Пәтуәлар

Мəртебелі хадистің түсіндірмесі.





«Сахих» Бухариде, ішімдіктер бабы, ішімдіктердің атын өзгертіп, əрі оны харам ету жайлы тарауда, номер 6-шы хадисте («Фатхул Бари»: 10/51; Хадис №5590) Абдуррахман ибн Ғанма əл-Ашғаридің былай дегені жеткізіледі: 

«Алламен ант етемін, Əбу Мəлик əл-Ашғари мені алдамады. Ол Пайғамбарымыздың былай дегенін естіген : «Ант етемін, менің үмбетімнің ішінен зинаны, жібекті, ішімдікті жəне музыкалық аспаптарды рұқсат ететін адамдар шығады»». 

Түсіндірме (шарх):

«Бұл хадисте Пайғамбарымыз  бұл күнəлардың тығыз байланыста екенін нұсқайды.

Зина өзімен қалған кез келгенін жетелейді. Сондай-ақ, зина арақ пен музыкалық аспаптарда ойнауды рұқсат етуге мəжбүрлейді, сондай-ақ ол еркектерге өзін жібекпен əсемдеуге себепші болады. Бірақ, жібек еркектерге тыйым салынған.

Кім музыкаға көп əуестенсе, оның бойында əдепсіздік пен арсыздық артады жəне ол соларға қаншалықты көп берілсе, оның бойында соншалықты əдепсіздік оты артады. Біз Алла Тағаладан одан айырып, əрі тек игілік беруін сұраймыз!»

Авторы: Шейх Абдул-Фаттах Əбу Ғудда əл-Ханафи
Дереккөз: «Əл-Маснуфи Ма’рифатил Хадисил Мауду» Мулла Əли Қари əл-Ханафи, 203-ші хадиске ескертпе.