Пәтуәлар

Арабша жазылған Алла Тағаланың сыйпаттарын өзге тілге аударуға бола ма?


بسم الله الرحمن الرحيم 
Аса Қамқор, ерекше Мейрімді Алланың атымен. 

 Өзекті сұрақтардың бірі болып тұрған, бұл Құранда келген муташабиһат аяттар [1]. Оның Шариғатымызда үкімі қандай? Және басқа тілдерге аударуға бола ма?

 [1] – Муташабиһ (арабшасы: متشابه ), Құран Кәрімде бірнеше мағынаны білдіруі мүмкін, түсінуі қиын аяттар. Муташабиһ сөзі арабтың «Ташабаһа» (арабшасы: تشابه ) деген, «ұқсас болу, күмәнді болу» деген етістігінен шыққан. Құранда Алла Субхану Тағала айтады:

 Ол Алла, саған Құран түсірді. Оның ашық мағыналы аяттары бар. Солар Кітаптың негізгі ірге тасы. Екінші ұқсас ұғымда аяттар бар. Ал жүректеріңде қыңырлық болғандар, бұзақылық іздеп, ұқсас мағыналы аяттардың ұғымын іздестіріп соңына түседі. Оның ұғымын Алла ғана біледі. Сондай-ақ ғылымында озат болғандар: «Бұған сендік. Барлығы Раббымыздың қасынан» дейді. Бұны ақыл иелері ғана түсінеді. [Әли Имран сүресі-3, 7-аят.]

 Бұл сұрақпен мұсылмандар күнде кездеседі деуге де болады. Сондықтан Алла Тағаланың көмегімен әрі оның рұқсатымен, сіздермен бұл үмметтің Әһли Сүннеттен болған ғалымдары, осы мәселеге қатысты сөздерін келтіргіміз келеді. Және тауфиқ тек ғана Алла Тағаладан.

 Имам Әбдул Фатх аш-Шахристани (Алла оны рақым етсін) 479-548һ./1087-1154м., сәләфтардың пікірін жеткізеді, бұл сұраққа қатысты, яғни Алла Тағаланың сыйпаттарын, арабшадан өзге тілге аударуға бола ма? :

 لاو َھجولا لاو ةیِسرافلاب َدیلا ِرِّسفی مل ىتح ٍطایتحا َرثكأ مھُضعب َطاتحاوام لاو َءاوتسلاا كلذ ِسنج نِم درو , دَرو امب اھنع رَّبع ٍةرابع ىلإ هِرْكذ يف َجاتحا نإ لب ٍظفلب ًاظفل ةملاسلا ُقیرط وھ اذھف , ٍءيش يف ھیبشتلا نِم وھ سیلو 

 «Кейбір сәләфтар өте сақ болды, олар Парсы тіліне “әл-уаджһ”, “әл-йад”, “әл-истауа” және тағы соған ұқсас сөздерді аударған жоқ. Жоғарыдағы атап айтылған сөздерге қажетсінген кезде, олар оны сөзбе-сөз айтты (яғни арабшасын айтты). Өйткені бұл қауіпсіз жол болып табылады және онда ұшқындай ташбих/ұқсастық жоқ» (Құранда келген Муташабиһ аяттар “әл-уаджһ”, “әл-йад”, “әл-истауа” - міне осылар араб тілінде бірнеше мағына береді!).

[Дерекнама: Әбдул Фатх аш-Шахристани: Әл Миляль уа Ан Нихаль: 93, Бейрут: Даруль Кутубиль Ильмия: 1413/1992.]

 Ескерту: Бұл жерде имам Шахрситанидің (Алла оны рақым етсін) сөзі былай түсініледі: «Сәләфтарда екі пікір болды. Кейбіреулері бұны аударуға болмайды, араб тілінде болу керек деп білді». Мысалыға, олар: Алланың «қолы» - деп айтқан жоқ, керісінше олар - «йад» Алла деді, яғни арабша нұсқасын атады. Имам Шахристани бұл жолды қауіпті деп есептеді.

 Имам аз-Захаби (Алла оны рақым етсін) 249-306һ./863-918м., айтты:

 ، نآرقلا يف ةھباشتملا يلآا يفو ھیف انُداقتعا لاو ، اھَّدُرن لاو اھَلَبقن نأ َمِجرَتُن لاو ، نیھِّبشملا ھیبشت ىلع اھَلَمحن لاو ، نیفلاخملا لیوأتب اھَلَّوأتنةیبرعلا ِریغ ٍةغلب ھتافص نع 

 «Құрандағы муташабиһат аяттарға қатысты біздің сеніміміз мынандай: Біздер оларды қабылдаймыз әрі жоққа шығармаймыз және қарсы талқылайтындар құсап талқыламаймыз, мағнасын салыстырып ұқсатпаймыз, Мушаббихтер (Исламдағы ағымның бір атауы) құсап ұқсатпаймыз және Оның (Алла Тағаланың) сыйпаттарын араб тілінен өзге тілдерге аудармаймыз».

[Дерекнама: Шамсуддин аз-Захаби: "Китабул Арш" 2/275, Мактабату Адваис Саляф: 1420/1999.] 

 Шейх Низамуддин әл-Балхидің (Алла оны рақым етсін) жетекшілігімен бастаған, Үндістанның жиырма үш Фақиһтен тұратын, белгілі кітабы «Әл Фатауаль Хиндийя» да, былай деп айтылған:

 وفي التخيير : سیلو ىلاعت 􀍿 ھجولاو دیلا نِم نآرقلا يف ءاج امةحراجب , خیاشملا ضعب لاق ؟ ةیسرافلاب ءایشلأا هذھ قلاطإ زوجی لھىلاعت لله مھمحر : َحراوجلا دِقتعی مل اذإ زوجی , وقال أكثرهم لا يصح , وعليه الاعتماد , كذا في التتارخانية ... 

«Ат Тахйир» кітабында былай айтылған: Құранда Алла Тағаладан келген “йад”, “уаджһ” сөздері, бұлар дене мүшелер болып табылмайды. Ал оларды Парсы тіліне аударуға бола ма? 1. Кейбір шейхтар (Алланың оларға мейрімділігі болсын) айтты: Егер айтушы бұларды дене мүшелер емес деген сенімде болса рұқсат етілген. 2. Ал олардың көпшілігі (шейхтар) айтты: Бұл дұрыс емес (яғни айту!). Және осы пәтуаға сүйену керек. «Ат Татарханийя» (Ханафи мәзхабының Фиқһ кітабы) да, осы секілді айтылған».

 [Дерекнама: Низамуддин әл-Балхи: "Әл Фатауа Әл Хиндийя" 2/281, Бейрут: Даруль Кутубиль Ильмийя: 1421/2000.] 

 Ханафи мәзхабының көрнекті ғалымы Әбул Муин ан-Насафи (Алла оны рақым етсін) 418-508һ./1027-1115м., осыған қатысты былай айтты:

 لاقی نأ زوجیو : ةیبرعلاب ًادی ىلاعت ِ َّنأب , ولا يجوز بالفارسية 

 «Алла Тағалада “йад” деп Арабша айтуға рұқсат етілді, бірақта Парсы тілінде болмайды».
[Дерекнама: Әбуль Муин ан-Насафи: "Бахрул Калам" 105, Мактабату Дарил Фарфур: 1421/2000.] 

 Ханафи мәзхабының ғалымы Мухаммад Әбул Йуср әл-Баздауи (Алла оны рақым етсін) 421-493һ./1030-1100м., бұл жөнінде былай дейді:

 بَرَعلا ِناسل ىوِس ٍناسلب ِتافصلا هذھ ُقلاطإ زوجی لھو اولاق ةعامجلاو ةنسلا ِلھأ ُضعب : دِقتعی َّلاأ ِطرشب ْنكلو كلذ زوجی ھنأ ٌةحراج اولاقو اوُطاتحا مھُضعبو : لا يجوز , وهو الصحيح 

 «Бұл сыйпаттарды (Құрандағы Муташабиһ аяттарды) араб тілінен, басқа өзге тілге аударуға рұқсат етілген бе? Кейбір Әһли Сүнна ғалымдары айтты: «егер айтушы бұны дене мүшелер деп сенбесе рұқсат етілген». Ал басқалары болса, бұдан сақтану үшін былай деп айтты: «Рұқсат етілмейді» және бұл анық пікір».

 [Дерекнама: Әбуль Йуср әл-Баздауи: "Усулюддин" 39, Каир: Әл Мактабатул Азхарийя лит Турас.] 

Дерекнама: al-fatava.com
Аударған: darulahnaf.com