Пәтуәлар

Мұсылмандарға үйде мысық ұстауға болады ма?



Сұрақ: Мұсылмандарға үйде мысық ұстауға болады ма? Исламда мысықты сату және мысық қолды жалап қойғаннан кейін намаз оқуға рұқсат па? Және жалпы Исламда осы жануарларға қандай көз қарас? Мысалы, мен үйге мысық алсам ол жеп көрген нанды мен жей аламын ба? Мысық таза жануар ма? 

Жауап: Үйде (үй мысығын) мысық ұстауға тыйым жоқ.

Бірде Пайғамбар ﷺ былай деп айтқан:

«Мысық нәжіс емес, расында ол əрдайым сендердің жандарыңда айналып жүреді».
[Дереккөз: «Сунан» Əбу Дауд, Тахара, 38; «Тирмизи», Тахара, 69.]

Хазрет Анас ибн Маликтан (رضي الله عنه) мысық жайлы сұрағанда, ол былай деді:

«Бір күні мен Пайғамбармен ﷺ бірге Бухтани деген жерге бардым, ол ﷺ дәрет алуға оған су дайындауын айтты. Содан кейін Алла Елшісі ﷺ ыдысқа жақындап су ішіп жатқан мысықты көреді. Сонда ол ﷺ мысықтың су ішіп алуын күтті. Мен Пайғамбардан ﷺ суды ауыстырайын ба деп сұрадым ал ол ﷺ : «Әй Анас, мысықтар - таза, және ешқашан ешнәрсені былғамайды» - деді.
[Дереккөз: Табарани «әл-Муджам әс-Сағир» 1/379; әл-Хайсами «Маджма әз-Зауаид» 1/216.]

Кейбір ғалымдар Алла елшісінің : «Мысық - жыртқыш аң» - деген сөзін негізге ала отырып, оның сілекейін таза емес деп санайды.

Бірақ, оның сілекейін таза деп санайтын пікір сенімдірек болып табылады. 

Дегенмен: «Адамның мысыққа өз алақанын жалатып, одан кейін оны жумай, намазға тұруы - мəкруһ (құпталмайды, бұл жерде мəһруһ-танзих). 
Сонымен қатар, өз асы бола тұра, мысықтын жеген асын тауысып жеу де құпталмайтын іс. Егер де ол кедей болса жəне басқа ішер асы болмаса, оның бұл ісінде (мысықтың жегенін тауысып жеу) құпталмайтын əрекет жоқ».
[Дереккөз: «Марақил-Фалях шарх Нур әл-Идах» кітабынан.]

Шафиғилік имам Нәуәуи үй мысықтарын сатып алу/сату туралы айта отырып, өз мазхабының позициясымен қоса имам Әбу Ханифаның (رضي الله عنه) да ойын көрсетіп, былай дейді:

بيع الهرة الاهلية جائز بلا خلاف عندنا و به قال جمهور منه ابن عباس ومالك والثوري و احمد وأَبو حنيفة والجواب عن الحديث أحدهما أن المراد الهرة الوحشية والثاني أن نهي تنزيه فهما المعتمدان

Біздің мазхабта үй мысықтарын сатып алу [сату]-дың рұқсат етілгендігі туралы ешбір келіспеушілік жоқ. Сонымен қатар, бұл туралы көптеген ғалымдар да айтып өткен [алайда, ханафиттер мазхабы оларды сатудың құпталмайтындығын айтады], олардың ішінде: Ибн Аббас, Малик, әс-Саури, Ахмад, Әбу Ханифа رضي الله عنهم бар. Ал рұқсат етілмеген хадиске келсек, ол туралы екі негізделген жауап бар. Біріншісі: бұл жерде жабайы мысықтарды меңзеген, екіншісі: бұл істің болмайтындығы емес, құпталмайтындығы айтылған.
[Дереккөз. Имам Нәуәуи | Шарх әл-Мухаззаб.]


Татарстан Республикасының Муфтиі Камиль хазрат Самигуллин.