Пәтуәлар

Құран құндылығы жайлы 40 хадис.Он үшініші хадис.


Он үшінші хадис

`Әли, оған Алла разы болсын, Алла Елшісінің, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, былай дегенін айтады: 

«Кім Құран оқыса және оны жатқа жаттаса, және халалды халал, харамды харам деп санаса, оны Алла Тағала Жәннатқа кіргізеді және оның Жәһәннамға жіберуге душар болған отбасынан 10 адамға шапағат етуін қабыл етеді».

Алла Тағаланың мейірімімен әрбір иман келтірген адам Жәннатқа міндетті түрде кіреді, тіпті егер істеген күнәлары үшін Тозақтағы азаптардан кейін болса да. Ал хафиздер болса алғашқы болып кіреді. Шапағатты алатын 10 адам – ол үлкен күнә жасаған күнәһәрлар болады, ал имансыздарға (кәпірлерге) ешқандай шапағат көрсетілмейді. 

Алла Тағала былай дейді: «Шындығында, кім Аллаға серік қосса, Алла оған Жәннатты тыйым етеді және оның тұрағы Тозақ болады. Әділетсіздерге ешбір жәрдемші жоқ» [Әл-Мәида 5/ 72  аят]. 

Басқа аятта былай делінген: «Мүшіріктер (Аллаға серік қосқандар) тозақтық екендігі белгілі болғаннан кейін, пайғамбарға және мүміндерге, егер жақындары болса да, олар үшін жарылқау тілеулеріне болмайды» [Әт-Тәубә 9/113 аят] және т.б.

Бұл аяттардағы пікір анық. Мүшриктерге (Аллаға серік қосқандарға) кешірім жоқ. Сондықтан хафиздердің шапағат етуі – күнәлары себепті Жәһәннамға лайық болған мұсылмандар үшін болады.

Жәһәннамнан құтылуды қалағандар өздері Құран жаттай алмаса, онда тым болмаса туыстарының бірін хафиз қылуға тырысу керек, сол себепті олар күнәлары үшін азаптардан құтыла алады.


Әкесі, ағасы, атасы – барлығы хафиз болған адамға Алланың игіліктері қандай үлкен еді. (бұл жерде автордың өзі меңзеліп тұр).