Пәтуәлар

Имам Әбу Ханифа жайлы Имам Бұхари сынының анализі. Екінші бөлім.


Сайид Муштак `Әли Шахтың «Имам Әбу Ханифаға қатысты жалаға жауап» кітабынан үзінді (49-54 беттер). 

1. Егер имам Бұхаридің түсінігі бойынша, хадисті жеткізуші және одан жететін хабар, ол муржит болатын болса тасталыну керек болса, онда неге имам Бұхари өзінің «сахих хадистер» жинағына муржиттер, насибиттер, хауариждер, шииттер, жәһмилер, қадариттер және т.б. адасқан ағымдардың артынан ерген адамдардан жеткен хадистерді қосқан?
Ибн Хаджар әл-Асқаләни өзінің «Фатх әл-Бәри» кітабының кіріспесінде олардың есімдерін толығымен келтірген болатын. Төрт ағымнан болаған адамдардың жалпы санын атап кетейік: муржиттер 31, шиттер 2, қадариттер 28, насибиттер 5.

Жалған сәләфилердің стандарты бойынша онда «Сахих Бұхари» ең әлсіз кітапқа айналмай ма? 

Бұхаридің жеткізуші адамдарын қозғағаннан кейін, енді олардың кейбіреуіне тоқтала кетуге болады. Үмметтің білуінше «Сахих Бұхари» «Әс-сахул Қутуб/ ең сенімді жинақ» ретінде бірауыздан қабылданған еді. Бұл дегеніміз осы жинақта басқа жинақтарға қарағанда ең көп сахих хадистер бар. Бірақ бұл Бұхаридегі әрбір хадис басқа жинақтағы хадистен сенімдірек деген сөз емес. Еш күмәнсіз имам Бұхари өзінің жинағын жасауда көп күш жұмсағаны белгілі және ол үлкен сый-құрметке ие. Алла Тағала (әр нәрседен Пәк әрі Ұлық) оның жұмсаған күші мен ниетін қабыл етсін. Соған қарамастан, онда көптеген джарх/жауап жасалған хадисті жеткізушілерде бар.

Төменде Сахих Бұхариде кездесетін жеткізушілердің тізімі көрсетілген: 
(а) Каззаб: Тым шектен шыққан өтірікші 
(б) Яксибул хадис: Хадиске қатысты жалған сөз айтады 
(в) Ясрикул хадис: Хадистерді ұрлайды 
(г) Язаул хадис: Хадистерді ойдан шығарады 

 Көрініп тұрғандай джархтың/жауаптың жоғарғы категориясы кейбір Бұхаридің жеткізушілерінде де болған. Толығырақ мәліметті алу үшін «Фатх әл-Бари» мен «Мизан ул-Итидал» кітаптарына оралуға болады. Оларда ондай жеткізушілердің жүзден астамы бар. Осы джархқа/жауапқа қарамастан имам Бұхари бұл жеткізушілерден хадистер алынбауы керек емес деп есептемеді. Оның орнына ол солардан хадистер қабылдаған болатын. Және осыған қарамастан басқа мухаддистер сахих Бұхариді «Әс-Сахул Қутуб/ең сенімді жинақ» деп есептейді.

 Онда Әбу Ханифа мазхабына деген жек көрініштен басқа имам Бұхариде не болуы мүмкін, егер ол одан ешқандай хадис қабылдамаса, бірақ хадис ілімінің принциптеріне сәйкес Әбу Ханифаға қатысты джарх/жауап мүлдем істелінбесе? Және бұл махаббаттың болмауы түсінікті болған дәлелдермен келтірілсе, онда имам Бұхаридің имам Әбу Ханифаға қатысты джархы/жауабы қалай болуы мүмкін.

2. Егер Имам Бұхари джарх жасаған хадисті жеткізушілер қабылданбау керек болса, онда ондай жеткізушілерді – имам Муслим, Насаи, Тирмизи, Әбу Дәуд және басқалары қабылдаған. Және бұл мұхаддистер осындай жеткізушілерді сенуге лайықсыз деп есептемеген. Онда неге Имам Әбу Ханифа Имам Бұхаридің джархы/жауабы үшін қабылданбауы керек? «Әл-Дуафада» (қолайсыз жеткізушілер туралы кітап) имам Бұхари, Увайс Қарнидің сәнәді/тізбегі күмәнді (فی اسنادہ نظر) екенін айтып, және бұл джарх имам Бұхаридің ережелері бойынша өте байыпты деп есептеледі. Бұған қарамастан Увайс Қарни «маджрух/қолайсыз» болып саналмайды.

3. Егер де имам Бұхари үнемі өзінің джархына/жауабына сүйенетін болса, онда ол өзі джарх/жауап жасаған жеткізушілерден хадис алмаған болар еді. Оған қарамастан, имам Бұхари маджрух деп есептеген жеткізушілер оның сахихында кездеседі. Осы жеткізушілердің тізімін келтірейік:

Усайд бин Зайд әл-Джалял – Имам әз-Захаби өзінің «Мизан» кітабында былай жазады: «Имам Бұхаридің бұл жеткізушіден хадистерді алатыны өте қызық, себебі ол оны «Дуафада» айтқан болатын».
`Айюб бин Ай`ид – Имам Бұхари өзінің кітабы «Дуафада» былай жазады: «Ол муржиттердің сенімдеріне бас ауған болатын және тақуалардан болмаған».
Сабит бин Мұхаммед – Имам әз-Захаби былай жазады: «Имам Бұхари одан хадистерді жеткізгенімен, ол оны «Дуафада» атап кеткен».
Зухайр бин Мұхаммед – Имам Бухари өзінің кітабы «Дуафада» былай жазады: «Шам халқы одан мүнкәр/қабылданбайтын болған хадистерді жеткізген».
Зийяд бин Расиғ – Имам Бұхари оның иснәді/тізбегі әлсіз деген, және оны «Мизанда» атап өткен.
Ата ибн Маймуна – Имам Бұхари өзінің кітабы «Дуафада» былай жазады: «Оны қадариттердің сенімдері қызықтырған. Сонымен қатар, «Фатх әл-Бәри» кітабының кіріспесінде көптеген жеткізушілер қадариттер болғаны айтылады, мысалы, Хамс Минхал. Имам әз-Захаби оны қадариттер ақидасын ұстанғандығы үшін айыптап және ол мүнкәр/қабылданбайтын хадистер жеткізгендігін айтқан, сол үшін имам Бұхари оны өзінің «Дуафасына» қосқан болатын».

Бұған қасақана қарамаңыз. Егер имам Бұхари өзінің джархына/жауабына сенетін болса, онда неге ол осындай адамдардан хадис жеткізген? Осыдан шығатыны, имам Бұхари өз джархына үнемі сүйенбеген, және Имам Бұхаридің соңынан ерушілер Бұхаридің джархына/жауабына сеніп, Имам Әбу Ханифаны хадисте әлсіз деп есептесе қызық болады.

Жалғасы бар ин ша Аллах …

Дереккөз: peopleofsunnah.com
Аударған: darulahnaf.com