебі ол – Алланың Сөзі, ал алдыңда айтып кеткендей, Алланың сөзінің басқа сөздерден басымдылығы – Алланың Оның жаратылыстарынан басымдылығы тәрізді. Зікірдің садақадан абзалдығы жайлы басқа да хадистерде кездеседі. Ал осы хадисте келтірілген садақаның оразадан абзалдығы – оразаның садақадан жоғары қойылған басқа хадистерге қарама-қайшы. Бұл айырмашылық жағдайға байланысты, кейбір жағдайларда ораза абзал, кейбірінде – садақа. Сол сияқты айырмашылық адамдарға байланысты болады. Кейбір адамдар үшін ораза абзал. Осы хадисте келген ораза, ең соңғы дәрежеде келгенімен, оттан (Тозақтан) қорған болса, онда ең бірінші болып келген Құран оқу жайлы не айтуға болады.

«Ихья» кітабының авторы хазреті `Әлиден, оған Алла разы болсын, мына сөздерді келтіреді: 


Кімде-кім Құранды тұрып оқыған намаздың ішінде оқыса, оған әрбір әріп үшін 100 сауап беріледі, ал Құранды отырып оқыған намазының ішінде оқыса – 50 сауап, ал намаздың сыртында, бірақ дәретпен оқығанға – 25 сауап, ал дәретсіз оқығанға – 10 сауап, ал өзі оқымай, оқып отырғанды зейін қойып тыңдағанға – әрбір әріп үшін 1 сауап.