Пәтуәлар

Ибн Таймийя Имам Әбу Ханифа жайында.


Шейх Ахмад Ибн Таймийя (661-728 һ.ж.) айтты:

"Имам Әбу Ханифаның білімінде күмән жоқ. Адамдар кейін оған неше түрлі жала жаба бастаған. Бұның барлығы шындық емес. Және бұл хабарлар - Имам Әбу Ханифаны қаралау әрекеті".
[ «Минхаж ас-Сунна ан-Набауиййа» 2/619 Каир, Муассасат Куртуба 1406/1986 ] 

 Тағы ол былай деп айтты:

ﺇﻥ ﺍﻷﺋﻤﺔ ﺍﻟﻤﺸﻬﻮﺭﻳﻦ ﻛﻠﻬﻢ ﻳﺜﺒﺘﻮﻥ ﺍﻟﺼﻔﺎﺕ 
ﻟﻠﻪ ﺗﻌﺎﻟﻰ ﻭﻳﻘﻮﻟﻮﻥ : ﺇﻥ ﺍﻟﻘﺮﺁﻥ ﻛﻼﻡ ﺍﻟﻠﻪ 
ﻟﻴﺲ ﺑﻤﺨﻠﻮﻕ ﻭﻳﻘﻮﻟﻮﻥ : ﺇﻥ ﺍﻟﻠﻪ ﻳﺮﻯ ﻓﻲ 
ﺍﻵﺧﺮﺓ، ﻫﺬﺍ ﻣﺬﻫﺐ ﺍﻟﺼﺤﺎﺑﺔ ﻭﺍﻟﺘﺎﺑﻌﻴﻦ ﻟﻬﻢ 
ﺑﺈﺣﺴﺎﻥ ﻣﻦ ﺃﻫﻞ ﺍﻟﺒﻴﺖ ﻭﻏﻴﺮﻫﻢ ﻭﻫﺬﺍ 
ﻣﺬﻫﺐ ﺍﻷﺋﻤﺔ ﺍﻟﻤﺘﺒﻮﻋﻴﻦ ﻣﺜﻞ ﻣﺎﻟﻚ ﺑﻦ 
ﺃﻧﺲ ﻭﺍﻟﺜﻮﺭﻱ ﻭﺍﻟﻠﻴﺚ ﺑﻦ ﺳﻌﺪ، ﻭﺍﻷﻭﺯﺍﻋﻲ، 
ﻭﺃﺑﻲ ﺣﻨﻴﻔﺔ، ﻭﺍﻟﺸﺎﻓﻌﻲ، ﻭﺃﺣﻤﺪ ...

 «Барлық мәшхүр имамдар Алла Тағаланың сипаттарын растайды және былай дейді: «Ақиқатында, Құран – бұл Алланың Сөзі, және ол жаратылған емес». Олар айтты: «Ақиқатында, Алланы келесі өмірде көруге болады». Сахабалардың мәзхабы осындай және шынайы әрі тура солардың ізімен ерген, Әһли Бәйттен болсын немесе басқалардың қатарынан болсын мәзһабы сол. Мұсылмандар еріп үлгі тұтқан: «Имам Мәлік ибн Анас, әс-Саури, Әл-Ләйс бин Са’д, әл-Әуза'и, ӘБУ ХАНИФА, әш-Шәфиғи және Ахмад ибн Ханбалдардың…» -  имамдардың да мәзхабы осы.
[ «Минхаж ас-Сунна ан-Набауиййа» 2/106 Каир, Муассасат Куртуба 1406/1986 

 Және ибн Таймийя өзінің «Фатауа» кітабында Имам Шәфиғидің көзқарастары жайында сұраққа жауап бергенде, былай деген:

ﺍﻋﺘﻘﺎﺩ ﺍﻟﺸﺎﻓﻌﻲ - ﺭﺿﻲ ﺍﻟﻠﻪ ﻋﻨﻪ - ﻭﺍﻋﺘﻘﺎﺩ 
ﺳﻠﻒ ﺍﻹﺳﻼﻡ " ﻛﻤﺎﻟﻚ ﻭﺍﻟﺜﻮﺭﻱ 
ﻭﺍﻷﻭﺯﺍﻋﻲ ﻭﺍﺑﻦ ﺍﻟﻤﺒﺎﺭﻙ ﻭﺃﺣﻤﺪ ﺑﻦ ﺣﻨﺒﻞ 
ﻭﺇﺳﺤﺎﻕ ﺑﻦ ﺭﺍﻫﻮﻳﻪ ; ﻭﻫﻮ ﺍﻋﺘﻘﺎﺩ ﺍﻟﻤﺸﺎﻳﺦ 
ﺍﻟﻤﻘﺘﺪﻯ ﺑﻬﻢ ﻛﺎﻟﻔﻀﻴﻞ ﺑﻦ ﻋﻴﺎﺽ ﻭﺃﺑﻲ 
ﺳﻠﻴﻤﺎﻥ ﺍﻟﺪﺍﺭﺍﻧﻲ ﻭﺳﻬﻞ ﺑﻦ ﻋﺒﺪ ﺍﻟﻠﻪ 
ﺍﻟﺘﺴﺘﺮﻱ ﻭﻏﻴﺮﻫﻢ . ﻓﺈﻧﻪ ﻟﻴﺲ ﺑﻴﻦ ﻫﺆﻻﺀ 
ﺍﻷﺋﻤﺔ ﻭﺃﻣﺜﺎﻟﻬﻢ ﻧﺰﺍﻉ ﻓﻲ ﺃﺻﻮﻝ ﺍﻟﺪﻳﻦ . 
ﻭﻛﺬﻟﻚ ﺃﺑﻮ ﺣﻨﻴﻔﺔ - ﺭﺣﻤﺔ ﺍﻟﻠﻪ ﻋﻠﻴﻪ - ﻓﺈﻥ 
ﺍﻻﻋﺘﻘﺎﺩ ﺍﻟﺜﺎﺑﺖ ﻋﻨﻪ ﻓﻲ ﺍﻟﺘﻮﺣﻴﺪ ﻭﺍﻟﻘﺪﺭ 
ﻭﻧﺤﻮ ﺫﻟﻚ ﻣﻮﺍﻓﻖ ﻻﻋﺘﻘﺎﺩ ﻫﺆﻻﺀ ﻭﺍﻋﺘﻘﺎﺩ 
ﻫﺆﻻﺀ ﻫﻮ ﻣﺎ ﻛﺎﻥ ﻋﻠﻴﻪ ﺍﻟﺼﺤﺎﺑﺔ ﻭﺍﻟﺘﺎﺑﻌﻮﻥ 
ﻟﻬﻢ ﺑﺈﺣﺴﺎﻥ ﻭﻫﻮ ﻣﺎ ﻧﻄﻖ ﺑﻪ ﺍﻟﻜﺘﺎﺏ 
ﻭﺍﻟﺴﻨﺔ 

«Әш-Шафиғи (Алла оны рақымына алсын) мен осы үмбеттің ізгілерінің мысалы Имам Мəлік, əс-Саури, əл- Əуза’и, ибн əл-Мүбəрəк, Ахмад ибн Ханбал, Исхақ ибн Рахауайхалардың сенімі, қазіргі (адамдарға) үлгі болатын шейхтардың: «Фудайл бин Ийад, Əбу Сүлеймен әд-Дарани, Сахл бин Абдуллах әт-Тустари жəне басқалардың сеніміндей. Расында, осы имамдар мен сол сияқты ғалымдардың арасында діннің негізі турасында ешқандай талас-тартыс пен келіспеушілік болмады. Бұл тізімге ƏБУ ХАНИФА да кіреді (Алла оны рақымына алсын), сенім мəселесіндегі таухид, тағдыр т.с.с. сұрақтарда анық бекітілген. Жоғарыда аталған имамдардың сенімі, сахабалармен олардың соңынан ерушілердің сенімімен сəйкес келеді. Ал сахабалармен олардың соңынан ерушілердің сенімі Құран және Сүннетте баян етілгеннен тұрады».
[ Ибн Таймиия «Мажму əл-Фəтауə» 5/256 ]

Дереккөз: al-fatava.com
Аударған: darulahnaf.com