Пәтуәлар

Кәпірге такфир жасамағанның өзі кәпір ме?

Аса Қамқор, ерекше Мейірімді Алланың атымен
 بسم الله الرحمن الرحيم 



Соңғы уақытта Ислам орталарында бұл мәселе жиі қозғалып жүр. Көп адамдар бұл сұрақты дұрыс түсінбегендіктен, ақыры бұл түсінбеушілік екі түрлі пікірге әкелді. Нәджд (уахабилерінің) ойлап тапқан бұл тұжырымдамасына біреулері түгелімен немесе жартылай теріске шығарушылар болса, екіншілері керісінше тұжырымдаманы қабылдап, алайда шариғат заңдылықтарында тәкфірге қарсы қолданылатын кедергілерді ұстанбай, соңында бұл жаппай қолданылатын такфирге әкелді.

Кейбір ТМД елдерінде болып жатқан соңғы оқиғаларға және асли кәпірлермен айқын муртадтарға қатысты, кейбір діни қайраткерлердің таңғажайып сөздері, олардың күпірлігінде мұсылмандарда күмән тудыруда немесе оларды негізсіз дәлелдермен ақтауда, осыған орай күпірліктерінде ешбір күмән жоқ болған кәпірлерге такфир жасаудың маңызы жөнінде естеріне сала кетсек.

 Жалпы алғанда, айтылған барлық тақырып Исламның маңызды тұжырымына – «кәпірге такфир жасамағанның өзі кәпір» арналған, бірақ аталмыш ғалымдардың дәйек сөздерін қанша келтірсек те, кей уақытта мұсылмандарға қарап отырып, негізсіз такфирден қорғап жүріп, олардың кейбірі осымен тіптен баса қатты айналысып кетіп, нәтижесінде олар айқын күпірліктерін жасырмайтын тіпті анық кәпірлер мен муртадтарды жақтай бастады. Алайда мынаны түсінген жөн, кәпірлерге такфир шығару Исламдағы бес уақыт намаз сияқты немесе басқа да парыздар сияқты болған міндет. Ал егерде күпір айқын болған, яһудилер мен христиандардың күпірлігі сияқты жағдайда, Алланың кітабындағы анық аяттарын теріске шығарып күпірге түсіп қалмау үшін тіпті әммидің өзі такфир шығару керек. Сондықтан осыған байланысты Инша Аллах бұл үмметтің беделді ғалымдарының пікірлерін мысалға алуды жалғастырамыз.

Алланың қалауымен біз бұл тұжырымдаманың қағидаларын түсіндіреміз. Бұл тұжырымдама Ислам ғалымдарының көптеген еңбектерінде кездеседі.

Бұл тұжырымдаманың белгілі формалары мынадай:

 ﻣﻦ ﻟﻢ ﻳﻜﻔﺮ ﺍﻟﻤﺸﺮﻛﻴﻦ ﺃﻭ ﺷﻚ ﻓﻲ ﻛﻔﺮﻫﻢ ﺃﻭ ﺻﺤﺢ ﻣﺬﻫﺒﻬﻢ؛ ﻛﻔﺮ ﺇﺟﻤﺎﻋﺎً 
"Мүшріктерге (маджусси, буддизм, т.б.) такфир жасамайтындар немесе олардың күпірлігінде күмәнданып, я болмаса олардың таңдаған жолдарын дұрыс санағандар иджма бойынша бірауыздан кәпір болып саналады".

 ﻭﻣﻦ ﻟﻢ ﻳﻜﻔﺮ ﺍﻟﻜﺎﻓﺮ ﻓﻬﻮ ﻣﺜﻠﻪ 
"Кәпірге такфир жасамағанның өзі соған ұқсас болады". 

ﻣﻦ ﻟﻢ ﻳﺤﻜﻢ ﻋﻠﻰ ﺍﻟﻜﺎﻓﺮ ﺑﺎﻟﻜﻔﺮ ﻓﻬﻮ ﻛﺎﻓﺮ 
"Кәпірге күпірлік үкімін бермегеннің өзі кәпір". 

ﻭﻣﻦ ﺷﻚ ﻓﻲ ﻛﻔﺮ ﺍﻟﻜﺎﻓﺮ ﻓﻬﻮ ﻛﺎﻓﺮ 
"Кәпірдің күпірлігінде күдіктенгеннің өзі кәпір".

 ﻣَﻦْ ﻟَﻢ ﻳُﻜﻔِّﺮ ﺍﻟﻜﺎﻓﺮ ﻓﻬﻮ ﻛﺎﻓﺮٌ 
"Кәпірге такфир жасамағанның өзі кәпір". 

Мәлики мәзхабының ғалымы Қади Ийад әс-Сабти (оған Алланың рақымы болсын) 476-544 һ.ж. / 1083-1149 м.ж., өздерінің рухани әкелерінің артынан соқыр сеніммен жүретін христиандар мен яһудейлерге такфир шығаруға байланысты былай деп айтады:

« …Осылардың бәрін айтатындардың өздері шын мәніндегі кәпірлер. Бұл такфирдің бастапқы негізі , яғни, біз негізге алатын мыналар: «Христиан, яһудилер мен Исламнан бас тартқандардың ішінен такфир жасамағандар немесе уақф (хукмді бермей, тоқтаған) не болмаса олардың такфирінде күмән келтірсе, онда ол кәпір».

Қади Әбу Бәкір (Әл-Баққиляни) былай деп айтқан: «Иджма мен насс олардың (христиан, яһудилер, Исламнан бас тартқандар) күпірлігін көрсетеді. Кім осы сұрақта уақф (үкім бермей, тоқтаса) жасаса, онда ол сол насстарды жоққа шығарады немесе оларға күмән келтіреді. Тек қана кәпір насстарды жоққа шығарып, оларға күмән келтіреді».
[Дерекнама: Қади Йиад, «Әш-Шифа», 2-275] 

Яһудилер мен христиандардың кәпір екендіктеріне еш күмән жоқ. Олардың күпірлігіне күмән келтіру, бұл Алланың кітабын жоққа шығару деген сөз, яғни, айқын күпірлік. Алайда, теріске шығарушылық қандайда бір надан адамнан болып тұрса, оның сөзіне қарап такфир жасалына ма? Немесе оған бұл мәселенің мәнін түсіндіру қажет пе?

Шамамен осындай сауалдың бірі Имам Әбу Ханифаның әйгілі шәкірті және Имам әш-Шафиғидің ұсатазы имам Мұхаммед бин Әл-Хасан Әш-Шайбаниге (оларға Алланың рақымы болсын) қойылған болатын. Біздің білуімізше, бұл сұрақ қарама қайшылықтары бәріне белгілі болған мына бір сауалмен байланысты – «күпір сөзін айтқан, алайда күпірлік не екенін білмеген, күпірге түсті деп саналмайды».

Бұл сұрақты Шихабуддин Әл-Хамауи Әбу Абдиллях әл-Журжанидің (оған Алланың рақымы болсын) «Хизанатул Акмал» кітабында жеткізген:

««Хизнатул Акмал» кітабында былай делінген: Мухаммед бин Әл-Хасанның кезінде бір әйелге айтыпты: «Ақірет күні Алла Тағала яһудилер мен христиандарды жазалайды». Әйел былай жауап беріпті: «Жоқ, Алла Тағала олай жасамайды, өйткені олар оның құлдары». Осы сұрақ жөнінде Мухаммад бин Әл-Хасаннан сұрағанда ол былай деп жауап беріпті: «Ол діннен шықпады, өйткені ол джахил/надан. Мұны түсінгенше, оны оқытыңдар».
[Дерекнама: Шихабуддин Әл-Хамауи «Шарху Китабил Ашбах уан Назаир», 3/304. Бейрут: 1405/1985] 

Имамул Ағзам Әбу Ханифа мұсылмандардың сенім мәселелерін талқылаған «Әл-Фиқһул Абсат» кітабында былай деп айтады: 

«(Әбу Мутиғ Әбу Ханифадан сұрады): «Егерде кімде-кім: «Мен кәпірді кәпір деп мойындамаймын» деп айтса, ол (Әбу Ханифа) былай жауап берді: «Ол жаңағы кәпір сияқты кәпір болды». (Әбу Мутиғ сұрады): «Егерде ол мен кәпір өлгеннен соң қайда баратынын білмеймін деп айтса». Ол (Әбу Ханифа) жауап берді: «Ол Ұлы Алланың кітабын жоққа шығарып және өзі де кәпір болады».
[Дерекнама: Әбу Ханифа «Әл-Фиқһул Абсат», 45. Тахкик Әл-Каусари: 1368]

Хафиз Абул-Аббас ибн Таймия әл-Ханбали 661-728 һ.ж., былай деп айтқан:

«Егер айтуышы айтса: «Құдай жалғыз, тіпті оған апарар жол әртүрлі болса да», немесе егер ол айтып не болмаса келесіде айтылғандардың тым болмаса біреуін жасаса: яһудилер мен христиандардың тыйым салынған діндерін және ауыстырылып өзгерткендерін Аллаға жақындатады деп мойындаса, Алланың дініне қарсы келетін қандайда болсын бір нанымдардың дұрыстығына сенімді болып, осыған сеніп немесе осы тектес нанымдарға сенсе – бұның барлығы Алла Тағалаға, Оның Елшісініе, және Ислам дініне күпірлік болып табылады және бұл жайлы Ислам үмметінде қарама-қайшылықтар жоқ».
[Қр.«Иктида сиратал мустақим», 1/540] 

Шейхул-Ислям, мухаддис Имам Мухиддин ән-Нәуәуи (оған Алланың рақымы болсын) 631-676 һ.ж. / 1233-1277 м.ж., былай деп айтқан:

«Кімде-кім Исламнан басқа, христиандармен, басқа дін жолын ұстанушыларды кәпір емес деп білсе, немесе олардың күпірлігінде күмәнданса, немесе олардың ұстанған жолын қолдап жақтаса, онда ол адам өзі кәпір болып табылады!».
[Деркнама: Ән-Нәуәуи «Раузат әт-Талибин»; Китаб әр-Ридда] 

Шейх Саид Фуда, имам әс-Санусидің «Шарх Суғра Суғра» ескерпесінде былай деп айтқан:
«Яһудилер мен христиандардың күпірлігіне күмән келтіруге болмайды! Тіпті Исламға қайшы келетіндердің, Исламды қабылдамайтындардың барлығында, үндістер сияқты және жалпы дінді толығымен қабылдамайтындар, дінді теріске шығаратындар, коммунистер мен секуляристер сияқтылардың күпірліктерінде күмәндануға болмайды, олардың бәрі кәпір(куффар)».

Егерде адамның кәпір немесе мүшрік болғаны жайлы белгілі болса, және оның күпірлік белгілері анық болып шықса, онда оған ешбір күмәнсіз тәкфір жасалады. Мысалы, адам Алла Тағаланың бар екенін жоққа шығарса, немесе Алла Елшісінің ﷺ пайғамбарлығын жоққа шығарса, немесе Қасиетті Құранды оның бір ғана әріпі болсын мойындамаса, немесе қайта тірілуді, немесе Алла тағала харам еткенді рұқсат етсе, немесе Алла халал еткенге тиым салса адам кәпір болады, және осы адамның күпірлігін мойындамаған адамның өзі де діннен шығады.

Күпірлікте айыптаудың яғни тәкфір жасаудың шарттарына «Ей кәпір», «Сен кәпір» деп айту жатпайды, өйткені бұл біздің Пайғамбарымыз Мұхаммедтің ﷺ сүннет жолынан емес, біз олармен мұсылмандардың жерлеріндегі кәпірлермен сияқты болуымыз керек.

Ал енді, оның тозақта болу жайлы үкімге келсек, бұл пенденің емес бұл Жаратушының жұмысы, тек ғана егер оның нақты күпірлікте өлгені мәлім болмаса.

Ал Алла Тағала толық Білуші!

Дерекнама: Al-fatava.com
Аударған: Darulahnaf.com