Пәтуәлар

Құран құндылығы жайлы 40 хадис. Оныншы хадис.


Оныншы хадис

Ибн Масғуд, Алла оған разы болсын, Алла Елшісінің, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, былай дегенін айтады: 

«Кімде–кім Алланың Кітабынан бір әріп оқыса, оған бір жақсылық жазылады, ал бұл бір жақсылық он жақсылықпен тең. Мен «الم» (Әлиф–Лям–Мим) бір әріп деп тұрғаным жоқ –  «ا» (Әлиф) жеке бір әріп, «ل» (Ләм) жеке бір әріп, «م» (Мим) өз алдына бір әріп».

Бұның мәнісі – барлық басқа амалдар бүтін бір іс ретінде есептеледі, алайда Құранға қатысты олай емес; амалдың әр жеке бөлігі бүтін іс ретінде саналады. Сол себепті Құран оқуда әр әріп бір жақсы іс ретінде жазылады. Ал әр жақсы іске он сауап жазылады.

«Кімде–кім бір жақсы амалымен келсе, оған жасаған амалының он есесі беріледі». [Әнғам 6/160-аят.] Және бұл ең төменгі дәреже.

«Алла қалағанына арттырады». [«Бақара» 2/261-аят.] «الم» (Әлиф–Лям–Мим) бір әріп болмайтыны, «ا» (Әлиф), «ل» (Ләм), «م» (Мим) – жеке әріптер, демек  «الم» (Әлиф–Лям–Мим) отыз жақсы іске тең болатыны – оқылған әр әріп бір жақсылық ретінде жазылатыны жайлы айтқан Алла Елшісінің, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, мысалында баяндалған.

Бұл жерде «Бақара» сүресінің басы ма «الم», әлде «Филь» сүресінің алғашқы аяты    أَلَمْ تَرَى كَيْفَ فَعَلَ رَبُّكَ بِأَصْحَابِ الْفِيلِ жайлы айтылғаны турасында келіспеушіліктер бар. Егер «Бақара» сүресінің басы жайлы айтылса, онда әріптер жазылған күйде қарастырылады, демек «ا» (Әлиф), «ل» (Ләм), «م» (Мим) – үш әріп – 30 жақсы іске тең болады. Ал егер «Филь» сүресінінің басы туралы айтылған болса, онда «Бақара» сүресінің басындағы «الم» (Әлиф, Лям, Мим) 9 әріп ретінде саналып, олар үшін 90 жақсылық жазылады.


Имам әл-Байхақидің, оған Алланың рақымы болсын, риуаятында былай деп айтылған: «Мен بسم الله (БисмиЛлях) бір әріп демеймін, алайда ب (бә), س (син), م (мим) жеке әріптер деп тұспалдаймын».